Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігінің 1999 жылғы 29 қарашадағы N 256 бұйрығына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Бұйрық Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі 2000 жылғы 18 қазан N 240 ("Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері", 2001 ж. N 2, ст.308) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 13 желтоқсан N 1328 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң аумақтық инспекция органдарынан түскен ұсыныстарға байланысты, сондай-ақ "Сертификаттау туралы" Z990434_ Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi Мемлекеттiк инспекция органдарының қадағалауындағы өнеркәсiп салаларында пайдаланатын қауiп-қатерi жоғары өзiмiздiң елде шығарылатын бұйымдардың жаңа түрлерiн қабылдау сынағына жiберуге, сериялық шығаруға және қолдануға, сондай-ақ шет елден әкелiнген қауiп-қатерi жоғары бұйымдарды пайдалануға рұқсат беру тәртiбi туралы" V991072_ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң 1999 жылғы 29 қарашадағы N 256 бұйрығына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
      аталған нұсқаулықтың 1-тарауындағы:
      3-тармақтың екiншi абзацындағы "Меминспекция" сөзi "Департамент" сөзiмен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Облыстық, Астана мен Алматы қалаларының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi инспекциялары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгінiң аумақтық органдары, Облысаралық мемлекеттiк және мамандандырылған Теңiз инспекциялары (бұдан әрi - инспекциялар)";
      2-тараудағы 7-тармақтың 2) және 4) тармақшаларының күшi жойылған деп танылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "тәжiрибелiк бұйымдардың үлгiлерiне кiргiзiлген (жарылыстан қорғау,

электр қауiпсiздiгi, ұшқын қауiпсiздiгi, дыбыс және тербелiс, электр 
магниттiк қосылушылық және т.т.б.) дайын бұйымдардың қауiпсiздiк талабына 
сәйкестiк сертификаты".
     2. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы 
Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң Төтенше жағдайларды мемлекеттiк 
қадағалау, техникалық және тау-кен қадағалауы жөнiндегi департаментiне 
(В.В. Огловқа) жүктелсiн.
     
     Төраға
     
     
     Мамандар:
             Омарбекова А.Т.          
             Икебаева Ә.Ж.
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады