Алматы қаласы әкімінің 1999 жылғы 29 қарашадағы N 1143 "Алматы қаласы бойынша 2000 жылы қоршаған ортаны ластағаны ұшін түлем ставкаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімінің 2000 жылғы 2 наурыздағы N 217 шешімі. Алматы қалалық әділет басқармасымен 2000 жылғы 6 cәуірде N 112 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 5/778 қаулысымен

      Ескерту: Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 31.12.2003 N 5/778 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 26 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы халықаралық автомобиль тасымалын дамыту және жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" N 557 Қаулысына сәйкес, халықаралық байланыстарды дамыту, сауда ынтымақтастығын нығайту, халықаралық автобус қатынастарының коммерциялық рейстерін жүйелеу мақсатында Алматы қаласының Әкімі

                          ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы қаласы Әкімінің 1999 жылғы 29 қарашадағы ~V99r087 "Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкаларын бекіту туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      N 1 қосымшаның 6 тармақшасы "басқа қала көлігі" сөзінен кейін "тұрақты қатынайтын халықаралық және қалааралық автобустарды қоспағанда" сөздерімен толықтырылсын.

      Алматы қаласының
      Әкімі                           В.Храпунов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады