"Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуiне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы"
Z010173_
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарының ақшасын жария ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1. Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiнші деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi күндiк мерзiмде осы қаулыны және Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 9 сәуірдегі
N 89 қаулысымен бекітілген
Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының
рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң
арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы
нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуiне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы"
Z010173_
Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң), Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы азаматтарының (бұдан әрi - салымшылар) ақшасын жария ету бойынша екінші деңгейдегі банктердiң (бұдан әрі - банктер) арнайы есепшоттар ашу және жүргізу ерекшеліктерiн және салымшылардың ақшасын жария ету бойынша арнайы есепшоттардағы (бұдан әрі - арнайы есепшоттар) ақшаның есебін жүргiзу тәртібiн айқындайды.
2. Осы Нұсқаулықта
K941000_
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде,
Z952444_
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" және
Z980237_
"Ақша төлемі және аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген ұғымдар қолданылады.
3. Арнайы есепшоттар салымшылардың жеке тұлғалардың салымдарына мiндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне қатысушы банктердегі талап ету салымының шарттары бойынша теңгемен және шетел валютасымен ашатын жинақ есепшоттары болып табылады.
Сонымен бiрге арнайы есепшотқа осы Нұсқаулықтың N 2-2 қосымшасына сәйкес тiзбе бойынша шетел валютасы шектеу қойылмай аударылады. <*>
Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2001.05.17. N 135 қаулысымен
.
V011516_
4. Салымшы мен банк арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталады.
5. Салымшылар банктердегі арнайы есепшоттарға ақшаны ұлттық немесе шетел валютасымен қолма-қол ақша салу, шетел банктеріндегі дербес есепшоттардан өз ақшасын аудару арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында белгіленген күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде жүзеге асырады, осы кезең iшiнде ақшаны жұмсауына болмайды.
Заңда белгiленген ақшаны жария ету кезеңi аяқталғаннан кейiн банктердегi арнайы есепшоттарға ақша аударуға тыйым салынады.<*>
Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 30 маусым N 272/1 қаулысымен
.
V011654_
6. Салымшылар Заңда белгiленген ақшаны жария ету кезеңi аяқталғаннан кейiн келесi күнi арнайы есепшоттарға салған ақшаларын Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жұмсай алады.
7. Салымшының арнайы есепшоттан басқа банктiк есепшоттарға ақша аударуы банктiк
V980711_
заңнамалардың нормаларына, сондай-ақ тиiстi банктiң операциялар жүргiзуiнiң жалпы шарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Арнайы есепшоттан ақша аударылған банктiк есепшоттарға қолданылып жүрген заңнамаларда көзделген әдеттегi жұмыс iстеу режимi қолданылады.
8. Банктер осы Нұсқаулықтың N 1 қосымшасында көзделген тәртiппен салымшылардың арнайы есепшоттарға орналастырылған ақшасына жеке есеп жүргiзiп отыруға тиiс.
2-тарау. Арнайы есепшот ашу ерекшелiктерi
9. Банктiк салым шарты бойынша арнайы есепшот ашу үшiн салымшылар банкке банктiк есепшоттар ашу, жүргiзу және жабу тәртiбiн реттейтiн
V001199_
Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген құжаттарды ұсынады.
Арнайы есепшоттардың бар екендiгi және олардағы ақшаның мөлшерi туралы ақпаратты жария етуге болмайды.
10. Банктiк салым шартында арнайы есепшоттың Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшасын жария ету мақсатында ашылуы мiндеттi түрде көзделуге тиiс.
11. Банктiк салым шарты жасалып, ақша салынғаннан кейiн банк салымшыға осы Нұсқаулықтың N 2 қосымшасына сәйкес нысанмен ақшаны жария ету бойынша арнайы есепшотқа ақша салғаны туралы куәлiк (бұдан әрi - куәлiк) бередi.
12. Куәлiк бланкiсi қатаң есептегi құжат болып табылады.
13. Банктер Ұлттық Банкке куәлiктердiң бланкiлерiн алуға тапсырысты алдын ала бередi. Ұлттық Банк алынған тапсырыстарға сәйкес куәлiктердiң бланкiлерiн даярлап, тапсырыс берушi банктерге және сатады.
14. Ұлттық Банк әрбiр тапсырыс берушi банкке қатысты берiлген куәлiк бланкiлерiнiң есептiк нөмiрiн және санын тiркеп отырады.
15. Осы Нұсқаулықтың N 2-1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша салымшылардың банктердегi арнайы есепшоттарға ақша аударуы үшiн Заңмен белгiленген ақшаны жария ету кезеңi аяқталған соң банктер пайдаланылмаған куәлiк бланкiлерiн жоюға тиiс, ол жөнiнде банктiң бiрiншi басшысының қолы қойылған актi жасалады. Банк куәлiк бланкілерінің жойылғаны туралы актінің нотариат куәландырған көшірмесін ақшаны жария ету кезеңі аяқталған соң бес күндік мерзімде Ұлттық Банкке беруге тиіс. <*>
Ескерту. 15-тармақ өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2001.04.20. N 123 қаулысымен
.
V011481_
Ескерту. 15-тармақ өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2001.05.17. N 135 қаулысымен
.
V011516_
3-тарау. Қорытынды ережелер
16. Осы Нұсқаулықта реттелмеген мәселелер, сонымен бірге арнайы есепшоттарды жабу мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 9 сәуiрдегi
N 89 қаулысымен бекiтiлген
Ақшаны жария етуiне байланысты
Қазақстан Республикасының
рақымшылық жасалған азаматтарына
екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы
есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi
туралы нұсқаулыққа
N 1 қосымша
Банктер азаматтардың арнайы есепшоттардағы ақшасын бухгалтерлiк есепте көрсету тәртiбiн былайша жүзеге асырады:
1. Қазақстан Республикасының азаматтары жария еткен ақшаның есебi "Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшасын жария ету жөнiндегi арнайы есепшоттар" 2222 баланстық есепшоттарында жүргiзiледi.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшасын жария ету жөнiндегi арнайы есепшоттарға ақша салған (аударым жасаған) кезде мынадай бухгалтерлiк жазбалар жасалады:
Дт 1001 "Кассадағы ақша"
(1050 "Корреспонденттiк есепшоттар")
Кт 2222 "Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшасын Жария етiлетiн ақшажария ету жөнiндегi арнайы есепшоттар" сомасына
(теңгемен немесе шетел валютасымен
бөлек жеке есепшоттар аша отырып)
3. Есептелген сыйақыны банктiң шығыстарына жатқызу арқылы ай сайын сыйақы есептеу кезiнде мынадай бухгалтерлiк жазбалар жасалады:
1) егер жария етiлетiн ақша теңгемен салынса (аударылса):
Дт 5222 "Қазақстан Республикасы азаматтарының
ақшасын жария ету жөнiндегi арнайы есепшоттар
бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар" Есептелген сыйақы
Кт 2722 "Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшасын сомасына
жария ету жөнiндегi арнайы есепшоттар бойынша
есептелген шығыстар"
2) егер жария етiлетiн ақша шетел валютасымен салынса (аударылса):
Дт 1858 "Шетел валютасымен банктiң қысқа
валюта позициясы" (2858) "Шетел валютасымен
банктiң ұзын валюта позициясы" Есептелген сыйақы
Кт 2722 "Қазақстан Республикасы азаматтарының сомасына
ақшасын жария ету жөнiндегi арнайы есепшоттар
бойынша есептелген шығыстар"
және сонымен қатар теңгемен:
Дт 5222 "Қазақстан Республикасы азаматтарының
ақшасын жария ету жөнiндегi арнайы есепшоттар
бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар" Есептелген сыйақы
Кт 1859 "Шетел валютасының қарсы құны теңгемен сомасына
(ұзын валюта позициясы)"
(2859) "Шетел валютасының қарсы құны теңгемен
(қысқа валюта позициясы)"
4. Есептелген сыйақы төлеу кезiнде мынадай бухгалтерлiк жазбалар жасалады:
Дт 2722 "Қазақстан Республикасы азаматтарының
ақшасын жария ету жөнiндегi арнайы есепшоттар
бойынша есептелген шығыстар" Төленетiн сыйақы
сомасына
Кт 1001 "Кассадағы ақша"
(1050 "Корреспонденттiк есепшоттар")
5. Қазақстан Республикасының азаматтары жария еткен ақшаны есепшоттан алған кезде мынадай бухгалтерлiк жазбалар жасалады:
Дт 2222 "Қазақстан Республикасы азаматтарының
ақшасын жария ету жөнiндегi арнайы есепшоттар" Төлем
Кт 1001 "Кассадағы ақша" тапсырмасында
(1050 "Корреспонденттiк есепшоттар") көрсетiлген сомаға
6. Қазақстан Республикасы азаматтарының жария еткен ақшасы және ол бойынша сыйақы төленбеген жағдайда мынадай бухгалтерлiк жазбалар жасалады:
Дт 2222 "Қазақстан Республикасы азаматтарының
ақшасын жария ету жөнiндегі арнайы есепшоттар" Жария етілген
б/е 2211 сомаға
Кт 2225 "Банктiң клиенттермен жүргiзiлетiн басқа
операциялары бойынша мерзiмi өткен берешегi"
Дт 2722 "Қазақстан Республикасы азаматтарының
ақшасын жария ету жөнiндегi арнайы есепшоттар
бойынша есептелген Сыйақы сомасына
шығыстар"
Кт 2749 "Басқа мерзiмi өткен сыйақы"
7. Банк Қазақстан Республикасы азаматтарының жария еткен ақшасын және ол бойынша сыйақыны кешiктiріп төлеген жағдайда мынадай бухгалтерлiк жазбалар жасалады:
Дт 2225 "Банктiң клиенттермен жүргiзiлетiн басқа
операциялары бойынша мерзiмi өткен берешегi" Жария етілген
Кт 1001 "Кассадағы ақша" сомаға
(1050 "Корреспонденттiк есепшоттар")
Дт 2749 "Басқа мерзiмi өткен сыйақы" Сыйақы сомасына
Кт 1001 "Кассадағы ақша"
(1050 "Корреспонденттiк есепшоттар")
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 9 сәуiрдегi
N 89 қаулысымен бекiтiлген
Ақшаны жария етуiне байланысты
Қазақстан Республикасының
рақымшылық жасалған
азаматтарына екiншi деңгейдегi
банктердiң арнайы есепшоттар
ашу және жүргiзу тәртiбi
туралы нұсқаулыққа
N 2 қосымша
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2001.04.20. N 123 қаулысымен . V011481_
Ақшаны жария ету бойынша арнайы есепшотқа
ақша салу туралы
КУӘЛIК
Берiлген күнi 200__ жылғы "____"___________________
Қазақстан Республикасының азаматы___________________________________
____________________________________________________________________ (аты-жөнi, жеке басы куәлiгiнiң N)
___________________________________________________________________ (мекен-жайы)
талап ету салымына_________________________________________________
(санмен және жазумен)
сомада ақша салғандығын растайды.
_____________________________________________________________банкi.
(банктiң толық атауы)
"Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуiне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгiленетiн ақшаны жария ету кезеңi аяқталғаннан кейiнгi келесi күннен бастап салымшы талап еткен бойда көрсетiлген соманы қайтаруға не оны өзге банктiк есепшотқа аударуға мiндеттенедi.
Басқарма Төрағасы
Бас бухгалтер
Банктiң мөрi
"Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 9 сәуiрдегi
N 89 қаулысымен бекiтiлген
Ақшаны жария етуiне байланысты
Қазақстан Республикасының
рақымшылық жасалған
азаматтарына екiншi деңгейдегi
банктердiң арнайы есепшоттар
ашу және жүргiзу тәртiбi
туралы нұсқаулыққа
N 2-1-қосымша
Ескерту. 2-1 қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2001.04.20. N 123 қаулысымен
.
V011481_
Ескерту. 2-1 қосымша өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 30 маусым N 272/1 қаулысымен.
V011654_
Ақшаны жария ету бойынша арнайы есепшотқа ақша салу
туралы куәлiктiң бланкiлерiн жою туралы
акт
_________________ ж.
____________________________________________________________________
(банктiң атауы)
Басқармасы Төрағасының 2001 жылғы "____"___________________ бұйрығы
негiзiнде iс-әрекет жасайтын_______________________________________
(аты-жөнi)
уәкiлеттi адамдар 2001 жылғы "____" ______________Ақшаны жария ету
бойынша арнайы есепшотқа ақша салу туралы куәлiктiң пайдаланылмаған
бланкiлерiн (бұдан әрi - "Куәлiктiң бланкiсi") жойды.
____________________________________________________________________ Р/с N | Куәлiк бланкiсiнiң есеп номерi __________|_________________________________________________________
| __________|_________________________________________________________
Жиынтығы: |
__________|_________________________________________________________ Куәлiктердiң бланкiлерi қағаз жоятын машиналарды қолдану арқылы жойылды.
Уәкiлеттi адамдар Куәлiктiң көрсетiлген бланкiлерiн жойған кезде тәртiп бұзушылықтар анықталған жоқ.
Осы акт 1 (дана) етіп жасалды, оның көшірмесі ақшаны жария ету кезеңі аяқталғаннан кейін бес күндiк мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беріледі.
Уәкілетті адамдар:
___________________ ___________ ___________
Басқарма төрағасы Аты-жөні Қолы
___________________ ___________ ___________
Бас бухгалтер Аты-жөні Қолы
___________________ ___________ ___________
(лауазымы) Аты-жөні Қолы
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 9 сәуiрдегi
N 89 қаулысымен бекiтiлген
Ақшаны жария етуiне байланысты
Қазақстан Республикасының
рақымшылық жасалған
азаматтарына екiншi деңгейдегi
банктердiң арнайы есепшоттар
ашу және жүргiзу тәртiбi
туралы нұсқаулыққа
N 2-2 қосымша
Ескерту. 2-2 қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2001.05.17. N 135 қаулысымен . V011516_
Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшасын жария ету
бойынша арнайы есепшотқа есептелуге тиiстi шетел
валютасының ТIЗБЕСI
1. Австралия доллары
2. Австрия шилингi
3. Ағылшын стерлинг фунты
4. Бельгия франкi
5. Голланд гульденi
6. Дат кронасы
7. АҚШ доллары
8. ЕУРО
9. Ирланд фунты
10. Испан песетасы
11. Итальян лирi
12. Канада доллары
13. Немiс маркасы
14. Норвег кронасы
15. Португал эскудосы
16. Фин маркасы
17. Француз франкi
18. Швед кронасы
19. Швейцар франкi
20. Жапон иенi
Ұлттық Банк
Төрағасы
Мамандар:
Икебаева А.Ж.
Жұманазарова А.Б.