Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1475 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде қайта құру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы N 54 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы. 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 525. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 1 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2145. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 54 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде қайта құру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы N 54 қаулысына   (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1475 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 2-15 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде қайта құру ережесінің:

      4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) сақтандыру ұйымын ерікті түрде қайта құру мерзімі;";
      4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) ерікті түрде қайта құрылатын сақтандыру ұйымының сақтанушылар және өзге де кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындау мөлшері және мерзімі, сондай-ақ тәртібі;";
      5-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "нақты сақтандыру кластарын (түрлерін) көрсете отырып, сақтандыру сыйлықақыларының, сақтандыру резервтерінің жоспарланып отырған көлемінің экономикалық негізделген есебі.";

      5-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Сақтандыру ұйымы ерікті түрде қайта құрылу нәтижесінде жасалған болжау (есептік) баланс Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1915 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 209 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық есебінің тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша ұсынылады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығы жоқ заңды тұлға болып ерікті түрде қайта құрылған жағдайда өтінішке:
      1) осы Ереженің 3-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген құжаттар;
      2) сақтандыру ұйымының уәкілетті органы ерікті түрде қайта құру туралы шешім қабылдаған күнгі жай-күйі бойынша бұрынғы жасалған сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелердің болуын (жоқ екендігін) растайтын аудиторлық қорытынды;
      3) қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары болған кезде - өзге сақтандыру ұйымының ерікті түрде қайта құрылатын сақтандыру ұйымының қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерін қабылдау ниеті туралы, қабылданатын міндеттемелер көлемін көрсете отырып жасалған жазбаша растау.";

      11-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) сақтандыру ұйымын қайта құрған кезде - сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер ерікті түрде қайта құрылатын сақтандыру ұйымының қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерді қабылдау ниеті бар өзге сақтандыру ұйымына өткізу актісіне сәйкес беріледі.";

      мынадай редакциядағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      "11-1. Сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер көшетін сақтандыру ұйымдары өткізу актісі (бөлу балансы) бекітілген күннен бастап бір апта мерзімде сақтанушыларға, қайта сақтанушыларға ерікті түрде қайта құрылатын сақтандыру ұйымымен жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерді қабылдағаны туралы хабарлайды.";

      мынадай редакциядағы 11-2-тармақпен толықтырылсын:
      "11-2. Ерікті түрде қайта құрылатын сақтандыру ұйымы ай сайын есептіден кейінгі айдың он бесіне дейінгі мерзімде уәкілетті мемлекеттік органға іс-шаралар жоспарын орындағаны туралы хабарлайды.
      Ерікті түрде қайта құру мерзімі сақталмаған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін шаралар қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк Төрағасының
        міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады