Этил спирті мен аклоголь өніміне арналған көлік жүк құжаттарының бірыңғай нысандарын енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі N 1161 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 20 қазанда тіркелді. Тіркеу N 945. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2003 жылғы 26 наурыздағы N 125 бұйрығымен.

      Этил спирті мен алкоголь өнімнің айналымын бақылауды күшейту мақсатында Бұйырамын:
      1. Этил спирті мен алкоголь өніміне арналған көлік жүк құжаттарын міндетті ресімдеу енгізілсін.
      2. Этил спиртін өндірушілерге және алкоголь өнімін сақтау мен көтерме сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке, заңды тұлғаларға дербес бірдейлендіру нөмірі - кодтар берілсін.
      3. Қоса беріліп отырған этил спирті мен алкоголь өніміне арналған көлік жөнелтпе құжаттарын ресімдеудің тәртібі бекітілсін.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасымен этил спирті мен алкоголь өніміне арналған көлік жүк құжаттарының бланкілерін әзірлеуге шарт жасассын;
      өндірушілерден, алкоголь өнімін сақтаумен және көтерме сатумен айналысатын заңды және жеке тұлғалардан көлік жөнелтпе құжаттарының бланкілерін сатып алуға арналған өтініштің жиналуын қамтамасыз етсін;
      бір ай мерзімде дербес бірдейлендіру нөмірлерін - кодтарды берудің тәртібі мен әдістемесін дайындасын.
      5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттiк кiрiс Министрiнiң
1999 жылғы 20 қыркүйектегі 
N 1161 бұйрығымен     
бекiтiлген        

Этиль спиртi мен алкоголь өнiмiне арналған көлiк
жүк жөнелтпе құжаттарын ресiмдеудiң тәртiбi

      Ескерту: Мәтiн бойынша "сату кезiнде" сөзi "түсiру кезiнде" сөзiмен ауыстырылды; "шығарылу датасы, түсiрiлу датасы" сөзi "өлшем бiрлiгi" сөзiмен ауыстырылды; "дал" сөзi алынып тасталды; "жауапты" сөзiнен кейiн "өкiлеттi" сөзiмен толықтырылды, 11) тармақша алынып тасталды; "(шөлмек, дал)" сөзi алынып тасталды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2000 жылғы 10 мамырдағы N 436 бұйрығымен

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртiп этиль спиртi мен алкоголь өнiмiне арналған көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын ресiмдеу жөнiндегi тәртiп "Этиль спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi.
      2. Осы Тәртiп этиль спиртiн сату алкоголь өнiмiн сақтау және көтерме сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың жөнелту жөнiндегi операцияларды жүргiзуi кезiнде көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын ресiмдеудiң ретiн белгiлейдi.
      Жөнелту жөнiндегi әрбiр операцияны жүргiзу кезiнде мiндеттi тәртiппен тиiстi көлiк жүкжөнелтпе құжаттары ресiмделедi. Осы жағдайда көлiк жүкқұжатының бiрiншi данасы этил спиртi мен алкоголь өнiмiн алушыға берiледi. Көлiк жүкқұжатының екiншi және үшiншi даналары этил спиртi мен алкоголь өнiмiн жеткiзушiнің өзiнде қалады.
      Ескерту: 2-тармақ толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2000 жылғы 10 мамырдағы N 436 бұйрығымен .
      3. Көлiк жүкжөнелтпе құжаттары қатаң есептiлiк бланкiлерi болып табылады және оларға қатаң есептiлiк бланкiлерi ретiнде бухгалтерлiк есептiң тәртiбi қолданылады.
      4. Көлiк жүкжөнелтпе құжаттарының жетi мәндi баспаханалық нөмiрлемесi бар, мынадай төрт түрге бөлiнедi және бiр бiрiнен түстерi бойынша ажыратылады:
      этиль спиртiне арналған қызыл түстi көлiк жүкжөнелтпе құжатын алкоголь өнiмiн өндiрушiлерге этиль спиртiн түсіру кезiнде берушi ресiмдейдi (1-қосымша);
      этиль спиртiне арналған көк түстi көлiк жүкжөнелтпе құжатын этиль спиртiн фармацевтикалық кәсiпорындар мен мемлекеттiк медициналық мекемелерге, этиль спиртiн техникалық мақсатта және/немесе алкоголдi емес өнiмдi өндiру кезiнде пайдаланатын ұйымдарға берушi ресiмдейдi (2-қосымша);
      алкоголь өнiмiне арналған сары түстi көлiк жүкжөнелтпе құжатын алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) көтерме сату саласында өз қызметiн жүзеге асыратын көтерме сатушыларға түсіру кезiнде берушi ресiмдейдi (3-қосымша);
      алкоголь өнiмiне арналған жасыл түстi көлiк жүкжөнелтпе құжатын алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) көтерме сату саласында өз қызметiн жүзеге асыратын мекемелерге (соның iшiнде жекеменшiк фирмалық арнайы дүкендерге де, олардың мекен-жайына байланыссыз) түсіру кезiнде берушi ресiмдейдi (4-қосымша).
      Ескерту: 4-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2000 жылғы 10 мамырдағы N 436 бұйрығымен .
      5. Көлiк жүкжөнелтпе құжаттары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетiнде берiледi (бұдан әрi - Комитет).
      6. Ұйымдардың сатып алған көлiк жүкжөнелтпе құжаттары өзге ұйымдар мен тұлғаларға қайта сатуға, беруге немесе басқа нысандарда иесiздендiруге жатпайды.    

2. Көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын толтыру тәртiбi

      7. Этил спиртiне арналған қызыл түстi көлiк жүкжөнелтпе құжаты көрсетедi:
      1) этил спиртiн өндiрушілерге:
      этил спиртiн өндiрушi ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, өндiрiс орны;
      мемлекеттiк лицензияның нөмерi, оны берушi орган, берiлген уақыты, әрекет ету мерзiмi;
      салық төлеушiнiң тiркеу нөмерi;
      жеке идентификациалық нөмерi-коды;
      2) этил спиртiн алушыға:
      этил спиртiн өндiрушi ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, өндiрiс орны;
      мемлекеттiк лицензияның нөмерi, оны берушi орган, берiлген уақыты, әрекет ету мерзiмi;
      салық төлеушiнiң тiркеу нөмерi;
      жеке идентификациалық нөмерi-коды;
      3) төлем формасының мәмiлесi:
      ақшасыз есеп ауыстыруда-төлем тапсырмасының нөмері, уақыты;
      қолма қол есеп айырысуда-кассалық кiрiс ордерiнiң нөмерi, уақыты;
      консигнацияда-келiсiм шарттың нөмерi, уақыты;
      4) тасымалдаушыға:
      жүргiзушiнiң аты-жөнi, әкесiнiң аты;
      жүргiзушiлiк куәлiгiнiң сериясы мен нөмерi, берiлген уақыты, берушi орган, көлiк құралының маркасы, мемлекеттiк нөмерi, жолсапар қағазының нөмерi, берiлген уақыты;
      5) этил спиртiнiң сорты, ГОСТ;
      6) шыққан күнi, жүк жөнелткен уақыты;
      7) тиелген өнiмнiң мөлшерi;
      8) өнiмнiң бiрлiк мөлшерiнiң бағасы (теңге);
      9) өнiмнiң жалпы бағасы (теңге);
      10) аударылған акциздiң құны (теңге);
      11) алынып тасталынды ;
      12) "өнiм бойынша барлығы деген жолға көрсетiледi:
      тиелген өнiмнiң жалпы мөлшерi;
      ыдыстың бағасын есептемегендегi өнiмнiң жалпы бағасы (теңге);
      аударылған акциздiң жалпы құны (теңге);
      13) "ыдыстың бағасы көліктік деген жолға көрсетiледi:
      "тиелген өнiмнiң мөлшерi деген бағанға - бөлiнген ыдыстың саны;
      "өнiмнiң жалпы бағасы деген бағанға - көліктік ыдыстың жалпы бағасы;
      14) "көлiк жөнелтпе құжат бойынша барлығы деген жолға көрсетiледi:
      тиелген өнiмнiң жалпы мөлшерi;
      ыдысын қоса есептегендегi өнiмнiң жалпы бағасы (теңге);
      аударылған акциздiң жалпы құны (теңге);
      15) "жөнелтушi деген бағанға жазылатындар:
      жөнелтушi-мекеменiң бiрiншi басшысының қолы және аты-жөнi;
      жөнелтушi-мекеменiң бiрiншi есепшiсiнiң қолы және аты-жөнi;
      16) "қабылдаушы деген бағанға жазылатындар:
      қабылдаушы мекеменiң жауапты өкілетті қызметкерiнiң қолы, аты-жөнi, әкесiнiң аты, төлқұжатының сериясы мен нөмерi, берiлген уақыты, берушi орган.
      Ескерту: 7-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2000 жылғы 10 мамырдағы N 436 бұйрығымен .
      8. Этил спиртiне арналған көк түстi көлiк жүкжөнелтпе құжаты көрсетедi:
      1) этил спиртiн өндiрушiлерге:
      этил спиртін өндiрушi ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, өндiрiс орны;
      мемлекеттiк лицензияның нөмерi, оны берушi орган, берiлген уақыты, әрекет ету мерзiмi;
      салық төлеушiнiң тiркеу нөмерi;
      жеке идентификациалық нөмерi-коды;
      2) этил спиртiн алушыға:
      этил спиртiн өндiрушi ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, өндiрiс орны мемлекеттiк лицензияның нөмерi, оны берушi орган, берiлген уақыты, әрекет ету мерзiмi;
      салық төлеушiнiң тiркеу нөмерi;
      жеке идентификациалық нөмерi-коды;
      3) төлем формасының мәмiлесi:
      ақшасыз есеп ауыстыруда-төлем тапсырмасының нөмерi, уақыты;
      қолма қол есеп айырысуда-кассалық кiрiс ордерiнiң нөмерi, уақыты;
      консигнацияда-келiсiм шарттың нөмерi, уақыты;
      4) тасымалдаушыға:
      жүргiзушiнiң аты-жөнi, әкесiнiң аты;
      жүргiзушiлiк куәлiгiнiң сериясы мен нөмерi, берiлген уақыты, берушi орган, көлiк құралының маркасы, мемлекеттiк нөмерi, жолсапар қағазының нөмерi, берiлген уақыты;
      5) этил спиртiнiң сорты, ГОСТ;
      6) өлшем бірлігі; 
      7) тиелген өнiмнiң мөлшерi;
      8) өнiмнiң бiрлiк мөлшерiнiң бағасы (теңге);
      9) өнiмнiң жалпы бағасы (теңге);
      10) аударылған акциздiң құны (теңге);
      11) алынып тасталынды ;
      12) өнiм бойынша барлығы деген жолға көрсетiледi:
      тиелген өнiмнiң жалпы мөлшерi;
      ыдыстың бағасын есептемегендегi өнiмнiң жалпы бағасы (теңге);
      аударылған акциздiң жалпы құны (теңге);
      13) ыдыстың бағасы көлiктiк деген жолға көрсетiледi:
      тиелген өнiмнiң мөлшерi деген бағанға - бөлiнген ыдыстың саны;
      өнiмнiң жалпы бағасы деген бағанға - көлiктiк ыдыстың жалпы бағасы;
      14) көлiк жөнелтпе құжат бойынша барлығы деген жолға көрсетiледi:
      тиелген өнiмнiң жалпы мөлшерi;
      ыдысын қоса есептегендегi өнiмнiң жалпы бағасы (теңге);
      аударылған акциздiң жалпы құны (теңге);
      15) жөнелтушi деген бағанға жазылатындар:
      жөнелтушi-мекеменiң бiрiншi басшысының қолы және аты-жөнi;
      жөнелтушi-мекеменiң бiрiншi есепшiсiнiң қолы және аты-жөнi;
      16) қабылдаушы деген бағанға жазылатындар:
      қабылдаушы мекеменiң жауапты өкілетті қызметкерiнiң қолы, аты-жөнi, әкесiнiң аты, төлқұжатының сериясы мен нөмерi, берiлген уақыты, берушi орган.
      Ескерту: 8-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2000 жылғы 10 мамырдағы N 436 бұйрығымен .    
      9. Этил спиртiне арналған сары түстi көлiк жүкжөнелтпе құжаты көрсетедi:
      1) өндiрушiлерге (жеткiзушiге):
      алкоголь өнiмiн өндiрушi (жеткiзушi) ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, өндiрiс орны; 
      мемлекеттiк лицензияның нөмерi, оны берушi орган, берiлген уақыты, әрекет ету мерзiмi;
      салық төлеушiнiң тiркеу нөмерi;
      жеке идентификациалық нөмерi-коды;
      2) өнiм өндiрушiге:
      алкоголь өнiмiн өндiрушi ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, өндiрiс орны;
      мемлекеттiк лицензияның нөмерi, оны берушi орган, берiлген уақыты, әрекет ету мерзiмi;
      салық төлеушiнiң тiркеу нөмерi;
      жеке идентификациалық нөмерi-коды;
      3) төлем формасының мәмiлесi:
      ақшасыз есеп ауыстыруда-төлем тапсырмасының нөмерi, уақыты;
      қолма қол есеп айырысуда-кассалық кiрiс ордерiнiң нөмерi, уақыты;
      консигнацияда-келiсiм шарттың нөмерi, уақыты;
      4) тасымалдаушыға:
      жүргiзушінің аты-жөнi, әкесiнiң аты;
      жүргiзушiлiк куәлiгiнiң сериясы мен нөмерi, берiлген уақыты, берушi орган, көлiк құралының маркасы, мемлекеттiк нөмерi, жолсапар қағазының нөмерi, берiлген уақыты;
      5) алкоголь өнiмiнiң тұтыну ыдысының сыйымдылығы атауы;
      6) шыққан күнi, жүк жөнелткен уақыты;
      7) тиелген алкоголь өнiмiнiң мөлшерi;
      8) ыдыстың бағасын есептемегендегi өнiмнiң бiрлiк мөлшерiнiң бағасы (теңге);
      9) ыдыстың бағасын есептемегендегi өнiмнiң жалпы бағасы (теңге);
      10) аударылған акциздiң құны (теңге);
      11) алынып тасталынды ;
      12) алынып тасталынды ;
      13) "өнiм бойынша барлығы деген жолға көрсетiледi:
      тиелген алкоголь өнiмiнiң жалпы мөлшерi;
      ыдыстың бағасын есептемегендегi алкоголь өнiмiнiң жалпы бағасы (теңге);
      аударылған акциздiң жалпы құны (теңге);
      14) ыдыстың бағасы тұтынушы деген жолға көрсетiледi:
      тиелген өнiмнiң мөлшерi деген бағанға - бөлiнген тұтынушы ыдыстың саны;
      "өнiмнің жалпы құны" бағанында - тұтыну ыдысының жалпы құны;
      14-1. "көлiк ыдысының құны" жолында көрсетiледi:
      "тиелген өнiм саны" бағанында - босатылған көлiк ыдысының саны;
      "өнiмнің жалпы құны" бағанында - көлiк ыдысының жалпы құны;
      15) "көлiк жөнелтпе құжат бойынша барлығы деген жолға көрсетiледi:
      тиелген алкоголь өнiмiнiң жалпы мөлшерi;
      ыдысын қоса есептегендегi өнiмнiң жалпы бағасы (теңге);
      аударылған акциздiң жалпы құны (теңге);
      16) "жөнелтушi деген бағанға жазылатындар:
      жөнелтушi-мекеменiң бiрiншi басшысының қолы және аты-жөнi;
      жөнелтушi-мекеменiң бiрiншi есепшiсiнiң қолы және аты-жөнi;
      17) "қабылдаушы деген бағанға жазылатындар:
      қабылдаушы мекеменiң жауапты өкілетті қызметкерiнiң қолы, аты-жөнi, әкесiнiң аты, төлқұжатының сериясы мен нөмерi, берiлген уақыты, берушi орган.
      Ескерту: 9-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2000 жылғы 10 мамырдағы N 436 бұйрығымен .
      10. Этил спиртiне арналған жасыл түстi көлiк жүкжөнелтпе құжаты көрсетедi:
      1) өндiрушiлерге (жеткiзушiге):
      алкоголь өнiмiн өндiрушi (жеткiзушi) ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, өндiрiс орны;
      мемлекеттiк лицензияның нөмерi, оны берушi орган, берiлген уақыты, әрекет ету мерзiмi;
      салық төлеушiнiң тiркеу нөмерi;
      жеке идентификациалық нөмерi-коды;
      2) өнiм өндiрушiге:
      алкоголь өнiмiн өндiрушi ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, өндiрiс орны;
      мемлекеттiк лицензияның нөмерi, оны берушi орган, берiлген уақыты, әрекет ету мерзiмi;
      салық төлеушiнiң тiркеу нөмерi;
      жеке идентификациалық нөмерi-коды;
      3) төлем формасының мәмiлесi:
      ақшасыз есеп ауыстыруда-төлем тапсырмасының нөмерi, уақыты;
      қолма қол есеп айырысуда-кассалық кiрiс ордерiнiң нөмерi, уақыты;
      консигнацияда-келiсiм шарттың нөмерi, уақыты;
      4) тасымалдаушыға:
      жүргiзушiнiң аты-жөнi, әкесiнiң аты;
      жүргiзушiлiк куәлiгiнiң сериясы мен нөмерi, берiлген уақыты, берушi орган, көлiк құралының маркасы, мемлекеттiк нөмерi, жолсапар қағазының нөмерi, берiлген уақыты;
      5) алкоголь өнiмiнiң тұтыну ыдысының сыйымдылығы атауы;
      6) өлшем бірлігі;
      7) тиелген алкоголь өнiмiнiң мөлшерi;
      8) ыдыстың бағасын есептемегендегi өнiмнiң бiрлiк мөлшерiнiң бағасы (теңге);
      9) ыдыстың бағасын есептемегендегi өнiмнiң жалпы бағасы (теңге);
      10) аударылған акциздiң құны (теңге);
      11) алынып тасталынды ;
      12) алынып тасталынды ;
      13) "өнiм бойынша барлығы деген жолға көрсетiледi:
      тиелген алкоголь өнiмiнiң жалпы мөлшерi;
      ыдыстың бағасын есептемегендегi алкоголь өнiмiнiң жалпы бағасы (теңге);
      аударылған акңиздiң жалпы құны (теңге);
      14) "ыдыстың бағасы тұтынушы деген жолға көрсетiледi:
      "тиелген өнiмнiң мөлшерi деген бағанға - бөлiнген тұтынушы ыдыстың саны;
      өнiмнің жалпы құны" бағанында - "тұтыну ыдысының жалпы құны;
      14-1. "көлiк ыдысының құны" жолында көрсетiледi:
      "тиелген өнiм саны" бағанында - босатылған көлiк ыдысының саны;
      "өнiмнің жалпы құны" бағанында - көлiк ыдысының жалпы құны;
      15) "көлiк жөнелтпе құжат бойынша барлығы деген жолға көрсетiледi:
      тиелген алкоголь өнiмiнiң жалпы мөлшерi;
      ыдысын қоса есептегендегi өнiмнiң жалпы бағасы (теңге);
      аударылған акциздiң жалпы құны (теңге);
      16) "жөнелтушi деген бағанға жазылатындар:
      жөнелтушi-мекеменiң бiрiншi басшысының қолы және аты-жөнi;
      жөнелтушi-мекеменiң бiрiншi есепшiсiнiң қолы және аты-жөнi;
      17) "қабылдаушы деген бағанға жазылатындар:
      қабылдаушы мекеменiң жауапты өкілетті қызметкерiнiң қолы, аты-жөнi, әкесiнiң аты, төлқұжатының сериясы мен нөмерi, берiлген уақыты, берушi орган.
      Ескерту: 10-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2000 жылғы 10 мамырдағы N 436 бұйрығымен .

3. Алкоголь өнiмiн өндiрушілер босататын этил спиртiнiң
көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын ресiмдеудiң тәртiбi

      11. Спирт зауыты этил спиртiн сатып алуға алкоголь өнiмiн өндiрушiлерден тапсырыстар түскен кезде, сұралып отырған көлемге көлiк жүк қүжаттамасын ресiмдейдi, оны мiндеттi түрде тиiстi акциз қосынының жауапты өкілетті қызметкерi тiркеуге алып, оның қолы мен мөрi қойылуы керек.
      Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2000 жылғы 10 мамырдағы N 436 бұйрығымен .
      12. Этил спиртiн өндiрушi акциз қосынының жауапты қызметкерi тез арада өндiрушінің салық комитетi мен сатып алушының акциз қосынына жасалайын деп отырған шарт туралы хабарлауға мiндеттi.
      Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2000 жылғы 10 мамырдағы N 436 бұйрығымен .
      13. Тармақ алынып тасталынды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2000 жылғы 10 мамырдағы N 436 бұйрығымен .
      14. Алкоголь өнiмiн өндiрушi этил спиртiн тағайындалған жерiне жеткiзгеннен кейiн, көлiк жүк құжаттамасын тиiстi акциз қосынының жауапты қызметкерi этил спиртінің алынғаны туралы фактiнi растай отырып, мiндеттi түрде тiркейдi, қолы мен мөрiн қойып, куәландырады.
      Ескерту: 14-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2000 жылғы 10 мамырдағы N 436 бұйрығымен .
      15. Этил спиртiн сатып алушының акциз қосынының жауапты қызметкерi көлiк жүк құжаттамасын тiркегеннен кейiн сатып алушының салық органы мен этил спиртiн өндiрушiнiң акциздiк қосынына жасалынған iс фактiсi туралы хабарлауға мiндеттi.
      Ескерту: 15-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2000 жылғы 10 мамырдағы N 436 бұйрығымен .
      16. Салық органдары жасалынатын мәмiле туралы электронды пошта арқылы ақпарат алмасады.     

4. Көлiк жүкжөнелтне құжаттарын Банкнот
фабрикасынан алудың тәртiбi

      17. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын "ҚазАлкоОрталық" (бұдан әрi - РМК) заңды және жеке тұлғалардан көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын сатып алуға арналған өтiнiштердi жинауды қамтамасыз етедi.
      18. РМК заңды және жеке тұлғалардың өтiнiштерiне сәйкес көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын түрлерi мен түстерi бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң Банкнот фабрикасында (бұдан әрi - Банкнот фабрикасы) әзiрлеуге тапсырыс орналастырады.
      19. Банкнот фабрикасымен есеп айырысу РМК-ның есепшотына көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын сатудан түскен қаражаттың есебiнен жүргiзiледi (5-қосымша).
      20. Көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын Банкнот фабрикасынан РМК-ға жеткiзудi РМК-ның өкiлдерi жүзеге асырады.
      21. РМК қызметкерлерiнiң арасынан бiрiншi басшысының бұйрығымен көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын алуға, есебiн жүргiзуге, сақтау мен беруге материалдық жауапты өкілетті адам тағайындалады.
      22. Банкнот фабрикасынан көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын РМК-ның бiрiншi басшысы тағайындайтын материалдық жауапты өкілетті адам алады.
      23. Акциздiк алым таңбаларын алу үшiн материалдық жауапты өкілетті адамға РМК-ның бiрiншi басшысы, бас бухгалтерi қолдарын қойған және мөрмен куәландырылған сенiмхат берiледi.    

5. Көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын Комитетке беру

      24. Көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын РМК сақтау: жүк құжаттарын сақтауға арналған және беру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған екi жұмыс аймағы бар, өртке қарсы және күзет дабылы бар арнайы бөлiнген үй-жайда жүзеге асырылады.
      25. Көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын Комитеттiң өкiлдерiне берудi мынадай құжаттары:
      көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын алушының атына берiлген, Комитеттің басшысы немесе оның орынбасары қол қойған сенiмхаттың түпнұсқасы;
      төлқұжаты немесе жеке басының куәлiгi;
      көлiк жүк құжаттарын алушының қызметтiк куәлiгi бар материалдық жауапты өкілетті адам жүргiзедi.    

6. Көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын заңды және жеке
тұлғаларға берудiң тәртiбi

      26. Көлiк жүк құжаттарын сақтауды Комитет арнайы бөлiнген орында (сейфте) жүзеге асырады.
      27. Комитеттiң көлiк жүк құжаттарын заңды және жеке тұлғаларға берудi мынадай құжаттарды:
      көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын алуға арналған өтiнiштi (6-қосымша);
      қызметтiң тиiстi түрiне арналған лицензияларды (көшiрмелерiн);
      бұрын алынған көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын пайдаланғаны туралы есебiн;
      РМК-ның есепшотына көлiк жүкжөнелтпе құжаттарына төлем жасағаны туралы төлем тапсырмасының көшiрмесiн;
      көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын алуға арналған сенiмхатын;
      көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын алушының жеке басын куәландыратын, көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын беру журналында тiркелетiн құжаттарын ұсынуы кезiнде жүргiзедi.    

7. Көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын қайтарудың тәртiбi

      28. Пайдаланылмаған көлiк жүкжөнелтпе құжаттарының бланкiлерi Комитетке заңды немесе жеке тұлғаның қайтарудың себептерiн көрсеткен көлiк жүк құжаттарының бланкiлерiн қайтарғаны туралы өтiнiшiнiң негiзiнде оларды сатып алған жерi бойынша қайтаруы мүмкiн.
      29. 3аңды немесе жеке тұлғалардың көлiк жүк құжаттарын Комитетке қайтаруы көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын өткiзу-қабылдау актiсi бойынша жүзеге асырылады (7-қосымша).
      30. Қайтарылған көлiк жүкжөнелтпе құжаттары үшiн ақша қаражатын РМК заңды немесе жеке тұлғаның есепшотына үш айдың iшiнде аударады.
      31. Ақша қаражатын қайтаруды РМК Комитеттiң хатының негiзiнде көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын қайтару туралы өтiнiш пен өткiзу-қабылдау актiсiнiң көшiрмелерiн қоса бере отырып жүзеге асырады.
      32. Көлiк жүкжөнелтпе құжаттарында баспаханалық ақауды тапқан кезiнде көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын алушылар оларды көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын ауыстыру туралы өтiнiшпен Комитетке актi бойынша тапсыруға мiндеттi.
      Қайтарылған көлiк жүкжөнелтпе құжаттарының нөмiрлерi актiге жазылады, оған Комитеттiң бiрiншi басшысының бұйрығымен тағайындалған, құрамы кемiнде үш адамнан тұратын ақаулы жүкжөнелтпе құжаттарын қабылдау жөнiндегi комиссия қол қояды. Актiнiң бiр данасы РМК-ға жiберiледi.

8. Көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын жоюдың тәртiбi

      33. Ресiмдеу процесiнде бүлiнген жүкжөнелтпе құжаттары жойылуға жатады. Бүлiнген жүкжөнелтпе құжаттарын алушы мынадай тәртiптi сақтай отырып бөлек парақтарға желiмдеуi тиiс:
      көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын желiмдеу қыртыссыз және кедiр-бұдырсыз жүргiзiледi;
      көлiк жүкжөнелтпе құжаттары жөнелтпе құжатының орталық бөлiгi мен нөмiрi анық көрiнетiндей етiлiп желiмделедi;
      көлiк жүкжөнелтпе құжатының жекелеген бөлiктерi бөлiнiп кеткен кезiнде олардың басы бiрiктiрiлуi тиiс.
      34. Бүлiнген көлiк жүкжөнелтпе құжаттары жойылуы үшiн оларды алған орны бойынша Комитетке жiберiледi.
      35. Көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын жою комиссияның қатысуымен, Комитеттiң бiрiншi басшысының бұйрығымен белгiленетiн орында жүргiзiледi.
      36. Көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын жою жөнiндегi комиссияның құрамын Комитеттiң бiрiншi басшысы бекiтедi, оның құрамында кемiнде бес адам болады.
      37. Көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын жою жөнiндегi комиссияның құрамына мiндеттi тәртiппен Комитеттiң бiрiншi басшысы не ол уәкiлдiк берген адам, материалдық жауапты өкілетті адам және көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын алушы ұйымның өкілі кіреді.
      38. Көлiк жүкжөнелтпе құжаттарының нақты жойылғаны туралы жою актiсi жасалады, онда жойылған жүкжөнелтпе құжаттың саны мен нөмірi көрсетiледi (8-қосымша). Актiге комиссия мүшелерi қол қояды және Комитеттiң мөрiмен бекiтiледi.

9. Көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын Комитетте есепке алу
және сақтау

      39. Көлiк жүкжөнелтпе құжаттарының түсуiн есепке алу мен беру арнаулы журналда жүргiзiлуi тиiс, ол баулануы, нөмiрленуi, мөрмен бекiтiлуi және Комитеттiң бiрiншi басшысының қолымен куәландырылуы тиiс.
      Журналды көлiк жүкжөнелтпе құжаттарын есепке алу мен беруге материалдық жауапты өкілетті адам жүргiзедi.
      40. Көлiк жүкжөнелтпе құжаттарының әрбiр тоқсанның 1-күнiнде iс жүзiндегi санын тексеру және материалдық жауапты өкілетті адам ауыстырылған кезiнде Комитеттiң бірiншi басшысының бұйрығымен тағайындалатын түгендеу комиссиясы жүзеге асырады.
      41. Тiзiмдеме екi данада жасалады, түгендеу комиссиясының мүшелерi мен материалдық жауапты өкілетті адам қолдарын қояды.
      Тiзiмдеменiң бiр данасы салыстырып тексеру ведомосiн жасау үшiн ұйымның бухгалтериясына берiледi.
      Көлiк жүкжөнелтпе құжаттарында iс жүзiндегi айырмашылықтар анықталған жағдайда материалдық жауапты өкілетті адамның түсініктемесі қоса берілетін материалдар Комитеттің бірінші басшысына ұсынылады.
      42. Материалдық жауапты өкілетті адам ауысқан кезінде көлік жүкжөнелтпе құжаттарының қалдықтарын қосымша қабылдау-өткізу актісі жасалады.    

10. Көлік жүкжөнелтпе құжаттарын кәсіпорындар мен
ұйымдарда есепке алу

      43. Көлік жүкжөнелтпе құжаттарының кірісі мен шығысын есепке аду қатаң есептілік бланкілеріне тән тәртіппен жүргізіледі.
      44. Заңды және жеке тұлғалар көлік жүкжөнелтпе құжаттарының дұрыс есепке алынуын, олардың пайдаланылуын (саны мен құны бойынша), іске тігуді, бүлінген көлік жүкжөнелтпе құжаттарының олардың жоғалуына жол бермей белгіленген тәртіппен істен  шығарылуына дейін сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.    

11. Көлік жүкжөнелтпе құжаттарының пайдаланылуын
бақылау

      45. Көлік жүкжөнелтпе құжаттарының дұрыс пайдаланылуын бақылауды Комитет және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.    

12. Жауапкершілік

      46. Осы Тәртіпті бұзғаны үшін қолданылып жүрген заңдармен белгіленген жауапкершілік пайда болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады