2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 4 толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қаржы министрлігі 2000 жылғы 14 наурыз N 118. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы 2000 жылғы 18 наурыз өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп тіркелді. Тіркеу N 1096. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

-----------Бұйрықтан үзінді----------

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау Министрлігінің  
      2005 жылғы 2 маусымдағы  
N 75 бұйрығына қосымша  

Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 14 наурыздағы N 118 (тіркелген N 1096) "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 4 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 137 "Қазақстан Республикасында өндiрілетiн және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетiн тауарларға және құмар ойын бизнесiне арналған акциз ставкалары туралы" қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715   V991058  "2000 жылға арналған Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бекiту туралы" бұйрығына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
     көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасында:
     бюджет кiрiстерiнiң сыныптамасында:
     "105229 Газ конденсатын қосқанда шикi мұнай" деген жолдан кейiн
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
     "105230 Мұнай өңдейтiн зауыттарда сатылатын бензин
     105231 Бөлшек саудада сатылатын бензин
     105232 Мұнай өңдейтiн зауыттарда сатылатын дизель отыны
     105233 Бөлшек саудада сатылатын дизель отыны".
     2. Осы бұйрық 2000 жылғы 1 сәуiрден бастап күшiне енедi.     

     Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады