Кәсiптiк орта оқу орындарына қабылдау жөнiндегi нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында бұйырамын:
1. Мемлекеттiк тiркеу тiзiмiндегi нормативтiк құқықтық актілерде N 1245 тiркелген, "Бiлiм және ғылым хабаршысы" журналының 2002 жылғы N 2-3 санында жарияланған "Қазақстан Республикасының кәсiптiк орта оқу орындарына қабылдаудың үлгi ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң N 1245 тiркелген 2000 жылғы 10 шiлдедегi N 707 бұйрығына (бұдан әрi - Бұйрық) (Бiлiм және ғылым министрiнiң N 1880 тiркелген 2002 жылғы 16 мамырдағы N 393 ; N 2232 тiркелген 2003 жылғы 15 наурыздағы N 157 ; N 2375 тiркелген 2003 жылғы 30 мамырдағы N 364 бұйрықтарымен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген), мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының кәсiптiк орта оқу орындарына қабылдаудың үлгi ережесiнде:
2 тармақ "3x4 мөлшерлi 4 суретiн" деген сөздерiнен соң ", ұлттық бiрыңғай тестiлеу нәтижелерiнiң сертификаты (бұдан әрi - ҰБТ сертификаты.)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Жалпы негiзгi, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш бiлiмi бар азаматтарды кәсiптiк орта оқу орындарына қабылдау азаматтардың өтiнiшi бойынша конкурстық сынақ емтихандардың балдары немесе ҰБТ сертификатында көрсетiлген балдар негiзде жасалады.";
3-1 тармақта "20 маусымнан 15 тамызға дейiн" деген сөздер "20 маусымнан 20 тамызға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Азаматтарды қабылдау түсу емтихандары аяқталғаннан кейiн және күндiзгi оқу нысанына түсетiндер үшiн 25 тамыздан 30 тамызға дейiн, кешкi және сырттай оқу нысанына түсетiндер үшiн 15 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейiн жүргiзiледi";
7-тармақтың үшiншi абзацында "30 пайыздан кем" деген сөздер "30 баллдан кем" деген сөздермен ауыстырылсын, "25"-ті "30"-ға;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Орта кәсiптiк оқу орнының қабылдау комиссияларына кешендi тестiлеуге қатысқан, басқа колледждерге (училищелерге) және жоғары оқу орындарына конкурстан өтпеген тұлғаларды белгiленген үлгiдегi мемлекеттiк сертификаттар негiзiнде қабылдауды жүзеге асыру құқығы берiледi".
2. Орта бiлiм департаментi (С.Б. Есбосынова) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.