Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1456 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен) шығару және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 26 ақпандағы N 10 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 11 мамырдағы N 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 21 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2868. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 22 шілдедегі N 128 Бұйрығымен.

        Күші жойылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2008.07.22.  N 128 Бұйрығымен.

     --------------------Бұйрықтан үзінді---------------------

      "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
      1. ...
      2. ...
      3. Осы бұйрыққа тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      4. ...

      Министр                                           В. Божко

                                             Қазақстан Республикасы 
                                                Төтенше жағдайлар   
                                                   Министрінің      
                                            2008 жылғы 22 шілдедегі
                                                N 128 бұйрығына    
                                                     қосымша        

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының күшін жойған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. ...
      2. ...
      3. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік резервінің материалдық құндылықтарын шығару (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен) және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 26 ақпандағы N 10 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 11 мамырдағы N 40 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 21 мамырда N 2868 тіркелген, "Ресми газетте" 2004 жылғы 24 маусымда жарияланды).
      4. ...
      5. ...

      "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 8-тармақшасына сәйкес бұйырамын:
      1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен) шығару және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 26 ақпандағы N 10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8621 тіркелді, "Юридическая газетада" 2001 жылғы 30 сәуірде N 21, "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде", 2001 ж., N 23, 410-құжат, жарияланды (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 25 сәуірдегі N 24 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 22 мамырда N 1861 тіркелді)" бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен) шығару және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері:

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
      "12-1. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының 50-ден аса атаулары шығарылған кезде тендерді өткізу туралы ақпараттық хабарлама осы Ережелердің 12-тармағының 3) тармақшасынсыз жарияланады.
      Бұл жағдайда номенклатура, ең аз көлем, кесімді баға және шығару шарттары кіретін тауар туралы мәліметті конкурсты ұйымдастырушы уәкілетті жеткізушіге тікелей ұсынады.";

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша:
      мынадай мазмұндағы 6-1 тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының 50-ден аса атаулары шығарылған кезде тендерді өткізу туралы ақпараттық хабарлама осы Нұсқаулықтың 6-тармағының 3) тармақшасынсыз жарияланады.
      Бұл жағдайда конкурсты ұйымдастырушы номенклатура, ең аз көлем, кесімді баға және шығару шарттары кіретін тауар туралы мәліметті уәкілетті жеткізушіге тікелей ұсынады.".
      2. Мемлекеттік резервті бақылау және нормативтік құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Г.З.Дүйсенбекова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап бұйрық күшіне енеді.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады