Қолма-қол ақша белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 3 нарузыдағы N 57. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 17 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1428. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 142 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.07.2017 № 142 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығын орындау үшін және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.04.29 № 38 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қолма-қол ақша белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу ережесі бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.

      2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Мәжитов Д.М.):

      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Қолма-қол ақша белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Қолма-қол ақша белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге жіберсін;

      3) Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасымен (Мартюшев Ю.А.) бірлесіп осы қаулыны және Қолма-қол ақша белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу ережесінің жеке және заңды тұлғалардың мүддесіне қатысты тармақтарын республикалық газеттерде (мемлекеттік тілде және орыс тілінде) жариялайтын болсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.

Ұлттық Банк Төрағасы



  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 3 наурыздағы
N 57 қаулысымен бекітілген

Қолма-қол ақша белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қолма-қол ақша белгілерін – тиындарды ақша айналымынан алу ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығына (бұдан әрі – Қазақстан Президентінің Жарлығы) және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.04.29 № 38 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Ереже қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алу, қолма-қол тиындарды қабылдау және теңгеге айырбастау тәртібін белгілейді. Осы Ереженің нормалары Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелері мен филиалдары, екінші деңгейдегі банктер және Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – екінші деңгейдегі банктер) үшін орындауға міндетті.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.04.29 № 38 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) қолма-қол тиындар - құны 2, 5, 10, 20 және 50 тиын 1993 жылғы үлгідегі металл тиындар;

      2) қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесі - Ұлттық Банктің орталық аппаратының қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесі;

      3) Ұлттық Банктің филиалдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) аумақтық филиалдары мен Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы).

2-тарау. Қазақстан Республикасының ақша айналымынан қолма-қол тиындарды алу тәртібі

      4. Қазақстан Президентінің Жарлығына сәйкес барлық төлем құжаттарында тиындарды есепке алу, көрсету және тиындарды пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру тәртібі өзгеріссіз қалады.

      5. Қазақстан Президентінің Жарлығы жарияланған күннен бастап тек қана Ұлттық Банктің филиалдары және екінші деңгейдегі банктер айырбастау, сондай-ақ Ережеде көрсетілген тәртіппен банктік есепшоттарға есептеу үшін қолма-қол тиындарды қабылдайды.

      6. Екінші деңгейдегі банктер:

      1) заңды және жеке тұлғаларға операциялық кассалардан қолма-қол тиындар беруді тоқтатуға;

      2) клиенттерден ешқандай шектеусіз банктік есепшоттарға есептеу үшін операциялық кассаға қолма-қол тиындарды кедергісіз қабылдауды қамтамасыз етуге;

      3) заңды және жеке тұлғалардан бір теңгеге дейінгі қолма-қол тиындарды айналымдағы ақша белгілерінің басқа түрлеріне ешқандай шектеусіз қабылдауға және айырбастауға міндетті;

      4) қолма-қол тиындар сомасы теңгемен айырбастау үшін жеткіліксіз болған кезде қолма-қол тиындар клиенттің банктік есепшоттарына есептелуі мүмкін. Күмәнді және төленбейтін тиындарды қабылдау және теңгеге айырбастау Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктерде кассалық операцияларды жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жүзеге асырылады;

      5) операциялық кассадағы қолма-қол тиындардың қалдығын Ұлттық Банктің филиалдарына тапсыруға міндетті.

      7. Ұлттық Банктің филиалдары:

      1) екінші деңгейдегі банктерге, заңды және жеке тұлғаларға айналым кассасынан қолма-қол тиындар беруді тоқтатады;

      2) Ұлттық Банктің эмиссия-кассалық операцияларын жүргізу және құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қолма-қол ақшасыз баламаны екінші деңгейдегі банктердің тиісті банктік есепшоттарына кейіннен аудару арқылы екінші деңгейдегі банктерден және Ұлттық Банкте банктік есепшоттары бар заңды тұлғалардан қолма-қол тиындарды айналым кассасына шектеусіз қабылдайды.

      8. Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алу қоса алғанда 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 41 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

3-тарау. Ұлттық Банк филиалдарының ақша айналымынан алынған
қолма-қол тиындарды есепке алу тәртібі

      Ескерту. 3-тарау алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.04.29 № 38 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-тарау. Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ақша белгілерін айналымнан алу бойынша қорытынды шығару тәртібі

      12. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.04.29 № 38 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Қолма-қол тиындардың айналымнан алынуына қарай Ұлттық Банктің тиісті нормативтік құқықтық актілері негізінде Ұлттық Банк оларды жойып (балқытып) отырады.

Ұлттық Банк


Төрағасы



Об утверждении Правил изъятия из денежного обращения наличных денежных знаков - тиын

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 3 марта 2001 года № 57. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 марта 2001 года № 1428. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 июля 2017 года № 142 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 31.07.2017 № 142 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Во исполнение Указа Президента Республики Казахстан от 7 февраля 2001 года № 549 "О некоторых вопросах функционирования национальной валюты Республики Казахстан" и в соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан" Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:

      Сноска. Преамбула в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 29.04.2011 № 38 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила изъятия из денежного обращения наличных денежных знаков - тиын и ввести их в действие по истечении четырнадцатидневного срока со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      2. Управлению по работе с наличными деньгами (Мажитов Д.М.):

      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления и Правил изъятия из денежного обращения наличных денежных знаков - тиын;

      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление и Правила изъятия из денежного обращения наличных денежных знаков - тиын до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата, филиалов Национального Банка Республики Казахстан и банков второго уровня;

      3) совместно с Управлением международных отношений и связей с общественностью (Мартюшев Ю.А.) опубликовать в республиканских газетах (на государственном и русском языках) настоящее постановление и пункты Правил изъятия из денежного обращения наличных денежных знаков - тиын, затрагивающие интересы физических и юридических лиц.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Кудышева М.Т.

      Председатель

      Национального Банка

  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 3 марта 2001 г. № 57

Правила
изъятия из денежного обращения наличных денежных знаков - тиын
Глава 1. Общие положения

      1. Правила изъятия из денежного обращения наличных денежных знаков – тиын (далее – Правила) разработаны в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 7 февраля 2001 года № 549 "О некоторых вопросах функционирования национальной валюты Республики Казахстан" (далее – Указ Президента Казахстана) и Законом Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан".

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 29.04.2011 № 38 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      2. Правила определяют порядок изъятия из денежного обращения наличных тиынов, приема и обмена наличных тиынов на тенге. Нормы настоящих Правил обязательны для исполнения подразделениями центрального аппарата и филиалами Национального Банка, банками второго уровня и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций (далее – банки второго уровня), на территории Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 2 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 29.04.2011 № 38 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      3. В Правилах используются следующие понятия:

      1) наличные тиыны - монеты - тиыны образца 1993 года номиналами 2, 5, 10, 20 и 50 тиынов;

      2) подразделение по работе с наличными деньгами - подразделение по работе с наличными деньгами центрального аппарата Национального Банка;

      3) филиалы Национального Банка - территориальные филиалы и Центр кассовых операций и хранения ценностей (филиал) Национального Банка Республики Казахстан (далее - Национальный Банк).

Глава 2. Порядок изъятия из денежного обращения
Республики Казахстан наличных тиынов

      4. В соответствии с Указом Президента Казахстана учет, отражение тиынов во всех платежных документах и порядок осуществления безналичных платежей с использованием тиынов сохраняется без изменений.

      5. Со дня опубликования Указа Президента Казахстана наличные тиыны принимаются только филиалами Национального Банка и банками второго уровня для их обмена, а также зачисления на банковские счета в порядке, указанном в Правилах.

      6. Банки второго уровня обязаны:

      1) прекратить выдачу наличных тиын из операционных касс юридическим и физическим лицам;

      2) обеспечить беспрепятственный прием в операционную кассу наличных тиынов от клиентов для зачисления на банковские счета без каких-либо ограничений;

      3) производить от юридических и физических лиц прием и обмен наличных тиынов, кратных одному тенге, на другие виды денежных знаков, находящихся в обращении, без каких-либо ограничений;

      4) при недостаточности суммы наличных тиынов для обмена на тенге, наличные тиыны могут зачисляться на банковские счета клиента. Прием и обмен на тенге сомнительных и неплатежных тиынов осуществляется в соответствии с нормативным правовым актом Национального Банка, регулирующим порядок ведения кассовых операций в банках второго уровня;

      5) сдавать имеющиеся в операционной кассе остатки наличных тиын в филиалы Национального Банка.

      7. Филиалы Национального Банка:

      1) прекращают выдачу наличных тиынов из оборотной кассы банкам второго уровня, юридическим и физическим лицам;

      2) принимают без ограничений от банков второго уровня и юридических лиц, имеющих банковские счета в Национальном Банке, наличные тиыны в оборотную кассу, с последующим перечислением безналичного эквивалента на соответствующие банковские счета банков второго уровня, в соответствии с нормативными правовыми актами Национального Банка, регулирующими порядок ведения эмиссионно-кассовых операций и обеспечения сохранности ценностей.

      8. Изъятие наличных тиынов из денежного обращения осуществляется до 31 декабря 2012 года включительно.

      Сноска. Пункт 8 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 24.02.2012 № 41 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 3. Порядок учета филиалами Национального Банка
изъятых из денежного обращения наличных тиын

      Сноска. Глава 3 исключена постановлением Правления Национального Банка РК от 29.04.2011 № 38 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

Глава 4. Порядок подведения итогов по изъятию из обращения
денежных знаков национальной валюты Республики Казахстан

      12. Исключен постановлением Правления Национального Банка РК от 29.04.2011 № 38 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      13. По мере изъятия из обращения наличных тиынов, Национальным Банком осуществляется их уничтожение (переплавку) на основании соответствующих нормативных правовых актов Национального Банка.

      Председатель

      Национального Банка