Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде қайта құру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы N 54 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 23 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1475. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 54 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126-II ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы қаулы етеді: 
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде қайта құру ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн. 
      2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.): 
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде қайта құру ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
      2) осы қаулы және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде қайта құру ережесi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсін. 
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.Марченкоға жүктелсін. 

       Ұлттық Банк 
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық банкі басқармасының
2001 жылғы 3 наурыздағы 
N 54 қаулысымен бекітілген

  Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде 
қайта құру ережесi  

      Осы Ереже "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126-II Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң ) және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды қайта құру тәртiбiн реттейтiн басқа нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрленген және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (бұдан әрi - сақтандыру ұйымы) ерiктi түрде қайта құру ерекшелiктерiн белгiлейдi. 

      1. Сақтандыру ұйымын ерiктi түрде қайта құру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның (бұдан әрi - уәкiлеттi сақтандыру органы) рұқсаты болса, акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша жүзеге асырылады. 

      2. Сақтандыру ұйымын ерiктi түрде қайта құруға рұқсат алуға арналған өтiнiш (бұдан әрi - сақтандыру ұйымының өтiнiшi) осы Ережеде келтiрiлген нысан бойынша жасалады және уәкiлеттi мемлекеттiк органға берiледi. 

      3. Сақтандыру ұйымының өтiнiшiне мынадай құжаттар: 
      1) сақтандыру ұйымының уәкiлеттi органының өтпелi кезеңде сақтандыру ұйымының қызметiн басқару тәртiбi келтiрiлген ерiктi түрде қайта құру туралы шешiмi; 
      2) осы Ереженiң тиiстi талаптарына сәйкес келетiн ерiктi түрде қайта құру жөнiндегi iс-шаралар жоспары; 
      3) осы Ереженiң тиiстi талаптарына сәйкес келетiн және сақтандыру ұйымы акционерлерiнiң жалпы жиналысында бекiтiлген сақтандыру ұйымдарының болжамдық (есептiк) балансымен қоса, ерiктi түрде қайта құру зардаптарына қаржы болжамдары қоса берiлуi тиiс. 

      4. Сақтандыру ұйымының қайта құру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына: 
      1) сақтандыру ұйымын ерікті түрде қайта құру мерзімі; 
      2) қайта құру туралы сақтанушылар мен өзге де кредиторларға хабарлау тәртiбi; 
      3) ерікті түрде қайта құрылатын сақтандыру ұйымының сақтанушылар және өзге де кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындау мөлшері және мерзімі, сондай-ақ тәртібі; 
      4) сақтандыру ұйымы беретiн алдағы болатын қайта құрудың ерекшелiктерiн бейнелейтiн басқа да ақпарат кiредi.
       Ескерту: 4-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 525 қаулысымен.

      5. Өз еркiмен қайта құрудың зардаптарына жасалған қаржы болжамдарында мынадай деректер болуы тиiс: 
      1) жоспарланған ерiктi түрде қайта құруға экономикалық негiздеме; 
      2) сақтандыру ұйымын (ұйымдарын) қайта құру нәтижесiнде жасалатын болжамдық (есептiк) баланс; 
      3) нақты сақтандыру кластарын (түрлерін) көрсете отырып, сақтандыру сыйлықақыларының, сақтандыру резервтерінің жоспарланып отырған көлемінің экономикалық негізделген есебі.
      Сақтандыру ұйымы ерікті түрде қайта құрылу нәтижесінде жасалған болжау (есептік) баланс Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2467 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 25-шілдедегі N 241 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебін ұсыну тізбесі, нысаны және мерзімі туралы Нұсқаулықтың 1-қосымшасының 1-нысаны бойынша ұсынылады.
       Ескерту: 5-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 525 қаулысыменҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының  2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен.

      5-1. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығы жоқ заңды тұлға болып ерікті түрде қайта құрылған жағдайда өтінішке:
      1) осы Ереженің 3-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген құжаттар;
      2) сақтандыру ұйымының уәкілетті органы ерікті түрде қайта құру туралы шешім қабылдаған күнгі жай-күйі бойынша бұрынғы жасалған сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелердің болуын (жоқ екендігін) растайтын аудиторлық қорытынды;
      3) қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары болған кезде - өзге сақтандыру ұйымының ерікті түрде қайта құрылатын сақтандыру ұйымының қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерін қабылдау ниеті туралы, қабылданатын міндеттемелер көлемін көрсете отырып жасалған жазбаша растау. 
      Ескерту: 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 525 қаулысымен.

      6. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру ұйымының өтiнiшiн сақтандыру ұйымын ерiктi түрде қайта құруға арналған құжаттардың толық топтамасы түскен күннен бастап бiр айдың iшiнде қарауы тиiс. 

      7. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру ұйымы берген құжаттар топтамасын қарау нәтижелерi бойынша осы Ережеде белгiленген мерзiмде сақтандыру ұйымын ерiктi түрде қайта құруға арналған құжаттардың толық топтамасын беруге рұқсат беру туралы және рұқсат беруден бас тарту жөнiнде шешiм қабылдайды. 

      8. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган Заңның 63-бабында көзделген негiздемелер бойынша сақтандыру ұйымын ерiктi түрде қайта құруға рұқсат беруден бас тартады. 
      Уәкiлеттi мемлекеттiк орган өтiнiш берушiге сақтандыру ұйымдарын ерiктi түрде қайта құруға рұқсат беруден бас тарту негiздемесiн көрсете отырып жазбаша хабарлайды. 

      9. Сақтандыру ұйымы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ерікті қайта құруды жүргізуге берген рұқсатын алғаннан кейін, он төрт күнтізбелік күн ішінде өзінің барлық сақтанушыларына және өзге де кредиторларына алдағы болатын қайта құру туралы жазбаша хабарлайды және тиісті хабарландыруды республикалық екі газетке жариялайды.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 184 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Алдағы болатын қайта құру туралы хабарландыруда мынадай ақпарат болуы тиiс: 
      1) сақтандыру ұйымын қайта құру туралы акционерлердiң жалпы жиналысында шешiм қабылданған күн; 
      2) уәкiлеттi мемлекеттiк органның ерiктi түрде қайта құруға рұқсат беру туралы шешiм қабылданған күн; 
      3) сақтандыру ұйымын қайта құруды жүргiзудiң себептерi мен нысаны туралы мәлiметтер; 
      4) ерiктi түрде қайта құруға уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатын алған кездегi қайта құрылатын сақтандыру ұйымының қаржылық жай-күйi туралы жалпы мәлiметтер. 
      Сақтандыру ұйымын қайта құру туралы хабарламаларға қайта құрылатын сақтандыру ұйымының олармен жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарына қатысты мiндеттемелерiн қайта құрылатын сақтандыру ұйымының құқықтық мұрагерi болып табылатын сақтандыру ұйымына беруге келiсiм беру туралы өтiнiшiнiң үлгiсiн қоса беруi тиiс. Сақтанушы (қайта сақтанушы) көрсетiлген өтiнiштi жасауы, қол қоюы және осы Ережеде белгiленген мерзiмде сақтандыру ұйымына қайтаруы тиiс. 

      11. Қайта құрылатын сақтандыру ұйымы сақтанушының (қайта сақтанушының) өтiнiшiн алмаған жағдайда, қайта құру туралы хабарламаны жiберген күннен бастап отыз күнтізбелік күн iшiнде қайта құрылатын сақтандыру ұйымы осындай сақтанушылармен (қайта сақтанушылармен) жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарына қатысты құқықтық мұрагерiн мынадай тәртiппен өз бетiнше белгiлеуге құқылы: 
      1) сақтандыру ұйымдарын бiрiктiрген кезде - сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мiндеттемелер өткiзу актiсiне сәйкес қайта құрылған сақтандыру ұйымына берiледi; 
      2) бiр сақтандыру ұйымын басқа сақтандыру ұйымына қосқан кезде - сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мiндеттемелер өткiзу актiсiне сәйкес басқа сақтандыру ұйымы қосылатын сақтандыру ұйымына берiледi; 
      3) сақтандыру ұйымын бөлген кезде - сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер бөлу балансына сәйкес қайта туындаған сақтандыру ұйымына берiледi. 
      Осыған орай сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мiндеттемелер өздерiне көшкен сақтандыру ұйымы (ұйымдары) бөлу балансы бекiтiлген күннен бастап жеті күнтізбелік күн ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша оның мiндеттемелерiн өткiзу туралы сақтанушыға (қайта сақтанушыға) хабарлайды; 
      4) бiр сақтандыру ұйымын басқа сақтандыру ұйымынан бөлiп шығарған кезде - сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мiндеттемелер сақтанушымен (қайта сақтанушымен) тиiстi сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын бұрын жасасқан сақтандыру ұйымында қалады; 
      5) сақтандыру ұйымын қайта құрған кезде - сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер ерікті түрде қайта құрылатын сақтандыру ұйымының қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерді қабылдау ниеті бар өзге сақтандыру ұйымына өткізу актісіне сәйкес беріледі. 
      Ескерту: 11-тармаққа өзгеру енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002.12.29 N 525, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 184 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      11-1. Сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер көшетін сақтандыру ұйымдары өткізу актісі (бөлу балансы) бекітілген күннен бастап бір апта мерзімде сақтанушыларға, қайта сақтанушыларға ерікті түрде қайта құрылатын сақтандыру ұйымымен жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерді қабылдағаны туралы хабарлайды.
      Ескерту: 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002.12.29 N 525 қаулысымен.

      11-2. Ерікті түрде қайта құрылатын сақтандыру ұйымы ай сайын есептіден кейінгі айдың он бесіне дейінгі мерзімде уәкілетті мемлекеттік органға іс-шаралар жоспарын орындағаны туралы хабарлайды.
      Ескерту: 11-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002.12.29 N 525, өзгеру енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 184 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      12. Өткiзу актiсi (бөлу балансы) мен сақтандыру ұйымының жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша өз мiндеттемелерiн басқа сақтандыру ұйымына беруiн не мұндай мiндеттемелердiң жоқ екендiгiн растайтын құжаттар сақтандыру ұйымының уәкiлеттi органы оларды бекiткен күннен бастап жетi күнтізбелік күн iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органға берiледi.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгеру енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 184 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 

      13. Кредиторлардың шағымдарын беру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмiнiң аяқталуы бойынша сақтандыру ұйымы мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өту үшiн әдiлет органдарына өтiнiш бередi.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеру енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 184 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Сақтандыру ұйымын қайта құру нәтижесiнде құрылған жаңа заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта ресiмдеу) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жүргiзiледi. 

      15. Сақтандыру ұйымы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткен күннен бастап жетi күнтізбелік күннен кешiктiрмей бұл жөнiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарлайды.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеру енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 184 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 

      16. Сақтандыру ұйымы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күннен кешiктiрмей уәкiлеттi мемлекеттiк органға сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия беру (қайта ресiмдеу) туралы өтiнiш бередi.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеру енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 184 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Сақтандыру ұйымы уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiне Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен шағым жасай алады. 

      18. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi. 

        Төраға  

                                       Қазақстан Республикасының
                                      Ұлттық Банкi Басқармасының 
                                       2001 жылғы 3 наурыздағы
                                      N 54 қаулысымен бекiтiлген
                                     Сақтандыру (қайта сақтандыру)
                                     ұйымдарын ерiктi түрде қайта
                                         құру ережесiне қосымша

                                      Қазақстан Республикасының    
                                  Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
                                    реттеу мен қадағалау жөніндегі 
                                       агенттігінің Төрағасына     
                                      __________________________    

       Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының  2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен.

            Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын 
            ерiктi түрде қайта құруға рұқсат алуға
                           ӨТІНІШ

____________________________________________________________________                      (өтiнiш берушiнiң атауы)
____________ жылғы "__" ________ N ____ акционерлердiң жалпы
(өткiзiлетiн орны)
жиналысының шешiмiне сәйкес________________________________________
                               (тұрған орнын көрсете отырып,
____________________________________________________________________
 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы көрсетiлсiн)
ерiктi түрде қайта құруға рұқсат беруiңiздi сұрайды.
     Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ерiктi түрде қайта құруға
рұқсат алу үшiн берiлген осы өтiнiштi ресiмдеуге құқық берiлген
уәкiлеттi тұлға болып табылатындар
____________________________________________________________________
        (уәкiлеттi адамның аты-жөнi және аталған өкiлеттiктi
____________________________________________________________________
            алуға негiздеме болып табылатын құжатқа сiлтеме)
____________________________________________________________________
           (уәкiлеттi адамның лауазымы және тұрған жерi)
      Құрылтайшылар өтiнiшпен қоса берiлген құжаттардың дұрыс болуына
толық жауап бередi.
      Қосымша: (жіберілетін құжаттардың толық тiзiмi, олардың
әрқайсысы бойынша даналар мен парақ саны көрсетiлсiн):______________
____________________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан өтiнiш беруге 
уәкiлеттi адамның қолы, күнi ұйым үшін - құжатты тіркеу номері)

Об утверждении Правил добровольной реорганизации страховой (перестраховочной) организации

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 3 марта 2001 года № 54. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 апреля 2001 года № 1475. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 февраля 2012 года № 54

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 24.02.2012 № 54 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации Закона Республики Казахстан "О страховой деятельности" от 18 декабря 2000 года N 126-II ЗРК Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемые Правила добровольной реорганизации страховой (перестраховочной) организации и ввести их в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан. 
      2. Департаменту страхового надзора (Курманов Ж.Б.): 
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления и Правил добровольной реорганизации страховой (перестраховочной) организации; 
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление и Правила добровольной реорганизации страховой (перестраховочной) организации до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата, территориальных филиалов Национального Банка Республики Казахстан и страховых (перестраховочных) организаций. 
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Председателя Национального Банка Республики Казахстан Марченко Г.А. 

    Председатель
Национального Банка 

                                              Утверждены
                                        постановлением Правления 
                                           Национального Банка
                                          Республики Казахстан 
                                        от 3 марта 2001 г. N 54 

                            Правила
             добровольной реорганизации страховой
                 (перестраховочной) организации 

      Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законом  Республики Казахстан "О страховой деятельности" от 18 декабря 2000 года N 126-II ЗРК (далее - Закон) и другими нормативными правовыми  актами Республики Казахстан, регулирующими порядок реорганизации юридических лиц и определяют особенности добровольной реорганизации страховой (перестраховочной) организации (далее - страховая организация).
      1. Добровольная реорганизация (слияние, присоединение, разделение, выделение, преобразование) страховой организации осуществляется по решению общего собрания акционеров, при наличии разрешения уполномоченного государственного органа по регулированию и надзору за страховой деятельностью (далее - уполномоченный государственный орган).
     2. Ходатайство на получение разрешения на проведение добровольной реорганизации страховой организацией (далее - ходатайство страховой организации) составляется по форме, приведенной в Приложении к настоящим Правилам, и представляется в уполномоченный государственный орган.
      3. К ходатайству страховой организации должны прилагаться следующие документы: 
      1) решение уполномоченного органа страховой организации о добровольной реорганизации, содержащее в себе порядок управления деятельностью страховой организации на переходный период; 
      2) соответствующий требованиям настоящих Правил план мероприятий по проведению добровольной реорганизации; 
      3) соответствующий требованиям настоящих Правил и утвержденный общим собранием акционеров страховой организации финансовый прогноз последствий добровольной реорганизации, включая прогнозный (расчетный) баланс страховой организации.
      4. План мероприятий по проведению реорганизации страховой организации должен включать в себя: 
      1) сроки проведения добровольной реорганизации страховой организации; 
      2) порядок извещения страхователей и иных кредиторов о реорганизации; 
      3) размеры и сроки, а также порядок исполнения обязательств добровольно реорганизуемой страховой организации перед страхователями и иными кредиторами; 
      4) иную информацию, представляемую страховой организацией, отражающую особенности предстоящей реорганизации.
      Сноска. Пункт 4 с изменениями - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 декабря 2002 года N 525.
      5. Финансовый прогноз последствий добровольной реорганизации должен содержать следующие данные: 
      1) экономическое обоснование планируемой добровольной реорганизации; 
      2) прогнозный (расчетный) баланс создаваемой в результате реорганизации страховой организации (организаций); 
      3) экономически обоснованный расчет планируемого объема страховых премий, страховых резервов, с указанием конкретных классов (видов) страхования.
      Прогнозный (расчетный) баланс создаваемой в результате добровольной реорганизации страховой организации представляется по форме 1 приложения 1 к Инструкции о перечне, формах и сроках представления финансовой отчетности страховыми (перестраховочными) организациями и страховыми брокерами, утвержденной постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2003 года N 241, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 2467). 
      Сноска. Пункт 5 с изменениями - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 декабря 2002 года N 525; от 25 октября 2004 года N 304.
      5-1. В случае добровольной реорганизации страховой организации в юридическое лицо без права осуществления страховой деятельности к ходатайству прилагаются:
      1) документы, предусмотренные подпунктами 1), 2) пункта 3 настоящих Правил;
      2) аудиторское заключение по состоянию на дату принятия решения уполномоченным органом страховой организации о добровольной реорганизации, подтверждающее наличие (отсутствие) обязательств по ранее заключенным договорам страхования;
      3) при наличии действующих договоров страхования (перестрахования) - письменное подтверждение иной страховой организации о намерении принять обязательства по действующим договорам страхования (перестрахования) добровольно реорганизуемой страховой организации, с указанием объема принимаемых обязательств.
      Сноска. Правила дополнены новым пунктом 5-1 - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 декабря 2002 года N 525.
      6. Ходатайство страховой организации должно быть рассмотрено уполномоченным государственным органом в течение одного месяца со дня поступления полного пакета документов на проведение добровольной реорганизации страховой организации.
      7. По результатам рассмотрения представленного страховой организацией пакета документов уполномоченный государственный орган, в установленный настоящими Правилами срок, принимает решение о выдаче или об отказе в выдаче разрешения на проведение добровольной реорганизации страховой организации.
      8. Отказ в выдаче разрешения на проведение добровольной реорганизации страховой организации производится уполномоченным государственным органом по основаниям, предусмотренным статьей 63 Закона. 
      Уполномоченный государственный орган письменно уведомляет заявителя об отказе в выдаче разрешения на его добровольную реорганизацию с указанием оснований отказа.
      9. После получения разрешения уполномоченного государственного органа на проведение добровольной реорганизации, страховая организация в течение четырнадцати календарных дней письменно уведомляет всех своих страхователей и иных кредиторов о предстоящей реорганизации и опубликовывает соответствующее объявление в двух республиканских газетах.
      Сноска. Пункт 9 с изменениями, внесенными постановлением Правления АФН РК от 27.12.2010 № 184 (вводится в действие по истечении четырнадцати календарных дней со дня гос. регистрации в МЮ РК).
      10. Уведомление о предстоящей реорганизации должно содержать следующую информацию: 
      1) дату принятия решения общим собранием акционеров о реорганизации страховой организации; 
      2) дату принятия уполномоченным государственным органом решения о выдаче разрешения на добровольную реорганизацию; 
      3) сведения о причинах и форме проведения реорганизации страховой организации; 
      4) общие сведения о финансовом состоянии реорганизуемой страховой организации на момент получения разрешения уполномоченного государственного органа на добровольную реорганизацию. 
      К уведомлению о реорганизации страховой организации должен быть приложен образец заявления страхователя (перестрахователя) о его согласии на передачу обязательств реорганизуемой страховой организации в отношении заключенного с ним договора страхования (перестрахования) в страховую организацию, являющуюся правопреемником реорганизуемой страховой организации. Указанное заявление страхователь (перестрахователь) должен составить, подписать и вернуть в страховую организацию в установленный настоящими Правилами срок.
      11. В случае неполучения реорганизуемой страховой организацией заявления страхователя (перестрахователя) в течение тридцати календарных дней с даты направления ему уведомления о реорганизации, реорганизуемая страховая организация имеет право самостоятельно установить правопреемство в отношении договоров страхования (перестрахования), заключенных такими страхователями (перестрахователями), в следующем порядке: 
      1) при слиянии страховых организаций - обязательства по договорам страхования и перестрахования передаются вновь образованной страховой организации, в соответствии с передаточным актом; 
      2) при присоединении одной страховой организации к другой страховой организации - обязательства по договорам страхования и перестрахования передаются страховой организации, к которой присоединяется другая страховая организация, в соответствии с передаточным актом; 
      3) при разделении страховой организации - обязательства по договорам страхования и перестрахования передаются во вновь возникшие страховые организации, в соответствии с разделительным балансом. 
      При этом страховая организация (организации), к которой (которым) переходят обязательства по договорам страхования и перестрахования, в течение семи календарных дней с даты утверждения разделительного баланса уведомляет (уведомляют) страхователя (перестрахователя) о передаче обязательств по его договорам страхования (перестрахования); 
      4) при выделении одной страховой организации из другой страховой организации - обязательства по договорам страхования и перестрахования остаются в страховой организации, с которой страхователем (перестрахователем) ранее были заключены соответствующие договора страхования (перестрахования); 
      5) при преобразовании страховой организации - обязательства по договорам страхования и перестрахования передаются иной страховой организации, имеющей намерение принять обязательства по действующим договорам страхования (перестрахования) добровольно реорганизуемой страховой организации в соответствии с передаточным актом.
      Сноска. Пункт 11 с изменениями, внесенными постановлением  Правления Национального Банка РК от 29.12.2002 № 525; постановлением Правления АФН РК от 27.12.2010 № 184 (вводится в действие по истечении четырнадцати календарных дней со дня гос. регистрации в МЮ РК).
      11-1. Страховые организации, к которым переходят обязательства по договорам страхования, перестрахования, в недельный срок с даты утверждения передаточного акта (разделительного баланса) уведомляют страхователей, перестрахователей о принятии обязательств по договорам страхования (перестрахования), заключенным с добровольно реорганизуемой страховой организацией.
      Сноска. Правила дополнены новым пунктом 11-1 - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 декабря 2002 года N 525.
      11-2. Добровольно реорганизуемая страховая организация ежемесячно в срок до пятнадцатого числа месяца, следующего за отчетным, информирует уполномоченный государственный орган об исполнении плана мероприятий.
      Сноска. Правила дополнены пунктом 11-2 постановлением Правления Национального Банка РК от 29.12.2002 № 525; с изменениями, внесенными постановлением Правления АФН РК от 27.12.2010 № 184 (вводится в действие по истечении четырнадцати календарных дней со дня гос. регистрации в МЮ РК).
      12. Передаточный акт (разделительный баланс) и документы, подтверждающие передачу страховой организацией своих обязательств по заключенным договорам страхования (перестрахования) другой страховой организации либо отсутствие таких обязательств, представляются в уполномоченный государственный орган в течение семи календарных дней со дня их утверждения уполномоченным органом страховой организации.
      Сноска. Пункт 12 с изменениями, внесенными постановлением Правления АФН РК от 27.12.2010 № 184 (вводится в действие по истечении четырнадцати календарных дней со дня гос. регистрации в МЮ РК).
      13. По истечении срока, установленного законодательством Республики Казахстан для предъявления претензий кредиторами, страховая организация обращается в органы юстиции для государственной регистрации (перерегистрации).
      Сноска. Пункт 13 с изменениями, внесенными постановлением Правления АФН РК от 27.12.2010 № 184 (вводится в действие по истечении четырнадцати календарных дней со дня гос. регистрации в МЮ РК).
      14. Государственная регистрация (перерегистрация) новых юридических лиц, образованных в результате реорганизации страховой организации,       производится в соответствии с требованиями  законодательства Республики Казахстан.
      15. Не позднее семи календарных дней со дня государственной регистрации (перерегистрации) в органах юстиции страховая организация уведомляет об этом уполномоченный государственный орган.
      Сноска. Пункт 15 с изменениями, внесенными постановлением Правления АФН РК от 27.12.2010 № 184 (вводится в действие по истечении четырнадцати календарных дней со дня гос. регистрации в МЮ РК).
      16. Не позднее четырнадцати календарных дней со дня государственной регистрации (перерегистрации) в органах юстиции страховая организация обращается в уполномоченный государственный орган с ходатайством о выдаче (переоформлении) лицензии на право осуществления страховой деятельности.
      Сноска. Пункт 16 с изменениями, внесенными постановлением Правления АФН РК от 27.12.2010 № 184 (вводится в действие по истечении четырнадцати календарных дней со дня гос. регистрации в МЮ РК).
      17. Решение уполномоченного государственного органа может быть обжаловано страховой организацией в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан. 
      18. Вопросы, не урегулированные настоящими Правилами, решаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Председатель  

                                           Приложение
                           к Правилам добровольной реорганизации
                         страховой (перестраховочной) организации,
                           утвержденным постановлением Правления
                          Национального Банка Республики Казахстан
                                   от 3 марта 2001 года N 54
      Сноска. Приложение с изменениями - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 октября 2004 года N 304.

                                                                                                            Председателю
                             Агентства Республики Казахстан по
                             регулированию и надзору финансового
                             рынка и финансовых организаций
                             г-ну ____________

                         ХОДАТАЙСТВО
       на получение разрешения на проведение добровольной 
    реорганизации страховой (перестраховочной) организации 
_______________________________________________________________
                         (наименование заявителя)
просит в соответствии с решением общего собрания акционеров N__
"_______"______________________года,___________________________
                                          (место проведения)
дать разрешение на проведение добровольной реорганизации 
_______________________________________________________________
 (полное наименование страховой (перестраховочной) организации,
_______________________________________________________________
               с указанием ее места нахождения)
    Уполномоченным лицом, которому представлено право на 
оформление настоящего ходатайства на получение разрешения на 
проведение добровольной реорганизации страховой (перестраховочной) 
организации является___________________________________________
                (фамилия, имя, отчество уполномоченного лица и _______________________________________________________________
ссылка на документ, являющийся основанием получения названных полномочий)
_______________________________________________________________
(занимаемая должность уполномоченного лица и место жительства)
    Учредители полностью отвечают за достоверность прилагаемых к
ходатайству документов.

     Приложение: (указать полный перечень направляемых документов,
количество экземпляров и листов по каждому из них): 
________________________________________ 
(подпись лица, уполномоченного на подачу 
ходатайства от имени страховой 
(перестраховочной) организации, дата
для организации - номер регистрации документа)