Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қолма-қол белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы № 57 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 41 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 наурызда № 7485 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 142 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.07.2017 № 142 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қолма-қол ақша белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы № 57 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1428 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2001 жылы № 12 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қолма-қол ақша белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алу қоса алғанда 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады