Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі бағалы қағаздарға бірыңғай есеп жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы
заңының
55-бабы 1-тармағының 6) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755
жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы ереженің 4-тармағы 36) және 38) тармақшаларының және "Активтерді Басқарушылар Қауымдастығы" Қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің 2000 жылғы 04 тамыздағы N 10-1/55 хатының негізінде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Зейнетақы активтерін№инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі бағалы қағаздарды тек қана ЛИФО (ағылшын тіліндегі "LIFO" ("Last In - Firsy Out")) әдісімен есептен шығаратындықтары белгіленсін, яғни соңғы сатып алынған бағалы қағаздарды бірінші кезекте есептен шығарумен.
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін күшіне енетіндігі белгіленсін.
3. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың осы Қаулы күшіне енгізілген күнінен бастап бір ай ішінде өздерінің есеп жүргізу саясатын осы Қаулының 1-тармағына сәйкес келтіруге міндетті екендіктері белгіленсін.
4. Ұлттық комиссия орталық аппараты Лицензиялау және қадағалау департаментінің Инвестициялық қызметті реттеу басқармасы:
1) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің, кастодиан-банктердің назарына жеткізсін;
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
Ұлттық комиссияның Төрағасы
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
Жинақтаушы зейнетақы қорларының
қызметін реттеу жөніндегі комитетімен
келісілген
Комитет Төрағасы