Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 1999 жылғы қыркүйектiң 20-дағы N 1161 бұйрығына өзгерiстер енгізу туралы

Бұйрық Мемлекеттік кіріс министрлігі 2000 жылы 10 мамыр N 436 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылы 10 маусым N 1151 тіркелді.

Этил спиртi мен алкоголь өнiмінің айналымына бақылауды жетiлдiру мақсатында бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 1999 жылғы қыркүйектің 20-дағы "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiне көлiк жүкқұжатын ресiмдеу Ережесiн бекiту туралы" N 1161 V990945_ бұйрығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 1) Этил спиртi мен алкоголь өнiмiне көлiк жүкқұжатын ресiмдеу Ережесінде: мәтiнiнде: "сату кезiнде" сөзi "түсiру кезiнде" сөзiмен ауыстырылсын; "шығарылу датасы, түсiрiлу датасы" сөзi "өлшем бiрлiгi" сөзiмен ауыстырылсын; "дал" сөзi алынып тасталсын; "жауапты" сөзiнен кейiн "өкiлеттi" сөзiмен толықтырылсын; 11) тармақша алынып тасталсын; "(шөлмек, дал)" сөзi алынып тасталсын; 2-тармақта:
      екiншi азатжол келесi сөздермен толықтырылсын: "Осы жағдайда көлiк жүкқұжатының бiрiншi данасы этил спиртi мен алкоголь өнiмiн алушыға берiледi. Көлiк жүкқұжатының екiншi және үшiншi даналары этил спиртi мен алкоголь өнiмiн жеткiзушiнің өзiнде қалады."; 4-тармақта: төртiншi азатжолда "шаруашылық субъектiлерi" сөзi "көтерме сатушыларға" сөзiмен ауыстырылсын; бесiншi азатжолда "шаруашылық субъектiлерiне" сөзi "мекемелерге (соның iшiнде жекеменшiк фирмалық арнайы дүкендерге де, олардың мекен-жайына байланыссыз)" сөзiмен ауыстырылсын; 7 және 8-тармақтарда: 13) тармақшада бiрiншi азатжолда "құны" сөзiнен кейiн "көлiктiк" сөзiмен толықтырылсын; үшiншi азат жолда "ыдыс" сөзiнің алды "көлiктiк" сөзiмен толықтырылсын; 9 және 10-тармақтарда: 1) тармақшада: "өндiрушi" және "өндiрушiге" сөздерiнен кейiн сәйкес түрде "(жеткiзушi)" және "(жеткiзушiге)" сөздерiмен толықтырылсын; 5) тармақшада "өнiм" сөзiнен кейiн "тұтыну ыдысының сыйымдылығы" сөзiмен толықтырылсын; 12) тармақша алынып тасталсын; 14) тармақшада: бiрiншi азатжолда "құны" сөзiнен кейiн "тұтынушы" сөзiмен толықтырылсын; екiншi азатжолда "босатылған" сөзiнен кейiн "тұтынушы" сөзiмен толықтырылсын; "дана" сөзi алынып тасталсын; үшiншi азатжол келесi редакцияда баяндалсын: "өнiмнің жалпы құны" бағанында - "тұтыну ыдысының жалпы құны"; 14-1) тармақшасы мына мазмұнмен толықтырылсын: "14-1. "көлiк ыдысының құны" жолында көрсетiледi:
      "тиелген өнiм саны" бағанында - "босатылған көлiк ыдысының саны", "өнiмнің жалпы құны" бағанында - "көлiк ыдысының жалпы құны";
      11 және 12 тармақтар келесi редакцияда баяндалсын:
      "11. Спирт зауыты этил спиртiн сатып алуға алкоголь өнiмiн өндiрушiлерден тапсырыстар түскен кезде, сұралып отырған көлемге көлiк жүк құжаттамасын ресiмдейдi, оны мiндеттi түрде тиiстi акциз қосынының жауапты қызметкерi тiркеуге алып, оның қолы мен мөрi қойылуы керек;
      12. Этил спиртiн өндiрушi акциз қосынының жауапты қызметкерi тез арада өндiрушінің салық комитетi мен сатып алушының акциз қосынына жасалайын деп отырған шарт туралы хабарлауға мiндеттi.";
      13-тармақ алынып тасталсын.
      14 және 15 тармақтар келесi редакцияда баяндалсын:
      "14. Алкоголь өнiмiн өндiрушi этил спиртiн тағайындалған жерiне жеткiзгеннен кейiн, көлiк жүк құжаттамасын тиiстi акциз қосынының жауапты қызметкерi этил спиртінің алынғаны туралы фактiнi растай отырып, мiндеттi түрде тiркейдi, қолы мен мөрiн қойып, куәландырады."
      15. Этил спиртiн сатып алушының акциз қосынының жауапты қызметкерi көлiк жүк құжаттамасын тiркегеннен кейiн сатып алушының салық органы мен этил спиртiн өндiрушiнiң акциздiк қосынына жасалынған iс фактiсi туралы хабарлауға мiндеттi.".
      2) 1), 2), 3), 4) қосымшалар осы бұйрықтың 1), 2), 3), 4) қосымшаларымен ауыстырылсын
      2. Бұрын бекiтiлген нысан бойынша дайындалған көлiк құжаттамалары жаңа нысандағы көлiк құжаттамаларымен оларды толық ауыстыруға дейiн пайдаланылуы мүмкiн.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi (М.Ә.Тұрмағамбетов) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің Банкнот фабрикасымен осы бұйрықтың 1), 2), 3), 4) қосымшаларына сәйкес түрлерi және түстерi бойынша көлiк жүкқұжаттарының бланкiлерiн әзiрлеу келiсiмiне өзгерiстер енгiзсiн. 4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Заң департаментi (А.Базарбаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн. 5. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi. Министрдің м.а. Оқығандар: Омарбекова А.Т. Балабекова Г.Г.
 

О внесении изменений в приказ Министра государственных доходов Республики Казахстан от 20 сентября 1999 года N 1161

Приказ Министра государственных доходов Республики Казахстан от 10 мая 2000 года N 436. Зарегистрирован в Министерство юстиции Республики Казахстан 10 июня 2000 года N 1151

      В целях совершенствования контроля за оборотом этилового спирта и алкогольной продукции приказываю:
 

     1. Внести в  Приказ Министра государственных доходов Республики Казахстан "Об утверждении Правил оформления транспортных накладных на этиловый спирт и алкогольную продукцию" от 20 сентября 1999 года N 1161, следующие изменения:
     1) в Правилах оформления транспортных накладных на этиловый спирт и алкогольную продукцию: 
      в тексте:
      слова "при реализации" заменить словами "при отгрузке";
      слова "дата выпуска, дата отгрузки" заменить словами "единица измерения";
      слова "дал" исключить;
      после слов "ответственного" дополнить словами "уполномоченного";
      подпункты 11) исключить;
      слова "(бут, дал)" исключить;
      в пункте 2: 
      абзац второй дополнить следующими словами "При этом первый экземпляр транспортных накладных выдается получателю этилового спирта и алкогольной продукции. Второй и третий экземпляры транспортных накладных остаются у поставщика этилового спирта и алкогольной продукции."; 
      в пункте 4:  
     в абзаце четвертом слова "хозяйствующим субъектам" заменить словами "оптовым реализаторам";
     в абзаце пятом слова "хозяйствующим субъектам" заменить словами "организациям (в том числе и собственным фирменным специализированным магазинам, независимо от их местонахождения)";
     в пунктах 7 и 8:
     в подпункте 13):
     в абзаце первом после слова "стоимость" дополнить словом "транспортной";
     в абзаце третьем перед словом "тары" дополнить словом "транспортной";
     в пунктах 9 и 10:
     в подпункте 1) после слов "производителем" и "производителя" дополнить соответственно словами "(поставщиком)" и "(поставщика)";
     в подпункте 5) после слова "продукции" дополнить словами", емкость потребительской тары";
     подпункт 12) исключить;
     в подпункте 14):
     в абзаце первом после слова "стоимость" дополнить словом "потребительской",
     в абзаце втором после слова "отпущенной" дополнить словом "потребительской";
     слово "шт" исключить;
     абзац третий изложить в следующей редакции:
     "в графе "общая стоимость продукции" - общая стоимость потребительской тары";
     дополнить подпунктом 14-1) следующего содержания:
     "14-1) в строке "стоимость транспортной тары" указываются:
     в графе "количество отгруженной продукции" - количество отпущенной транспортной тары,
     в графе "общая стоимость продукции" - общая стоимость транспортной тары";
     пункты 11 и 12 изложить в следующей редакции: 
      "11. Спиртовый завод при поступлении заявок на приобретение этилового спирта от производителей алкогольной продукции оформляет на него транспортную накладную на запрашиваемый объем, которая в обязательном порядке регистрируется и заверяется подписью и печатью ответственного работника соответствующего акцизного поста. 
      12. Ответственный работник акцизного поста производителя этилового спирта обязан незамедлительно сообщить в налоговый комитет производителя и акцизный пост покупателя о совершаемой сделке."; 
      пункт 13 исключить; 
      пункты 14 и 15 изложить в следующей редакции: 
      "14. После доставки этилового спирта производителем алкогольной продукции до места назначения, транспортная накладная в обязательном порядке регистрируется, заверяется подписью и печатью ответственного работника соответствующего акцизного поста, подтверждая факт получения этилового спирта. 
      15. Ответственный работник акцизного поста покупателя этилового спирта после регистрации транспортной накладной, обязан сообщить в налоговый орган покупателя и акцизный пост производителя этилового спирта о факте совершенной сделки."; 
      2) приложения 1, 2, 3, 4 заменить приложениями 1, 2, 3, 4 настоящего Приказа. 
 

      2. Транспортные накладные, изготовленные по ранее утвержденной форме, могут быть использованы до полного их замещения транспортными накладными новой формы. 
 

      3. Комитету по государственному контролю над производством и оборотом алкогольной продукции Министерства государственных доходов Республики Казахстан (Турмагамбетову М.А.) внести изменения в договор с Банкнотной фабрикой Национального банка Республики Казахстан на изготовление бланков транспортных накладных по видам и цветам согласно приложениям 1, 2, 3, 4 настоящего Приказа.
 

     4. Юридическому департаменту Министерства государственных доходов Республики Казахстан (А. Базарбаевой) зарегистрировать настоящий приказ в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
 

     5. Настоящий приказ вступает в силу со дня государственной регистрации.

 

     И.о. Министра