1. "Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi Мемлекеттiк инспекция органдарының қадағалауындағы өнеркәсiп салаларында пайдаланатын қауiп-қатерi жоғары өзiмiздiң елде шығарылатын бұйымдардың жаңа түрлерiн қабылдау сынағына жiберуге, сериялық шығаруға және қолдануға, сондай-ақ шет елден әкелiнген қауiп-қатерi жоғары бұйымдарды пайдалануға рұқсат беру тәртiбi туралы" V991072_ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң 1999 жылғы 29 қарашадағы N 256 бұйрығына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
аталған нұсқаулықтың 1-тарауындағы:
3-тармақтың екiншi абзацындағы "Меминспекция" сөзi "Департамент" сөзiмен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Облыстық, Астана мен Алматы қалаларының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi инспекциялары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгінiң аумақтық органдары, Облысаралық мемлекеттiк және мамандандырылған Теңiз инспекциялары (бұдан әрi - инспекциялар)";
2-тараудағы 7-тармақтың 2) және 4) тармақшаларының күшi жойылған деп танылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"тәжiрибелiк бұйымдардың үлгiлерiне кiргiзiлген (жарылыстан қорғау,
электр қауiпсiздiгi, ұшқын қауiпсiздiгi, дыбыс және тербелiс, электр магниттiк қосылушылық және т.т.б.) дайын бұйымдардың қауiпсiздiк талабына сәйкестiк сертификаты". 2. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң Төтенше жағдайларды мемлекеттiк қадағалау, техникалық және тау-кен қадағалауы жөнiндегi департаментiне (В.В. Огловқа) жүктелсiн. Төраға Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.