Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiн, жергiлiктi атқарушы органдарды және мемлекеттiк қаржы туралы мәлiметтер алатын басқа да мемлекеттiк органдарды республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiнiң жағдайы туралы жедел ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджеттiк қаражатты жұмсаудың тиiмділiгiне талдауды жүзеге асыру және мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер қабылдауы мақсатында
БҰЙЫРАМЫН
:
1. Қоса берiлiп отырған республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегi туралы есептi жасау және беру ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi, жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет департаментiне кредиторлық берешек туралы есептердi уақытылы берудi қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық оның Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 6 наурыз
N 92 бұйрығымен
бекітілген
Республикалык және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен
ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық
берешегi туралы есептi жасау және беру
ЕРЕЖЕСI
Осы Ереже "Бюджет жүйесi туралы" Z990357_ Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес әзiрлендi және республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегi туралы есептердi берудiң тәртiбiн, нысанын және мерзiмiн айқындайды.
1. Кредиторлық берешек туралы есеп берудiң нысаны
1. Осы Ережемен кредиторлық берешек туралы есеп берудiң екi - 1 КБ-М және 1 КБ-жиынтық нысаны белгiленедi.
1 КБ-М нысаны (1-қосымша) жеке мемлекеттiк мекеменiң, сондай-ақ бюджеттiк бағдарламалардың әрбiр әкiмшiсiнiң кредиторлық берешегi туралы есеп берудiң нысанын бiлдiредi. 1 КБ, жиынтық нысаны (2-қосымша) бюджеттiк бағдарламалардың барлық әкiмшiлерiнiң кредиторлық берешегi туралы есеп жиынтық есеп берудiң нысанын бiлдiредi.
2. Есептерде мемлекеттiк мекемелердiң республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен және ақылы қызмет көрсетулердi сатудан алынатын қаражаттың есебiнен орындалатын мiндеттемелерi бойынша пайда болған кредиторлық берешегi көрсетiледi.
3. Есептерде республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен орындалатын тiркелген шарттық мiндеттемелер бойынша пайда болған кредиторлық берешек бөлiп көрсетiледi. Тiркелген шарттық мiндеттемелер бойынша кредиторлық берешекке мемлекеттiк мекеменің белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарында (бұдан әрi - қазынашылықтың аумақтық органдары) тiркелген азаматтық-құқықтық мәмiлелер бойынша 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған берешегi жатады.
4. Кредиторлық берешек есептерде: өткен жылдардың кредиторлық берешегi және ағымдағы жылдың кредиторлық берешегi болып бөлiнедi.
Өткен жылдардың кредиторлық берешегi - мемлекеттiк мекемелердiң ағымдағы жылдың алдындағы жылдары пайда болған берешегi. Көрсетiлген есептерде ағымдағы жылдың басындағы өткен жылдардың кредиторлық берешегiнiң және оның бiр бөлiгi ағымдағы жылы өтелген жағдайда, осы берешектiң есептi күнгi қалдығының жай-күйi тiркеледi.
Ағымдағы жылдың кредиторлық берешегi - мемлекеттiк мекемелердiң ағымдағы жылы туындаған және есептi кезеңде калыптасқан берешегi.
5. Кредиторлық берешек туралы есептер мемлекеттiк мекеменiң есептi күнгi талдамалық бухгалтерлiк есебiне негiзделедi.
6. Кредиторлық берешек жөнiндегi деректер функционалдық топтар, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi, бағдарламалар, кiшi бағдарламалар және шығыстардың бюджеттiк жiктемесiнiң ерекшелiгi бойынша берiледi.
Есептер кiшi бағдарлама бойынша, бағдарлама бойынша, функционалдық топ бойынша, тұтастай алғанда бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша аралық қорытындыларды қамтуы тиiс.
Барлық құндық көрсеткiштер есептерде мың теңгемен, үтiрден кейiнгi бiр белгiге дейiн дәлдiкпен берiледi.
2. Кредиторлық берешек туралы есептi
толтыру тәртiбi
7. 1 КБ-М нысаны бойынша кредиторлық берешек туралы есеп былайша жасалады:
"Бюджеттiң атауы" жолы бойынша мемлекеттiк мекеме қаржыландырылатын бюджеттiң түрi көрсетiледi. Мемлекеттiк мекеме жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылған жағдайда, "Облыс (қала)" жолы бойынша облыстың (қаланың) атауын және "Аудан, қала" жолы бойынша қаланың (ауданның) атауын көрсету қажет.
"Мемлекеттiк мекеменiң атауы" жолы бойынша Бiрыңғай бюджеттiк жiктемеде және/немесе Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң анықтамалығында келтiрiлген атына сәйкес мемлекеттiк мекеменiң немесе бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң атауы, сондай-ақ "Коды" жолы бойынша оған сәйкес кодтық белгiсi көрсетiледi.
1-4-бағандарда шығыстардың бюджеттiк жiктемесiнiң кодтары толтырылады.
5-бағанда 1-4-бағандардағы кодтарға сәйкес келетiн шығыстардың бюджеттiк жiктемесi бойынша көрсеткiштiң атауы көрсетiледi.
6-11-бағандарда мемлекеттiк мекеменiң республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен орындалатын мiндеттемелер бойынша және ақылы қызмет көрсетулердi сатудан алынатын қаражаттың есебiнен орындалатын мiндеттемелер бойынша есептi күнгi жағдай бойынша пайда болған кредиторлық берешегiнiң бүкiл сомасы көрсетiледi.
6-бағанда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша өткен жылдардың кредиторлық берешегi көрсетiледi. Мемлекеттiк мекеменiң 6-бағанда көрсетiлетiн кредиторлық берешегiнiң сомасы, бухгалтерлiк есептiң деректерiн нақтылау жағдайларын қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы iшiнде өзгеруге тиiс емес.
7-бағанда өткен жылдардың кредиторлық берешегiнiң, ағымдағы қаржы жылы оның бiр бөлiгi өтелгеннен кейiн, қалдығы көрсетiледi.
8-бағанда ағымдағы қаржы жылында пайда болған кредиторлық берешек көрсетiледi.
9-бағанда мемлекеттiк мекеменiң есептi күнi қалыптасқан жалпы кредиторлық берешегi, яғни 7 және 8-бағандардың сомасы көрсетiледi.
10-бағанда есептi күнi өзiнiң төлеу мерзiмi басталмаған мiндеттемелер бойынша (мәселен, төлеу мерзiмi есептi айдан кейiнгi айда болатын есептелген жалақы) ағымдағы жылдың кредиторлық берешегi көрсетiледi. 10-баған бойынша көрсетiлетiн кредиторлық берешектiң сомасы 8 және 9-бағандарда көрсетiлетiн кредиторлық берешектiң сомасына енедi.
11-бағанда мемлекеттiк мекеменiң қуыну мерзiмi аяқталған кредиторлық берешегiнiң сомасы көрсетiледi. Көрсетiлген берешек активтерге, материалдық қорларға, ақшаға, есептемелерге және мемлекеттiк мекеме балансының басқа да баптарына түгендеу жүргiзгеннен және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен есептемелердiң түгендеу актiсiн жасағаннан кейiн есепке енгiзiледi. 11-баған бойынша көрсетiлетiн кредиторлық берешектiң сомасы 6, 7 және 9-бағандарда көрсетiлетiн кредиторлық берешектiң сомасына енгiзiледi.
12-16-бағандарда мемлекеттiк мекеменiң белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарында тiркелген азаматтық-құқықтық мәмiлелер бойынша 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған кредиторлық берешегi көрсетiледi. Ақылы қызмет көрсетулердi сатудан алынған қаражаттың есебiнен орындалатын мiндеттемелер бойынша 12-16-бағандар толтырылмайды.
12-бағанда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша өткен жылдардың кредиторлық берешегi көрiнiс табады. Мемлекеттiк мекеменiң 12-бағанда көрсетiлетiн кредиторлық берешегiнiң сомасы, бухгалтерлiк есептiң деректерiн нақтылау жағдайларын қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы iшiнде өзгеруге тиiс емес.
13-бағанда өткен жылдардың кредиторлық берешегiнiң, ағымдағы қаржы жылы оның бiр бөлiгi өтелгеннен кейiн, қалдығы көрсетiледi.
14-бағанда ағымдағы қаржы жылында пайда болған кредиторлық берешек көрсетiледi.
өткен қаржы жылдарында аяқталмаған азаматтық-құқықтық мәмiлелердi ағымдағы қаржы жылы қайта тiркеген жағдайда, олар бойынша өткен қаржы жылдарында пайда болған кредиторлық берешек есепте өткен жылдардың берешегi ретiнде көрсетiледi (12 және 13-бағандар).
15-бағанда мемлекеттiк мекеменiң тiркелген шарттық мiндеттемелерi бойынша есептi күнi қалыптасқан жалпы кредиторлық берешегi, яғни 13 және 14-бағандардың сомасы көрсетiледi.
16-бағанда есептi күнi өзiнiң төлеу мерзiмi жетпеген тiркелген шарттық мiндеттемелер бойынша ағымдағы жылдың кредиторлық берешегi көрсетіледi. 16-баған бойынша көрсетiлетiн кредиторлық берешектiң сомасы 14 және 15-бағандарда көрсетiлетiн кредиторлық берешектiң сомасына енедi.
12, 13, 14, 15 және 16-бағандардың кредиторлық берешегiнiң сомасы тиiсiнше 6, 7, 8, 9 және 10-бағандардың кредиторлық берешегiнiң сомасына енедi.
1 КБ-жиынтық нысаны бойынша есеп 1 КБ-М нысаны есептерiнiң деректерi негiзiнде жасалады және 1 КБ-М нысанын толтыра отырып, дәл сондай түрде толтырылады.
8. Мемлекеттiк мекеме таратылған, қайта ұйымдастырылған кезде оның кредиторлық берешегi құқықтық мирасқорының кредиторлық берешегi туралы есепте көрсетiледi.
Бiрыңғай бюджеттiк жiктеме шығыстарының функционалдық және экономикалық жiктемелерiнiң кодтары өзгертiлген жағдайда, кредиторлық берешек есепте жаңа кодтар бойынша көрсетіледi.
Бiрыңғай бюджеттiк жiктеме мен жекелеген бюджеттiк бағдарламалар алынып тасталған жағдайда, олар бойынша кредиторлық берешек есепте жалақы, әлеуметтiк төлемдер және басқа да мiндеттемелер бойынша кредиторлық берешектi өтеуге көзделген бюджеттiк бағдарламалар бойынша тиiстi әкiмшiлерде көрiнiс табады.
3. Кредиторлық берешек туралы есеп беру
9. Кредиторлық берешек туралы есептi ай сайын:
республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiне (бұдан әрi - Қазынашылық комитетi) оны электрондық нысанда бере отырып, есептi айдан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей;
жергiлiктi атқарушы органдар - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет департаментiне (бұдан әрi - Бюджет департаментi) есептi айдан кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей;
Қазынашылық комитетi - Бюджет департаментiне есептi айдан кейiнгi айдың 22-күнiнен кешiктiрмей;
мемлекеттiк мекемелер - бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi белгiлейтiн мерзiмде бередi.
10. Мемлекеттiк мекемелер мен бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi - 1 КБ-М нысаны бойынша, Қазынашылық комитетi, жергiлiктi атқарушы органдар - 1 КБ-жиынтық нысаны бойынша есептер бередi.
1 КБ-М нысаны бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi, мемлекеттiк мекемелер беретiн кредиторлық берешек туралы есептерге бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң немесе мемлекеттiк мекеменiң басшысы және қаржы қызметiнiң басшысы қол қояды.
1 КБ-жиынтық нысаны бойынша жергiлiктi атқарушы органдар беретiн кредиторлық берешек туралы есептерге облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi және қаржы органының басшысы қол қояды.
1 КБ-жиынтық нысаны бойынша Қазынашылық комитетi беретiн кредиторлық берешек туралы есептерге Қазынашылық комитетiнiң төрағасы және Республикалық бюджеттiң атқарылуы басқармасының бастығы қол қояды.
11. Кредиторлық берешек туралы есептер атқарушы туралы мәлiметтер көрсетiле отырып, ресми бланкiге жазылған, басшының қолы қойылған хатпен жiберiледi. Кредиторлық берешек туралы есепке туындау себептерi көрсетiле отырып, осы Ереженiң қандай да бiр тармақтарына сәйкес келмейтiн сәттер айтылатын түсiндiрме жазба қоса берiледi. Түсiндерме жазбада мыналар өзi бойынша:
ағымдағы есептi айда төлеу мерзiмi жетпеген;
қуыну мерзiмi бiткен;
осы берешек көрсетiлген бюджеттiк бағдарлама Бiрыңғай бюджеттiк жiктемеден алынып тасталған есептi күнi қалыптасқан кредиторлық берешектiң түсiнiктемесi келтiрiледi.
12. Қазынашылық комитетi мен жергiлiктi атқарушы органдар Бюджет департаментiне кредиторлық берешек туралы есептi сонымен қатар магниттiк тасушыдағы (дискеттегi) немесе модемдiк байланыс бойынша деректер базасы түрiнде бередi. Кредиторлық берешек туралы есеп қағаз тасушыдағы кредиторлық берешек туралы деректер электрондық нысанда берiлген кредиторлық берешек туралы деректермен сәйкес болған кезде ғана Бюджет департаментi қабылдаған болып саналады.
13. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және мемлекеттiк мекемелердiң басшылары кредиторлық берешек туралы есептерде жалған деректер бергенi үшiн жауаптылықта болады.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен
ұсталатын мемлекеттік мекемелердің кредиторлық
берешегі туралы есепті жасау және беру ережесіне
1-қосымша
1 КБ-М нысаны
______ жылғы _____________________________
жағдай бойынша мемлекеттік мекемелердің
кредиторлық берешегі туралы есеп
Бюджеттің атауы _________________________________
(республикалық, жергілікті)
Облыс (қала) _________________________________
Аудан, қала _________________________________
Мемлекеттік мекеменің _________________________________ Коды
атауы
Мерзімі айлық
Өлшем бірліктері мың теңге
---------------------------------------------------------------------------
Бюджеттік !Атауы! Берешектің барлығы
жіктеменің кодтары ! !----------------------------------------------
----------------------! ! Өткен жылдардың !Ағымдағы!Жиыны! Оның ішінде
функц.!бағ.!кіші!ерек.! ! берешегі ! жылдың !(7+8)!-------------
топ !дар.!бағ.!шелік! !-----------------!берешегі! ! төлеу !куыну
!лама!дар.! ! ! жыл ! өтеуді ! ! !мерзімі! мер.
! !лама! ! !басында.!ескер. ! ! !жетпе. !зімі
! ! ! ! !ғы !гендегі ! ! !ген !біт.
! ! ! ! ! !қалдық ! ! !міндет.!кен
! ! ! ! ! ! ! ! !темелер!бере.
! ! ! ! ! ! ! ! !бойынша!шек
! ! ! ! ! ! ! ! !берешек!
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 ! 8 ! 9 ! 10 ! 11
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
---------------------------------------------------------
о.і. тіркелген шарттық міндеттемелер бойынша берешек
---------------------------------------------------------
Өткен жылдардың !Ағымдағы! Жиыны ! Оның ішінде
берешегі ! жылдың !(13+14)! төлеу мерзімі
-----------------!берешегі! !жетпеген міндеттемелер
жыл ! өтеуді ! ! ! бойынша берешек
басында.!ескер. ! ! !
ғы !гендегі ! ! !
!қалдық ! ! !
----------------------------------------------------------
12 ! 13 ! 14 ! 15 ! 16
----------------------------------------------------------
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің
(мемлекеттік мекеменің) басшысы ____________ ______________
(қолы) (қолының түсіндірмесі)
М.О.
Қаржылық қызметтің басшысы ____________ ____________________
(қолы) (қолының түсіндірмесі)
Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен
ұсталатын мемлекеттік мекемелердің кредиторлық
берешегі туралы есепті жасау және беру ережесіне
2-қосымша
1 КБ-М нысаны
______ жылғы _____________________________
жағдай бойынша мемлекеттік мекемелердің
кредиторлық берешегі туралы есеп
Бюджеттің атауы _________________________________
(республикалық, жергілікті)
Облыс (қала) _________________________________
Аудан, қала _________________________________
Мемлекеттік мекеменің _________________________________ Коды
атауы
Мерзімі айлық
Өлшем бірліктері мың теңге
---------------------------------------------------------------------------
Бюджеттік !Атауы! Берешектің барлығы
жіктеменің кодтары ! !-------------------------------------------
-------------------------! ! Өткен жылдардың!Ағым.!Жиыны! Оның ішінде
фун.!бюд.!бағ.!кіші!ерек.! ! берешегі !дағы !(8+9)!-------------
топ !жет.!дар.!бағ.!шелік! !----------------!жыл. ! ! төлеу !куыну
!тік !лама!дар.! ! ! жыл ! өтеуді!дың ! !мерзімі! мер.
!бағ.! !лама! ! !басында.!ескер. !бере.! !жетпе. !зімі
!дар.! ! ! ! !ғы !гендегі!шегі ! !ген !біт.
!лама! ! ! ! ! !қалдық ! ! !міндет.!кен
!лар.! ! ! ! ! ! ! ! !темелер!бере.
!дың ! ! ! ! ! ! ! ! !бойынша!шек
!әкі.! ! ! ! ! ! ! ! !берешек!
!мші.! ! ! ! ! ! ! ! ! !
!сі ! ! ! ! ! ! ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 ! 8 ! 9 ! 10 ! 11 ! 12
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
---------------------------------------------------------
о.і. тіркелген шарттық міндеттемелер бойынша берешек
---------------------------------------------------------
Өткен жылдардың !Ағымдағы! Жиыны ! Оның ішінде
берешегі ! жылдың !(14-15)! төлеу мерзімі
-----------------!берешегі! !жетпеген міндеттемелер
жыл ! өтеуді ! ! ! бойынша берешек
басында.!ескер. ! ! !
ғы !гендегі ! ! !
!қалдық ! ! !
----------------------------------------------------------
13 ! 14 ! 15 ! 16 ! 17
----------------------------------------------------------
Қазынашылық комитетінің төрағасы ____________ ______________________
(қолы) (қолының түсіндірмесі)
Облыстың (Астана, Алматы ____________ ______________________
қалаларының әкімі) (қолы) (қолының түсіндірмесі)
Республикалық бюджеттің атқарылуы
басқармасының бастығы ____________ ______________________
(қолы) (қолының түсіндірмесі)
немесе
Қаржы органының басшысы _____________ ______________________
(қолы) (қолының түсіндірмесі)