Қазақстан Республикасының орта кәсіптік оқу орындарына қабылдаудың Үлгі ережесін бекіту туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2000 жылғы 10 шілдедегі N 707. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 22 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1245. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 244 (V053627) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Білім туралы"  Заңына сәйкес Бұйырамын: 
      1. Қазақстан Республикасының орта кәсіптік оқу орындарына қабылдаудың Үлгі ережесі бекітілсін (қосымша). 
      2. Облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармалары (департаменттері) осы бұйрықты меншік нысандарына қарамастан барлық орта кәсіптік оқу орындарына жеткізсін.
      3. Бастауыш және орта кәсіптік білім департаменті (Қ. Лекер) белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен тіркеуден өткізсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.
       Ескерту: Бұйрықтың кіріспесіне өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 327   қаулысымен

       Министрдің міндетін 
      атқарушы

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрлігінің
10 шілде 2000 ж. N 707
бұйрығына қосымша 

  Қазақстан Республикасының орта кәсіптік
оқу орындарына қабылдаудың 
Үлгі ережесі

      1. Қазақстан Республикасының кәсiптiк орта оқу орындарына Қазақстан Республикасының азаматтары; Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарымен жасалған халықаралық шарттар, келiсiмдер, сондай-ақ келiсiм шарттар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар; жалпы негiзгi, жалпы орта немесе кәсiптiк бастауыш бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының адамдары қабылданады.
      Кәсiптiк орта оқу орындарына басқа шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгiленген тәртiппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келiсiмдермен қабылданады. 
       Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 16 мамырдағы N 393   бұйрығымен .
       Ескерту: 1-тармақ өзгерді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 364   бұйрығымен

      1-1. Кәсiптiк орта бiлiм беретiн оқу орындарына қабылдау кезiнде мемлекеттiк тапсырыстан ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшiн 1-қосымшаға сәйкес ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша 30 пайыз, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға 2 пайыз мөлшерiнде квота белгiленедi. <*>
       Ескерту: 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 15 наурыздағы N 157   бұйрығымен .
       Ескерту: 1-1-тармақ өзгерді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 364   бұйрығымен .

      1-2. Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік құпиямен жұмыс істеуді талап ететін кәсіптік орта білім берудің жекелеген мамандықтары бойынша қабылдау 2-қосымшаға сәйкес, мамандандырылған мемлекеттік кәсіптік орта оқу орындарында және кәсіптік орта білім беретін басқа да мемлекеттік оқу орындарының мамандандырылған бөлімдерінде ғана жүзеге асырылады. <*>
       Ескерту: 1-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 364   бұйрығымен .

      1-3. Азаматтарды қабылдау тәртібін:
      кәсіптік бастауыш білімі барларды қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша оқуға;
      кәсіптік орта білімі барларды ақылы негіздегі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға, екінші кәсіптік орта білім алу үшін кәсіптік орта білім беретін оқу орындарының қабылдау комиссиялары белгілейді. <*>
       Ескерту: 1-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 364   бұйрығымен .

      2. Орта кәсіптік оқу орындарына оқуға түсушілер қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжатының түпнұсқасын, N 0-86 үлгі бойынша дәрігерлік анықтамасын ( І және ІІ топтағы мүгедектер үшін және балалық шақтан мүгедек - дәрiгерлiк-санитарлық сарапшы комиссияларының қорытындысы), 3х4 мөлшері 4 суретін, ұлттық бiрыңғай тестiлеу нәтижелерiнiң сертификаты (бұдан әрi - ҰБТ сертификаты) қоса тіркейді. Еңбек өтілі барлар куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесін қоса тіркейді. 
      Талапкерлер жеке басының куәлігін, төлқұжатын немесе тууы туралы куәлігін немесе оның орнын ауыстыруға болатын құжатын көрсетеді. 
      Келiсiм (ақылы) негiзiнде оқуға түсушiлердiң өтiнiштерi жеке тiркеледi және есептеледi. 
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту, толықтыру енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 16 мамырдағы N 393   бұйрығымен 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 327   қаулысымен .

      2-1. Жалпы негiзгi, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш бiлiмi бар азаматтарды кәсiптiк орта оқу орындарына қабылдау азаматтардың өтiнiшi бойынша конкурстық сынақ емтихандардың балдары немесе ҰБТ сертификатында көрсетiлген балдар негiзде жасалады.
       Ескерту: 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 327   қаулысымен .

      3. Кәсiптiк оқу орнында қабылдау мәселелерiн шешу үшiн қабылдау комиссиясы ұйымдастырылады, ол өзiнiң жұмысын маусымнан кешiкпей бастауы керек.

      3-1. Кәсіптік орта оқу орындарына түсетін азаматтардан өтініштер қабылдау 20 маусымнан 20 тамызға дейiн, кешкі және сырттай оқу нысандарына 15 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Сырттай оқу нысаны бойынша түсу емтихандары 2 шілдеден 28 шілдеге дейін, кешкі және сырттай оқу нысандарына 25 қыркүйекке дейін жүргізіледі.
      Мәдениет пен өнер мамандықтары (0604002, 0605002, 0606002, 0607002, 0608002, 0609002, 0610002, 0611002, 0612002, 0613002, 0614002, 0615002, 0616002, 0619002, 0630002, 0639002, 0640002) бойынша өтініштер қабылдау 20 шілдеге дейін, арнайы (шығармашылық) емтихандар 21 шілдеден 28 шілдеге дейін жүргізіледі. <*> 
       Ескерту: 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 15 наурыздағы N 157   бұйрығымен .
       Ескерту: 3-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 364   бұйрығымен 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 327   қаулысымен .

      4. Азаматтарды қабылдау түсу емтихандары аяқталғаннан кейiн және күндiзгi оқу нысанына түсетiндер үшiн 25 тамыздан 30 тамызға дейiн, кешкi және сырттай оқу нысанына түсетiндер үшiн 15 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейiн жүргiзiледi.<*>
       Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 16 мамырдағы N 393   бұйрығымен 2003 жылғы 15 наурыздағы N 157   бұйрығымен .
       Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 364   бұйрығымен 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 327   қаулысымен .

      5. Колледждерге түсушiлер қабылдау емтихандарын мемлекеттiк тiлде немесе ресми қолданылатын тiлде тапсыруға құқығы бар. 
       Ескерту: 5-тармақ өзгертілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 15 наурыздағы N 157   бұйрығымен .

      6. Қабылдау емтихандарының түрiн (тестiлеу немесе емтихан билеттерi мен тапсырмалары бойынша) оқу орны шешедi. 

      7. Жалпы орта білімі бар азаматтар үшін түсу емтихандары жалпы орта білімнің оқу бағдарламалары көлемінде - үш пән, ал жалпы негізгі білімі бар азаматтар үшін жалпы негізгі білімнің оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша жүргізіледі. <*>
      Мiндеттi түсу емтихандарының тiзбесiне жалпы негiзгi бiлiмi бар тұлғалар үшiн қазақ немесе орыс тiлдерi, ал жалпы орта бiлiмi бар тұлғалар үшiн қазақ немесе орыс тiлдерi және Қазақстан тарихы енгiзiледi. Арнайы немесе шығармашылық емтихандар (2-ден көп емес) талапкерлердiң таңдауына байланысты мамандықтардың ерекшелiктерiне қарай белгiленiп, түсу емтихандарының алдында орта кәсiптiк оқу орындары бекiткен бағдарлама бойынша жүргiзiледi 
      Тестiлеу кезiнде әрбiр пән бойынша 30 сұрақтан болады. Тест тапсырмасының әрбiр дұрыс жауабына 1 ұпай саны беріледi. Арнайы және шығармашылық пәндерден алған "3", "4", "5" деген бағаларды қабылдау комиссиясы тиiстi ұпай сандарына ауыстырады. Мемлекеттiк тапсырыс бойынша тест сынағынан жалпы саны 30 баллдан кем жинаған азаматтар оқушылар қатарына қабылданбайды. 
      Кешендi тестiлеуге үш пәннен 1,5 ал екi пәннен 1 астрономиялық сағат бөлiнедi. 
      Дұрыс жауаптардың коды тестiлеу бiткеннен кейiн бiрден iлiнедi. Кешенді тестілеудің нәтижелері ол өткізілген күні жарияланады. <*>
      Жалпы бiлiм беретiн мектепте немесе кәсiптiк мектепте /лицейлерде/ шетел тiлiн меңгермеген Азаматтар ол мамандық бойынша белгiленген негiзгi пән болып табылмаса, колледждiң қабылдау комиссиясы белгiлеген басқа пәннен тапсырады. <*>
       Ескерту: 7-тармақ өзгертілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 16 мамырдағы N 393   бұйрығымен 2003 жылғы 15 наурыздағы N 157   бұйрығымен 2003 жылғы 30 мамырдағы N 364   бұйрығымен 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 327   қаулысымен .

      8. Көрсеткіштері бірдей болған жағдайда (растайтын құжаттары болған жағдайда): жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларының қорытындысы бойынша орта кәсіптік оқу орындарында оқуға болатын І, ІІ топтағы мүгедектер мен бала кезден мүгедектерге және үздік білімі туралы құжаты бар азаматтарға оқуға қабылдаудың артықшылық құқығы беріледі (куәліктер, аттестаттар, дипломдар). <*>
       Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 364   бұйрығымен

      9. Орта кәсiптiк оқу орнымен бiр оқу-тәрбие кешенiне немесе ғылыми-өндiрiстiк-оқу бiрлестiкке (ассоциация) кiретiн мектептер мен кәсiптiк мектептердiң (лицейлердiң) емтихан комиссияларының құрамына орта кәсiптiк оқу орнының оқытушылары енгiзiлген жағдайда олардың бiтiру емтихандарының нәтижелерi қабылдау емтихандарына теңгерiледi. 

      10. Арнайы немесе шығармашылық емтихандардан "екi" деген баға алған тұлғалар немесе себепсiз емтиханға келмегендер қалған емтихандарға жiберiлмейдi. 

      11. Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етiлмейдi. 
      11-1. Қабылдау емтихандарының нәтижелерiмен келiспеген азамат шағым беруге құқылы. 
      Шағым қабылдау комиссиясына қабылдау емтихандарының нәтижелерi жарияланғаннан кейiн берiледi және оны бiр тәулiк iшiнде  шағым комиссиясы қарайды. 
       Ескерту: 11-1-тармақпен толықтырылды, өзгертілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 16 мамырдағы N 393   бұйрығымен 2003 жылғы 15 наурыздағы N 157   бұйрығымен .

      12. Орта кәсiптiк оқу орындарына оқушылар қатарына қабылдау қабылдау комиссиясының ашық мәжiлiсiнде мамандықтар, бөлiмдер, оқыту тiлi бойынша жеке жүргiзiледi. 
      Қабылдаудың осы Үлгi тәртiбiне сәйкес қабылдануға жеңiлдiк құқығы бар талапкерлер тиiстi құжаттарын тапсырады. 
      Қабылдау емтихандарынан жинаған ұпайлары тең болған жағдайда артықшылық: 
      ең бiрiншi кезекте жалпы орта мектептi (лицейдi) үздiк аттестатпен және кәсiптiк мектептi орта мектептiң негiзгi сатысында үздiк дипломмен бiтiргендерге берiледi. Бұл тәртiп кәсiптiк мектептердi (лицейлердi) жалпы бiлiм беретiн мектептiң жоғары сатысы негiзiнде үздiк бiтiргендерге, алған кәсiбiне сәйкес мамандыққа түскен жағдайда қолданылады.
       Ескерту: 12-тармақ өзгерді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 364   бұйрығымен .  

      13. Орта кәсiптiк оқу орны Қазақстан Республикасының орта кәсiптiк оқу орындарына қабылдаудың осы Үлгi Ережесiне сәйкес өздерiнiң нақты қабылдау Тәртiбiн меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан бiлiм беру ұйымдары әзiрлейдi, бiлiм беру ұйымдары құрылтайшыларымен келiседi, құжат қабылдаудан бiр ай бұрын баспасөз бетiнде жариялайды. 

      14. Қабылдау тәртiбi туралы мәлiмдеме, сонымен бiрге қабылдау жұмысын ұйымдастыру мен жүргiзу жөнiндегi қабылдау комиссиясының шешiмi, емтихандар кестесi, оқушылар қатарына қабылдау мерзiмi түсушiлердiң назарына уақтылы жеткiзiлуi тиiс. 

      15. Орта кәсiптiк оқу орындары аймақтарда көшпелi комиссиялардың қабылдау емтихандарын меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан бiлiм беру ұйымдарының құрылтайшыларымен келiсiп ұйымдастырады. 

      16. Орта кәсiптiк оқу орнының қабылдау комиссияларына кешендi тестiлеуге қатысқан, басқа колледждерге (училищелерге) және жоғары оқу орындарына конкурстан өтпеген тұлғаларды белгiленген үлгiдегi мемлекеттiк сертификаттар негiзiнде қабылдауды жүзеге асыру құқығы берiледi.
       Ескерту: 16-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 327   қаулысымен

      17. Барлық орта кәсiптiк оқу орындары облыстық, Астана және Алматы қалалық бiлiм басқармаларына (департаменттерiне) белгiленген үлгi мен мерзiмде жедел статистикалық, ал қабылдау бiткеннен кейiн он күн мерзiм iшiнде колледжге қабылдауды ұйымдастыру мен өткiзудiң жиынтық мәтiндiк нысандағы есептерiн бередi.
      Облыстық, Астана және Алматы қалалық бiлiм басқармалары (департаменттерi) белгiленген үлгiде 1 қазанға дейiн қабылдаудың қорытындылары туралы есептi жинақтап, қорытып Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне тапсырады.

      18. Қабылдаудың осы Үлгi тәртiбiнде кесiмделмеген мәселелердi колледждердiң қабылдау комиссиялары өздерi шешедi. 

Об утверждении Типовых правил приема в средние профессиональные учебные заведения Республики Казахстан

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 июля 2000 года N 707. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22.09.2000 г. N 1245. Утратил силу - приказом Министра образования и науки РК от 15 апреля 2005 года N 244 (V053627)

     В соответствии с Законом Республики Казахстан "Об образовании" приказываю: <*>
     Сноска. Преамбула с изменениями - приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 апреля 2004 года N 327 .
     1. Утвердить Типовые правила приема в средние профессиональные учебные заведения Республики Казахстан (приложение).
     2. Областным, городским (Астаны и Алматы) управлениям (департаментам) образования данный приказ довести до сведения всех учебных заведений среднего профессионального образования, независимо от их форм собственности.
     3. Департаменту начального и среднего профессионального образования (Лекер К.) представить в установленном порядке настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.
     4. Настоящий приказ вступает в силу с момента государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

     И.о. Министра

                                       Приложение к приказу
                                 Министерства образования и науки
                                       Республики Казахстан
                                    от 10 июля 2000 г. N 707

     Типовые правила приема в средние профессиональные
          учебные заведения Республики Казахстан

     1. В средние профессиональные учебные заведения Республики Казахстан принимаются граждане Республики Казахстан; иностранные граждане и лица без гражданства, постоянно проживающие в Республике Казахстан в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, международными договорами, соглашениями, а также по контрактам, заключенным с организациями образования Республики Казахстан; лица казахской национальности, не являющиеся гражданами Республики Казахстан, имеющие основное общее, среднее общее или начальное профессиональное образование.
     Другие иностранные граждане и лица без гражданства принимаются в средние профессиональные учебные заведения в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, а также международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан. <*>
     Сноска. Пункт 1 - в новой редакции согласно приказу Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 мая 2002 года N 393 ; с изменениями - приказом и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 мая 2003 года N 364 .
     1-1. При приеме в средние профессиональные учебные заведения по специальностям, определяющим социально-экономическое развитие аула (села) согласно приложению 1, для граждан, из числа аульной (сельской) молодежи устанавливается квота в размере 30 процентов от государственного заказа и для лиц казахской национальности, не являющимися гражданами Республики Казахстан в размере 2 процентов. <*>
     Сноска. Правила дополнены новым пунктом 1-1 - приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 марта 2003 года N 157 ; с изменениями - приказом и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 мая 2003 года N 364 .
     1-2. Прием граждан Республики Казахстан по отдельным специальностям среднего профессионального образования, требующим работы с государственными секретами, согласно приложению 2, осуществляется только в специализированных государственных средних профессиональных учебных заведениях и на специализированных отделениях других государственных учебных заведений среднего профессионального образования. <*>
     Сноска. Правила дополнены новым пунктом 1-2 - приказом и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 мая 2003 года N 364 .
     1-3. Порядок приема граждан:
     имеющих начальное профессиональное образование на обучение по сокращенным, ускоренным программам;
     имеющих среднее профессиональное образование на обучение по сокращенным образовательным программам на платной основе, для получения второго среднего профессионального образования устанавливается приемными комиссиями средних профессиональных учебных заведений. <*>
     Сноска. Правила дополнены новым пунктом 1-3 - приказом и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 мая 2003 года N 364 .
     2. К заявлению о приеме в средние профессиональные учебные заведения поступающие прилагают подлинник документа об образовании, медицинскую справку по форме N 086-У (для инвалидов I и II группы и инвалидов с детства - заключение медико-социальной экспертной комиссии), 4 фотокарточки размером 3х4, сертификат о результатах единого национального тестирования (далее - сертификат ЕНТ). Имеющие стаж работы прилагают засвидетельствованную копию трудовой книжки.
     Поступающие представляют удостоверение личности, паспорт или свидетельство о рождении, либо заменяющий его документ.
     Заявления от поступающих на договорной основе (платной) регистрируются и учитываются отдельно. <*>
     Сноска. Пункт 2 - с изменениями, внесенными приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 мая 2002 года N 393 ; от 16 апреля 2004 года N 327 .
     2-1. Прием в средние профессиональные учебные заведения граждан, имеющих основное общее, среднее общее, начальное профессиональное образование осуществляется по заявлению граждан на конкурсной основе по результатам баллов вступительных экзаменов или указанным в сертификате ЕНТ. <*>
     Сноска. Правила дополнены новым пунктом 2-1 - приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 апреля 2004 года N 327 .
     3. В учебных заведениях среднего профессионального образования для решения вопросов приема организуется приемная комиссия, которая начинает свою работу не позже 1 июня.
     3-1. Прием заявлений граждан, поступающих в средние профессиональные учебные заведения, начинается с 20 июня по 20 августа, на вечернюю и заочную форму обучения до 15 сентября. Вступительные экзамены на очную форму обучения проводятся с 2 августа по 28 августа, на вечернюю и заочную формы обучения до 25 сентября.
     Прием заявлений на специальности культуры и искусства (0604002, 0605002, 0606002, 0607002, 0608002, 0609002, 0610002, 0611002, 0612002, 0613002, 0614002, 0615002, 0616002, 0619002, 0630002, 0639002, 0640002) проводится до 20 июля, специальные (творческие) экзамены с 21 июля по 28 июля. <*>
     Сноска. Правила дополнены новым пунктом 3-1 - приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 марта 2003 года N 157 ; в новой редакции - приказом и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 мая 2003 года N 364 ; с изменениями - от 16 апреля 2004 года N 327 .
     4. Зачисление граждан проводится после завершения вступительных экзаменов с 25 августа по 30 августа для поступающих на очную форму обучения, с 15 сентября по 30 сентября для поступающих на вечернюю и заочную форму обучения. <*>
     Сноска. Пункт 4 - в новой редакции согласно приказу Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 мая 2002 года N 393 ; с изменениями - приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 марта 2003 года N 157 ; в новой редакции - приказом и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 мая 2003 года N 364 ; от 16 апреля 2004 года N 327 .
     5. Поступающие в средние профессиональные учебные заведения имеют право сдавать вступительные экзамены на казахском или русском языках. <*>
     Сноска. Пункт 5 с изменениями - приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 марта 2003 года N 157 .
     6. Формы приема вступительных экзаменов (тестирование или по экзаменационным билетам и заданиям) устанавливает учебное заведение.
     7. Вступительные экзамены для граждан, имеющих среднее общее образование, проводятся по трем предметам в объеме учебных программ среднего общего образования, а для граждан, имеющих основное общее образование, по двум предметам в объеме учебных программ основного общего образования.
     В перечень обязательных вступительных экзаменов для лиц, имеющих основное общее образование, включается казахский или русский языки, а для лиц имеющих среднее общее образование казахский или русский языки и история Казахстана. Специальные или творческие экзамены (не более двух) устанавливаются в зависимости от выбранной абитуриентом специальности и предшествуют вступительным экзаменам, проводятся по программам, утверждаемым средними профессиональными учебными заведениями.
     При тестировании количество тестовых вопросов по каждому предмету - 30. Правильный ответ на каждое тестовое задание оценивается 1 баллом. Не допускается к зачислению в состав учащихся по государственному заказу граждане, набравшие по сумме при комплексном тестировании менее 30 баллов.
     На комплексное тестирование по трем предметам отводится 1,5, а по двум предметам - 1 астрономических часа.
     Коды правильных ответов вывешиваются сразу после окончания тестирования. Результаты комплексного тестирования объявляются в день его проведения.
     Граждане, не изучавшие иностранный язык в общеобразовательных школах или профессиональных школах (лицеях) вместо установленного для специальности экзамена по иностранному языку, если он не является профильным, сдают экзамен по другому предмету, определенному приемной комиссией среднего профессионального учебного заведения.
     Сноска. Пункт 7 - с изменениями, внесенными приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 мая 2002 года N 393 ; приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 марта 2003 года N 157 ; приказом и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 мая 2003 года N 364 ; от 16 апреля 2004 года N 327 .
     8. В случае одинаковых показателях преимущественное право на зачисление имеют (при наличии подтверждающих документов): дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, инвалиды I и II групп, инвалиды с детства, которым согласно заключению медико-социальной экспертной комиссии не противопоказано обучение в средних профессиональных учебных заведениях и граждане, имеющие документы об образовании (свидетельства, аттестаты, дипломы) с отличием. <*>
     Сноска. Пункт 8 в новой редакции - приказом и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 мая 2003 года N 364 .
     9. Результаты выпускных экзаменов в средних общеобразовательных и профессиональных школах (лицеях), входящих в один учебно-воспитательный комплекс или учебно-научно-прозводственное объединение (ассоциации) со средним профессиональным учебным заведением, при условии включения преподавателей последнего в состав экзаменационных комиссий, приравниваются к вступительным экзаменам.
     10. Лица, получившие по специальным или творческим экзаменам оценку "два" или не явившиеся на них без уважительной причины, к остальным экзаменам не допускаются.
     11. Пересдача вступительных экзаменов не разрешается.
     11-1. Гражданин, не согласный с результатами вступительных экзаменов, имеет право на обжалование.
     Апелляция, подается в приемную комиссию и рассматривается апелляционной комиссией в течение суток после объявления результатов вступительных экзаменов. <*>
     Сноска. Типовые правила дополнены пунктом 11-1 - согласно приказу Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 мая 2002 года N 393 ; с изменениями - приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 марта 2003 года N 157 .
     12. Зачисление в средние профессиональные учебные заведения производится на открытом заседании приемной комиссии раздельно по специальностям, отделениям, языку обучения. *>
     Сноска. Пункт 12 с изменениями - приказом и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 мая 2003 года N 364 .
     13. В соответствии с данными Типовыми правилами приема в средние профессиональные учебные заведения Республики Казахстан, каждое среднее профессиональное учебное заведение независимо от форм собственности, типа и вида разрабатывает и согласовывает с учредителями организаций образования свои конкретные Правила приема и не позднее, чем за месяц до начала приема документов публикует их в печати.
     14. Информация о правилах приема, а также решения приемных комиссий по организации и проведению приема, расписании экзаменов, сроках и результатах зачисления должны своевременно доводиться до поступающих.
     15. Организация выездных комиссий среднего профессионального учебного заведения независимо от форм собственности, типа и вида для приема вступительных экзаменов в регионы согласовывается с учредителями организаций образования.
     16. Приемным комиссиям среднего профессионального учебного заведения предоставляется право осуществлять прием лиц, не прошедших по конкурсу в другие колледжи (училища), и вузы для лиц, участвовавших в комплексном тестировании на основании государственных сертификатов установленного образца. <*>
     Сноска. Пункт 16 в новой редакции - приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 апреля 2004 года N 327 .
     17. Все средние профессиональные учебные заведения представляют областным, городов Астаны и Алматы управлениям (департаментам) образования оперативную статистическую отчетность, согласно установленным формам и срокам, а после проведения зачисления в десятидневный срок - текстовый отчет по организации и проведению приема.
     Областные, городов Астаны, Алматы управления (департаменты) образования по установленной форме к 1 октября представляют обобщенные отчеты об итогах приема в Министерство образования и науки Республики Казахстан.
     18. Вопросы, не регламентированные настоящими Типовыми правилами приема, самостоятельно решаются приемными комиссиями среднего профессионального учебного заведения.