Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.09.27 № 523 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдерді "Қазақстан Республикасында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы N 1693 қаулысына сәйкес келтіру және есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үйлерді пайдалану үшін рұқсат берудің бірыңғай тәртібін орнату мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған "Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үйлерді пайдалану үшін рұқсат беру тәртібі туралы" нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары:
1) осы Нұсқаулықты тиісті қызмет қызметкерлерінің сынақ алу арқылы оқып-үйренуін ұйымдастырсын;
2) Нұсқаулық талаптарының бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етсін.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 25 шілдедегі N 373 бұйрығымен.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер Вице-министріне (И.И.Отто) және Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Қоғамдық қауіпсіздік департаментіне (Қ.С.Тыныбеков) жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі -
Ішкі әскерлер қолбасшысы
генерал-майор
Қазақстан Республикасы
Ішкіісминінің
2001 жылғы 16 ақпандағы
N 141 бұйрығымен
бекітілген
"КЕЛІСІЛДІ" "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Нашақорлыққа және есірткі Денсаулық сақтау ісі жөніндегі
бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігінің төрағасы
агенттігінің төрағасы
2001 жылғы " " 2001 жылғы " "
Есірткі құралдары, психотроптық заттар және
прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер
мен үйлерді пайдалану үшін рұқсат беру
тәртібі туралы
НҰСҚАУЛЫҚ 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық "Есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі N 279-1 Заңына , "Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 заң күші бар Жарлығына , "Қазақстан Республикасында 2000-2001 жылдарға арналған нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестегі мемлекеттік бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы 395 Жарлығына , "Қазақстан Республикасында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы N 1693 қаулысына және Қазақстан Республикасындағы есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлардың айналымын реттейтін өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
2. Осы Нұсқаулық есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілерді және үй-жайларды пайдалануға рұқсат берудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының Ішкіісмині) ішкі істер органдарының ұйымдастырылуы мен қызметін реттейтін, қолданыстағы заңнамада көзделген:
1) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықталуына, жолын кесуге, олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған арнайы бақылау іс-шараларын жүзеге асырады;
2) "Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл жасаудың шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес объектілер мен заңды тұлғалар персоналының есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметті лицензиялау жөніндегі біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы үшін пайдаланылатын үй-жайлардың және аумақтардың сәйкестігін тексеруді жүргізеді;
3) Тізім Кестесіне енгізілген құрамында есірткілер бар өсімдіктер өсірілетін жер телімдерін қарауды жүргізеді, сондай-ақ оларды арнайы құрылған бөлімшелердің жоюы мақсатында іс-шаралар жүргізеді. (Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімі (бұдан әрі - Тізімнің І, ІІ, ІІІ, ІV кестелері) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы № N 186 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 қарашадағы қаулысымен енгізген өзгерістері мен толықтырулары бар "Бақылауға жататын есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы N 186 қаулысымен бекітілген).
4. Қазақстан Республикасының аумағында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызмет түрлері жүзеге асырылатын объектілерге (бұдан әрі - объект):
1) қызмет жүзеге асырылатын ғимараттар мен үй-жайлар;
2) есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайлар (қоймалар);
3) өндірістік ғимараттарға жалғасып жатқан аумақ;
4) құрамында есірткілер бар өсімдіктер өсірілетін немесе жинап алынатын жер телімдері жатады.
5. Объектілер техникалық нығайтылу талаптары мен күзет, өрт және дабыл белгілерімен жарақталуы бойынша төрт топқа бөлінеді:
1) бірінші топ - өндіруші кәсіпорындар, көтерме сауда кәсіпорындары;
2) екінші топ - дәріханалар, сынау зертханалары, ғылыми-зерттеу институттары;
3) үшінші топ - емдеу-профилактикалық ұйымдар;
4) төртінші топ - құрамында есірткілер бар өсімдіктерді өсіру мен дайындау жөніндегі объектілер.
6. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілерді пайдалану рұқсаты (1-қосымша) тек қана олардың техникалық нығайтылуына, күзет, өрт және дабыл белгілерімен жарақталуына және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келген жағдайда беріледі.
Нығайтылуы және күзет, өрт және дабыл белгілерімен жарақталуы бұдан гөрі жоғары топтағы объектілер мен үй-жайларға қойылатын талаптарға сай келетін объектілерге рұқсат берілуі мүмкін.
7. Арнайы рецептуралық бланкілер үшінші топтағы объектілер талаптарына жауап беретін үй-жайларда сақталады.
2-тарау. Тізімнің І, ІІ, ІІІ, ІV Кестелеріндегі есірткі
құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың
айналымы саласында пайдаланылатын бірінші топ объектілерінің
техникалық нығайтылуы мен күзет, өрт және дабыл
белгілерімен жарақталуы жөніндегі талаптар
1. Бірінші топ объектілері (өндіруші кәсіпорындар,
көтерме сауда кәсіпорындары) үй-жайларының техникалық
нығайтылуы жөніндегі талаптар
8. Тізімнің І, ІІ, ІІІ, ІV Кестелеріндегі есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында пайдаланылатын бірінші топ объектілерінің ғимараттары мен үй-жайлары күрделі болуы тиіс.
9. Кемінде 500 мм қалыңдықтағы кірпіштен немесе тас қалауынан, кемінде 200 мм қалыңдықтағы бетон қабырға блоктарынан екі қабаттағы қалыңдығы 90 мм бетон тастардан, кемінде 180 мм қалыңдықтағы темірбетон панельдерінен жасалған сыртқы қабырғаларды, төбе жабуларын, бөлулерді күрделі деп есептеу керек.
10. Күрделі сыртқа қабырғаларға ұқсас жасалған немесе әрқайсысының араларына диаметрі кемінде 10 мм және тор көздерінің көлемі кемінде 150х150 мм арматурадан немесе металл тормен арматураланған кемінде 120 мм қалыңдықтағы кірпіш қалауынан жасалған металл торлар салынған 80 мм қалыңдықтағы қосарланған гипсобетон панельдерінен жасалған ішкі қабырғаларды (төбе жабуларын) күрделі деп есептеу керек.
11. Жоғарыда көрсетілген талаптарға жауап бермейтін сыртқы қабырғалар, жабындылар және қалқалар ішкі жағынан барлық аудан бойынша диаметрі кемінде 10 мм арматуралы металл торлармен және мөлшері 150х150 мм-ден аспайтын ұялармен нығайтылып, содан соң сыланып тасталуға тиісті. Торлар қабырғаға берік жасалған тереңдігі 80 мм диаметрі кемінде 12 мм болат анкерлермен (бетон беттерге 4 дюбельмен атқыланып, 100х50х6 мм металл тілкемдерден салынатын детальдарға) 500х500 мм аспайтындай қадамда пісіріліп дәнекерленеді.
12. Ішкі жағынан тор орнату мүмкін болмаған жағдайда күзет бөлімшесінің келісімімен сыртқы жағынан торлар орнатуға рұқсат беріледі.
13. Ғимараттар мен үй-жайлардың кіретін есіктері 6629-88 мемлекеттік стандарт, 24698-81 мемлекеттік стандарт, 14624-84 мемлекеттік стандарт талаптарына сай келіп, адам күшімен ықпал жасаған кезде, сондай-ақ қарапайым құралдар (сүймен, қашау, балта, балға және басқалар) көмегімен оларды бұзуға әрекет жасаған кезде жеткілікті түрде кедергі келтіретіндей болуға тиіс.
14. Кіретін есіктер дұрыс, есік қорабына кіріп тұрған, тұтас, қалыңдығы кемінде 40 мм болуы, бір-бірінен кемінде 300 мм аралықта орнатылған ойықты өздігінен жабылып қалатын екі құлпы болуы тиіс.
15. Аулаға, тұйық көшеге шығатын есіктер, қосалқы есіктер екі жағынан қалыңдығы кемінде 0,6 мм қаңылтыр болатпен әдіптеліп, төсемнің ішкі беткейіне немесе бүйіріне қатты жабылатындай иіліп келген болуға тиіс. Қаңылтырлар төсемнің периметрі мен диагональдары бойынша диаметрі 3 мм, ұзындығы 40 мм және 50 мм-ден аспайтын қадамда шегелермен бекітіледі.
16. Объектілер үй-жайларының есік ойығын (есік қорабын) жиектеуді болат пішіммен орындаған жөн. Болат қылтанақтардың (балдақшалардың) көмегімен бекітілген диаметрі кемінде 10 мм, ұзындығы кемінде 120 мм болатын 30х40х5 мм болат бұрышпен күшейтілген ағаш қораптарды пайдалануға рұқсат етіледі.
17. Үй-жайлардың терезе ойықтары ішкі жағынан немесе жақтаулары арасынан тігінен және көлденеңінен 150 мм-ден аспайтындай ұя құрап тұратын диаметрі кемінде 16 мм болат шыбықтан жасалған торлармен жабдықталады. Тор шыбықтарының ұштары кемінде 80 мм тереңдікке кіріп тұрады және оған бетон құйылады.
18. Беріктігі жағынан жоғарыда көрсетілген торлардан кем түспейтін декоративтік торларды немесе жалюздерді қолдануға жол беріледі.
19. Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған ішкі үй-жайлар басқа ұйымдардың үй-жайларымен, техникалық үй-жайлармен, коридорлармен және т.б. шектеспеуі тиіс.
20. Олар көршілес болған жағдайда (қазандықтармен, бойлермен, техникалық подвалдармен, тұрғын үйлердің подвалдарымен, иесіз құрылыстармен және т.б.) қабырғалар, жабындылар, едендер мен қалқалар ішкі жағынан барлық шектесетін аудандар бойынша көрсетілген талаптарға сәйкес нығайтылуға тиіс.
21. Үй-жайларға өтуге болатын шатыр люктеріне, желдеткіш шахталарына, өрт баспалдақтарына, төбелерге, күнқағарларға шығатын коридорлар мен үй-жайлардың терезе ойықтары қабатына қарамастан ішкі жағынан ашылатын металл торлармен жабдықталуы тиіс.
2. Тізімнің І, ІІ, ІІІ, ІV Кестелеріндегі бірінші топ
объектілері ғимараттары мен үй-жайларының (өндіруші
кәсіпорындар, көтерме сауда кәсіпорындары) күзет,
өрт және дабыл белгілерімен жарақталуы жөніндегі
талаптар
22. Тізімнің І, ІІ, ІІІ, ІV Кестелеріндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар сақталатын үй-жайлар Қазақстан Республикасының Ішкіісмині мамандандырылған Мемлекеттік күзет қызметінің, ол болмаған жағдайда аумақтық ішкі істер органдарының пульттеріне қосылған күзет, өрт және дабыл белгілерімен жабдықталады.
23. Күзет белгісінің бірінші шебімен ғимараттар, үй-жайлар периметрлерінің құрылыс конструкциялары - сырт жағынан ішке енуге болатын терезе және есік ойықтары, желдеткіш арналары, жылу жолдары мен үй-жайдың басқа да элементтері қорғалады.
24. Есіктер "ашылу" және "сындырылуға" құрсауланады. Терезелер "ашылу" және "сыну" белгісімен қорғалады. Күрделі емес қабырғалар, төбелер, бөлулер, коммуникациялар енгізілген жерлер - "сындырылуға" құрсауланады. Күрделі қабырғалар, желдеткіш қораптар - "сындырылуға" және "соққымен әсер етуге" құрсауланады.
25. Күзеттің бірінші шебі Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Мемлекеттік күзет қызметінің не Қазақстан Республикасының Ішкіісмині берген күзет қызметімен айналысуға рұқсат беретін лицензиясы бар мемлекеттік емес құрылымдардың орталықтандырылған бақылау пультіне шығарылуы қажет.
26. Күзеттің екінші және үшінші шептері тәулік бойы бақылау үшін Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Мемлекеттік күзет қызметінің, ол болмаған жағдайда аумақтық ішкі істер органдарының орталықтандырылған пультіне шығарылады.
27. Күзеттің әрбір шебінің электрмен жабдықталуы дербес көздер арқылы жүзеге асырылуы керек. Күзеттің әрбір шебі үшін резервтік (дербес) жабдықталу көзделуі қажет.
28. Егер объектіде бірнеше үй-жайларды көпшептік күзетумен қамтамасыз етуге техникалық мүмкіндіктер (телефон желілерінің саны) жеткіліксіз болса, онда көршілес телефондандырылған объектілердің абоненттік желілері мен таксофондық желілер пайдаланылатын бос емес телефон желілері бойынша жұмыс істейтін күзет белгісі аппаратураларын қолдану ұсынылады.
29. Өрт хабарлағыштары дабыл белгілері орталықтандырылған бақылау пультіне немесе жергілікті дыбыс және жарық сигнализаторларына шығарылған жалпы немесе дербес аспаптарға жалғанып, жалпы немесе дербес құрсаулау шлейфтеріне қосылады.
3. Бірінші топ объектілеріне (өндіруші кәсіпорындар,
көтерме сауда кәсіпорындары) жақын аумақтардың техникалық
нығайтылуы мен күзеті жөніндегі талаптар
30. Бірінші топ объектілерінің өндірістік ғимараттарына жақын аумақтарды қоршау (көтерме сауда кәсіпорындары үшін - жақын аумақтар болса) мына талаптарға сай болуы тиіс:
1) бірінші топ объектілерін периметрі бойынша қоршау адамдар мен көліктердің бақылау-өткізу пункттерін айналып өтіп, бір объектіден екінші объектіге өтуіне кедергі жасауы керек;
2) қоршау бақылауға немесе күзетудің техникалық құралдарын пайдалануға кедергі жасамайтындай, түзу сызықтың бойымен артық иіндерсіз жүргізілуге тиіс;
3) өткізу режимі бар объект аумағы сыртқы қоршауының биіктігі кемінде 2,5 метр болуы керек;
4) күзетті күшейту үшін сыртқы қоршаудың жоғарғы бөлігі 3-4 қатар тікен сымдармен маңдайшаланады;
5) сыртқы қоршауда өтетін қуыстар, қираған тұстар мен басқа да бұзылулар, жабылмайтын есіктер, қақпалар, қақпашалар және т.б. болмауы тиіс.
31. Бірінші топ объектілері - өндіруші кәсіпорындар адамдар мен рұқсат етілген көлік түрлерін өткізуге арналған өткізу-бақылау пункттерімен (бұдан әрі - БӨП) жарақталуы қажет.
32. БӨП міндетті түрде жұмысшылар мен қызметкерлердің жеке заттары сақталатын бөлмемен, тексеру бөлмесімен, күзет қызметкерлерін, күзеттің техникалық құралдарын (концентраттар, пульттер, күзеттік теледидардың бейне бақылау құрылғылары және т.б.) өткізуді (өтетін жерді) ашатын механизмдерді және күзеттік жарықты басқаратын құрылғыларды, сондай-ақ өткізу режимін реттейтін (автоматтандырылған немесе қолмен басқарылатын механикалық құрылғыларды, турниктерді, қақпашаларды және т.б.), сондай-ақ қажет болған жағдайда тексерудің қолмен жүргізілетін стационарлық құралдары орналастырылатын үй-жаймен жабдықталуы керек.
33. Көлік құралдарына арналған БӨП электр жылжытқышы мен қашықтықтан басқарғышы, апаттық тоқтату және қолмен ашу құрылғысы бар жылжымалы немесе айқара ашылатын типтік қақпалармен жабдықталады. Қақпалардың өздігінен ашылуын (қозғалуын) болдырмау үшін шектеуіштермен немесе стопорлармен жабдықталады. Қақпаларды басқару пульті БӨП-те немесе оның сыртқы қабырғасында орналасуы қажет. Соңғы жағдайда пультке бөгде адамдардың қол жеткізуіне жол берілмеуі керек.
4. Тізімнің І Кестесі мен ІІ Кестесіндегі есірткі
құралдары, психотроптық заттар сақталатын бірінші топ
объектілері (өндіруші кәсіпорындар, көтерме сауда
кәсіпорындары) үй-жайларының (қоймалардың) техникалық
нығайтылуы жөніндегі талаптар
34. Тізімнің І Кестесі мен ІІ Кестесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар бірінші топтағы объектілерде сақтауға арналған арнайы үй-жайларда (бұдан әрі - қоймаларда) сақталады.
35. Қойма күрделі ғимараттың ішінде орналасуы тиіс.
Қоймалардың қабырғалары қалыңдығы кемінде 380 мм кірпіштен қаланады. Беріктігі кірпішке тең немесе одан да жоғары темірбетон қабырғалардың қолданылуы мүмкін. Күрделі ішкі қабырғалар, сондай-ақ қабырғаны жасырын қирату мүмкіндігі болмайтын жағдайда ғимарат жертөлелерінің, үшінші және одан жоғары қабаттарының сыртқы қабырғалары бір мезгілде қойманың да қабырғалары бола алады. Қоймалардың қабырғалары сол мекеме үй-жайларының қабырғаларымен жапсарлас бола алады.
36. Қоймалардың іш жағынан қалыңдығы кемінде 200 мм қоршау қабырғаларға жанасатын бетон қаптама орналастырылады.
37. Қойманың астындағы іргетас қалыңдығы кемінде 600 мм тұтас бетоннан немесе тас қалаудан жасалады. Іргетас пен темірбетон қаптама арасынан гидрооқшаулағыш қарастырылуы тиіс. Техникалық жертөлелер немесе қандай да бір үй-жайлар құрылғыларын қойма етуге жол берілмейді.
38. Қалыңдығы 200 мм ішкі біртұтас темірбетон қаптама, сыртқы бөлгіш плита (жабу) қоймалардың бөлгіш конструкциялары болып табылады. Бұл орайда төбенің темірбетон қаптамасына ғимарат бөлгіштерінің (жабуларының) салмағы түспеуі тиіс.
39. Қоймалар ғимараттың бірінші және екінші қабаттарында орналасқанда және олар ғимараттың сыртқы қабырғасымен жанасқанда қабырға мен қаптама аралығында ені кемінде 900 мм бақылау дәлізі қалдырылады. Қоймалар жоғары қабаттар мен жертөлелерде орналасқанда, оған жанасатын сыртқы қабырғаларда жасырын түрде қабырғаны бұзуға мүмкіндік беретін балкондар, карниздер және басқа да жапсырмалар болған жағдайда да бақылау дәліздері қалдырылады.
40. Бір қабатты ғимараттар үшін, сондай-ақ қойма ғимараттың соңғы қабатында орналасқанда, қойманың жоғары қаптамасы бөлу (жабу) плитасынан 250 мм алшақ төселіп, қойманың алдыңғы бөлігі жағынан қадағалау үшін ашық болуы тиіс.
41. Темірбетон бөлгіші бар ғимараттарда, бөлгіш қабырғалары бойынша сол ұйымға қарасты астыңғы және үстіңгі үй-жайлармен жанаспалы қоймаларды қосымша қоршау конструкцияларымен жабдықтамаса болады.
42. Қойманың алдыңғы бөліктен өтетін бір ғана кіретін есігі болуы керек. Қоймаға терезе жасауға жол берілмейді.
43. Қойма есіктері екі жағынан де кемінде 0,6 мм қаңылтырмен қапталады. Есік ойығында қойманың ішіне қарай ашылатын қосымша металл торлы есік орнатылады.
Торлы металл есіктер диаметрі кемінде 16 мм болат шыбықтардан, 150х150 мм аспайтын торкөздер құрайтындай етіліп дайындалады және әрбір түйіскен тұстары дәнекерленеді.
44. Қоймалар міндетті түрде әрбір шебі орталықтандырылған бақылау пультінің жеке номерлеріне қосыла отырып, көпшепті күзет белгісі жүйелерімен жабдықталуы тиіс.
45. Тізімнің І және ІІ Кестелеріндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар сейфте сақтауға жатады.
46. Тізімнің І және ІІ Кестелеріндегі есірткі құралдары, психотроптық заттармен операциялар жүргізетін персоналдың жұмыс орындары ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне дабыл белгілерін беруге арналған дабыл белгілерімен жабдықталады.
5. Тізімнің ІІІ Кестесіндегі есірткі құралдарының,
психотроптық заттардың және ІҚ Кестесіндегі
прекурсорлардың айналымы саласында пайдаланылатын
бірінші топ объектілері (өндіруші кәсіпорындар,
көтерме сауда кәсіпорындары) үй-жайларының
(қоймалардың) техникалық нығайтылуы мен күзет,
өрт және дабыл белгілерімен жарақтандырылуы
жөніндегі талаптар
47. Тізімнің ІІІ Кестесіндегі есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және ІV Кестесіндегі прекурсорларды сақтауға арналған бірінші топтағы объектілердегі үй-жайлар күрделі ғимараттың ішінде орналасуы қажет. Қойманың нығайтылуы осы Нұсқаулықтың 2-тарауындағы 1-параграфтың талаптарына сай болуы тиіс.
48. Күзет, өрт және дабыл белгісімен жарақтандырылуы осы Нұсқаулықтың 2-тарауындағы 2-параграфтың талаптарына сай болуы тиіс.
49. Қоймада Тізімнің ІІІ Кестесіндегі есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және ІV Кестесіндегі прекурсорларды құлыпталатын шкафтарда немесе арнайы жабдықталған стеллаждарда сақтауға жол беріледі.
50. Өндіруші кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Мемлекеттік күзет қызметі немесе күзет қызметімен айналысуға рұқсат ететін мемлекеттік лицензиясы бар күзет құрылымдары болғанда тізімнің ІV Кестесіндегі прекурсорларды кәсіпорын аумағындағы пломбыланған контейнерлерде, цистерналарда, оған тиесілі темір жол тұйықтарындағы темір жол вагондарында сақтауға жол беріледі.
51. Күзетілетін аумақтың ішкі және сыртқы жарығы болуы тиіс.
52. Тұйықтамалардың қоршауы мен күзеті бірінші топ объектілерінің қоршауы мен күзеті үшін қойылатын талаптарға сай болуы тиіс.
3-тарау. Екінші топ объектілерінің (дәріханалар,
сынау зертханалары, ғылыми-зерттеу институттары) техникалық
нығайтылуы мен күзет, өрт және дабыл белгілерімен жарақталуы
жөніндегі талаптар
1. Екінші топ объектілерінің (дәріханалар, сынау
зертханалары, ғылыми-зерттеу институттары) үй-жайларының
техникалық нығайтылуы мен күзет, өрт және дабыл белгісімен
жарақтандырылуы жөніндегі талаптар
53. Объектілер мен сақтау үй-жайлары көпшепті күзет, өрт және дабыл белгісімен жабдықталуы тиіс. Күзет, өрт және дабыл хабарлағыштары Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Мемлекеттік күзет қызметінің орталықтандырылған бақылау пультіне немесе күзет қызметімен айналысуға рұқсат ететін лицензиясы бар күзет қызметінің постыларына шығарылған дабыл белгілерінің жалпы немесе дербес аспаптарына қосылған жалпы немесе дербес шлейфтерге, тұйықтауларға жалғанады.
54. Әр шептің электржабдықталуы дербес көздер арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
55. Егер объектіде бірнеше үй-жайды көпшепті күзетпен қамтамасыз етуге техникалық мүмкіндіктер (телефон желілерінің саны) жеткіліксіз болса, онда көрші телефондандырылған объектілердің абоненттік желілері мен таксофондық желілерді пайдалану ретінде бос емес телефон желілері бойынша жұмыс істейтін күзет белгісінің аппаратурасын қолдану ұсынылады.
56. Күзеттің бірінші шебі Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Мемлекеттік күзет қызметінің не күзет қызметімен айналысуға рұқсат беретін лицензиясы бар мемлекеттік емес құрылымдардың орталықтандырылған бақылау пультіне шығарылуы қажет.
57. Күзеттің екінші және одан кейінгі шептері Мемлекеттік күзет қызметінің немесе аумақтық ішкі істер органдарының орталықтандырылған пультіне шығарылады.
58. Өрт белгісінің жүйесі тәулік бойы жұмыс істеуді қамтамасыз етуі қажет. Өрт хабарлағыштарының дабыл белгілері ішкі істер органдары бөлімшелерінің орталықтандырылған бақылау пультіне немесе жергілікті дыбыс және жарық сигнализаторларына шығарыла отырып, жалпы немесе дербес аспаптарға қосылатын жалпы немесе дербес шлейфтерге жалғанады.
2. Тізімнің І, ІІ Кестелеріндегі есірткі құралдары,
психотроптық заттар сақталатын екінші топ объектілері
(дәріханалар, сынау зертханалары, ғылыми-зерттеу институттары)
үй-жайларының (қоймалардың) техникалық нығайтылуы жөніндегі
талаптар
59. Тізімнің І, ІІ Кестелеріндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар бір есігі бар арнайы күрделі үй-жайларда (қоймаларда) сақталады.
60. Қойманың техникалық нығайтылуы мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
1) қабырғалары беріктігі жағынан қалыңдығы кемінде 500 мм кірпіш қабырғаларға, едендері мен жабулары - қалыңдығы кемінде 100 мм темірбетон плитаға бара-бар болуы керек;
2) көрсетілген талаптарға сай келмейтін қабырғалар, төбе жабулары, едендер жалпы көлемі бойынша шыбықтарының диаметрі кемінде 50 мм, торкөздері кемінде 150х150 мм металл торлармен бекітілуі керек. Торлар қабырға қалауынан немесе жабу плиталарынан шығарылған диаметрі кемінде 12 мм анкерлерге 500х500 мм аралықта дәнекерленеді.
Анкерлерді бекіту мүмкін болмаған жағдайда темірбетон мен бетон беттерге 100х50х6 мм көлемдегі болат белдеуден тұратын бекіткіш детальдарды төрт дюбельмен қағуға жол беріледі.
61. Есірткі құралдары мен психотроптық заттарды сақтау орнының кіретін есіктері дұрыс, есік қорабына жақсы отырғызылған, қалыңдығы кемінде 40 мм толық, кемінде ойып салынатын екі құлпы болуы тиіс.
62. Есіктер шеттері есіктің ішкі бөлігіне немесе есіктің ернеуіне иіле отырып, түйіскен жерлері бірін-бірі бастыра екі жағынан бірдей 0,6 мм болат қаңылтырлармен қапталуы керек. Есік ойығы ішкі жағынан торкөздері кемінде 150х150 мм, әрбір түйіскен тұсынан дәнекерлене отырып, диаметрі кемінде 16 мм болат арматуралардан дайындалған торлы металл есіктермен қосымша қорғалады. Есік ойығы (есік қорабы) болат профильден жасалды. Қоймаларға көлемі кемінде 3-4 мм, қалыңдығы кемінде 5 мм болат бұрыштамалармен күшейтіліп, диаметрі 10-12 мм, ұзындығы 120х150 мм арматуралық болаттан жасалған істіктермен қабырғаларға бекітілетін ағаш қораптарды орнатуға жол беріледі.
63. Тізімнің І, ІІ Кестелеріндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар сейфтерде сақталуға тиіс. Техникалық нығайтылған үй-жайларда есірткі құралдарын және психотроптық заттарды металл шкафтарда сақтауға жол беріледі. Сейфтер (металл шкафтар) жабық күйде болуы тиіс. Жұмыс күні аяқталғаннан кейін олар мөрленуі немесе пломбылануы керек. Сейф кілттерін, мөр мен пломбирді дәріхана ұйымы бойынша бұйрықтармен уәкілетті материалдық жауапты адамдар өзінде сақтайды.
64. Есірткі құралдарымен және психотроптық заттармен операциялар жүргізетін персоналдың жұмыс орындары, сондай-ақ қоймалар ішкі істер органдарының күзет бөлімшелеріне немесе күзет қызметімен айналысуға рұқсат беретін лицензиясы бар күзет құрылымдарына шығарылған дабыл белгілерімен жабдықталады.
3. Тізімнің ІІІ Кестесіндегі есірткі құралдары,
психотроптық заттар мен ІV Кестесіндегі прекурсорлар
сақталатын екінші топ объектілері (дәріханалар, сынау
зертханалары, ғылыми-зерттеу институттары) үй-жайларының
(қоймалардың) техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптар
65. Тізімнің ІІІ Кестесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар мен ІV Кестесіндегі прекурсорлар сақталатын үй-жайлардың (қоймалардың) сыртқы қабырғалары күрделі болуы тиіс:
1) ішкі қабырғалары иесіз үй-жайлармен немесе бөгде ұйымдарға қарасты үй-жайлармен қанаттас болмауы керек;
2) терезе ойықтары ішкі жағынан торлармен шегенделуі тиіс;
3) кіретін есіктер дұрыс, қалыңдығы кемінде 40 мм толық, дұрыс ашылып-жабылатын, есік қорабына дұрыс орнатылған, ойып салынған өздігінен жабылмайтын кемінде екі құлпы болуы тиіс. Есіктер шеттері есіктің ішкі бөлігіне немесе есіктің ернеуіне иіле отырып, түйіскен жерлері бірін-бірі бастыра екі жағынан бірдей 0,6 мм болат қаңылтырлармен қапталады. Қаңылтырлар есік бетінің периметрі мен диагональдары бойынша диаметрі 3 мм, ұзындығы 40 мм шегелермен аралығы 50 мм аспайтындай етіп бекітіледі.
66. Объектілер мен үй-жайлардағы есік ойығы (есік қорабы) болат профильден жасалады. 30х40х5 мм болат бұрыштамалармен күшейтілген, диаметрі кемінде 10 мм, ұзындығы кемінде 120 мм болат істіктермен бекітілген ағаш қораптарды пайдалануға жол беріледі.
67. Есірткі құралдары, психотроптық заттар құлыпталатын металл шкафтарда сақталуы тиіс.
68. Прекурсорлар құлыпталатын шкафтарда немесе арнайы жабдықталған стеллаждарда сақталады.
4-тарау. Тізімнің ІІ, ІІІ, ІV Кестелеріндегі есірткі
құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар
айналымы саласында пайдаланылатын үшінші топ
объектілері үй-жайларының техникалық нығайтылуы
мен күзет, өрт және дабыл белгілерімен жарақтандырылуы
жөніндегі талаптар
69. Тізімнің ІІ, ІІІ, ІV Кестелеріндегі есірткі құралдарды, психотроптық заттар мен прекурсорларды емдеу-профилактикалық ұйымдарда сақтау:
1) емдеу-профилактикалық ұйымдардың бөлімшелерінде;
2) емдеу-профилактикалық ұйымдардың процедуралық кабинеттерінде жүзеге асырылуы мүмкін.
1. Емдеу-профилактикалық ұйымдар бөлімшелерінде
есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен
прекурсорларды сақтауға арналған үй-жай
жөніндегі талаптар
70. Емдеу-профилактикалық ұйымдардың бөлімшелерінде есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтау аға (бас) медициналық бикенің кабинетінде жүзеге асырылады.
71. Сақтауға арналған үй-жайдың техникалық нығайтылуы мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
1) кіретін бір есігі;
2) сыртқы қабырғалары күрделі болуы керек;
3) ішкі қабырғалары иесіз үй-жайлармен немесе бөгде ұйымдарға қарасты үй-жайлармен қанаттас болмауы керек;
4) терезе ойықтары ішкі жағынан немесе жақтауларының ортасынан тік және көлденең айқасқан шыбықтар аралығы кемінде 150 мм, диаметрі кемінде 16 мм болат шыбықтардан дайындалған торлармен шегенделеді. Шыбықтардың ұштары қабырғаға 80 мм тереңдікте кіргізіледі және бетонмен құйылады;
5) кіретін есіктер қалыңдығы кемінде 40 мм, толық, жақсы ашылып-жабылатын, есік қорабына жақсы орнатылған, ойып салынған өздігінен жабылмайтын кемінде екі құлпы болуы тиіс.
72. Есіктер шеттері есіктің ішкі бөлігіне немесе есіктің ернеуіне иіле отырып, түйіскен жерлері бірін-бірі бастырып екі жағынан бірдей 0,6 мм болат қаңылтырмен қапталуы тиіс. Қаңылтырлар есік бетінің периметрі мен диагональдары бойынша диаметрі 3 мм, ұзындығы 40 мм шегелермен, аралықтары 50 мм аспайтындай етіп бекітіледі.
73. Есік ойығының жақтаулары (есік қорабы) болат профильден жасалуы керек. 30х40х5 мм болат бұрыштамалармен күшейтілген болат істіктермен бекітілетін ағаш қораптарды пайдалануға жол беріледі.
74. Сақтау үй-жайлары дербес дыбыстық белгімен жабдықталуы тиіс.
75. ІІ Кестедегі есірткі құралдары мен психотроптық заттары сейфтерде сақталады.
76. ІІІ, ІV Кестелердегі есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар құлыпталатын металл шкафтарда сақталады.
77. Жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жай мен сейф пломбыланады немесе мөрленеді. Кілт, пломбир немесе мөр есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сақталуына, есепке алынуына жауап беретін материалдық жауапты адамда болады.
2. Бөлімшенің процедуралық кабинеттерінде есірткі
құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды
сақтауға арналған үй-жай жөніндегі талаптар
78. Ауысымдағы медициналық персонал алған есірткі құралдары мен психотроптық заттар процедуралық кабинеттерде, жабық, мөрленетін сейфтерде сақталуы тиіс.
79. Процедуралық кабинеттің терезелері торланып, есіктері болат қаңылтырмен қапталуы және ойып салынған өздігінен жабылмайтын кемінде екі құлпы болуы керек.
80. Сейфтің кілті мен мөрі ауысымдағы медициналық бикеде болуы керек.
5-тарау. Төртінші топ объектілерінің (құрамында
есірткілер бар өсімдіктерді өсіру мен дайындау жөніндегі
объектілер) техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптар 1. Өсімдіктерді өсіретін және жинайтын учаскелерде
81. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өсімдік шикізатын дайындау, өндіру және сақтау Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Мемлекеттік күзет қызметі немесе күзет қызметімен айналысуға рұқсат беретін мемлекеттік лицензиясы бар күзет құрылымдары күзететін учаскелер мен үй-жайларда жүзеге асырылады.
82. Құрамында есірткілер бар өсімдіктерді жинауды немесе өсіруді жүргізетін аумақтарды тікен сымдармен қоршау қажет не жинау мен өсіруге көлемді аудан қарастырылса, ол аумаққа кіруге тыйым салатын белгілер қою керек.
83. Құрамында есірткілер бар өсімдіктер жиналатын немесе өсірілетін аумақтарға күзет орындары немесе патрульдер (авто, мото, вело, атты және қызметтік иттері бар жаяу) қойылады.
84. Күзет орны үшін оның орталығы мен шекаралары белгіленеді. Күзет орнының орталығы бақылау жүргізуге және құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу шараларын жылдам қабылдауға неғұрлым қолайлы жерге орнатылады. Күзет орнының орталығынан шекаралардың қашықтығы 300 метрден аспауы керек.
85. Патрульдердегі қызметкерлердің саны (автокөліктерде - 3, аттылы, жаяу - 2 адамнан) кем болмауы керек. Патрульге қызмет өткеруі үшін патруль жасау бағыты белгіленіп, патруль жүретін негізгі бағыттың шекарасына көруге және естуге болатын шектегі аумақтар кіргізіледі. Патрульдеу бағытының ені осы учаскедегі жедел ахуал ескеріле отырып, нақты жағдайларға байланысты сол учаскеде белгіленеді.
86. Патруль бағытының қашықтығы автокөліктегі патрульге - 6 км, мотоциклдегі патрульге - 3 км, велосипед пен атты патрульге - 2 км, жаяу патрульге - 1 км аспауы керек. Патрульдерге арналған бағыт қашықтығы жедел ахуалға байланысты, бірақ белгіленген норманың 25 пайызынан асырылмай ұзартылуы немесе қысқартылуы мүмкін.
87. Құрамында есірткілер бар өсімдіктер өсірілетін және жиналатын объектілер адамдар мен рұқсат етілген көлік түрлерін өткізуге арналған БӨП-пен жабдықталуы қажет.
88. БӨП саны барынша аз болуы және адамдар мен көліктерді өткізудің қажетті қабілеттілігін қамтамасыз етуі тиіс.
89. БӨП міндетті түрде жұмысшылар мен қызметшілердің жеке заттары сақталатын камерамен, тексеру бөлмесімен, күзет қызметкерлерін, күзеттің техникалық құралдарын (концентраттар, пульттер, күзеттік теледидардың бейне бақылау құрылғылары және т.б.), өткізуді (өтетін жерді) ашатын механизмдерді және күзеттік жарықты басқаратын құрылғыларды, сондай-ақ өткізу режимін реттейтін (автоматтандырылған немесе қолмен басқарылатын механикалық құрылғыларды, турниктерді, қақпашаларды және т.б.), сондай-ақ қажет болған жағдайда тексерудің қолмен жүргізілетін стационарлық құралдары орналастырылатын үй-жаймен жабдықталуы тиіс.
90. Көлік құралдарына арналған БӨП өздігінен ашылуын (қозғалуын) болғызбайтын шектегіштермен немесе қысқыштармен жабдықталатын жылжымалы немесе айқара ашылатын типтік қақпалармен жабдықталады.
Автокөліктерді тексеруге арналған тексеру алаңдары немесе эстакадалар жабдықталады.
91. Құрамында есірткілер бар өсімдіктердің технологиялық процестері (кептіру) мен сақталуы Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Мемлекеттік күзет қызметінің немесе күзет қызметімен айналысуға рұқсат ететін мемлекеттік лицензиясы бар мемлекеттік емес күзет құрылымдары күзететін аумақтарда немесе учаскелерде жүзеге асырылуы тиіс.
2. Өңдеуші кәсіпорындардың ғимараттары мен
үй-жайларына қойлатын талаптар
92. Құрамында есірткілер бар өсімдіктерді өндірістік өңдеуші кәсіпорындар санитарлық нормалар мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай ғимараттарда орналасуы қажет.
93. Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өңдеуші кәсіпорынның басқа үй-жайлардан оқшауланған өндірістік үй-жайлары, сондай-ақ есірткі заттарын сақтауға арналған үй-жайлары болуы тиіс:
1) өндірістік үй-жайлар, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды, сондай-ақ оларды өңдеуден алынған өнімдерді сақтауға арналған үй-жайлар жұмыс аяқталғаннан кейін құлыпталуы және мөрленуі керек;
2) Тізімнің ІІ Кестесіне енгізілген есірткі құралдары, психотроптық заттар мен құрамында жоғарыда аталған заттар бар өңдеуден алынған өнімдер мөрленетін сейфтерде сақтауға жатады;
3) Тізімнің ІІІ Кестесіне енгізілген есірткі құралдары, психотроптық заттар мен құрамында жоғарыда аталған заттар бар өңдеуден алынған өнімдерді шкафтар мен арнайы жабдықталған стеллаждарда сақтауға жол беріледі.
94. Тізімнің ІІ, ІІІ, ІV Кестесінде көзделген есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларды және оларды өңдеу арқылы алынған құрамында жоғарыда аталған заттар бар өнімдерді сақтауға арналған үй-жайлар міндетті түрде Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері күштерімен не күзет қызметімен айналысуға рұқсат беретін лицензиясы бар күзет құрылымдары күштерімен міндетті күзетілуге жатады.
95. Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өңдеуге және сақтауға арналған өндірістік үй-жайлардың дербес желдеткіш, су жүретін, канализация жүйесі, кондиционерлеу қондырғысы, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлары болуы керек.
6-тарау. Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен
прекурсорлар айналымы саласында объектілер мен үй-жайларды
пайдалануға рұқсат берудің тәртібі мен шарттары
96. Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында объектілер мен үй-жайларды пайдалануға рұқсатты ресімдеу, есепке алу және беруді аумақтық ішкі істер органдарының лицензиялық-рұқсат бөлімдері (бөлімшелері, топтары) жүзеге асырады (бұдан әрі мәтін бойынша - Рұқсат).
97. Рұқсат әр объектіге жеке беріледі. Түрлі әкімшілік аумақтарда орналасқан бірнеше объектілер мен үй-жайларға рұқсат алған заңды тұлғаларға, ұйымдарға, кәсіпорындарға рұқсатты осы объект (үй-жай) орналасқан аумақтағы аумақтық ішкі істер органының лицензиялық-рұқсат бөлімдері (бөлімшелері, топтары) береді.
98. Пайдалануға рұқсат етілген объектілер мен үй-жайларды өзгерту немесе модификациялау, қауіпсіздік шаралары мен сол сияқтыларды өзгерту лицензиаттың өтініші бойынша аумақтық ішкі істер органдарымен алдын-ала жасалған келісім негізінде жүзеге асырылады.
99. Рұқсат бланкісінің барлық тармақтары ұқыпты, қысқартуларсыз, түзетулерсіз және сызуларсыз толтырылуы тиіс.
100. Бірінші және төртінші топ объектілеріне арналған рұқсатқа Астана және Алматы қалалары, облыстардың ішкі істер департаменттері қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы немесе бастықтың орынбасары, екінші және үшінші топ объектілері үшін аудандық ішкі істер басқармасының бастығы немесе бастықтың орынбасары қол қояды және "Рұқсаттық жүйе" деген оттискі бар мөрмен расталады.
Ескерту: 100-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 25 шілдедегі N 373 бұйрығымен .
101. Рұқсатты беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді қабылдау үй-жайды тексергеннен кейін жүргізіледі. Объектіні (үй-жайды) тексеру қорытындысы бойынша лицензиялық-рұқсат бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) инспекторы үш данада акт жасайды және "Рұқсаттық жүйе" деген оттискі бар мөрмен расталады.
102. Ішкі істер органдары "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-1 бабының 5-тармағында белгіленген мерзімдерде бірінші, екінші, үшінші және төртінші топтардағы объектілер мен үй-жайларды, олардың техникалық нығайтылуы мен күзет, өрт және дабыл құралдарымен жарақтандырылу талаптарына, сондай-ақ есірткі құралдарымен, психотроптық заттар және прекурсорлармен жұмыс істеуге жіберілген адамдардың тізімге сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады.
Ескерту: 102-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 25 шілдедегі N 373 бұйрығымен .
103. Объектіні тексеру аяқталғаннан кейін үш данада акт жасалады, ал кемшіліктер орын алса, оларды жою мерзімі беріледі. Акт алдын ала Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің (бұдан әрі - ҚСжАЕК) аумақтық бөлімшелерінде тіркеледі, ҚСжАЕК бөлімшелері жоқ қалалар мен аудандардың аумақтарында тіркеуді осы қалалар мен аудандардың прокурорлары жүргізеді.
Ескерту: 103-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 25 шілдедегі N 373 бұйрығымен .
1. Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар
айналымы саласында объектілер мен үй-жайларды
пайдалануға рұқсат берудің шарттары мен тәртібі
104. Рұқсат үй-жай осы Нұсқаулықтың талаптарына сай болған жағдайда заңды тұлғаға беріледі.
105. Рұқсат алу үшін заңды тұлға ішкі істер органдарына мынадай құжаттарды:
1) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;
2) қызметтің негізгі түріне (фармацевтік, медициналық, оқу және т.б.) берілген лицензияның көшірмесін;
3) ғимараттың, үй-жайдың техникалық паспортының көшірмесін;
4) меншік құқығын немесе үй-жайды жалға алуды анықтайтын құжаттың көшірмесін;
5) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет актісінің көшірмесін;
6) Мемлекеттік өртке қарсы қызмет актісінің көшірмесін;
7) Күзет қызметі шарттың (бірінші және төртінші топтар үшін - өндіруші кәсіпорындар, көтерме сауда кәсіпорындары, өсіретін және дайындайтын объектілер мемлекеттік күзет қызметімен немесе күзет қызметімен айналысуға рұқсат беретін лицензиясы бар мемлекеттік емес құрылымдармен) көшірмесін ұсынады.
Ұсынылған құжаттар көшірмесін нотариус растауы керек.
106. Әрбір объектінің есепке алу ісі жасалады, ол ішкі істер органы лицензиялық-рұқсат жүйесінің қызметкерінде сақталады. Объекті жабылған кезде есепке алу ісі мұрағатқа тапсырылады, ал объектіні басқа ішкі істер органының бақылауына берген кезде - соңғысына беріледі.
107. Рұқсатты беру немесе беруден бас тарту туралы шешім өтініш алғаннан кейін он күн ішінде қабылданады. Үй-жайды қосымша тексеруден өткізген жағдайда қорытындыны алғаннан кейін үш күн ішінде шешім қабылданады.
108. Рұқсаттың жарамдылық мерзімі 5 жылдан және үй-жайды иелену үшін ұсынылған құжаттардың жарамды мерзімінен аспауы керек.
109. Рұқсаттың жарамдылық мерзімін ұзарту оны алу үшін белгіленген тәртіпте жүргізіледі. Рұқсаттың жарамдылық мерзімін ұзарту туралы өтініш оның аяқталуынан бір ай бұрын беріледі.
110. Рұқсатты басқа заңды тұлғаға беруге тыйым салынады.
111. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда оның атауы, заңды мекен-жайы өзгергенде, Лицензиат он күн мерзім ішінде рұқсатты қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
112. Рұқсатты жоғалтқан жағдайда лицензиатқа рұқсаттың көшірмесі беріледі.
113. Ішкі істер органдары рұқсат беруден бас тартуға құқылы. Бас тарту себептері көрсетілген хабарлама өтініш берушіге жазбаша түрде үш күн мерзімде жіберіледі. Рұқсатты беруден бас тартуға:
1) өтініш беруші ұсынған құжаттарда бұрмаланған мәліметтердің болуы;
2) объектінің немесе үй-жайдың нұсқаулық талаптарына сай келмеуі негіз болады.
114. Ішкі істер органдары:
1) лицензиаттың өтініші бойынша;
2) техникалық нығайтылуы мен объектінің күзет, өрт және дабыл белгісімен жарақтандырылуы жөніндегі бұрын анықталған бұзушылықтарды лицензиат орындамағанда;
3) заңды тұлға белгіленген тәртіп бойынша қызметін тоқтатқанда;
4) меншік, шаруашылық немесе жедел жүргізу, объектіні немесе үй-жайды жалға алу шартының құқығы тоқтағанда;
5) заңды тұлға жабылғанда Рұқсатты тоқтата тұруы немесе күшін жоюы мүмкін.
115. Рұқсатты тоқтата тұру немесе оның күшін жою туралы шешім қабылданғаннан кейін ішкі істер органдары лицензиатты және есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке рұқсат беретін лицензия берген органды (лицензиарды) лицензияны тоқтата тұру немесе жою туралы шешім қабылдау үшін дереу жазбаша түрде хабардар етеді (3-қосымша).
116. Лицензиат Рұқсатты тоқтата тұруға немесе оның күшін жоюға негіз болған себептерді жойған жағдайда ішкі істер органдарының шешімі бойынша оның қызметі қайта жаңғыртылуы мүмкін, қабылданған шешім туралы лицензиар мен лицензиат үш күн мерзім ішінде жазбаша түрде хабардар етіледі.
117. Рұқсаттың қолданылуы тоқтатыла тұрған мерзім ол берілген мерзімге қосылып есептеледі.
118. Рұқсатты берген кезде Рұқсатты ресімдеуге жауапты адам пайдаланылуына Рұқсат берілген әрбір объектіге (үй-жайға) есепке алу ісін ашады.
119. Есепке алу ісіне Рұқсатты ресімдеуге негіз болған материалдар, объектіге (үй-жайға) жүргізілген тексеру туралы актілер, анықталған бұзушылықтар туралы құжаттардың көшірмелері немесе түпнұсқалары, әрекетін тоқтата тұру немесе жою туралы туралы қаулылардың көшірмелері және басқа да құжаттар тігіледі.
7-тарау. Өздерінің қызметтік міндеттері бойынша
кестедегі есірткі құралдарына, психотроптық заттар
мен прекурсорларға тікелей қол жеткізе алатын
адамдарды тексеру туралы қорытындыны беру
тәртібі мен шарттары
120. Өздерінің қызметтік міндеттері бойынша есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға тікелей қол жеткізе алатын адамдарды тиісті тексеру (бұдан әрі - тиісті тексеру) және қорытынды беру заңды тұлғаның өтініші бойынша жүргізіледі.
121. Заңды тұлғаның басшысы немесе оның орнындағы адам заңды тұлға орналасқан жердегі аумақтық ішкі істер органына өтінішті өздерінің қызметтік міндеттері бойынша есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға тікелей қол жеткізе алатын адамдар туралы мәліметпен қоса ұсынады.
122. Азаматтардың жеке өтініші бойынша тиісті тексеру жүргізуге және қорытынды беруге тыйым салынады.
123. Мына адамдар:
1) 18 жасқа толмағандар;
2) егер қасақана жасаған қылмысы үшін сол адамға қатысты заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы барлар;
3) бір жыл ішінде қоғамдық тәртіпке немесе белгіленген басқару тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықты, сондай-ақ еңбек пен халық денсаулығы саласындағы құқық бұзушылықты қайталап жасағандар;
4) тұрақты мекен-жайы жоқтар;
5) белгіленген тәртіпте әрекет етуі шектелгендер;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған, есірткі құралдарын, психотроптық заттар және прекурсорлармен жұмыс істеу мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдай қалыптасқанда, есірткі құралдарымен, психотроптық заттар және прекурсорлармен жұмыс істеуге жіберілмейді.
124. Тиісті тексеруден кейін аумақтық ішкі істер органдары өздерінің қызметтік міндеттері бойынша есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға тікелей қол жеткізе алатын адамдарға рұқсат ету туралы қорытынды береді (2-қосымша).
1-қосымша
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Қазақстан Республикасының
Ішкіісмині
___________________________________ _____________________________
аумақтық ІІО атауы аумақтық ІІО атауы
N__ РҰҚСАТ ТҮБІРШЕГІ N__ РҰҚСАТ ТҮБІРШЕГІ
__________________________________ _________________________________
Заңды тұлғаның атауы, Заңды тұлғаның атауы, __________________________________ _________________________________
мекен-жайы, телефоны мекен-жайы, телефоны
_________________________________ _________________________________
_________________________________ _________________________________
_________________________________ _________________________________
_________________________________ _________________________________
____________________мекен-жайында ___________________мекен-жайында
орналасқан телефоны орналасқан телефоны
объектілерді (үй-жайларды) тізімінің объектілерді (үй-жайларды)
тізімінің
________________________________ ________________________________
Кестесіндегі (керегінің астын Кестесіндегі (керегінің астын
сызылсын) есірткі құралдары, сызылсын) есірткі құралдары,
психотроптық заттар мен прекур. психотроптық заттар мен прекур.
сорлар айналымы саласында сорлар айналымы саласында
пайдалану құқығы берілді. пайдалану құқығы берілді.
________________________________ _________________________________
лауазымы, Т.А.Ә/а. лауазымы, Т.А.Ә/а.
________жекелей жауапкершілігіне _______жекелей жауапкершілігіне
200 жылғы ""_______дейін жарамды 200 жылғы ""_______дейін жарамды
________________________________ _________________________________
________________________бастығы __________________________бастығы
Т.А.Ә/а., қолы Т.А.Ә/а., қолы
М.О. ____________________ М.О. ____________________
200 жылғы " " _____________ 200 жылғы "" _____________
2 қосымша
"Келісілді" "Бекітілді"
__________________ _________________________
аумақтық №ІІО заңды тұлғаның, филиалдың,
___________бастығы _________________________
өкілдіктің атауы
___________________ ____________Бас директоры
___________________ _________________________
Т.А.Ә/а. Т.А.Ә/а.
200 жылғы " "_______ 200 жылғы " "_______
Есірткі құралдарымен, психотроптық заттар және
прекурсорлармен жұмыс істеуге жіберілген адамдардың
ТІЗІМІ
____________________________________________________________________
N/N Т.А.Ә/а. Туған жері Үйінің мекен- Білімі, Лауазымы Ескерту
мен туған жайы дипломы.
датасы ның
деректері
____________________________________________________________________
1.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жауапты адамның қолы______ Т.А.Ә/а._______ 200_ жылғы "__"_________
3-қосымша
"Бекітемін"
____________________бастығы
аумақтық ІІО
__________________
200__жылғы "__"__________
Рұқсаттың жарамдылығын тоқтата тұру (беруден тас тарту) туралы
N____ қаулы
______________ қ. 200 __ж. "___" _____________ __________________________________________________________________
(аумақтық ІІО атауы)
200__ж."_"________ N ____ өтінішті қарап, өтініш беруші
__________________________________________________________________
(өтініш беруші заңды тұлғаның атауы)
__________________________________________________________________
мынадай себептер бойынша:____________________________________
(қабылданаған шешімнің дәлелді негізі
__________________________________________________________________
көрсетілсін)
__________________________________________________________________
есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы
саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін
__________________________________________________________________
(объектінің (үй-жайдың) толық атауы, орналасқан жерінің заңды
__________________________________________________________________
мекен-жайы және оның ғимаратта (құрылыста) нақты орналасқан жері)
__________________________________________________________________
__________________ объектіні пайдалануға Рұқсат беруден бас тарту
туралы шешім қабылдады.
Өтініш беруші бас тартуға негіз болған себептерді жойғаннан
кейін ішкі істер органына қайта өтініші беруге құқылы.
ҚҚБ (қоғамдық қауіпсіздік бөлімі) бастығы_____________________
(қолы) (Т.А.Ә/а.)
200_ жылғы "__"__________ М.О.