Алматы қаласы Әкімінің 24.11.98 ж. N 1167 шешiмiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімінің шешімі 2000 жылғы 14 cәуірдегі N 374 Алматы қалалық Әділет басқармасында 2000 жылғы 17 тамызда N 153 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 2006 жылғы 7 наурыздағы N 33 шешімімен

       Алматы қаласының әкiмi 
                             ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ : 

 
      Алматы қаласы әкімінің 24.11.98 ж. N 1167 "Алматы қаласы аумағында шағын кәсiпкерлiк объектiлерi үшiн пәтерлердi, тұрғын үйлердiң астыңғы бөлiгiн және бiрiктiрiлiп салынған жайларды қайта жаңғырту (қайта жоспарлау) тәртiбi туралы" шешiмiне келесi өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1. 2.2 т. "үй-жайды қайта жаңғырту (қайта жоспарлау) жобасы" сөзiнен кейiн: "(бар болғанда)" сөзiмен  толықтырылсын:

     2. 2.5 т. келесi редакцияда баяндалсын:

¶    Үй-жайды қайта жаңғырту (қайта жоспарлау) жобасын әзiрлеу үшiн өтiнiш берушiлер архитектура және қалақұрылысы Департаментiнде архитектура-жоспарлау тапсырмасын алуы керек (АЖТ).

     Үй-жайды қайта жаңғырту (қайта жоспарлау) жобасы Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген тәртiпте өкiлеттi органдармен келiсiлуi қажет.  

     3. 2.6 т. алып тасталсын. 

     Алматы қаласының әкiмi      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады