Ескерту: Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 31.12.2003 N 5/778 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 26 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы халықаралық автомобиль тасымалын дамыту және жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" N 557 Қаулысына сәйкес, халықаралық байланыстарды дамыту, сауда ынтымақтастығын нығайту, халықаралық автобус қатынастарының коммерциялық рейстерін жүйелеу мақсатында Алматы қаласының Әкімі
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласы Әкімінің 1999 жылғы 29 қарашадағы ~V99r087 "Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкаларын бекіту туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
N 1 қосымшаның 6 тармақшасы "басқа қала көлігі" сөзінен кейін "тұрақты қатынайтын халықаралық және қалааралық автобустарды қоспағанда" сөздерімен толықтырылсын.
Алматы қаласының
Әкімі В.Храпунов