"Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуiне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы"
Z010218_
Заңының қабылдануына байланысты және "Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуiне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы"
Z010173_
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарының ақшасын жария ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 89
V011466_
қаулысымен бекiтiлген Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстер бекiтiлсiн және Нұсқаулыққа өзгерiстер мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 89 қаулысымен бекiтiлген Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстердi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi күндiк мерзiмде осы қаулыны және Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстердi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г. Марченкоға жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 30 маусымдағы
N 272/1 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының
"Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының
рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi
банктердің арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу
тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстердi бекiту туралы"
2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 89 қаулысымен бекiтiлген
Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының
рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi
банктердiң арнайы есепшоттар ашу және
жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулыққа
өзгерiстер
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 89 қаулысымен бекiтiлген Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулыққа мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1. 5-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "жиырма" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. N 2-1 қосымшадағы "үш күндiк" деген сөздер "бес күндiк" деген сөздермен ауыстырылсын.
Ұлттық Банк
Төрағасы