1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына: бюджет кірістерінің сыныптамасы: "701102 Есепті кезеңнің соңындағы бюджеттік қаражаттың еркін қалдықтары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "701103 Бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталатын, қаржы жылы басындағы бюджеттік қаражаттың еркін қалдықтары"; "701102 Есепті кезеңнің соңындағы бюджеттік қаражаттың еркін қалдықтары" деген жол мынадай мазмұнда жазылсын: "701102 Есепті кезеңнің соңындағы бюджеттік қаражаттың қалдықтары." 2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Министр Оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.