2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 17 өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2000 жылғы 3 шілде N 310 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 12 шілде N 1184 тіркелді

      Бұйырамын:
      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

     көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай 
бюджеттік сыныптамасына:
     бюджет кірістерінің сыныптамасы:
     "701102 Есепті кезеңнің соңындағы бюджеттік қаражаттың еркін 
қалдықтары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
     "701103 Бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталатын, қаржы жылы 
басындағы бюджеттік қаражаттың еркін қалдықтары";
     "701102 Есепті кезеңнің соңындағы бюджеттік қаражаттың еркін 
қалдықтары" деген жол мынадай мазмұнда жазылсын:
     "701102 Есепті кезеңнің соңындағы бюджеттік қаражаттың қалдықтары."
     2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Министр
     
     
 
     
    Оқығандар:
     
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.
     
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады