Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін сақтау және есеп жүргізу жөнінде қызмет көрсететін кастодиан-банктерге қойылатын талаптар туралы

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы директоратының Қаулысы 2000 жылғы 6 қараша N 711. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 8 желтоқсан N 1321 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 117 қаулысымен.

  --------------Қаулыдан үзінді-------------

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасының    
Қаржы нарығын және қаржы    
ұйымдарын реттеу мен қадағалау 
жөніндегі агенттігі басқармасының
2005 жылғы 26 наурыздағы   
N 117 қаулысына Қосымша    

Қазақстан Республикасының күшi жойылды деп танылған
нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тiзбесi

      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы Директоратының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiнiң есебiн жүргiзу және сақтау жөнiнде қызмет көрсететiн кастодиан банктерге қойылатын талаптар туралы" 2000 жылғы 6-қарашадағы N 711 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1321 тiркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында 2000 жылы жарияланған, N 1)...

------------------------------------

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiнiң сақталысын және салымшылардың (зейнетақы төлемдерiн алушылардың) құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"  Z970136_  Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы заңының 26-бабының 5-тармағын орындау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755  U973755_  жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 15) тармақшасының негiзiнде Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты Қаулы етеді: 
      1. Халықаралық есеп айырысу-депозитарлық жүйелерiне ("Еurосlеаr" және "Сlеаrstеам International тұрпатты) рұқсат етудiң мынадай түрлерiнiң бiрi бар болған кезде кастодиан-банктiң: 
      1) тiкелей рұқсат; 
      2) бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметтер көрсететiн және аталған жүйелерге тiкелей рұқсаты бар шетелдiк ұйыммен кастодиандық шарт жасасу арқылы; 
      3) "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ы арқылы жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн сақтау және есеп жүргiзу жөнiнде қызмет көрсетуге құқылы екендiгі белгiленсiн. 
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндiгі белгiленсiн. 
      3. Жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктерi ("Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның кастодиан-банкi ретiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоса) өздерiнiң қызметiн осы Қаулыға ол күшiне енгiзiлгеннен бастап үш ай iшiнде сәйкес келтiруге мiндеттелсiн. 
      4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы: 
      1) осы Қаулыны (ол күшiне енгізiлгеннен кейiн) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiнiң, "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның және кастодиан-банктердiң назарына жеткiзсiн; 
      2) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
      3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.     

      Ұлттық комиссияның Төрағасы

О требованиях, предъявляемых к банкам-кастодианам, оказывающим услуги по хранению и учету пенсионных активов накопительных пенсионных фондов

Постановление Директората Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 6 ноября 2000 года N 711. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 декабря 2000 года N 1321. Утратило силу - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26.03.2005г. N 117; от 26.03.2005г. N 77 (V053604)

Извлечение из постановления Правления Агентства РК
по регулированию и надзору финансового рынка и
финансовых организаций от 26.03.2005г. N 117

     "В целях приведения нормативных правовых актов Республики Казахстан в соответствие с законодательством Республики Казахстан Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ:
     1. Признать утратившими силу некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.
     2. Настоящее постановление вводится в действие со дня принятия...

     Председатель

Приложение
к постановлению Правления
Агентства Республики Казахстан
по регулированию и надзору
финансового рынка и финансовых
организаций
от 26 марта 2005 года N 117

Перечень нормативных правовых актов
Республики Казахстан, признаваемых утратившими силу

     ...
     6. постановление Директората Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 6 ноября 2000 года N 711 "О требованиях, предъявляемых к банкам-кастодианам, оказывающим услуги по хранению и учету пенсионных активов накопительных пенсионных фондов"...".
--------------------------------------------------------------------

     В целях обеспечения сохранности пенсионных активов накопительных пенсионных фондов и защиты прав и интересов вкладчиков (получателей пенсионных выплат) накопительных пенсионных фондов, во исполнение пункта 5 статьи 26 Закона Республики Казахстан Z970136_ "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан" от 20 июня 1997 года, а также на основании подпункта 15) пункта 4 U973755_ Положения о Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 13 ноября 1997 года N 3755, Директорат Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам (далее именуемой "Национальная комиссия") постановляет:
     1. Установить, что банк-кастодиан вправе оказывать услуги по хранению и учету пенсионных активов накопительных пенсионных фондов при наличии одного из следующих видов доступа к международным депозитарно-расчетным системам (типа "Euroclear" и "Clearstream Intеrnаtiоnаl"):
     1) непосредственного доступа;
     2) посредством заключения кастодиального договора с иностранной организацией, оказывающей кастодиальные услуги на рынке ценных бумаг и имеющей непосредственный доступ к указанным системам;
     3) через ЗАО "Центральный депозитарий ценных бумаг".
     2. Установить, что настоящее Постановление вводится в действие с даты его регистрации Министерством юстиции Республики Казахстан.
     3. Обязать банки-кастодианы накопительных пенсионных фондов (включая Национальный Банк Республики Казахстан как банк-кастодиан ЗАО "Государственный накопительный пенсионный фонд") привести свою деятельность в соответствие с настоящим Постановлением в течение трех месяцев со дня его введения в действие.
     4. Управлению лицензирования и надзора центрального аппарата Национальной комиссии:
     1) довести настоящее Постановление (после введения его в действие) до сведения Национального Банка Республики Казахстан, Комитета по регулированию деятельности накопительных пенсионных фондов Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, ЗАО "Государственный накопительный пенсионный фонд" и банков-кастодианов;
     2) доводить настоящее Постановление (после введения его в действие) до сведения организаций, намеренных получить лицензию на осуществление кастодиальной деятельности на рынке ценных бумаг;
     3) установить контроль за исполнением настоящего Постановления.

    Председатель
Национальной комиссии