Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің Мемлекеттік реестрін қалыптастыру мен жүргізу Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасының Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі 1999 жылғы 30 сәуір N 25-ОД Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 27 мамырда тіркелді. Тіркеу N 773. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2001.04.25. N 86-ОД бұйрығымен. ~V011511

      "Бәсекелестікті дамыту және монополиялық қызметті шектеу туралы" Заңның 3,11 және 12 баптарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің мәселелері" 1999 жылғы 30 наурыздағы N 326  P990326_  қаулысына сәйкес бұйырамын: 
      1. Қосымша берілген, нарықта үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъектілердің Мемлекеттік реестрін қалыптастыру мен жүргізу Ережелері бекітілсін.
      2. Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті (Есімова Г.С.) осы Ережелер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткізілуін қамтамасыз етсін.
      3. Ұйымдық-кадрлар жұмысы бөлімі осы Ережелерді аумақтық комитеттерге жіберсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау төрағаның бірінші орынбасарына С.Ш. Құрманғалиевке жүктелсін. 

    Төраға                                   

                                       Қазақстан Республикасының 
                                      Табиғи монополияларды реттеу 
                                      және бәсекелестікті қорғау 
                                    жөніндегі агенттігі Төрағасының                                       1999 жылғы 30 сәуір N 25-ОД
                                       бұйрығымен бекітілген

               Нарықта үстемдік жағдайға ие шаруашылық
                жүргізуші субъектілердің Мемлекеттік
                  реестрін қалыптастыру мен жүргізу
                             Ережесі

                       1. Жалпы ережелер     

      1. Нарықта үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъектілердің Мемлекеттік реестрін (бұдан былай - Реестр) "Бәсекелестікті дамыту және монополиялық қызметті шектеу туралы" Заңға сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің мәселелері 1999 жылғы 30 наурыздағы N 326  P990326_  қаулысының негізінде Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі (бұдан былай - орталық өкілетті органмен оның аумақтық органдары (бұдан былай - аумақтық өкілетті органдар) жүргізеді. 
      2. Реестр - бәсекелестік саласында қызметін жүзеге асыратын және тауарлық нарықта 35%-тен астам үлеске ие шаруашылық жүргізуші субъектілердің аттары жеке аталған тізбесі. 
      3. Бәсекелестік салаға объективті, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік себептерге байланысты нарықтық кеңістікті қалыптастырудың тиімді формасы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің еркін бәсекелестік қарым-қатынастарына негізделген нарықтар жатады. 
      4. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар: 
      белгілі бір тауар рыногі (тауарлы рынок) - осы тауардың немесе өзара алмасатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сатып алушының тауарды осы аумақта сатып алуға экономикалық мүмкіншілігінің болуымен және одан тыс жерде ондай мүмкіншілігінің болмауымен келіп шығып анықталатын айналым саласы; 
      тауар шекарасы немесе тауар тобы - тауар немесе өзара алмасылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тобы; 
      жағрапиялық шекаралар немесе жағрапиялық нарық - сатып алушылар белгілі бір тауарды сатып алатын немесе сатып ала алатын және одан тыс жерде экономикалық немесе басқа бір себептермен сатып алу мүмкіндігі болмайтын аумақ; 
      үстем жағдай - шаруашылық жүргізуші субъектінің бәсекелестікке теріс ықпал жасайтын, басқа тұлғалардың нарыққа келуіне қиындық келтіретін немесе олардың экономикалық қызмет бостандығын өзгеше түрде шектейтін айрықша жағдайы. 

                 2. Реестрді қалыптастыру мен жүргізу тәртібі 

      Реестр Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне  K941000_  және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы"  U952198_  Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (оның аумақтық органдары) жасайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының бірыңғай Мемлекеттік регистрінің негізінде қалыптастырылады. 
      5. Реестрді қалыптастыру экономикалық және әлеуметтік маңызды тауар нарығын талдау және бәсекелестікке қарсы әрекеттер байқалатын тауар нарықтарын талдау негізінде жасалады. 
      Экономикалық және әлеуметтік маңызды тауарлар тобына басқа тауарлар тобына қарағанда бағаларға мультипликатор болып табылатын өнім және халықтың тұрмыс деңгейіне елеулі әсер ететін қызметтер (көмір, мұнай және мұнай өнімдері, табиғи газ, бидай, нан, қант, дәрілік препараттар, сұйытылған газ және оның бағаларының көтерілуіне алып келетін қызметтер, қатты күйдегі тұрмыстық шығындыларды шығару және көму, жолаушыларды тасымалдау және т.б) жатады. 
      Экономикалық және әлеуметтік маңызды тауарлар тобының тізімі әр жылы агенттіктің бұйрығымен бекітіледі. Орталық өкілетті орган жыл бойы, қажет болғанда, көрсетілген Реестрге қосымша тауар топтарын енгізуге құқылы. Тізімді аумақтық комитеттер аймақтық ерекшеліктерге байланысты толықтырып отыруы мүмкін.<*> 
      Ескерту: 5-тармақ өзгертілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнесті қолдау жөнiндегi 
               агенттiгiнiң 2000 жылғы 21 маусымдағы N 134-ОД 
               бұйрығымен.  V001167_  
      6. Реестрге экономикалық және әлеуметтік маңызды тауарлар рыногінде 35%-тен астам үлеске ие болған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер кіргізіледі. 
      Реестрге және де бәсекелестікке қарсы әрекеттер байқалатын тауарлы рыноктерде үстем жағдайға ие болған шаруашылық жүргізуші субъектілері, сондай-ақ нақты ортаға берiлген мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк органдар бұрын монопольдi түрде орындаған рыноктағы қызмет көрсетулер енгізіледі.<*> 
      Нарыққа көпшілік сұранымына ие, жаңа технология мен ғылыми-техникалық жетістікті пайдалана отырып өндірген тауардың (жұмыстың, қызметтің) жаңа түрін ұсыну арқылы алғаш рет шыққан, үстем жағдайдағы шаруашылық субъектісі екі жыл көлемінде монополияшы деп танылмайды. 
      Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнесті қолдау жөнiндегi 
               агенттiгiнiң 2000 жылғы 21 маусымдағы N 134-ОД 
               бұйрығымен.  V001167_  
      7. Тауарлы рынокте шаруашылық жүргізуші субъектінің жағдайы үстем деп есептелетін үлесінің шекті мөлшерін өкілетті орган белгілейді, әрі ол 35%-тен кем болмауға тиіс. 
      8. Үстемдік үлесті есептеу Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 желтоқсандағы N 1275  P931275_  қаулысымен бекітілген "Белгілі бір тауар нарқының шекарасын анықтау және шаруашылық жүргізуші субъектіні монополияшы деп тану тәртібі туралы" Уақытша Ереже негізінде жүргізіледі. 
      9. Шаруашылық жүргізуші субъектінің үстемдік үлесі шаруашылық жүргізуші субъектінің нарыққа тауарлар жұмыстар, қызметтер жеткізуі көлемінің сәйкес тауар тобы бойынша нарықтың жалпы көлеміне ара-қатынасымен анықталады. 
      Нарықтың жалпы көлемі сол нарыққа барлық сатушылар жеткізген тауар көлемінің сомасы ретінде анықталады. Сол жағрапиялық нарыққа жеткізілетін өнім көлемі туралы тікелей деректер болмаған жағдайда нарық көлемі мынадай формуламен есептеу жолымен анықталады:

     Үм = Yp + Yim - Yех, мұнда 
 
     Yм-нарық көлемі,

     Yp - қаралып отырған нарықта шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарды жеткізу көлемі,
     Yim - қаралып отырған нарыққа ұқсас тауарды әкелу көлемі,
     Yex - қаралып отырған нарықтан тыс жерге тауар әкету көлемі.

     10. Реестрді қалыптастыру үшін төмендегідей деректер қолданылады:
     шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс еткен статистикалық  нысандардың көшірмесі;
     Қазақстан Республикасына импорттау мен экспорттау көлемдері туралы статистикалық деректер;
     республиканың тауарлы нарықтарының мониторингі;
     белгілі бір тауар нарқында өз қызметін жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің тауар жеткізуі, әкелуі, әкетуі туралы ақпарат;
     Орталық (аумақтық) өкілетті органның Сарапшылар кеңесінің ұсыныстары.
     11. Реестр жыл қорытындылары бойынша қалыптастырылып, орталық (аумақтық) өкілетті органның бұйрығымен бекітіледі (Реестрдің нысаны N 1 Қосымшада келтірілген).<*>
     Ескерту: 11-тармақ өзгертілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнесті қолдау жөнiндегi 
 агенттiгiнiң 2000 жылғы 21 маусымдағы N 134-ОД бұйрығымен.  V001167_  
      12. Реестрге өзгертулер жыл бойы орталық өкілетті органның сәйкес қызметінің тұжырымы негізінде орталық (аумақтық) өкілетті органның бұйрығымен мынадай жағдайларға енгізілуі мүмкін:<*> 
      1) шығарылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасы анықталғанда; 
      2) жаңа монополиялық құрылымдардың пайда болуына әкелетін шаруашылық жүргізуші субъектілері қосылғанда; 
      3) нарықта өз қызметін жүзеге асырған шаруашылық жүргізуші субъектілердің негізінде жаңа заңды тұлғалар пайда болғанда; 
      4) экономикалық және әлеуметтік маңызды тауар нарығындағы бәсекелестік ортаның жағдайын талдау барысында 35%-тен астам үлеске ие жаңа нарық субъектілері анықталғанда; 
      5) шаруашылық жүргізуші субъектілерінің бәсекелестікті шектеуге алып келетін әрекеттері туралы куәлік беретін деректер анықталғанда; 
      6) шаруашылық жүргізуші субъектінің статусы өзгергенде және оның тауар нарығындағы үлесі кемігенде. 
      Ескерту: 12-тармақ өзгертілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнесті қолдау жөнiндегi 
               агенттiгiнiң 2000 жылғы 21 маусымдағы N 134-ОД 
               бұйрығымен.  V001167_  
      13. Шаруашылық жүргізуші субъектілер Реестр бекітілген күннен бастап 10-күндік мерзім ішінде өздерінің тізілімге енгізілгені туралы хабардар етіледі (жазбаша құлақтандырудың үлгісі N 2 Қосымшада келтірілген). 
      14. Бекітілген Реестр жыл сайын ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 

             3. Тізілімге енгізілген шаруашылық жүргізуші 
              субъектілерге қатысты қабылданатын шаралар 

      15. Мемлекеттік реестр монополиялық қызметтің алдын алудың және болдырмаудың құралы болып табылады. Шаруашылық жүргізуші субъектіні Реестрге енгізген соң Өкілетті орган: 
      1) оның тауар нарығындағы қызметін жүйелі түрде бақылайды; 
      2) оның қосылуына, акцияларын беруі мен сатуына бақылау жасайды; 
      3) тізілімге енгізілген шаруашылық жүргізуші субъектілердің тұтынушылармен жасаған келісім - шарттарына бақылау жасайды; 
      4) тізілімге енгізілген шаруашылық жүргізуші субъектілер басшыларының бәсекелес құрылымдардың директорлар кеңесінде немесе олардың меншігін билеудің басқа түрлеріне қатысуын қадағалайды; 
      5) бағалық ымыраласуды, бағалық кемсітушілікті және шектен тыс пайда табу үшін монополиялық жоғары бағаларды қолдануды болдырмау мақсатында монополиялық өнімнің бағасына бақылау жасауды жүзеге асырады. 
      16. Орталық (аумақтық) өкілетті орган Реестрге енгізілген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызмет көрсететін нарықтарда мониторинг өткізеді. Өткізілетін талдаудың нәтижелері бойынша бәсекелестікті дамытудың мүмкіншіліктері қаралады және монополиялық қызметті болдырмау және монополияланған нарықтарда бәсекелестікті күшейту жөніндегі ұсыныстар әзірлейді. 
      17. Бәсекелестік саладағы монополиялық өнімнің бағасын мемлекеттік реттеу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады: 
      1) тауар нарығында үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъект өзінің жағдайын теріс пайдаланса және оны ірілендіру мүмкін болмағанда; 
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағаларды мемлекеттік реттеуді енгізу туралы шешімі болса; 
      3) мемлекеттiк кәсiпорындар монопольдi түрде қызмет көрсетулердiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерiн көрсеткен кезде. 
      Экономиканың бәсекелес саласындағы бағаларға мемлекеттiк реттеу жүргiзген кезде Уәкілетті орган табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін қолдануға құқылы.<*> 
      Ескерту: 17-тармақ толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнесті қолдау жөнiндегi 
               агенттiгiнiң 2000 жылғы 21 маусымдағы N 134-ОД 
               бұйрығымен.  V001167_  
      18. Реестрге енгізілген шаруашылық жүргізуші субъектілер жарты жылда бір рет орталық (аумақтық) өкілетті органға қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есебін, кәсіпорынның акцияларын сатуы немесе басқаруға беруі жөніндегі мәліметтерін, монополиялық өнімдердің түрлерін өндіру көлемі, оларды сату бағасы мен өндірістің табысы жөніндегі деректерді беріп тұруға міндетті. 
      19. Тiзiлiмге енгiзiлген шаруашылық жүргiзушi субъектiлер екi аптадан кешiктiрмей орталық (аумақтық) уәкiлеттi органды алдағы уақытта монопольды түрде өндiрiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) босату бағасын көтеру туралы және оларды көтерудің себептерi туралы жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.<*> 
      Ескерту: 19-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнесті қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң 2000 жылғы 21 маусымдағы N 134-ОД 

     4. Тізілімге енгізілген шаруашылық жүргізуші субъектілердің 
       монополияға қарсы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілігі және 
         олардың құқықтары 

      20. Реестрге енгізілген шаруашылық жүргізуші субъектілердің монополияға қарсы заңдардың нормаларын бұзғандығы туралы деректер анықталғанда, орталық (аумақтық) өкілетті орган тарапынан "Бәсекелестікті дамыту және монополиялық қызметті шектеу туралы" Заңның 14 бабына сай монополияға қарсы жауапкершілік жүктеу шаралары қолданылады. 
      21. Реестрге енгізілген шаруашылық жүргізуші субъектілер монополияға қарсы заңдарды бұзуды жою жөніндегі шешімдерді, жазбаша ескертулерді орындамаған жағдайда, орталық (аумақтық) өкілетті орган: 
      1) Монополияға қарсы заңдарды бұзу деректері бойынша әкімшілік комиссияда істерді қарауға; 
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 1998 жылғы 5 қыркүйекте 633 номермен тіркеген "Монополияшы кәсіпорындарға мемлекеттік баға тәртібін бұзғаны үшін экономикалық санкциялар қолдану жөніндегі Нұсқаулыққа" сәйкес санкциялар қолдануға құқылы. 
      22. Реестрге енгізілген шаруашылық жүргізуші субъектілер Реестрге енгізілуі туралы құлақтандыру алған күннен бастап бір апталық мерзімде орталық өкілетті органға өздерінің келіспейтіндігі жөнінде өтініш беруге құқылы. Өтініште өздерін Тізілімнен шығаруға негіз бола алатын (өнімдерін жеткізіп беру көлемі, экспорттау, бәсекелес құрылымдар жөніндегі мәлімет, олардың жеткізіп беретін өнімдерінің көлемі және т.б.) деректер болуға тиіс. 10-күндік мерзім ішінде өкілетті орган өтініш беруші субъектіні Реестрден шығару не қалдыру жөнінде шешім қабылдайды. 
      23. Аумақтық өкілетті органның міндетті түрде орындалуды талап ететін шешімдері, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілеріне айыппұл төлету туралы шешімдері орталық өкілетті органда қаралуы мүмкін. Орталық органның сәйкес шешімдері заңда белгіленген тәртіппен сот органдарында шағымдалуы мүмкін. 

                                Нарықта үстем жағдайға ие шаруашылық
                                жүргізуші субъектілердің Мемлекеттік
                                      реестрін қалыптастыру мен 
                                         жүргізу Ережесіне
                                            N 1 Қосымша

                    Нарықта үстем жағдайға ие шаруашылық 

        жүргізуші субъектілердің 19____ жылға Мемлекеттік реестрі

N ! Шаруашылық ! Шаруашылық ! Шаруашылық ! Сәйкес тауарлар ! Шаруашылық
т/!жүргізуші   !жүргізуші   !жүргізуші   !(жұмыстар, қызмет!жүргізуші 
б !субъектінің !субъектінің !субъектінің !тер) нарқындағы  !субъектінің
  !атауы       !орналасқан  !Тізілімге    !шаруашылық жүргі-!Тізілімге 
  !            !жері        !енгізілуіне !зуші субъектінің !енгізілуіне
  !            !            !себеп болған!үлесі            !негіз болған
  !            !            !тауарларының!                 !Агенттік 
  !            !            !(жұмысының, !                 !қаулысының
  !            !            !қызметінің  !                 !N және күні
  !            !            !атауы)      !                 ! 

                                Нарықта үстем жағдайға ие шаруашылық
                                 жүргізуші субъектілердің Мемлекеттік
                                      реестрін қалыптастыру мен 
                                         жүргізу Ережесіне
                                            N 2 Қосымша     

                  Нарықта үстем жағдайға ие шаруашылық 
       жүргізуші субъектілерді Реестрге(ден) енгізу (шығару) туралы
                               Ескертпе ______________________________________________________________________
                   (шаруашылық жүргізуші субъектінің атауы)      ______________________________________________________________________
     (шаруашылық жүргізуші субъектінің Реестрге енгізілуіне себеп болған

______________________________________________________________________
             тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы

______________________________________________________________________
     (Шаруашылық жүргізуші субъектінің Реестрге енгізілуіне негіз болған                   Агенттік қаулысының N және бекітілген күні)        

     Сізге белгілі болсын деп айта кетейік, Реестрге енгізілу Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттікке (аумақтық органдарға) кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есебін, кәсіпорынның акцияларын сату және басқаруға беру туралы деректерді және өндіріс көлемі, жіберу бағасы және өндірудің  пайдалылығы сияқты өнімнің монополиялық түрлері жөніндегі мәліметті беріп тұру қажеттігін талап етеді.     

     Агенттік Төрағасы

     199____ жылғы "__"______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады