Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 10 наурыздағы N 145 бұйрығымен.
---------------Бұйрықтан үзінді----------------
Нормативтік құқықтық базаны қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тізім бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. ...
3. ...
Министр
Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің
2005 жылғы 10 наурыздағы
N 145 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі
1. ...
2. ...
3. ...
4. "Орта кәсіптік білім беру оқу орындарының қызметін ұйымдастыру тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және»ғылым министрінің 2001 жылғы 4 шілдедегі N 539 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1621 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені, 2001 ж., N 31, 486-құжат).
5. ...
6. ...
___________________________________________________
Орта кәсіптік білім беру орындарының қызметін жетілдіру және дамытуды қамтамасыз ету мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Орта кәсіптік білім беру оқу орындарының қызметін ұйымдастыру тәртібі жөніндегі ереже бекітілсін.
2. Жоғары және орта кәсіптік білім департаменті (Ә.Әбжаппаров) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігіне белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармалары (департаменттері) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан осы бұйрықты барлық орта кәсіптік білім беру орындарының басшыларына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жоғары және орта кәсіптік білім департаментіне (Ә. Әбжаппаров) жүктелсін.
Министр
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрдің
2001 жылғы 4 шілдедегі N 539
бұйрығымен бекітілген
1. Осы Ереже орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орындарына: колледждерге, училищеге ведомстволық бағыныстылығына және меншiк түрiне қарамастан үлгi болып табылады.
2. Орта кәсiптiк оқу орындар орта кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асырады және еңбек қызметiнiң түрлi бағыттары бойынша бiлiктi мамандар даярлаумен тәрбиелеудi қамтамасыз етедi.
3. Орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орындарының алдына мынадай мiндеттер қойылады:
1) нақты мамандықтар бойынша қажеттi теориялық бiлiмi және практикалық дағдысы бар бiлiктi кәсiптiк бiлiмдi мамандарды даярлау;
2) еңбек рыногы мен өндiрiс салаларының талаптарына сай бiлiктi мамандарды даярлаудың сапасын тұрақты жетiлдiру;
3) жұмыссыздар мен жұмыстан босаған қызметкерлердi қайта оқыту және қайта даярлау;
4) жұмыс iстеп жүрген орта кәсiптiк бiлiмi бар мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру.
4. Орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орындарында мамандарды даярлау негiзгi жалпы, жалпы орта және бастаушы кәсiптiк бiлiм базаларында конкурстық негiзде жүргiзiледi.
5. Орта кәсiптiк бiлiм беру орындарын құру, қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы"
Заңына
, Заң күшi бар Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорындар туралы"
Жарлығына
сәйкес жүргiзiледi.
6. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орындары бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығын Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiнен лицензия алған сәттен бастап алады және лицензиясы керi қайтарылып алынған немесе жарамсыз деп табылған сәттен бастап Қазақстан Республикасы заңнамалары белгiлеген тәртiппен қызметi тоқтатылады.
7. Әрбiр орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орны Қазақстан Республиканың заңнамаларының негiзiнде бекiтiлген жарғысына ие болады. (РҚАО-ның сілтемесі:
Z990389_
(10-бап) қараңыз.)
8. Орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орны меншiктi мүлкi, аты мен мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi (мемлекеттiк оқу орындары үшiн Қазақстан Республика Гербi бейнеленген) және мемлекеттiк тiлде өзiнiң аты жазылған мөртаңбасы, сондай-ақ заңдарда белгiленгендей банктерде есеп-шоты бар заңды тұлға және жоғарғы оқу орнының құрылымдық бөлiмшесi болуы мүмкiн.
2. Оқу тәрбие процесiн ұйымдастыру
9. Орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орындарында әр түрлi мерзiмде орта кәсiптiк бiлiм беру бағдарламалары, қосымша кәсiптiк бiлiм беру және мамандарды қайта даярлау бағдарламалары жүргiзiлуi мүмкiн.
10. Нақты мамандық бойынша бiлiм берудiң мазмұны, оны iске асырудың нормативтiк мерзiмi мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм стандарты негiзiмен белгiленедi.
Орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орындарында оқыту күндiзгi, сырттай, кешкi, дистанциялық және экстернат түрлерiнде жүргiзiледi.
Бiлiм алудың өзгешелiк түрлерiн үйлестiруге рұқсат етiледi.
11. Оқу жылы 1 қыркүйекте басталады және оқу процесi кестесiне сәйкес 1 шiлдеден кеш емес мерзiмде аяқталады.
12. Орта кәсiптiк бiлiм беру орнында төмендегiдей негiзгi сабақтар түрлерi белгiленедi: сабақ, дәрiс, семинар, практикалық сабақтар, лабораториялық жұмыстар, бақылау жұмыстары, консультациялар, өздiк жұмыс, курстық және дипломдық жұмыстарды жобалау (курстық және дипломдық жұмыс). Аудиториядағы барлық сабақ түрлерi үшiн академиялық сағаттың ұзақтығы 45 минут болып белгiленедi.
Әртүрлi кәсiптiк практика мен оқу сабақтарын өткiзу мерзiмi жұмыс оқу жоспарлары мен оқу графигiнiң кестесiмен белгiленедi.
13. Оқытудың нысандарын, әдiстерiн және үлгiрiмнiң аралық аттестациясы мен ағымдық бақылау кезеңiн оқу орны оқу жоспары мен бағдарламасы негiзiнде әзiрлейдi.
14. Мемлекеттiк орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орны оқу топтарының жиынтығы мамандықтар бойынша күндiзгi нысандарында 25-30 адам, (өндiрiстен қол үзбей) сырттай оқитын бөлiмдерiнде 15-20 адам болып белгiленедi.
Оқу орнындағы лабораториялық жұмыстардың, практикалық және семинар сабақтардың, сондай-ақ дене тәрбиесi сабақтары мен жекеленген пәндердi шеберханаларда (полигондарда, шаруашылықта) кәсiби оқытудың тiзбесiн оқу жоспарына сәйкес анықтағанда, оқу топтары 12 адамнан кем емес шағын топтарға бөлiнуi мүмкiн.
Оқу орнының өзiндiк ерекшелiктерiн ескере отырып, оқу сабақтары кейбiр оқушылармен жеке жүргiзiлуi (жеке сабақтар, жеке шығармашылық оқыту нысандары) мүмкiн.
15. Орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орнында оқыту мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жүргiзіледi, сондай-ақ мүмкiншiлiк және қажеттiлiк болса бiлiмдi басқа тiлдер арқылы алу мүмкiн.
16. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудiң сапасын жетiлдiру, әдiстемелiк жұмыс, оқытушылардың педагогикалық шеберлiгiн арттыру мақсатында оқу орнында оқытушылар және басқада оның қызметкерлерiн бiрiктiретiн (педагогикалық, әдiстемелiк кеңестер, пәндiк немесе циклдiк комиссиялар) органдар құрылады.
17. Оқытудың экстернат түрi жұмысшылар мен мамандарды даярлайтын тиiстi кәсiптер мен топтасқан мамандықтар бiлiктiлiгiн кәсiптiк бiлiмнiң бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
3. Орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орнының құрылымдық
бөлiмдерiнiң қызметiн ұйымдастыру
18. Орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орнында оқу-тәрбие процесiн сапалы ұйымдастыру мақсатында дайындық курстар, оқу-өндірістік шеберханалар, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары, бөлiмдер, бiлiктiлiктi көтеру және мамандарды қайта даярлау, мамандықтар топтамасы бойынша бөлiмдер, филиалдар және басқа да бөлiмше құрылымдары құрылуы мүмкін.
19. Орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орнының филиалы оқу орнының бөлiмдiк құрылымы болып табылады, оның құрамына кiредi, одан басқа жерде жұмыс жасайды және оқушылар саны 50 кем болмаған жағдайда ұйымдастырылады.
1) филиалда оқу мынадай түрлерде жүзеге асырылады: күндiзгi, сырттай, кешкi және экстернат түрiнде оқу орындағы мамандықтар бойынша;
2) филиалдардың жұмысына құрылтайшы бекiткен директор басшылық жасайды.
20. Бөлiм (күндiзгi, сырттай, кешкi) оқу орнының құрылымдық бөлiгi болып табылады. Өндiрiстен қол үзiп және қол үзбей оқытатын мамандар даярлайтын бiр және бiрнеше ұйқас мамандықтары бойынша бөлiмдер құрылады.
21. Орта кәсiптiк оқу орнында бөлiм мынадай жағдайда құрылады:
күндiзгi оқу түрi бойынша бiр немесе бiрнеше мамандықтарда 150 оқушыдан кем емес жағдайда;
сырттай оқу түрi бойынша 50 оқушыдан кем емес жағдайда;
кешкi оқу түрi бойынша 100 оқушыдан кем емес жағдайда.
22. Оқу өндiрiстiк шеберханалар оқыту және өндiрiстiк базасы болып табылады:
1) теориялық оқуды өндiрістiк еңбекпен ұштастыруды қамтамасыз етуге;
2) оқушылардың оқу жоспары мен бағдарламаларына сәйкес еңбек рыногы сұранымына қажеттi мамандықтар алуға;
3) өнiмдер, шеберханаларға құралдар мен қосалқы құралдар, кабинеттер мен зертханаларға көрнектi құралдар және приборлар, сонымен қатар жабдықтар, машиналар және механизмдер шығаруды ұйымдастыруға;
4) кәсiпорындарға, ұйымдарға және халыққа ақылы қызметтер көрсетуге.
23. Оқу шеберханасы өндiрiстiк білiктiлiк жұмыстарының тiзiмiн, мазмұнын және қойылатын талаптарын мамандар даярлауды жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлермен келiсе отырып тiкелей оқу орны айқындайды.
24. Оқу топтарында кәсiби бiлiмге оқыту мен оқу шеберханасының жұмысына өндiрiстiк оқыту шеберi басшылық жасайды.
25. Орта кәсiптiк оқу орнының оқу шаруашылығы бағытына байланысты егiлетiн, жайылымдық жерлер, су айдындар, орманды пайдалы жерлер, мал фермалары, ауылшаруашылық жануарларын, құстар, аралар, қояндарды және т.б. ие болуға мүмкiндiгi бар.
4. Орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орнын басқару
26. Мемлекеттiк орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орнын Қазақстан Республикасының заңнамаларына белгiленген тәртiппен құрылтайшы тағайындаған басшы басқарады
V950211_
.
Оқу орнының басшысы Жарғыға сәйкес бiлiмдi басқарудағы өкiлеттi органның келiсiмiмен өзiнiң орынбасарларын тағайындайды және жұмыстан босатады.
27. Орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орны оқу-тәрбие процесiн, мамандарды iрiктеу мен орналастыру, ғылыми, шаруашылық-қаржылық және басқа да қызметтердi Қазақстан Республикасының бекiтiлген заңнамалары шегiнде жүзеге асырады.
28. Орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орны орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орнының директорлар кеңесiнiң, орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орнының ұйқас мамандықтар топтамасы бойынша оқу-әдiстемелiк бiрлестiктерiнiң өзiн-өзi басқару кәсiптiк органдарының жұмыстарына қатысуы мүмкiн.
5. Орта кәсіптiк бiлiм беру оқу орындары қызметiн
қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету
29. Мемлекеттiк кәсiптiк орта оқу орындары мемлекеттiк бiлiм тапсырысы арқылы орта кәсiптiк бiлiм мамандарын даярлауда бiр бiлiм алушыға қажеттi есеппен қаржыландырылады.
30. Орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орындары мемлекеттiк бiлiм тапсырысы көлемiнде бағдарлама әкiмшiлiктерiмен келiсе отырып, оқу орындарын басқару құрылымын, штаттық кестенi бекiтедi.
31. Мемлекеттiк орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орны белгiленген еңбекақы төлеу қорының шегiнде қосымша төлемдер мен үстемелердiң түрлерi мен мөлшерiн қолданыстағы заңнамалармен белгiленген мөлшерден кем емес етiп бекiтедi. (РҚАО-ның сілтемесі:
P020041_
(4-Қосымша) қараңыз.)
32. Орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орындары мүлiктерiн Жарғыда анықталған тәртiппен шешуге және оны пайдалануға құқылы
Z990389_
V950211_
.
33. Мемлекеттiк емес орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орындары бiлiм беру қызметтерiн ақылы ұйымдастыру есебiнен, құрылтайшылар қаржысынан және басқа Қазақстан Республикасының заңнамаларымен тыйым салынбайтын басқа да көздерден қаржыландырылады. (РҚАО-ның сілтемесі:
Z990389_
(5-тармақ 43-бап) қараңыз.)
34. Мемлекеттiк емес орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орындары бiлiм беру қызметтерiне ақы алуға құқылы.