Туристік қызметті лицезиялау ережесін бекіту туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi 2000 жылғы 24 наурыздағы N 1-1-2/74. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1116. Күші жойылды - ҚР Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң 2002 жылғы 9 қаңтардағы N 06-2-2/3 бұйрығымен. ~V021729

      "Туристiк қызметтi лицензиялау мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 ақпандағы N 179 P000179_ қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Туристiк қызметтi лицензиялау ережесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының туризм және спорт жөнiндегi агенттігінің 2000 жылғы 8 ақпандағы N 1-1-2/35 бұйрығының күші жойылды деп есептелсiн.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Төраға
                                              Қазақстан Республикасының

Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң 2000 жылғы 24 наурыздағы N 1-1-2/74 бұйрығымен бекiтiлген


                 Туристiк қызметтi лицензиялау ережесi

                      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетелдiк туристердi Қазақстан Республикасының аумағында қабылдау мен қызмет көрсету, шетелге туристiк сапарларды ұйымдастыру, транзиттiк туристерге қызмет көрсету және жеке адамдардың гид-аудармашы, нұсқаушы, методист пен топты алып жүрушi қызметiн көрсету жөнiндегi туристiк қызметтi кәсiпкерлiк қызмет ретiнде жүзеге асыру құқығына мемлекеттiк лицензияларды берудiң тәртiбiн, тiркеу шарттарын және есепке алуды айқындайды.

                2. Лицензия берудiң шарттары мен тәртiбi

      2. Туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алуға үмiткер заңды және жеке тұлғалар (өтiнiш берушi) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен бiлiктiлiк талаптарына (бұдан әрi - бiлiктiлiк талаптары) сәйкес болуға мiндеттi.
      3. Шетелдiк заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, лицензияны Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларымен бiрдей шарттар мен тәртiп бойынша алады.
      4. Өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiне (бұдан әрi - Агенттiк) мына құжаттарды бередi:
      1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
      2) лицензиялық алым төлегенi туралы түбiртек;
      3) өтiнiш берушiнiң "Туристiк қызметтi лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 ақпандағы N 179 қаулысымен бекiтiлген бiлiктiлiк талаптарына сай келетiндiгiн растайтын құжаттар. Өтiнiш берушi құжаттардағы ақпараттың дұрыстығы, толықтығы және уақтылы берiлуi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
      5. Өтiнiш берушi ұсынған құжаттардағы мәлiметтердi тексеру қажет болған жағдайда, лицензия беру туралы шешiм тексеру өткiзiлгеннен кейiн, бiрақ лицензиар өтiнiштi тiркеген күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн он күннен кешiктiрмей қабылданады.
      6. Лицензия Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" Заңында көзделген мерзiмде берiледi.
      7. Лицензия, егер:
      1) осы субъектi категориясына туристiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынса;
      2) осы Ереженiң 4-тармағында көрсетiлген құжаттар ұсынылмаса;
      3) туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиялық алым төленбесе;
      4) өтiнiш берушi бiлiктiлiк талаптарына сай болмаса;
      5) өтiнiш берушiге туристiк қызметпен айналысуға тыйым салынғаны жөнiнде сот шешiмі болса берiлмейдi. Өтiнiш берушi лицензия беруден бас тартылған себептердi жойған жағдайда, өтiнiш жалпы негiздерде қаралады.
      8. Егер лицензия осы Ережеде белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе лицензия беруден оны бас тартуды өтiнiш берушi негiзсiз деп таныса, ол бiр ай мерзiмде Агенттiктiң iс-әрекеттерiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
      9. Лицензия беруден негiзсiз бас тартудан немесе лицензиаттың құқығын бұзудан туындаған шығынды өтеу заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      10. Заңды тұлға таратылған, қайта ұйымдастырылған немесе жеке тұлғаның кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi жөнiндегi куәлiктiң күшi тоқтатылған жағдайда, оған берiлген лицензияның заңды күшi жойылады және ол Агенттiкке қайтарылуға жатады.
      11. Лицензия өз күшiн тек мына жағдайларда жояды:
      1) лицензияның берiлген мерзiмi аяқталғанда;
      2) лицензия берiлген қызмет толық көлемде жасалғанда;
      3) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес

лицензия керi қайтарылып алынғанда;
     4) азамат кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатқанда, лицензиат - заңды тұлға
қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда.
     12. Заңды тұлға қайта тiркелген кезде лицензия берiлген мерзiм
аяқталғанға дейiн күшiнде болады.
     13. Лицензияны қайта ресiмдеу оны алудың белгiленген тәртiбiне сәйкес
жүргізiледi.
     14. Лицензияның күшiн тоқтатуға байланысты даулар сот арқылы шешiледi.
     15. Лицензияны басқа заңды және жеке тұлғаларға беруге тыйым салынады.
     16. Лицензия сот тәртiбiмен мына жағдайларда:
     1) лицензиат лицензиядағы шарттарды орындамағанда; 
     2) лицензиатқа оның жүзеге асыруына лицензиясы бар қызмет түрiмен 
айналысуға сот тыйым салғанда;
     3) лицензия күшiн тоқтата түру себептерi жойылмағанда; 
     4) лицензия алу кезiнде лицензиат көрiнеу жалған ақпарат бергенде 
қайтарылып алынуы мүмкiн. 
     17. Лицензияның күшi оның тоқтатыла түру себептерi жойылғаннан кейiн, 
Агенттiк қорытындысының негiзiнде жаңғыртылады. 
     18. Лицензиат лицензияны жоғалтқан жағдайда лицензияның дубликатын 
алуға құқығы бар. Лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша Агенттiк он күн 
көлемiнде лицензияның дубликатын бередi. Бұл ретте лицензиат туристiк 
қызметпен айналысу құқығы үшiн алым төлейдi.
     
               3. Есепке алу және бақылау

      19. Агенттiк осы Ереженiң негiзiнде берiлген лицензиялардың бiрыңғай 
есебiн жүргiзедi. 
      20. Әрбiр берiлген лицензия бойынша Агенттiк өтiнiшпен бiрге 
берiлген барлық құжаттар сақталатын қадағалау, iс қағазын жүргiзедi. 
      21. Туристiк қызмет субъектiлерiнiң бiлiктiлiк талаптарын және 
белгiленген ережелердi орындалуына бақылауды Агенттiк жүргiзедi.
      22. Агенттiк өз құзыретi шеңберiнде лицензиаттардан тиiстi бақылау 
функцияларын орындауға қажеттi құжаттарды жазбаша немесе ауызша ақпаратты 
алуға құқылы.
     
     
      Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.
     
      
      


Об утверждении Правил лицензирования туристской деятельности

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по туризму и спорту от 24 марта 2000 года N 1-1-2/74 Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18.04.2000 г. за N 1116 Утратил силу - приказом Председателя Агентства РК по туризму и спорту от 9 января 2002 года N 06-2-2/з ~V021729

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан P000179_ "Вопросы лицензирования туристской деятельности" от 7 февраля 2000 года N 179 приказываю:
      1. Утвердить прилагаемые Правила лицензирования туристской деятельности.
      2. Считать утратившим силу приказ Агентства Республики Казахстан по туризму и спорту от 8 февраля 2000 года N 1-1-2/35.
      3. Настоящий приказ вступает в силу со дня подписания.
Председатель Агентства
 Республики Казахстан
 по туризму и спорту


                                               Утверждены

приказом Агентства Республики Казахстан по туризму и спорту от 24 марта 2000 года N 1-1-2/74


                                Правила
                 лицензирования туристской деятельности

                           1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определяют порядок, условия выдачи и учета государственных лицензий на право осуществления туристской деятельности юридическими и физическими лицами в качестве предпринимательской деятельности по приему и обслуживанию граждан Республики Казахстан и иностранных туристов на территории Республики Казахстан, организации зарубежных туристских поездок, обслуживанию транзитных туристов и оказания физическими лицами услуг гида - переводчика, инструктора, методиста и сопровождающего туристских групп.

                     2. Условия и порядок выдачи лицензии

      2. Юридические и физические лица, претендующие на получение лицензии на право осуществления туристской деятельности (заявитель), обязаны соответствовать квалификационным требованиям, утвержденным Правительством Республики Казахстан (далее - квалификационные требования).
      3. Иностранные юридические или физические лица, а также лица без гражданства получают лицензии на таких же условиях и в таком же порядке, что юридические и физические лица Республики Казахстан, если иное не предусмотрено законодательными актами.
      4. Заявитель представляет Агентству Республики Казахстан по туризму и спорту (далее - Агентство) следующие документы:
      1) заявление установленного образца;
      2) квитанцию об уплате лицензионного сбора;
      3) документы, подтверждающие соответствие заявителя квалификационным требованиям, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан "Вопросы лицензирования туристской деятельности" от 7 февраля 2000 года N 179.
      Заявитель несет установленную законодательством Республики Казахстан ответственность за правильность, полноту и своевременность представленной информации в документах.
      5. При необходимости проверки сведений, содержащихся в документах, представленных заявителем, решение о выдаче лицензии принимается после проверки, но не позднее тридцати дней со дня регистрации заявления Агентством, а для субъектов малого предпринимательства - не позднее десяти дней.
      6. Лицензия выдается в сроки, установленные Законом Республики Казахстан "О лицензировании".
      7. Лицензия не выдается, если:
      1) осуществление туристской деятельности запрещено для данной категории субъекта;
      2) не представлены все документы в соответствии с пунктом 4 настоящих Правил.
      3) не внесен лицензионный сбор за право осуществления туристской деятельности;
      4) заявитель не отвечает квалификационным требованиям;
      5) имеется решение суда, запрещающее заявителю заниматься туристской деятельностью.
      При устранении заявителем причин, по которым Агентство отказало в выдаче лицензии, заявление рассматривается на общих основаниях.
      8. В случае, если лицензия не выдана в установленные настоящими Правилами сроки или отказ в выдаче лицензии представляется заявителю необоснованным, он вправе в месячный срок обжаловать действия Агентства в судебном порядке.
      9. Возмещение убытков, вызванных необоснованным отказом в выдаче лицензии или нарушением прав лицензиата, осуществляется в порядке, установленном гражданским законодательством.
      10. При ликвидации или реорганизации юридического лица или прекращения действия свидетельства о государственной регистрации физического лица в качестве предпринимателя, выданная ему лицензия теряет юридическую силу и подлежит возврату в Агентство.
      11. Лицензия прекращает свое действие только в случаях:
      1) истечения срока, на который выдана лицензия;
      2) совершения действий в полном объеме, на осуществление которых

выдана лицензия; 
     3) отзыва лицензии в соответствии с действующим законодательством 
Республики Казахстан; 
     4) прекращения предпринимательской деятельности гражданина, 
реорганизации или ликвидации юридического лица - лицензиата. 
     12. При перерегистрации юридического лица лицензия сохраняется до 
конца срока. 
     13. Переоформление лицензии производится в порядке, установленном для 
ее получения. 
     14. Споры, связанные с прекращением действия лицензии, разрешаются 
судами. 
     15. Передача лицензии другим юридическим и физическим лицам 
запрещается. 
     16. Лицензия может быть отозвана в судебном порядке в случаях: 
     1) неисполнения лицензиатом требований, содержащихся в лицензии; 
     2) запрещения судом лицензиату заниматься видом деятельности, на 
осуществление которого он обладает лицензией; 
     3) неустранения причин, по которым приостановлено действие лицензии;  
     4) представления лицензиатом заведомо ложной информации при получении 
лицензии.
     17. Действие лицензии возобновляется на основании заключения 
Агентства после устранения причин, по которым оно было приостановлено. 
     18. При утере лицензии лицензиат имеет право на получение дубликата. 
Агентство в течение десяти дней производит выдачу дубликата лицензии по 
письменному заявлению лицензиата. При этом лицензиат уплачивает сбор за 
право осуществления туристской деятельности. 

                          3. Учет и контроль

     19. Агентство ведет единый учет выданных на основании настоящих 
Правил лицензий. 
     20. По каждой выданной лицензии Агентство заводит наблюдательное 
дело, в котором хранятся все представленные с заявлением документы. 
     21. Контроль за соблюдением квалификационных требований и 
установленных правил субъектами туристской деятельности осуществляет 
Агентство. 
     22. Агентство получает от лицензиатов в рамках своей компетенции 
соответствующие документы, письменную или устную информацию, необходимую 
для выполнения контрольных функций.
     
     
     
     
(Специалисты:
 Цай Л.Г.
 Мартина Н.А.)