Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі бағалы қағаздарды есептен шығару туралы

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы Директоратының 2001 жылғы 27 қаңтардағы N 764 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 2001 жылғы 28 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1411. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 116 қаулысымен.

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі бағалы қағаздарға бірыңғай есеп жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы заңының  55-бабы 1-тармағының 6) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы ереженің 4-тармағы 36) және 38) тармақшаларының және "Активтерді Басқарушылар Қауымдастығы" Қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің 2000 жылғы 04 тамыздағы N 10-1/55 хатының негізінде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зейнетақы активтерін№инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі бағалы қағаздарды тек қана ЛИФО (ағылшын тіліндегі "LIFO" ("Last In - Firsy Out")) әдісімен есептен шығаратындықтары белгіленсін, яғни соңғы сатып алынған бағалы қағаздарды бірінші кезекте есептен шығарумен.
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін күшіне енетіндігі белгіленсін.
      3. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың осы Қаулы күшіне енгізілген күнінен бастап бір ай ішінде өздерінің есеп жүргізу саясатын осы Қаулының 1-тармағына сәйкес келтіруге міндетті екендіктері белгіленсін.
      4. Ұлттық комиссия орталық аппараты Лицензиялау және қадағалау департаментінің Инвестициялық қызметті реттеу басқармасы:
      1) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің, кастодиан-банктердің назарына жеткізсін;
      2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.

      Ұлттық комиссияның Төрағасы

      Қазақстан Республикасы Еңбек және
      халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
      Жинақтаушы зейнетақы қорларының
      қызметін реттеу жөніндегі комитетімен
      келісілген

      Комитет Төрағасы

О методе списания ценных бумаг, находившихся в инвестиционных портфелях накопительных пенсионных фондов

Постановление Директората Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 27 января 2001 года N 764. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 февраля 2001 года N 1411. Утратило силу - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 апреля 2003 года N 116

      Извлечение из постановлением Правления Национального
     Банка Республики Казахстан от 16 апреля 2003 года N 116
     
      В соответствии с требованиями Закона Республики Казахстан от 26 декабря 1995 года "Об бухгалтерском учете и финансовой отчетности" и в связи с переходом накопительных пенсионных фондов и организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами на международные стандарты бухгалтерского учета Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:
      1. Признать утратившими силу:
      2) постановление Директората Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 27 января 2001 года N 764 "О методе списания ценных бумаг, находившихся в инвестиционных портфелях накопительных пенсионных фондов"...
 
      Председатель
  Национального Банка"
------------------------------------------------------------------

     В целях единообразия учета ценных бумаг, находящихся в инвестиционных портфелях накопительных пенсионных фондов, на основании подпункта 6) пункта 1 статьи 55 Закона Республики Казахстан Z970136_  "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан" от 20 июня 1997 года, подпунктов 36) и
38) пункта 4 U973755_  Положения о Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 13 ноября 1997 года N 3755, и письма объединения юридических лиц в форме Ассоциации "Ассоциация Управляющих активами" от 4 августа 2000 года N 10-1/55 Директорат Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам (далее именуемой "Национальная комиссия") постановляет:
      1. Установить, что организации, осуществляющие деятельность по инвестиционному управлению пенсионными активами, обязаны производить списание ценных бумаг, находившихся в инвестиционных портфелях накопительных пенсионных фондов, исключительно методом ЛИФО (от англоязычной аббревиатуры "LIFO" ("Last In - First Оut"), то есть с первоочередным списанием ценных бумаг, приобретенных последними.
      2. Установить, что настоящее Постановление вводится в действие со дня его регистрации Министерством юстиции Республики Казахстан.
      3. Установить, что в течение месяца со дня введения настоящего Постановления в действие организации, осуществляющие деятельность по инвестиционному управлению пенсионными активами, обязаны привести свою учетную политику в соответствие с пунктом 1 настоящего Постановления.
      4. Управлению регулирования инвестиционной деятельности Департамента лицензирования и надзора центрального аппарата Национальной комиссии:
      1) довести настоящее Постановление (после введения его в действие) до сведения Национального Банка Республики Казахстан, Министерства финансов Республики Казахстан, ЗАО "Государственный накопительный пенсионный фонд", Комитета по регулированию деятельности накопительных пенсионных фондов Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан и банков-кастодианов;
     2) установить контроль за исполнением настоящего Постановления.

          Председатель
     Национальной комиссии

             Согласовано
     с Комитетом по урегулированию
     деятельности накопительных
     пенсионных фондов
     Министерства труда и социальной
     защиты населения     
     Республики Казахстан
 
     Председатель Комитета
     27.01.2001 г.