Алматы қаласы әкімінің 24.11.98 ж. N 1167 "Алматы қаласы аумағында шағын кәсiпкерлiк объектiлерi үшiн пәтерлердi, тұрғын үйлердiң астыңғы бөлiгiн және бiрiктiрiлiп салынған жайларды қайта жаңғырту (қайта жоспарлау) тәртiбi туралы" шешiмiне келесi өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 2.2 т. "үй-жайды қайта жаңғырту (қайта жоспарлау) жобасы" сөзiнен кейiн: "(бар болғанда)" сөзiмен толықтырылсын:
2. 2.5 т. келесi редакцияда баяндалсын:
¶ Үй-жайды қайта жаңғырту (қайта жоспарлау) жобасын әзiрлеу үшiн өтiнiш берушiлер архитектура және қалақұрылысы Департаментiнде архитектура-жоспарлау тапсырмасын алуы керек (АЖТ).
Үй-жайды қайта жаңғырту (қайта жоспарлау) жобасы Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген тәртiпте өкiлеттi органдармен келiсiлуi қажет.
3. 2.6 т. алып тасталсын.
Алматы қаласының әкiмi