Күші жойылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2008.07.22. N 128 Бұйрығымен.
--------------------Бұйрықтан үзінді---------------------
"Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. ...
2. ...
3. Осы бұйрыққа тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. ...
Министр В. Божко
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
Министрінің
2008 жылғы 22 шілдедегі
N 128 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының күшін жойған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттік төрағасының 2001 жылғы 26 ақпандағы N 10 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын (жаңарту, броньнан шығару тәртібімен) шығару және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері туралы" бұйрығы (2001 жылғы 7 сәуірдегі N 1456 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2001 жылғы 30 сәуірде N 21 "Заң газетінде" жарияланды, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені, 2001 ж. N 23 410 бет).
2. ...
3. ...
4. ...
5. ...
Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен) шығару және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен) шығару және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелерін заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу жүргізілсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік материалдық резервтер
жөніндегі агенттігі Төрағасының
2001 жылғы 26 ақпандағы
N 10 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық
резервінің материалдық құндылықтарын (жаңарту,
алмастыру және броньнан шығару тәртібімен)
шығару және жеткізу жөніндегі тендерлерді
әзірлеу және өткізу ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын шығару және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері (бұдан әрі - Ережелер) "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.
2. Осы Ережелер Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын оларды жаңарту, ауыстыру және броньнан шығару тәртібімен сатудан алынған қаражат есебінен шығару және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеудің және өткізудің тәртібін белгілейді.
3. Ережелер тендерді ұйымдастырудың және өткізудің, қатысушылардың ұсыныстарын қараудың тәртібін анықтайды.
4. Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Кепілдік жарна - өтінімдегі соманың 1 (бірден) кем емес 5 (бестен) артық емес проценті мөлшерінде белгілейтін, сатып алушы сатушы төлейтін, мемлекеттік резервке тауар жеткізудегі тендерге қатысу үшін және оның тауар жеткізу шартын жасасу жөніндегі міндеттемесін және оны тиісінше орындауын қамтамасыз етуші болып табылатын ақшалай жарна; <*>
2) тендерді ұйымдастырушы - Комитетi уәкілеттік берген заңмен белгіленген тәртіпте құрылған заңды тұлға;
3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарымен операция жасау жоспары - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жаңарту, алмастыру және броньнан шығару мерзімдері бойынша жеткізу және шығару (бұдан әрі - Операция жасау жоспары); <*>
4) әлуетті жеткізуші - жеткізу шартын жасау мақсатымен мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды жеткізу процесінде қатысушы заңды немесе жеке тұлға;
5) үміткер - тендерге қатысқысы келген заңды немесе жеке тұлға;
6) тендер - мемлекеттік материалдық резервтің материалдық
құндылықтарын шығаруға не жеткізуге бағытталған конкурстық сауда;
7) тендерлік құжаттама - тендерге қатысуға тендерлік өтінімдерді әзірлеу үшін үміткерге берілетін құжаттама;
8) тендерлік өтінім - тендерлік құжаттамаға сәйкес жазбаша нұсқада жасалған үміткердің тендерлік ұсынысы;
9) тендерлік комиссия - тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін
уәкілетті орган құрған комиссия;
10) тауар - осы Ережелерге сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен шығаруға немесе мемлекеттік материалдық резервке жеткізуге жататын материалдық құндылықтар;
11) уәкілетті орган - атқару және бақылау функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік резерв жүйесіне басшылықты жүзеге асырушы мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер комитетi;
12) қатысушы - тендерге қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген, заңды немесе жеке тұлға;
13) өтінім бағасы - үміткердің тендерлік өтінімде көрсетілген тауарға ұсынған бағасы;
14) кесімді баға - ақпараттық хабарламада жарияланған және одан өтінімдерді қарау басталатын, қатысушыларға жіберілетін қосымша құжаттамадағы баға.
ЕСКЕРТУ. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігінің 2002.04.25. N 24 ; ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мемлекеттік мекемесі Төрағасының 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 37 Бұйрықтарымен.
2. Ашық тендерлерді өткізу дайындығы
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі тауарды броньнан шығару және қарызға беру тәртібімен шығару туралы шешім қабылдайды.
6. Уәкілетті орган тауарды (жаңарту және алмастыру тәртібімен) мемлекеттік материалдық резервтен шығару және оған жеткізу туралы шешім қабылдайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы негізінде уәкілетті орган броньнан шығару тәртібінде тендерді өткізу туралы шешім қабылдайды.
7. Тендерді өткізу үшін уәкілетті орган материалдық құндылықтармен операция жасау жоспарын ұйымдастырушыға жібереді.
8. Тендерлерді әзірлеу және өткізу, оның жеңімпазын анықтау үшін уәкілетті орган тендерлік комиссия құрады.
Тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы саны, тендерлік комиссия хатшысын есептемегенде, тақ саннан және комиссия төрағасын қосқанда кемінде үш адамнан құралуы керек.
ЕСКЕРТУ. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мемлекеттік мекемесі Төрағасының 2005 жылғы 30 маусымдағы N 66 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
9. Тендерлік комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, комиссия отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін қолданыстағы заңнамада белгіленгендей жауап береді.
10. Тендерлік комиссия хатшысын тендерді ұйымдастырушы бекітеді және ол тендерді ұйымдастырушының Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын шығару және жеткізу жөніндегі тендерлерді ұйымдастыруға және өткізуге жауапты тиісті құрылымдық бөлімшесінің маманы болып табылады. Тендерлік комиссия шешімдер қабылдаған кезде тендерлік комиссия хатшысының дауыс беруге құқығы жоқ.
Тендерлік комиссияның хатшысы үміткерлерге тендерлік құжаттаманы табыс етеді, үміткерлерден құжаттар пакетін қабылдайды, түскен тендерлік өтінімдерді тіркеуді жүргізеді, кепілдік жарнаның түскендігін тексереді, тендерге қатысушылардың ұсыным кестелерін, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және тендерлік комиссия отырысы өткеннен кейін оның хаттамалық шешімін ресімдейді, тендер қорытындысы бойынша барлық қатысушылардың мекен жайына хабарламаларды әзірлеп жібереді, олардың көшірмелеріне бұл хабарламаны кімге және қашан тапсырғандығын немесе жібергендігін белгілейді.
11. Тендерлік комиссия:
1) өз жұмысының регламентін дербес әзірлейді және бекітеді;
2) ақпараттық хабар жобасын бекітеді;
3) тендер өткізеді;
4) тендерлік өтінімдері қарайды және оларды қанағаттандыру не қабылдамау жөнінде шешім қабылдайды.
12. Тауарды шығару және жеткізу туралы уәкілетті органның шешімі бойынша тендерді ұйымдастырушы республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында тендерлік комиссия бекіткен ақпараттық хабар жариялайды. Хабарлама тендер басталудан кемінде 10 (он) күнтізбелік күн бұрын жариялануы керек. Тендер өткізу туралы хабарламада:
1) тендерді ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері;
2) тендердің өткізілетін орны, күні мен уақыты (тендер өткізілетін бір үздіксіз кезең ағымын көрсету рұқсат етіледі), сондай-ақ тендерге қатысуға тендерлік өтінім беретін орын мен мерзім;
3) тауарды шығару жөніндегі тендерді өткізу кезінде: номенклатурасы, ең аз көлемі және кесімді баға қамтылған тауар туралы мәлімет;
4) тауарды жеткізуге тендерді өткізу кезінде: қажетті көлемі, кесімді бағасы және жеткізілетін мекен қамтылған тауар туралы мәлімет;
5) тендерлік құжаттаманы алу орны;
6) мемлекеттік резервке тауар жеткізудегі кепілдік жарна мөлшері; <*>
Ақпараттық хабарламада мемлекеттік резервке жеткізілетін тауарға кесімді баға болмағанда, үміткер кепілдік жарна сомасын төлем күнгі тауардың нарықтық бағасы есебінен төлейді. <*>
7) қорытындыларды хабарлау тәртібі және мерзімі (Ережелердің 43-тармағы);
8) тендерді ұйымдастырушының тендер өткізуден бас тарту тәртібі (Ережелердің 28-тармағы) жазылады.
ЕСКЕРТУ. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігінің 2002.04.25. N 24 бұйрығымен .
12-1. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының 50-ден аса атаулары шығарылған кезде тендерді өткізу туралы ақпараттық хабарлама осы Ережелердің 12-тармағының 3) тармақшасынсыз жарияланады.
Бұл жағдайда номенклатура, ең аз көлем, кесімді баға және шығару шарттары кіретін тауар туралы мәліметті конкурсты ұйымдастырушы уәкілетті жеткізушіге тікелей ұсынады.
Ескерту: 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 11 мамырдағы N 40 бұйрығымен .
13. Тендерді ұйымдастырушы үміткерлерге табыс ететін тендерлік құжаттама осы Ережелер белгілеген барлық талаптарға сай болуы және мынадай құжаттардан тұруы қажет:
1) Осы Ережелерге сәйкес үміткерлерге нұсқаулық, N 1 қосымша.
2) N 2 қосымшаға сәйкес тендерге қатысуға өтінім нысаны.
14. Тендерлік құжаттама Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік немесе орыс тілдерінде беріледі.
15. Тауарды мемлекеттік материалдық резервтен шығару және оған жеткізу жөніндегі тендерге қатысу үшін үміткер мынадай біліктілік талаптарын қанағаттандыруға:
1) тауарды сатып алу-сату туралы шартқа сәйкес міндеттемелерін орындау үшін кәсіптік құзыреті, қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстары болуға;
2) тауарды сатып алу-сату туралы шарт жасасу үшін азаматтық құқық қабілеті болуға;
3) төлем қабілеті болуға, таратуға жатпауға тиіс, мүлкі алып қойылмауға тиіс, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тоқтатылмауға тиіс.
ЕСКЕРТУ. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігінің 2002.04.25. N 24 бұйрығымен .
16. Тендерге қатысушы санатында тіркелу үшін міндетті шарттар, қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды үміткерлердің табыс етуі, оның ішіне мыналар кіреді:
1) белгіленген үлгі бойынша тендерге қатысуға өтінім;
2) құрылтай құжаттарының, шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелгені туралы куәліктің және статистикалық карточкасының нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) СТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірін) растайтыны туралы тиісті салық органының анықтамасы; <*>
4) қатысушының банк деректемелерін және қаржылық жай-күйін растайтын банктің анықтамасы;
5) уәкілетті адамның жеке басының куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) уәкілетті адамға ұйымның сенімхаты;
7) мемлекеттік резервке тауар жеткізудегі кепілдік жарнаның төленгенін растайтын құжат. <*>
Кейінгі тендерлерге тіркелу кезінде күнтізбелік жыл ішінде қатысушы осы тармақтың 2-тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсынбайды. Егер күнтізбелік жыл ішінде қатысушының осы тармақтың 2-тармақшасында көрсетілген құжаттарында өзгерістер болған жағдайда, ол тендерді ұйымдастырушыға оның қатысушы санатында кейінгі тіркелуі үшін, мұндай өзгерістерді ұсынуға міндетті (заңды тұлғаның мемлекеттік тізілімінен көшірмесі).
ЕСКЕРТУ. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігінің 2002.04.25. N 24 бұйрығымен .
16-1. Кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын жеке тұлғаны тауарларды шығару жөніндегі тендерге қатысушы ретінде тіркеу үшін үміткер мынадай құжаттарды табыстайды:
1) белгіленген нысан бойынша тендерге қатысуға өтінім;
2) жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасы салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі.
Келесі тендерлерде тіркелген кезде қатысушы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тапсырмайды. Егер күнтізбелік жыл ішінде тұрақты қатысушының осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарында өзгерістер пайда болса, онда ол өзін әрі қарай қатысушы ретінде тіркеу үшін тендерді ұйымдастырушыға сол өзгерістерін тапсыруға міндетті.
ЕСКЕРТУ. 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мемлекеттік мекемесі Төрағасының 2005 жылғы 30 маусымдағы N 66 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
17. Үміткер өтінімнің түпнұсқасын әзірлесін және ұсынсын. Конкурстық өтінімнің түпнұсқасы және барлық көшірмелері жуылмайтын сиямен басылады не жазылады, үміткер қолын қояды және ұранмен жеке конвертке салынады.
Конкурстық өтінімде жол арасында қосымшалар, өшірулер немесе қоса жазулар болмау керек.
Конкурстық өтінімде үміткер шарт жасасқанда қажет негізгі жағдайларды: тауардың атауын, сапалық, техникалық сипаттары, баға, мөлшер, жеткізу мерзімін, жеткізу шарттарын және төлем шарттарын көрсетеді. Қосымша құжаттамада баға хабарланатын жағдайда үміткер өтінім бағасын көрсетпейді.
Конкурстық өтiнiмдi үмiткер нөмiрленген парақтармен және соңғы бетi оның қолымен, ал заңды тұлғаның - мөрмен куәландырылып тiгiлген түрде ұсынады.
Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мемлекеттік мекемесі Төрағасының 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 37 Бұйрығымен.
18. Тендерлік өтінімдер Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік не орыс тілдерінде жасалып, табыс етілуі мүмкін.
19. Тендерге қатысу үшін талап етілген құжаттар пакетін қатысушы Ұйымдастырушыға тек қана қолма-қол тапсыру керек.
20. Қатысушы біліктілік талаптары туралы толық емес, дәл емес немесе жалған ақпарат берген жағдайда тендерді ұйымдастырушы оны тендерге қатысудан шеттетуге құқылы. Берілген ақпараттың толықтығы қатысушының біліктілік мүмкіндіктерін растайтын құжаттарды ұйымдастырушы қараған кезде анықталады.
21. Тендерлік комиссия хатшысы тендерге қатысушыларды тіркеу журналын жүргізеді, онда қатысушының атауы, мекен-жайы, телефоны мен факсының нөмірі, өтінімді ұсынған адамның тегі, аты, әкесінің аты, өтінім түскен күні, айы, жылы және уақыты, кепілдік жарна сомасы, кепілдік жарнаның түскен күні, айы, жылы, өтінімнің қысқаша мазмұны көрсетіледі.
22. Тендерге қатысушылардың өтінімін тіркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен басталып, тендер өткізуден бір сағат бұрын аяқталады.
23. Тендерге қатысушылардың өтінімін қабылдау және оларды тіркеу талап етілген құжаттар пакеті толық болған жағдайда жүргізіледі.
24. Тіркелген тұлға тендерге қатысушы мәртебесін иеленеді.
25. Тендерге қатысуға қажетті құжаттар пакеті, осы Ережелердің 21-тармағында ескертілген журналда тіркеуден өткеннен соң, тендер өткізілетін күнге дейін тендерлік комиссия хатшысының арнайы сейфінде сақталады.
26. Нарықтық бағасы жылдам көтерілуі не түсуі мүмкін тауарлардың кесімді бағасы ақпараттық хабарламада көрсетілмейді. Мұндай жағдайда тендерді Ұйымдастырушы сондай тауарлардың бағасы (кесімді бағасы) бойынша алғы шарттарды қосымша құжаттамаға (кестеге) енгізеді және тендер өткізілетін жерде оны өткізу басталудан бес сағат бұрын мерзімде тендерге қатысушыларға береді.
27. Тендер басталудан бір сағат бұрын қатысушы тендерге қатысудан бас тарта алады. Мұндай жағдайда төлеген кепілдік жарнасы оған қайтарылуға тиіс.
28. Ұйымдастырушы тендер басталуынан бір күн бұрын тендер өткізуден бас тарта алады және бас тартқан күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қатысушыға төлеген кепілдік жарнасын қайтаруға тиіс.
29. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару жөніндегі тендерді өткізуге дейін қатысушы тауардың сапалық жағдайына және оның ГОСТ (немесе өзге стандарттар) талаптарына сәйкестігіне сараптама жасай алады. Ондай сараптамаға байланысты шығындар қатысушы тарапына жатады.
3. Ашық тендерлерді өткізу тәртібі
30. Тендерлер өткізу кезеңін тендерлік комиссия анықтайды және тендерлік комиссия отырысының хаттамасында белгіленеді.
31. Егер тендерлік комиссия өзгеше белгілемесе, тендерлік комиссияның отырысы қатысушыларсыз өткізіледі.
32. Тендер басталған мезетте тендерлік комиссия хатшысында, өтінім берген қатысушылардың кепілдік жарналары сомасының тендерді
Ұйымдастырушының есеп айырысу шотына түскендігін растайтын құжаттар болуы қажет.
33. Тендерде өтінімдермен танысу және қатысушылардың тендерлік ұсыныстарын жариялау жүргізіледі. Тендерлік комиссия қатысушылардың ұсыныстарын зерттеуден және бағалаудан кейін, алғы шарттармен салыстырғанда шарт жасасудың қолайлы жағдайларын ұсынған жеңімпазды анықтайды.
34. Комиссия тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салғастыру кезінде, оларды қарауды жеңілдету үшін қатысушыдан өтінімнің мазмұнына түсінік беруді сұрауы мүмкін.
35. Тауар шығару жөніндегі тендерді өткізуде өтінімді қанағаттандыру өлшемі болып мыналар танылады:
1) кесімді бағадан төмен емес баға;
2) қолайлы төлеу шарттары, яғни қаржы және өзге тәуекелдіктер болмауы;
3) шығару шарттарына сәйкестік.
36. Тауар жеткізуге тендерді өткізуде өтінімді қанағаттандыру өлшемі болып мыналар танылады:
1) кесімді бағадан жоғары емес баға;
2) тауар сапасының қажетті стандарттарға және нормаларға сәйкестігі;
3) тауар жеткізу шарттарына сәйкестік;
4) тауар жеткізу бойынша қатысушының міндеттемелерін қамтамасыз етудің қолайлы шарттары;
Отандық тауар өндірушілер өздері өндірген тауарды жеткізуге, бағасына және төлеуге тең шарттар кезінде басқа қатысушылардың алдында басымдыққа ие.
37. Бір ғана қатысушының болуы тендер болмайды деп табуға негіз болмайды.
38. Тендерлік өтінімдерді қарау кезінде, бірінші кезекте мынадай:
1) тауар шығару жөніндегі тендерде - неғұрлым жоғары өтінім бағасын, сондай-ақ тауар үшін есеп айырысудың ең жақсы шарттарын ұсынған;
2) тауар жеткізу тендерінде - неғұрлым төмен баға мен тиімді жеткізу шарттарын ұсынған өтінімдер қанағаттандырылады.
39. Тендерлік комиссия шарт жасасудың жағдайларын: шығару кезінде тауар бағасын көтеруді не жеткізу кезінде оны түсіруді, жеткізу және төлем жағдайларын өзгертуді қатысушыларға ұсынуға құқылы - олар қабылдауы не шарт жасаудан бас тартуы мүмкін.
40. Тендерлік комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс беру жолын (ашық, жабық) тендерлік комиссия анықтайды.
Тендерлік комиссия мүшелері ерекше пікір білдіруге құқылы, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде баяндалуы және комиссия отырысының хаттамасына қоса тіркелуі тиіс.
41. Тендерлік комиссияның шешіміне заңдарда белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
42. Тендер қорытындысы хаттама түрінде ресімделеді. Тендер қорытындысы туралы хаттама тендер өткізілген күні жасалады және онда:
1) мемлекеттік резервтен шығарылатын не мемлекеттік резервке жеткізілетін тауарлардың тізбесі көрсетілген тендер қорытындылары бойынша кесімді бағалар кестесі;
2) тендерге қатысушылардың атауы мен заңды мекен жайы;
3) тауардың атауы, бағасы, сондай-ақ оның өтінімінің негізгі шарттарының қысқаша жазбасы;
4) әр қатысушы бойынша тендерлік комиссияның шешімі көрсетіледі.
43. Тендерді ұйымдастырушы тендер өткізген күннен бастап, 3 (үш) жұмыс күні ішінде тендерге қатысушыларды олардың өтінімдерін қарау нәтижелері туралы жазбаша (қолма-қол, факспен немесе поштамен) хабардар етеді.
Өтінімі қанағаттандырылған қатысушыға жіберілетін тендерді ұйымдастырушының хабарламасында, шарт жасасу жағдайлары туралы ақпарат, шартқа қол қою үшін қажетті құжаттар тізбесі, шартқа қол қою мерзімдері, байланыс телефондары және тендерді ұйымдастырушының мекен-жайы, сондай-ақ тендерге қатысушыға пайдалы өзге ақпарат қамтылуы тиіс.
44. Тендерлік комиссия қатысушыны жеңімпаз деп анықтаған жағдайда, ол тендер өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тендерді ұйымдастырушымен шарт жасасуға міндетті.
Тендерлік комиссия жеңімпаз деп анықтаған қатысушы шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оған кепілдік жарна қайтарылмайды.
45. Өтінімі қанағаттандырылмаған қатысушының кепілдік жарнасы тендер өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде қайтарылады.
Кепілдік жарнаның сомасына оның тендерді Ұйымдастырушыда болған кезеңінде өсім есептелмейді.
4. Тауарды мемлекеттік материалдық резервке жеткізуді
жабық тендер өткізу арқылы жүзеге асыру
46. Егер мемлекеттік материалдық резервке жеткізілетін тауар тек саны шектеулі ықтимал жеткізушілердің қолында болғанда және мұндай ықтимал жеткізушілер алдын ала белгілі болған жағдайда тендерлік комиссия жабық тендер өткізуге құқылы.
47. Тендерді ұйымдастырушы осы тендерге қатысуға өтінім қабылдау аяқталатын күнге дейін 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей барлық ықтимал жеткізушілерге жабық тендер өткізілетіні туралы жазбаша хабарлама жіберуге міндетті.
Жазбаша хабарлама жіберілетін ықтимал жеткізушілердің тізімін уәкілетті органның келісімі бойынша тендерді ұйымдастырушының басшысы бекітеді.
48. Егер осы бөлімде өзгеше көзделмесе, жабық тендерді өткізу кезінде, осы Ереженің 12-тармағында баяндалған рәсімнен басқа, ашық тендерді өткізу кезіндегі рәсімдер қолданылады.
5. Екі кезеңді рәсімдер пайдаланып тендер
өткізудің ерекшеліктері
49. Ашық немесе жабық тендерлер екі кезеңді рәсімдерді пайдаланып өткізілуі мүмкін.
50. Тендерлік комиссия екі кезеңді рәсіммен тендерлер өткізуге мынадай жағдайларда: мемлекеттік материалдық резервтен шығарылатын не оған жеткізілетін тауардың санын, сапасын және өзге сипаттарын анықтау мақсатында қатысушылармен келіссөздер жүргізу қажет болғанда құқылы.
51. Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерлер мынадай кезеңдердің жиынтығынан тұрады:
1) ықтимал жеткізушілерден конкурстық өтінімнің бағасын көрсетпей, тауардың, жұмыстың, қызмет көрсетудің техникалық, сапалық немесе өзге сипаттамаларына қатысты ұсыныстарды сұрату, берілген ұсыныстарға талдау жасау және қажет болған жағдайда ықтимал жеткізушілермен келіссөздер жүргізу;
2) ұсыныстары тауардың, жұмыстың, қызмет көрсетудің белгіленген техникалық, сапалық немесе өзге сипаттарына сай келеді деп танылған ықтимал жеткізушілердің бағасын көрсете отырып конкурстық өтінім беруі.
52. Тендерлік комиссия соңғы өтінімдерді бағалайды, салғастырады және тендердің қорытындысын шығарады.
53. Егер осы бөлімде өзгеше көзделмесе, екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын тендерді өткізу кезінде де осы Ережелердің 2 және 3-бөлімдерінде баяндалған ашық және жабық тендерлерді өткізу кезіндегі рәсімдер мен ережелер пайдаланылады.
54. Тендерге қатысушының қанағаттандырылмаған өтінімі оның жазбаша үндеуі бойынша, келесі тендерде қаралуы мүмкін.
55. Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінен тауарды шығару тауарды шеттету туралы шарт жағдайларына сәйкес олардың құны ақшалай толық төленген соң не Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарын сақтай отырып банкі кепілдігі, шығарылатын құндылықтар сомасына аккредитив қойылған соң жүргізіледі.
56. Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервіне тауар жеткізу тауар жеткізу шарты жағдайларына сәйкес, тендерлік комиссия шешімі негізінде жүргізіледі.
57. Республикалық бюджеттен алынған қаражат бөлігінде тауар жеткізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Материалдық құндылықтарды (жаңарту, алмастыру және
броньнан шығару тәртібімен) шығару және жеткізу
жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу туралы
нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен) шығару және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелеріне (бұдан былай - Ережелер) сәйкес әзірленді.
2. Нұсқаулық тендерді ұйымдастырудың және өткізудің, қатысушылардың ұсыныстарын (өтінімдерін) қараудың жалпы тәртібін анықтайды, тендерге қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
3. Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) кепілдік жарна - сатушы өтінімдегі соманың 1 (бірден) кем емес 5 (бес) процентінен артық емес мөлшерде белгілейтін, сатып алушы төлейтін, мемлекеттік резервке тауар жеткізудегі тендерге қатысу үшін және оның тауар жеткізу шартын жасасу жөніндегі міндеттемесін және оны тиісінше орындауын қамтамасыз етуші болып табылатын ақшалай жарна; <*>
2) тендерді ұйымдастырушы - Комитетi уәкілеттік берген заңды тұлға;
3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарымен операция жасау жоспары - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жаңарту, алмастыру және броньнан шығару мерзімдері бойынша жеткізу және шығару (бұдан әрі - Операция жасау жоспары); <*>
4) әлуетті жеткізуші - жеткізу шартын жасау мақсатымен мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды жеткізу процесінде қатысушы заңды немесе жеке тұлға;
5) үміткер - тендерге қатысқысы келген заңды немесе жеке тұлға;
6) тендер - мемлекеттік материалдық резервтің материалдық
құндылықтарын шығаруға не жеткізуге бағытталған конкурстық сауда;
7) тендерлік құжаттама - тендерге қатысуға тендерлік өтінімдерді әзірлеу үшін үміткерге берілетін құжаттама;
8) тендерлік өтінім - тендерлік құжаттамаға сәйкес жазбаша нұсқада жасалған үміткердің тендерлік ұсынысы;
9) тендерлік комиссия - тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін
уәкілетті орган құрған комиссия;
10) тауар - Ережелерге сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен шығаруға немесе мемлекеттік материалдық резервке жеткізуге жататын материалдық құндылықтар;
11) уәкілетті орган - атқару және бақылау функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік резерв жүйесіне басшылықты жүзеге асырушы мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер комитетi;
12) қатысушы - тендерге қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген, заңды немесе жеке тұлға;
13) өтінім бағасы - үміткердің тендерлік өтінімде көрсетілген тауарға ұсынған бағасы;
14) кесімді баға - ақпараттық хабарламада жарияланған және одан өтінімдерді қарау басталатын, қатысушыларға жіберілетін қосымша құжаттамадағы баға.
ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігінің 2002.04.25. N 24 ; ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мемлекеттік мекемесі Төрағасының 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 37 Бұйрықтарымен.
2. Тендерлерді өткізу дайындығы
4. Тендерді әзірлеу мен өткізу үшін уәкілетті орган тендерлік комиссиялар құрады. Комиссия кемінде үш адамнан құралуы керек.
ЕСКЕРТУ. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мемлекеттік мекемесі Төрағасының 2005 жылғы 30 маусымдағы N 66 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
5. Тендерлік комиссияның хатшысы үміткерлерге тендерлік құжаттаманы табыс етеді, үміткерлерден құжаттар пакетін қабылдайды, түскен тендерлік өтінімдерді тіркеуді жүргізеді, кепілдік жарнаның түскендігін тексереді, тендерге қатысушылардың ұсыным кестелерін, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және тендерлік комиссия отырысы өткеннен кейін оның хаттамалық шешімін ресімдейді, тендер қорытындысы бойынша барлық қатысушылардың мекен жайына хабарламаларды әзірлеп жібереді, олардың көшірмелеріне бұл хабарламаны кімге және қашан тапсырғандығын немесе жібергендігін белгілейді.
6. Тендер өткізу туралы ақпараттық хабарламада:
1) тендерді ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері;
2) тендердің өткізілетін орны, күні мен уақыты (тендер өткізілетін бір үздіксіз кезең ағымын көрсету рұқсат етіледі), сондай-ақ тендерге қатысуға тендерлік өтінім беретін орын мен мерзім;
3) тауарды шығару жөніндегі тендерді өткізу кезінде: номенклатурасы, ең аз көлемі және кесімді баға қамтылған тауар туралы мәлімет;
4) тауарды жеткізуге тендерді өткізу кезінде: қажетті көлемі, кесімді бағасы және жеткізілетін мекен қамтылған тауар туралы мәлімет;
5) тендерлік құжаттаманы алу орны;
6) мемлекеттік резервке тауар жеткізудегі кепілдік жарна мөлшері; <*>
Ақпараттық хабарламада мемлекеттік резервке жеткізілетін тауарға кесімді баға болмағанда, үміткер кепілдік жарна сомасын төлем күнгі тауардың нарықтық бағасы есебінен төлейді. <*>
7) қорытындыларды хабарлау тәртібі және мерзімі;
8) тендерді ұйымдастырушының тендер өткізуден бас тарту тәртібі жазылады.
ЕСКЕРТУ. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігінің 2002.04.25. N 24 бұйрығымен .
6-1. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының 50-ден аса атаулары шығарылған кезде тендерді өткізу туралы ақпараттық хабарлама осы Нұсқаулықтың 6-тармағының 3) тармақшасынсыз жарияланады.
Бұл жағдайда конкурсты ұйымдастырушы номенклатура, ең аз көлем, кесімді баға және шығару шарттары кіретін тауар туралы мәліметті уәкілетті жеткізушіге тікелей ұсынады.
Ескерту: 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 11 мамырдағы N 40 бұйрығымен .
7. Тендерді ұйымдастырушы үміткерлерге табыс ететін тендерлік құжаттама Ережелерде белгілеген барлық талаптарға сай болуы және мынадай құжаттардан тұруы қажет:
1) Ережелердің N 1 қосымшасына сәйкес Үміткерлерге арналған нұсқаулық;
2) N 1 қосымшасына сәйкес тендерге қатысуға өтінім нысаны.
8. Тендерге қатысушы санатында тіркелу үшін міндетті шарт - үміткерлердің құжаттар пакетін табыс етуі, оның ішіне мыналар кіреді:
1) белгіленген үлгі бойынша тендерге қатысуға өтінімдер;
2) құрылтай құжаттарының, шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелгені туралы куәліктің және статистикалық карточкасының нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) СТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірін) растайтыны туралы тиісті салық органының анықтамасы; <*>
4) қатысушының банк деректемелерін және қаржылық жай-күйін растайтын банкінің анықтамасы;
5) уәкілетті адамның жеке басының куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) уәкілетті адамға ұйымның сенімхаты;
7) мемлекеттік резервке тауар жеткізудегі кепілдік жарнаның төленгенін растайтын құжат. <*>
Кейінгі тендерлерге тіркелу кезінде күнтізбелік жыл ішінде қатысушы осы тармақтың 2-тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсынбайды. Егер күнтізбелік жыл ішінде қатысушының осы тармақтың 2-тармақшасында көрсетілген құжаттарында өзгерістер болған жағдайда, ол тендерді ұйымдастырушыға оның қатысушы санатында кейінгі тіркелуі үшін, мұндай өзгерістерді ұсынуға міндетті.
ЕСКЕРТУ. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігінің 2002.04.25. N 24 бұйрығымен .
8-1. Кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын жеке тұлғаны тауарларды шығару жөніндегі тендерге қатысушы ретінде тіркеу үшін үміткер мынадай құжаттарды табыстайды:
1) белгіленген нысан бойынша тендерге қатысуға өтінім;
2) жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасы салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі.
Келесі тендерлерде тіркелген кезде қатысушы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тапсырмайды. Егер күнтізбелік жыл ішінде тұрақты қатысушының осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарында өзгерістер пайда болса, онда ол өзін әрі қарай қатысушы ретінде тіркеуі үшін тендерді ұйымдастырушыға сол өзгерістерін тапсыруға міндетті.
ЕСКЕРТУ. 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мемлекеттік мекемесі Төрағасының 2005 жылғы 30 маусымдағы N 66 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
9. Үміткер өтінімнің түпнұсқасын әзірлесін және ұсынсын. Конкурстық өтінімнің түпнұсқасы және барлық көшірмелері жуылмайтын сиямен жазылады, үміткер қолын қояды және ұранмен жеке конвертке салынады.
10. Тендерлік өтінімдер Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік не орыс тілдерінде жасалып, табыс етілуі мүмкін.
Конкурстық өтінімді үміткер нөмірленген беттермен және соңғы беті оның қолымен, ал заңды тұлға - мөрмен куәландырылып, тігілген түрде ұсынады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мемлекеттік мекемесі Төрағасының 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 37 Бұйрығымен.
11. Тендерге қатысу үшін талап етілген құжаттар пакетін қатысушы Ұйымдастырушыға тек қана қолма-қол тапсыру керек.
12. Тендерге қатысушылардың өтінімін тіркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен басталып, тендер өткізуден бір сағат бұрын аяқталады.
13. Тіркелген тұлға тендерге қатысушы мәртебесін иеленеді.
14. Нарықтық бағасы жылдам көтерілуі не түсуі мүмкін тауарлардың бағасы ақпараттық хабарламада көрсетілмейді. Мұндай жағдайда тендерді Ұйымдастырушы сондай тауарлардың бағасы бойынша алғы шарттарды қосымша құжаттамаға (кестеге) енгізеді және тендер өткізілетін жерде оны өткізу басталудан бес сағат бұрын мерзімде тендерге қатысушыларға береді.
15. Тендер басталудан бір сағат бұрын қатысушы тендерге қатысудан бас тарта алады Мұндай жағдайда төлеген кепілдік жарнасы оған қайтарылуға тиіс.
16. Ұйымдастырушы тендер басталуынан бір күн бұрын тендер өткізуден бас тарта алады және бас тартқан күннен 10 (он) жұмыс күні ішінде төлеген кепілдік жарнасын қатысушыға қайтаруға тиіс.
17. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды жаңарту, алмастыру не броньнан шығару тәртібімен шығару жөніндегі тендерді өткізуге дейін қатысушы тауардың сапалық жағдайына және оның ГОСТ (немесе өзге стандарттар) талаптарына сәйкестігіне сараптама жасай алады. Ондай сараптамаға байланысты шығындар қатысушы тарапына жатады.
18. Егер тендерлік комиссия өзгеше белгілемесе, тендерлік комиссияның отырысы қатысушыларсыз өткізіледі.
19. Тендер басталған мезетте тендерлік комиссия хатшысында, өтінім берген қатысушылардың кепілдік жарналары сомасының тендерді
Ұйымдастырушының есеп айырысу шотына түскендігін растайтын құжаттар болуы қажет.
20. Тендерлік өтінімдермен танысу және қатысушылардың тендерлік ұсыныстарын жариялау жүргізіледі. Тендерлік комиссия қатысушылардың ұсыныстарын зерттеуден және бағалаудан кейін, алғы шарттармен салыстырғанда шарт жасасудың қолайлы жағдайларын ұсынған жеңімпазды анықтайды.
21. Тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру кезінде, оларды қарауды жеңілдету үшін комиссия қатысушыдан өтінімнің мазмұнына түсінік беруді сұрауы мүмкін.
22. Тауар шығару жөніндегі тендерді өткізуде өтінімді қанағаттандыру өлшемі болып мыналар танылады:
1) кесімді бағадан төмен емес баға;
2) қолайлы төлеу шарттары, яғни қаржы және өзге тәуекелдіктер болмауы;
3) шығару шарттарына сәйкестік.
23. Тауар жеткізуге тендерді өткізуде өтінімді қанағаттандыру өлшемі болып мыналар танылады:
1) кесімді бағадан төмен емес баға;
2) тауар сапасының қажетті стандарттарға және нормаларға сәйкестігі;
3) тауар жеткізу шарттарына сәйкестік;
4) тауар жеткізу бойынша қатысушының міндеттемелерін қамтамасыз етудің қолайлы шарттары;
Отандық тауар өндірушілер өздері өндірген тауарды жеткізуге, бағасына және төлеуге тең шарттар кезінде басқа қатысушылардың алдында артықшылыққа ие.
24. Бір ғана қатысушының болуы тендер болмайды деп тануға негіз болмайды.
25. Тендерлік өтінімдерді қарау кезінде, бірінші кезекте мынадай:
1) тауар шығару жөніндегі тендерде - неғұрлым жоғары өтінім бағасын, сондай-ақ тауар үшін есеп айырысудың ең жақсы шартын ұсынған;
2) тауар жеткізу тендерінде - неғұрлым төмен баға мен тиімді жеткізу шартын ұсынған өтінімдер қанағаттандырылады.
26. Тендерлік комиссия шарт жасасудың жағдайларын: шығару кезінде тауар бағасын көтеруді не жеткізу кезінде оны түсіруді, жеткізу және төлем жағдайларын өзгертуді қатысушыларға ұсынуға құқылы - олар қабылдауы не шарт жасаудан бас тартуы мүмкін.
27. Тендерлік комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс беру жолын (ашық, жабық) тендерлік комиссия анықтайды.
28. Тендерлік комиссияның шешіміне заңдарда белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
29. Тендер қорытындысы хаттама түрінде ресімделеді. Тендер қорытындысы туралы хаттама тендер өткізілген күні жасалады.
30. Тендерді ұйымдастырушы тендер өткізген күннен бастап, 3(үш) жұмыс күні ішінде тендерге қатысушыларды олардың өтінімдерін қарау нәтижелері туралы жазбаша (қолма-қол, факспен немесе поштамен) хабардар етеді.
31. Тендерді ұйымдастырушының өтінімі қанағаттандырылған қатысушыға жіберілетін хабарламасында, тендерлік комиссия ұсынған шарт жасасу жағдайлары туралы ақпарат, шартқа қол қою үшін қажетті құжаттар тізбесі, шартқа қол қою мерзімдері, байланыс телефондары және тендерді ұйымдастырушының мекен-жайы, сондай-ақ тендерге қатысушыға пайдалы өзге ақпарат қамтылуы тиіс.
32. Тендерлік комиссия қатысушыны жеңімпаз деп анықтаған жағдайда, ол тендер өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тендерді ұйымдастырушымен шарт жасасуға міндетті. Тендерлік комиссия жеңімпаз деп анықтаған қатысушы шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оған кепілдік жарна қайтарылмайды.
33. Өтінімі қанағаттандырылмаған қатысушының кепілдік жарнасы тендер өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде қайтарылады.
34. Кепілдік жарнаның сомасына оның тендерді Ұйымдастырушыда болған кезеңінде өсім есептелмейді.
35. Тендерге қатысушының қанағаттандырылмаған өтінімі оның жазбаша үндеуі бойынша, келесі тендерде қаралуы мүмкін.
36. ҚР Мемлекеттік материалдық резервінен тауарларды шығару тауарды шеттету туралы шарт жағдайларына сәйкес олардың құны ақшалай толық төленген соң не Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарын сақтай отырып банкі кепілдігі, шығарылатын құндылықтар сомасына аккредитив қойылған соң жүргізіледі.
37. Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервіне тауар жеткізу тауар жеткізу шарты жағдайларына сәйкес, тендерлік комиссия шешімі негізінде жүргізіледі.
38. Республикалық бюджеттен алынған қаражат бөлігінде тауар жеткізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жөніндегі
заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тендерге қатысуға
ӨТІНІМ
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
төлқұжатының мәліметі)
атынан______________________________________________________________
(тендерде компанияның мүддесін білдіретін уәкілетті адамның тегі,
аты, әкесінің аты, қызметі, жұмыс орны)
Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің тауарларын
шығару және жеткізу жөніндегі тендерлерге қатысушыларға арналған
Нұсқаулықпен танысып, ______ ж. "____" ____________ өткізілетін
тендерге қатысуға ниет білдіреді және
1. САТЫП АЛУДЫ 2. ЖЕТКІЗУДІ
____________________________________
(керек емесін сызып тасталсын)
жүзеге асыруды ұсынады
Атауы өл-м бірлігі ұс-н баға мөлшері сомасы
1)__________________ _____________ ____________ __________ ______
_____________________________________________________________ сомаға
(сома жазумен)
2)__________________ _____________ ____________ __________ ______
_____________________________________________________________ сомаға
(сома жазумен)
3)___________________ _____________ ____________ _________ ______
_____________________________________________________________ сомаға
(сома жазумен)
4)___________________ _____________ ____________ __________ _____
_____________________________________________________________ сомаға
(сома жазумен)
_______________________________________________________ жалпы сомаға
(сома цифрлармен және жазумен)
Қосымша шарттарды ұсынамыз (егер олар бар болса тізіп көрсетілсін):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(сома цифрлармен және жазумен)
________________________ мөлшеріндегі кепілдік жарна тендерді
Ұйымдастырушының шотына аударылды. Кепілдік жарнаның аударылғандығы
туралы растау осы өтінімге қоса беріледі (растау міндетті түрде).
______ ж. "____" ____________ N __________________ төлем құжаты
Біздің өтінімді тендерлік комиссия қанағаттандырған жағдайда, тендер
өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тауарды жеткізу
шартын (тауарды шеттету туралы шартты) жасауға міндеттенеміз.
Сатып алынатын тауардың сапасы бойынша реніш-талабымыз жоқ. Осы
өтінімге қол қоюмен тендерлік құжаттамамен яғни Нұсқаулықпен және
осы өтініммен анықталған біз үшін орындалуы міндетті ережелермен танысқандығымызды растаймыз. Сондай-ақ өтінімдегі көрсетілген
ақпараттың дұрыстығына кепілдік береміз.
Пошталық мекен жай: __________, тел.: ____________, факс: ________
(индекс, облыс, қала, көше үйдің N, пәт.N)
Банкілік деректемелер және қатысушы туралы басқа да ақпараттар:
СТН _________________ СЖК(е/ш) ________________ БЖК(ФАА)________
Банк________________________________________________________________
____________________________________________ ___________________
(қызметі, тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны) (қолы)
Өтінім толтырылған мерзім: ____ ж. "____"_____________ М.О.
____________________________________________________________________
КӨРСЕТІЛГЕН БАРЛЫҚ ТАРМАҚТАРДЫ ТОЛЫҚ ТОЛТЫРУ, АНЫҚ ҚОЛ
ҚОЮ ЖӘНЕ МӨР ТАҢБАСЫ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ, КЕРІ ЖАҒДАЙДА ӨТІНІМ
ЖАРАМСЫЗ ДЕП САНАЛАДЫ!!! ____________________________________________________________________