1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "2000 жылға арналған Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бекiту туралы" бұйрығына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай
бюджеттiк сыныптамасына: бюджет шығыстарының сынаптамасында: "5.9.254.52 Жергiлiктi деңгейде денсаулық сақтау объектiлерiн салу және күрделi жөндеу" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "5.9.254.53 Емдеу-алдын алу мекемелерiнiң экономикалық және клиникалық тиімділігін оңтайландыру және арттыру бағдарламасын әзірлеу және іске қосу". 2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Министр міндетін атқарушы Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.