Күші жойылды - ҚР Энергетика және Минералдық ресурстар министрінің 2009.04.03 N 91 Бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасына жекелеген тауарлар әкелуге шектеулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 сәуiрдегi N 457 P010457_ қаулысының 2-тармағын iске асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасына жекелеген тауарлар әкелуге квота берудiң тәртiбi мен шарттары туралы" Нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) бекiтілсiн.
2. Мұнай өнеркәсiбi департаментiне:
1) Нұсқаулықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетiмен келiсу;
2) Нұсқаулықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз ету;
3) квота беруге құжаттарды қарау;
4) берілген квоталардың есебiн жүргiзу;
5) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетiне квота беру туралы шешiмге қол қоюға құқығы бар уәкiлеттi тұлғалар қолдарының үлгілерi мен Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi мөрiнiң үлгiсiн беру;
6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден
комитетiне квота беру туралы шешiмдер беру жүктелсiн. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар Вице-Министрi Н. Қаппаровқа жүктелсiн. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Министр КЕЛІСІЛДІ БЕКІТІЛДІ Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Энергетика және минералдық Кеден комитеті ресурстар министрінің бұйрығы 2001 ж. 23 мамырда N 2001 жылғы 11 мамырдағы N 130 Қазақстан Республикасына жекелеген тауарлар әкелуге квоталар берудiң тәртібi мен шарттары туралы НҰСҚАУЛЫҚ
1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасындағы кедендiк iс туралы" Z952368_ Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi Заңына және "Қазақстан Республикасына жекелеген тауарлар әкелуге шектеулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2001 жылғы 6 сәуiрдегi N 457 P010457_ қаулысына (одан әрi - Қаулы) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасына жекелеген тауарлар әкелуге (импорт) квота берудің тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
2. Осы Нұсқаулықтың күшi ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны мен тiркелген орнына қарамастан, шетелдiктердi қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы заңды және жеке тұлғаларға тарайды.
3. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасына әкелiнуi кезiнде квоталанатын тауарлардың Қаулымен бекiтiлген, осы Нұсқаулыққа тiркелген N 1 қосымшада келтiрiлген тiзбесi негiзi болып табылатын квоталаудың бiрыңғай жүйесi жүредi.
4. Қаулымен бекiтiлген тiзбе бойынша тауарларға квота бөлудi және берудi Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) жүзеге асырады.
5. Квоталар бойынша жекелеген тауарлар әкелудi жүзеге асыратын тұлға (бұдан әрi - өтiнушi) Министрлiкке мынадай құжаттарды беруге мiндеттi:
1) осы Нұсқаулыққа N 2 қосымшаға сәйкес жазбаша өтiніш;
2) заңды тұлғалар үшiн - мемлекеттiк тiркелгендiк туралы куәлiктiң көшiрмесi;
Жеке тұлғалар үшiн - жеке куәлiктiң көшiрмесi;
жеке кәсiпкер ретiнде тіркелген жеке тұлғалар үшiн - жеке кәсiпкер (патент) ретiндегi, нотариуспен расталған жеке куәлiктiң көшiрмесi және мемлекеттiк тiркелгендiк туралы куәлiктiң көшiрмесi;
3) технологиясы әкелінетін тауарларды пайдаланбайынша (олардан араластыру компаундирлеу немесе тұнба мен қоспаларды енгiзу жолымен алуға емес) мүмкiн емес тауарлардың әрi қарай өндiрiс үшiн шикiзат ретiнде пайдаланылу мақсатында әкелiнетiндiгiн растайтын жеткiзiлiмге арналған шарттың (келiсiм-шарттың) көшiрмесi және мiндеттi қайтарым шартымен беттестiруге арналған шарттың түпнұсқасы;
4) егер де тұтынушыға тауар жеткiзушi ретiнде делдал жүрген жағдайда өтiнушi, делдал және тұтынушы арасындағы шарттың көшiрмесi және мiндетті қайтарым шартымен беттестiруге арналған түпнұсқа;
5) өтiнушiнiң әкелiнетiн тауарды қайта өңдеушi өндiрiсте пайдалануға арналған тiкелей техникалық-экономикалық негiздемесi;
6) "Қазақстан Республикасындағы тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетудiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес лицензиялауға жататын тауарларға лицензияның көшiрмесi және міндеттi қайтарым шартымен беттестiруге арналған түпнұсқа;
7) тауардың шығу тегi туралы шығарған елдің құзыреттi органы берген сертификат.
2), 3), 4), 6) тармақшаларда көрсетiлген құжаттар бiрiншi басшының қолымен және өтiнушінің мөрiмен, егер ондай болса, расталған ксерокөшiрмелер түрiнде берiледi. Мұндай талап жеке тұлғаға жүрмейдi. Ұсынылған мәлiметтердiң растығына жауапкершiлiк өтiнiш берушiге жүктеледi.
Өтiнушi ұсынған құжаттар Министрлiктің деректер базасында тiркелуге жатады.
Деректер базасы - қаулымен бекiтiлген тiзбе бойынша тауарлар әкелуге берiлген өтiніштер, берiлген квоталар туралы ақпараттың және жеңіл және орта дистиллятар рыногының мониторингi мен қаулының орындалуын бақылау үшiн қажетті, оларды пайдалану жөнiндегi ақпараттың жиынтығы.
6. Министрлiктiң салалық департаменттерi тауарды әкелуге квота беру кезiнде:
1) әкелiнетiн тауардың заттай алғандағы көлемiн анықтайды;
2) әкелу мерзiмдерiн анықтайды.
7. Министрлiк бекiткен квоталар көлемi Министрлiк бланкiсiнде уәкiлетті тұлғалардың қолы қойылып, мөрмен расталған хат түрiнде ресiмделедi.
8. Құжаттарды қарау мерзiмi құжаттардың толық жинақтамасымен өтініш алынған күннен бастап 3 жұмыс күнін құрайды.
9. Өтiнушiге берiлетiн квота Министрлiктің деректер базасында тiркелуге жатады.
10. Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасына сәйкес келiсiм-шартқа (шартқа) енгiзілген тауарлардың атауларының санына тәуелсiз квота тауардың бiр түріне берiледi.
11. Квота бір мәміле бойынша импорттық операцияны жүзеге асыру үшін квота берілген күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге беріледі.
12. Квотаның қолданылу мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ 2001 жылғы 31 желтоқсанына дейінгі мерзімнен аспауы тиіс. Квотаның қолданылу мерзімі ұзарту үшін оның иесі Министрлікке жазбаша нысанда уәжді өтінішін жібереді. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі квотаның қолданылу мерзімін ұзартуды Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің бланкісінде қосымша хат ресімдеу жолымен жүзеге асырады.
13. Министрлік Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетіне (бұдан әрі - Комитет) квотаның көлемін, сондай-ақ көрсетілген тауарларды ресімдеудің кедендік органын жолдайды.
14. Министрлік Комитетке министрліктің уәкілетті тұлғалары қолының үлгісін және квотаны растайтын мөрдің басылымын жеткізеді.
15. Квота иеліктен шығарылмайтын, яғни өтінуші басқа да жеке немесе заңды тұлғаға тапсырмайтын болып табылады. Квота бір тауардың импортына онда көрсетілген мерзімдерге рұқсат болып табылады және квоталанатын тауарды кедендік ресімдеу үшін негіздің бірі болып қызмет атқарады.
16. Министрлік мына жағдайларда себептерін көрсете отырып, үш ай мерзімге дейін квотаның қолданылу күшін тоқтата тұруға құқылы:
өтінуші тиісті өтініш жасағанда;
лицензияланатын тауар түрлеріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатылғанда;
әкелінетін квоталанатын тауарлар мақсатсыз жұмсалғанда;
өтінуші Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанда;
сот өтінушінің квоталанатын тауарды әкелумен тікелей байланысты қызмет түрімен айналысуға тыйым салғанда.
Берілген квотаның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім өтінушіге және Комитетке жазбаша нысанда жеткізіледі.
17. Квота қайтадан Министрліктің шешімі қабылданғаннан кейін жаңартылуы мүмкін және жаңарған болып саналады, ол 3 күндік мерзім ішінде өтінушіге және Комитетке жазбаша нысанда жеткізіледі. Бұл ретте соттың шешімі бойынша квотаның күші тоқтатылған жағдайда Министрліктің шешімі өтінушінің шаруашылық қызметіне тыйым салу немесе тоқтату туралы соттың тиісті шешімі жоққа шығарылғаннан кейін шығарылады.
Тоқтатыла тұру күнінен бастап үш ай мерзімнің өтуі бойынша квотаның тоқтатыла тұру күші жаңартылмаған жағдайда квота күшін жоғалтқан болып саналады.
18. Квотаның қолданылу мерзімінің өтуі бойынша Комитет Министрлікке оның орындалуы туралы мәліметтер жібереді.
19. Министрліктің тауарлар импортын квоталауға байланысты шешімдері мен іс-әрекеттері сот тәртібімен шағымдалуы мүмкін.
"Қазақстан Республикасына
жекелеген тауарларды әкелуге квоталар берудің тәртібі мен шарттары туралы" нұсқаулыққа N 1 қосымша
Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде
квоталанатын тауарлардың тізбесі __________________________________________________________________________ N СЭҚ ТН Тауардың атауы 2001 жылғы 31 Тауар импортына р/с коды желтоқсанға арналған дейінгі квота лицензияның көлемі қажеттілігі __________________________________________________________________________ жеңіл дистилляттар __________________________________________________________________________ 1. 271000110 ерекше процестерді 1000 тонна жоқ өңдеу үшін 2. 271000150 271000110 тәуелді 2000 тонна жоқ қосалқы позицияда көрсетілгеннен басқа процестерде химиялық өзгертулер үшін __________________________________________________________________________ арнайы бензиндер: __________________________________________________________________________ 3. 271000210 уайт-спирит 100 тонна иә 4. 27100250 басқалар 1000 тонна иә 5. 271000390 өзге де жеңіл 50 тонна иә дистилляттар 6. 271000410 ерекше процестерді 50 тонна иә өңдеу үшін 7. 271000450 271000410 тәуелді 50 тонна иә қосалқы позицияда көрсетілгеннен басқа процестерде химиялық өзгертулер үшін __________________________________________________________________________
"Қазақстан Республикасына
жекелеген тауарларды әкелуге квоталар берудің тәртібі мен шарттары туралы" нұсқаулыққа N 2 қосымша
ӨТІНІШ
1. Өтінуші - ұйым, мекен-жайы, телефоны
2. Тауардың атауы
3. Тауардың СЭҚ ТН коды, оның сипаттамасы
4. Тауардың әкеліну мерзімдері квотаның қолданылуы
5. Тауарды тұтынушы - ұйым
6. Тауардың әкеліну мақсаты
7. Өтінушінің қолы
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Икебаева Ә.Ж.