-----------Бұйрықтан үзінді----------
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрлігінің
2005 жылғы 2 маусымдағы
N 75 бұйрығына қосымша
Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі
10. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 15 шілдедегі N 326 (тіркелген N 1203) "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 18 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 маусымдағы N 841
P000841_
"Тауарлардың жекелеген түрлеріне арналған шығарушылық кеден баждарының ставкалары туралы" қаулысына сәйкес Бұйырамын:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715
V991058_
"2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына:
бюджет кірістерінің сыныптамасы:
"106101 Импорттық кеден баждары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"106102 Экспорттық кеден баждары".
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің
міндетін атқарушы