2000 жылға арналған Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына N 21 толықтыруды енгізу туралы

Жаңа

Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 14 тамыз N 359 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 тамызда тіркелді Тіркеу N 1225

      "Астана қаласының 2000 жылға арналған арнайы экономикалық аймағының бюджетiн нақтылау туралы" Астана қаласы Мәслихатының 2000 жылғы 12 шiлдедегi N 42/9-ІІ шешiмiн және "Астана қаласының емдеу-алдын алу мекемелерiнiң экономикалық және клиникалық тиiмдiлiгiн оңтайландыру және арттыру бағдарламасын әзiрлеу және iске қосу бойынша қызмет көрсетулер берушiнi анықтау жөніндегi ашық конкурс өткiзу туралы" Астана қаласы Әкiмінің 2000 жылғы 28 шiлдедегi N 3-1-305 өкiмiн назарға ала отырып бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "2000 жылға арналған Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бекiту туралы" бұйрығына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай

бюджеттiк сыныптамасына:
     бюджет шығыстарының сынаптамасында:
     "5.9.254.52 Жергiлiктi деңгейде денсаулық сақтау объектiлерiн салу 
және күрделi жөндеу" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен 
толықтырылсын:
     "5.9.254.53 Емдеу-алдын алу мекемелерiнiң экономикалық және 
клиникалық тиімділігін оңтайландыру және арттыру бағдарламасын әзірлеу 
және іске қосу".
     2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Министр міндетін атқарушы
     
     
     Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады