Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 1 желиоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3236. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 385 қаулысымен (04.02.2012 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының Заңдарымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1)  <*>
       Ескерту: 1) тармақша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 20 қаулысымен

      2) <*>
       Ескерту. 2) тармақшаның күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 196 қаулысымен.

      3) Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 173 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      4) <*>
      Ескерту. 4) тармақшаның күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5)  Ескерту: 5) тармақша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.11.30.  N 257 (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      6) <*>
      Ескерту: 6) тармақша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 41   қаулысымен .

      7) <*>
       Ескерту: 7) тармақша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 4   қаулысымен

      8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне күн сайынғы және ай сайынғы баланстарды беру мерзімі туралы" 2002 жылғы 29-желтоқсандағы N 532  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2166 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 10-23-ақпанында N 4 жарияланған):

      атауындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржылық қадағалау бөлімшесі (бұдан әрі - қаржылық қадағалау бөлімшесі)" деген сөздер "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен" деген сөздер "уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "қаржылық қадағалау бөлімшесі" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) <*>
       Ескерту: 9) тармақша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 55  қаулысымен

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он төрт күн өткен соң қолданысқа енеді. 

      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.) осы қаулыны алған күннен бастап жеті күндік мерзімде:
      1) Заң департаментімен бірлесіп (Байсынов М.Б.) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      4. Агенттік қызметін қамтамасыз ету департаменті (Р.Р. Несіпбаев) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын. 

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады