"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы
заңының
6-бабы 2-тармағының 4) және 9) тармақшаларын орындау мақсатында, өздерiнiң зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметiн өздерi дербес түрде жүзеге асыру кезiнде зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегі компаниялардың және "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның қызметтерiне қойылатын бiрыңғай талаптарды белгiлеу, зейнетақы активтерiн мемлекеттiк емес бағалы қағаздарға орналастыру кезiнде зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық мүмкiндiктерiн кеңейту және зейнетақы активтерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi және екiншi деңгейдегі банктердегi депозиттерге (екiншi деңгейдегi банктердiң банктiк сертификаттарына) орналастыру кезiнде тәуекелдердi төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi - "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді:
1. "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11
қаулысына
мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 1998 жылғы 12 қарашада 641 нөмiрмен тiркелген Мемлекеттiк зейнетақы жинақтау қорының инвестициялық қызметтi жүзеге асыру қағидаларында (Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк актiлер жинағы, 1998 жыл, ІІ том, 244-бет; "Рынок и право". "Рынок ценных бумаг Казахстана" журналына қосымша, 1999 ж., N 7(8) 9, 11, 13-беттер):
1-тармақ "айқындаған ұйым не" деген сөздерден кейiн "Қордың зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу және Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11
қаулысымен
бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 12 қарашада 643 нөмiрмен тiркелген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың басшы қызметкерлерi лауазымына кандидатураларды келiсу қағидаларымен бекiтiлгенге ұқсас тәртiпте Қордың басшы қызметкерлерiн Ұлттық комиссиямен келiсу шартымен" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қордың зейнетақы және өз активтерi орналастырылатын екiншi деңгейдегi банктегi депозит (екiншi деңгейдегi банктiң депозиттiк сертификатты) бойынша алынған сыйақының (мүдденiң) жылдық ставкасы депозит мерзiмiне (депозиттiк сертификатқа инвестициялау мерзiмiне) ұқсас инвестициялау кезеңiндегi ұлттық немесе шетелдiк валютаға (депозиттiң (депозиттiк сертификаттың) ставкасының валютасына қатысты) номинацияланған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары бойынша жуықтатылған кiрiстiлiк ставкасынан төмен болмауы тиiс. Аталған жуықтату кiрiстiлiгiн Ұлттық комиссия:
1) Қазақстан Республикасының ұлттық валютада номинацияланған мемлекеттiк бағалы қағаздарына қатысты - зейнетақы және өз активтерiн депозитке (депозиттiк сертификатқа) орналастыру алдындағы күннен бiр апта бұрын кезеңде;
2) Қазақстан Республикасының шетелдiк валютада номинацияланған мемлекеттiк бағалы қағаздарына қатысты зейнетақы және өз активтерiн депозитке (депозиттiк сертификатқа) орналастыру алдындағы күннен бiр ай бұрын кезеңде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарымен "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-да өткiзiлген сауда-саттықтың нәтижесi бойынша қалыптасқан бағалардың негізiнде логарифмдiк жуықтату әдiсiмен айқындайды.
мынадай мазмұндағы 6-1 тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Қазақстан Республикасының ұлттық және шетелдiк валютадағы мемлекеттiк бағалы қағаздары бойынша осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген жуықтатылған кiрiстiлiктi Ұлттық комиссия апта сайын аптаның бiрiншi жұмыс күнi алматы уақытымен 18.00. және 21.00 аралығында "кiрiстiлiктiң қисық сызығы" түрiнде Интернет желiсiнде "Активтердi бағалау" бөлiмiндегi ("Кiрiстiк қисығы" бөлiмшесi) www.nsс.кz мекен-жайы бойынша жариялайды және жаңартады.";
мынадай мазмұндағы 6-2 тармақпен толықтырылсын:
"6-2. Қордың зейнетақы және өз активтерiн екiншi деңгейдегi банктегi депозитке (екiншi деңгейдегi банктiң депозиттiк сертификатқа) орналастыру мерзiмi бiр жылдан аспауы керек. Осы мерзiм аяқталғанға дейiн депозиттiң сомасы және ол бойынша сыйақының (мүдденiң) сомасы Қордың инвестициялық шотына есепке алыну керек, ал депозиттiк сертификатты Қор (Қордың басқарушысы) өтеуге ұсынуы (осы екiншi деңгейдегi банктiң депозиттiк сертификаттарын шығарудың, айналысының және өтеудiң шарттарына сәйкес)" немесе есептелген сомаларды Қордың инвестициялық шотына есепке алумен сатуы тиiс.";
2) жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 12 қарашада 642 нөмiрмен тiркелген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру
қағидаларында
(Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк актiлер жинағы, 1998 жыл, II том, 241-бет; "Рынок и право". "Рынок ценных бумаг Казахстана" журналына қосымша, 1999 ж., N 2(3), 17-бет; 7(8), 9, 10, 12-беттер; 8(10), 16-бет; 2000 ж., 1(2), 9-бет):
2-тармақта:
1) тармақшадағы "50%" рәмiздерi "40%" рәмiздерiмен ауыстырылсын;
3-1) тармақшадағы "5%-тен көп емес" сөздерi "10%-дан көп емес" сөздерiмен ауыстырылсын;
4) тармақшада:
"бағалы қағаздары" деген сөздер алып тасталсын;
"30%" рәмiздерi "40%" рәмiздерiмен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Компанияның өз активтерi және оның инвестициялық басқаруындағы Қорлардың зейнетақы активтерi орналастырылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi немесе екiншi деңгейдегі банктегi депозит (екiншi деңгейдегі банктiң депозиттiк сертификатты) бойынша алынған сыйақының (мүдденiң) жылдық ставкасы депозит мерзiмiне (депозиттiк сертификатқа инвестициялау мерзiмiне) ұқсас инвестициялау кезеңiндегі ұлттық немесе шетелдiк валютаға (депозиттiң (депозиттiк сертификаттың) ставкасының валютасына қатысты) номинацияланған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары бойынша жуықтатылған кiрiстiлiк ставкасынан төмен болмауы тиiс. Аталған жуықтату кiрiстiлігін Ұлттық комиссия:
1) Қазақстан Республикасының ұлттық валютада номинацияланған мемлекеттiк бағалы қағаздарына қатысты - зейнетақы және өз активтерiн депозитке (депозиттiк сертификатқа) орналастыру алдындағы күннен бiр апта бұрын кезеңде;
2) Қазақстан Республикасының шетелдiк валютада номинацияланған мемлекеттiк бағалы қағаздарына қатысты зейнетақы және өз активтерiн депозитке (депозиттiк сертификатқа) орналастыру алдындағы күннен бiр ай бұрын кезеңде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарымен "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-да өткiзiлген сауда-саттықтың нәтижесi бойынша қалыптасқан бағалардың негiзiнде логарифмдiк жуықтату әдiсiмен айқындайды.
мынадай мазмұндағы 6-1 тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Қазақстан Республикасының ұлттық және шетелдiк валютадағы мемлекеттiк бағалы қағаздары бойынша осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген кiрiстiлiк жуықтатуды Ұлттық комиссия апта сайын аптаның бiрiншi жұмыс күнi алматы уақытымен 18.00. және 21.00 аралығында "кiрiстiлiктiң қисық сызығы" түрiнде Интернет желiсiнде "Активтердi бағалау" бөлiмiндегi ("Кiрiстiлiк қисығы" бөлiмшесi) www.nsс.кz мекен-жайы бойынша жариялайды және жаңартады.";
мынадай мазмұндағы 6-2 тармақпен толықтырылсын:
"6-2. Компанияның өз активтерiн және оның инвестициялық басқаруындағы Қорлардың зейнетақы активтерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi немесе екiншi деңгейдегi банктегi депозитке (екiншi деңгейдегi банктiң депозиттiк сертификатқа) орналастыру мерзiмi үш айдан аспауы керек. Осы мерзiм аяқталғанға дейiн депозиттiң сомасы және ол бойынша сыйақының (мүдденiң) сомасы Қордың инвестициялық шотына есепке алыну керек, ал депозиттiк сертификатты Компания өтеуге ұсынуы (осы екiншi деңгейдегі банктiң депозиттiк сертификаттарын шығарудың, айналысының және өтеудiң шарттарына сәйкес) немесе есептелген сомаларды Қордың инвестициялық шотына есепке алумен сатуы тиiс.";
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енетiндiгі белгiленсiн.
3. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның қызметкерлерi осы Қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап алпыс күн iшiнде Ұлттық комиссиямен келiсуден өтуге мiндеттелсiн.
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Активтердi Басқарушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң (оған осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып) назарына жеткiзсiн.
5. Ұлттық комиссия орталық аппараты Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi:
1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгiнiң, "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның, және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiнiң назарына жеткiзсiн;
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
Ұлттық комиссияның Төрағасы
Ұлттық комиссияның мүшелері