Этил спиртi мен алкоголь өнiмінің айналымына бақылауды жетiлдiру мақсатында бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 1999 жылғы қыркүйектің 20-дағы "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiне көлiк жүкқұжатын ресiмдеу Ережесiн бекiту туралы" N 1161 V990945_ бұйрығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 1) Этил спиртi мен алкоголь өнiмiне көлiк жүкқұжатын ресiмдеу Ережесінде: мәтiнiнде: "сату кезiнде" сөзi "түсiру кезiнде" сөзiмен ауыстырылсын; "шығарылу датасы, түсiрiлу датасы" сөзi "өлшем бiрлiгi" сөзiмен ауыстырылсын; "дал" сөзi алынып тасталсын; "жауапты" сөзiнен кейiн "өкiлеттi" сөзiмен толықтырылсын; 11) тармақша алынып тасталсын; "(шөлмек, дал)" сөзi алынып тасталсын; 2-тармақта:
екiншi азатжол келесi сөздермен толықтырылсын: "Осы жағдайда көлiк жүкқұжатының бiрiншi данасы этил спиртi мен алкоголь өнiмiн алушыға берiледi. Көлiк жүкқұжатының екiншi және үшiншi даналары этил спиртi мен алкоголь өнiмiн жеткiзушiнің өзiнде қалады.";
4-тармақта: төртiншi азатжолда "шаруашылық субъектiлерi" сөзi "көтерме сатушыларға" сөзiмен ауыстырылсын; бесiншi азатжолда "шаруашылық субъектiлерiне" сөзi "мекемелерге (соның iшiнде жекеменшiк фирмалық арнайы дүкендерге де, олардың мекен-жайына байланыссыз)" сөзiмен ауыстырылсын; 7 және 8-тармақтарда: 13) тармақшада бiрiншi азатжолда "құны" сөзiнен кейiн "көлiктiк" сөзiмен толықтырылсын; үшiншi азат жолда "ыдыс" сөзiнің алды "көлiктiк" сөзiмен толықтырылсын; 9 және 10-тармақтарда: 1) тармақшада: "өндiрушi" және "өндiрушiге" сөздерiнен кейiн сәйкес түрде "(жеткiзушi)" және "(жеткiзушiге)" сөздерiмен толықтырылсын; 5) тармақшада "өнiм" сөзiнен кейiн "тұтыну ыдысының сыйымдылығы" сөзiмен толықтырылсын; 12) тармақша алынып тасталсын; 14) тармақшада: бiрiншi азатжолда "құны" сөзiнен кейiн "тұтынушы" сөзiмен толықтырылсын; екiншi азатжолда "босатылған" сөзiнен кейiн "тұтынушы" сөзiмен толықтырылсын; "дана" сөзi алынып тасталсын; үшiншi азатжол келесi редакцияда баяндалсын: "өнiмнің жалпы құны" бағанында - "тұтыну ыдысының жалпы құны"; 14-1) тармақшасы мына мазмұнмен толықтырылсын: "14-1. "көлiк ыдысының құны" жолында көрсетiледi:
"тиелген өнiм саны" бағанында - "босатылған көлiк ыдысының саны", "өнiмнің жалпы құны" бағанында - "көлiк ыдысының жалпы құны";
11 және 12 тармақтар келесi редакцияда баяндалсын:
"11. Спирт зауыты этил спиртiн сатып алуға алкоголь өнiмiн өндiрушiлерден тапсырыстар түскен кезде, сұралып отырған көлемге көлiк жүк құжаттамасын ресiмдейдi, оны мiндеттi түрде тиiстi акциз қосынының жауапты қызметкерi тiркеуге алып, оның қолы мен мөрi қойылуы керек;
12. Этил спиртiн өндiрушi акциз қосынының жауапты қызметкерi тез арада өндiрушінің салық комитетi мен сатып алушының акциз қосынына жасалайын деп отырған шарт туралы хабарлауға мiндеттi.";
13-тармақ алынып тасталсын.
14 және 15 тармақтар келесi редакцияда баяндалсын:
"14. Алкоголь өнiмiн өндiрушi этил спиртiн тағайындалған жерiне жеткiзгеннен кейiн, көлiк жүк құжаттамасын тиiстi акциз қосынының жауапты қызметкерi этил спиртінің алынғаны туралы фактiнi растай отырып, мiндеттi түрде тiркейдi, қолы мен мөрiн қойып, куәландырады."
15. Этил спиртiн сатып алушының акциз қосынының жауапты қызметкерi көлiк жүк құжаттамасын тiркегеннен кейiн сатып алушының салық органы мен этил спиртiн өндiрушiнiң акциздiк қосынына жасалынған iс фактiсi туралы хабарлауға мiндеттi.".
2) 1), 2), 3), 4) қосымшалар осы бұйрықтың 1), 2), 3), 4) қосымшаларымен ауыстырылсын
2. Бұрын бекiтiлген нысан бойынша дайындалған көлiк құжаттамалары жаңа нысандағы көлiк құжаттамаларымен оларды толық ауыстыруға дейiн пайдаланылуы мүмкiн.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi (М.Ә.Тұрмағамбетов) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің Банкнот фабрикасымен осы бұйрықтың 1), 2), 3), 4) қосымшаларына сәйкес түрлерi және түстерi бойынша көлiк жүкқұжаттарының бланкiлерiн әзiрлеу келiсiмiне
өзгерiстер енгiзсiн. 4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Заң департаментi (А.Базарбаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн. 5. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi. Министрдің м.а. Оқығандар: Омарбекова А.Т. Балабекова Г.Г.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 1999 жылғы қыркүйектiң 20-дағы N 1161 бұйрығына өзгерiстер енгізу туралы
ЖаңаБұйрық Мемлекеттік кіріс министрлігі 2000 жылы 10 мамыр N 436 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылы 10 маусым N 1151 тіркелді.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз