Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 1999 жылғы 30 сәуiрдегi N 25-ОД бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнесті қолдау жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 21 маусымдағы N 134-ОД бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 22 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1167.

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Z980213_ Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 1999 жылғы 30 сәуiрдегi N 25-ОД бұйрығымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 22 мамырда N 773 V990773_ нөмiрмен тiркелген Рынокта үстем жағдайға ие шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң Мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      2-тараудың 5-тармағы үшiншi абзацындағы, 11, 12-тармақтардағы "қаулысымен" деген сөз "бұйрығымен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тараудың 6-тармағының екiншi абзацы "сондай-ақ нақты ортаға берiлген мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк органдар бұрын монопольдi түрде орындаған рыноктағы қызмет көрсетулер" деген сөздермен толықтырылсын;
      17-тармақ мынадай мазмұндағы 3-тармақшамен толықтырылсын:
      мемлекеттiк кәсiпорындар монопольдi түрде қызмет көрсетулердiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерiн көрсеткен кезде;
      17-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Экономиканың бәсекелес саласындағы бағаларға мемлекеттiк реттеу жүргiзген кезде Уәкілетті орган табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін қолдануға құқылы".
      3-тараудың 19-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тiзiлiмге енгiзiлген шаруашылық жүргiзушi субъектiлер екi аптадан кешiктiрмей орталық (аумақтық) уәкiлеттi органды алдағы уақытта монопольды түрде өндiрiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) босату бағасын көтеру туралы және оларды көтерудің себептерi туралы жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi".
      2. Заң басқармасы (Е. Машинистова) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен

 

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден

өткiзудi қамтамасыз етсiн.

     3. Ұйымдастыру-қаржы басқармасы (С.Н.Исаев) мемлекеттiк тiркеуден

өткеннен кейiн осы бұйрықты Агенттiктiң аумақтық органдарына және

Мемлекеттiк тiзiлiмнiң республикалық бөлiмiне енгiзілген, рынокта үстем

жағдайға ие субъектiлерге жеткiзсiн.

     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау төрағаның орынбасары

М. Аманбаевқа жүктелсiн.



     Агенттік төрағасы


     Оқығандар:

              Омарбекова А.Т.

              Балабекова Г.Г.






О внесении дополнений в Приказ Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 30 апреля 1999 года N 25-ОД

Приказ Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и поддержке малого бизнеса от 21 июня 2000 года N 134-ОД Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22.06.2000 г. за N 1167

      В соответствии со статьей 28 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года Z980213_ "О нормативных правовых актах", приказываю:
      1. Внести в Правила формирования и ведения Государственного реестра хозяйствующих субъектов, занимающих доминирующее положение на рынке, утвержденные приказом Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 30 апреля 1999 года N 25-ОД и зарегистрированным в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 22 мая 1999 года N 773 V990773_ , следующие изменения:
      в абзаце третьем пункта 5, пунктах 11, 12 главы 2 слово "постановлением" заменить словом "приказом";
      в абзаце втором пункта 6 главы 2 дополнить словами "а также на рынках услуг, ранее выполняемых монопольно государственными предприятиями и государственными органами, переданных в конкурентную среду";
      пункт 17 дополнить подпунктом 3 следующего содержания:
      "при оказании государственными предприятиями монопольных видов услуг (товаров, работ)";
      пункт 17 дополнить абзацем следующего содержания:
      "При введении государственного регулирования цен в конкурентной сфере экономики Уполномоченный орган вправе применять особый порядок формирования затрат, распространяемый на субъектов естественных монополий";
      пункт 19 главы 3 изложить в следующей редакции:
      "Хозяйствующие субъекты, включенные в Реестр, обязаны не позже чем за две недели уведомить центральный (территориальный) уполномоченный орган о предстоящем повышении отпускной цены на монопольно производимые товары (работы, услуги) и о причинах их повышения.".
      2. Юридическому управлению (Машинистова Е.Г.) обеспечить проведение

 

государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции

Республики Казахстан в установленном порядке.

     3. Организационно-финансовому управлению (Исаев С.Н.) после

государственной регистрации, довести настоящий Приказ до территориальных

органов Агентства и субъектов, включенных в республиканский раздел

Государственного реестра, занимающих доминирующее положение на рынке.

     4. Контроль за исполнением настоящего Приказа возложить на

заместителя Председателя Аманбаева М.Е.


     Председатель

      Агентства


(Специалисты: Склярова И.В.,

              Умбетова А.М.)