2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 18 толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2000 жылғы 15 шілде N 326. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 29 шілде N 1203 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

-----------Бұйрықтан үзінді----------

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау Министрлігінің  
      2005 жылғы 2 маусымдағы  
N 75 бұйрығына қосымша  

Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі

      10. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 15 шілдедегі N 326 (тіркелген N 1203) "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 18 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------

       Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 маусымдағы N 841  P000841_  "Тауарлардың жекелеген түрлеріне арналған шығарушылық кеден баждарының ставкалары туралы" қаулысына сәйкес Бұйырамын: 
      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715   V991058_   "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына:
      бюджет кірістерінің сыныптамасы:
      "106101 Импорттық кеден баждары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "106102 Экспорттық кеден баждары".
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады