Қазақстан Республикасы арнаулы орта оқу орындары туралы Уақытша Ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi 1995 жылғы 24 қазандағы N 24. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 26 қазан N 211 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнің 2003 жылғы 13 тамыздағы N 554 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi, Еңбек министрлiгi, Қаржы министрлiгi және Экономика министрлiгiнiң келiсiмiмен бекiтiлген 23 маусым 1993 ж. N 524 Қаулысы, Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi туралы Ережеге сәйкес, бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы арнаулы орта орындары туралы Уақытша Ереже бекiтiлсiн (қоса берiледi).
      2. Жоғары және арнаулы орта бiлiм бас басқармасы (Т.М. Мұхаметқалиев) Уақытша Ереженi басшылыққа алып, 1995 жылдың 1 шiлдесiне дейiн, арнаулы орта оқу орындарының оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыруды регламенттейтiн нормативтi құжаттарды дайындасын және оны бекiтуге тапсырсын.
      3. Министрлiктер мен ведомстволардың арнаулы орта оқу орындарын басқару органдары, облыстық және Алматы қалалық бiлiм басқармалары (департаменттерi), арнаулы орта оқу орындарының директорлары жарғыларын осы Ережеге сәйкестендiрсiн және 1995 жылдың 1 тамызына дейiн белгiленген тәртiп бойынша оларды тiркеуден өткiзсiн.
      4. КСРО мемлекеттiк бiлiм комитетiнiң 7 маусым 1989 ж. N 565 бұйрығымен бекiтiлген КСРО арнаулы орта оқу орындарының Уақытша ережесi күшiн жойды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау министрдiң орынбасары Е.Ө.Медеуовке жүктелсiн.

      Министр

Бiлiм министрлiгiнiң
31 қаңтар 1995 ж. N 24
Бұйрығына
Қосымша

Қазақстан Республикасы арнаулы орта оқу
орындары туралы уақытша
ЕРЕЖЕ I. Арнаулы орта оқу орны, оның құрылымы мен мiндеттерi
 

        1. Қазақстан Республикасында арнаулы орта және жалпы орта (толық) бiлiмнiң бiлiми-кәсiптiк бағдарламаларын жүзеге асыратын заңды құқы бар мекеме арнаулы орта оқу орны болып табылады.
      2. Арнаулы орта оқу орындары Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының басқа заңды құжаттарының ережелерiне, осы Ережеге және өз Жарғысына сәйкес құрылады, қайта құрылады, қызмет етедi және таратылады.
      3. Арнаулы орта оқу орындары өзiнiң ұйымдық-құқылық негiзiне қарай мемлекеттiк және мемлекеттiк емес (жеке меншiк, қоғамдық және дiни мекемелер) болып құрылуы мүмкiн.
      Мемлекеттiк емес арнаулы орта оқу орындарына бұл Ереже үлгi болып табылады.
      4. Мемлекеттiк арнаулы орта оқу орындары құрылады, қайта құрылады және таратылады:
      - республикалық бағыныстағы - Бiлiм министрлiгi ұсынысымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нұсқауымен, Алматы және Ленинск қалалық әкiмшiлiктерi басшыларының, Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi және тиiстi салалас министрлiктер мен ведомстволардың келiсiмiмен;
      - жергiлiктi бағыныстағы - облыстық, Алматы және Ленинск әкiмшiлiктерi әкiмдерінiң басшылығымен, Бiлiм министрлiгi мен тиiстi салалас министрлiктер мен ведомстволардың келiсiмiмен.
      Арнаулы орта оқу орнының құрылтайшысы мiндетiн мемлекеттiк арнаулы орта оқу орны құрылғандығы туралы құжат шыққаннан кейiн қарамағына қарайтын тиiстi мемлекеттiк басқарма орындайды.
      5. Мемлекеттiк емес арнаулы орта оқу орындарын құруды, қайта құруды және таратуды олардың заңды құрылтайшылары мен нақты адамдар жүзеге асырады.
      6. Қазақстан Республикасы заңдары берген бiлiм беру қызметi және жеңiлдiктердi пайдалану құқығы арнаулы орта оқу орындарында лицензия алған күннен бастап пайда болады.
      Арнаулы орта оқу орындарына бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына лицензиялар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен берiледi.
      7. Арнаулы орта оқу орындарының басты мiндеттерi (негiзгi қызметi):
      - жеке адамның интеллектуалдық, мәдени және рухани жағынан жетiлдiрудегi таңдап алған қызмет саласында арнаулы орта бiлiм мен мамандық алудағы қажеттерiн қанағаттандыру;
      - қоғамның арнаулы орта бiлiмдi бiлiктi мамандар жөнiндегi әлеуметтiк-экономикалық қажеттерiн қанағаттандыру;
      - орта буын мамандарды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру;
      - iргелi, қолданбалы ғылыми зерттеулер, ғылыми-техникалық, тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру, сонымен бiрге арнаулы орта мектептiң келелi мәселелерiн шешу;
      - азаматтыққа тәрбиелеу, мемлекет, қоғам, отбасы алдындағы жеке адамның мiндеттерiн саналы түрде меңгерту, сонымен бiрге Республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өмiрiне қажеттiгiн тәрбиелеу;
      - қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа халықтардың әдет-ғұрпы мен дәстүрiн, мәдениетiн меңгеру үшiн жағдай жасау.
      8. Қазақстан Республикасында арнаулы орта оқу орындарының мынадай түрлерi жұмыс iстейдi: техникум (училище, мектеп), арнаулы орта оқу орны - кәсiпорын (мекеме) сонымен бiрге жоғары дәрежедегi оқу орындары - колледждер.
      Колледж - толық емес жоғары және бастауыш жоғары (арнаулы орта) бiлiмнiң бiлiми-кәсiптiк бағдарламаларын жүзеге асыратын дербес оқу орны немесе жоғары оқу орнының құрылымдық бөлiмшесi.
      Техникум (училище, мектеп және басқа да белгiленген тәртiппен осыларға теңгерiлген оқу орындары) - орта буын мамандар дайындаудың бiлiми-кәсiптiк бағдарламаларын жүзеге асыратын дербес арнаулы орта оқу орны.
      Арнаулы орта оқу орны-кәсiпорын (мекеме) - бұл бiлiм беретiн мекеме, арнаулы орта бiлiмнiң бiлiми-кәсiптiк бағдарламаларын; сонымен бiрге кәсiби даярлаудың деңгейiн көтеруге бағытталған өндiрiстен қызметтi iс жүзiнде жүзеге асырады.
      9. Мемлекеттiк арнаулы орта оқу орнының ресми атауы ол құрылған кезде немесе қайта құрылған кезде белгiленедi, арнаулы орта бiлiмдi мемлекеттiк басқарудың орталық органдары (Бiлiм министрлiгi, сонымен бiрге арнаулы орта оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволар) оқу орнының ұйымдық-құқылық құрылысы мен кадрлар дайындау бағытын өзгерiске әкелiп соқпаса оның атын өзгерте алады.
      Арнаулы орта оқу орындарының ресми атауында бұрынғы КСРО-ның мемлекеттiк наградалары көрсетiлмейдi.
      10. Мемлекеттiк емес арнаулы орта оқу орындары Бiлiм министрлiгiмен бiрге арнаулы орта оқу орындары бар тиiстi салалас министрлiктер мен ведомстволарға тiркелгеннен кейiн үйлесiмдi статусқа ие болады.
      11. Оқу орындарына мемлекеттiк аккредитациясыз өздерiнiң бұрынғы атауларын пайдалануға болмайды.
      12. Арнаулы орта оқу орындарының бөлiмдерi (факультеттер), лабораториялары, оқу мекемесi, кабинеттерi, шеберханалары, полигондары мен оқу шаруашылығы; филиалдары мен оқу-кеңес беру орындары, емдеу орындары, ғылыми-конструкторлық бюролары, шығармашылық ұжымдары, бiлiктiлiгiн көтеру және мамандарды қайта даярлау бөлiмдерi (факультеттерi) болады.
      Арнаулы орта оқу орындарының құрамына заңды мәртебесi бар оқу кiтапханалары оқу залдарымен, оқу, әлеуметтiк-мәдени және өндiрiстiк бөлiмшелер енедi.
      13. Арнаулы орта оқу орындарында басқа да құрылымдық бөлiмшелер немесе комиссиялар құрыла алады, олар бiр немесе бiрнеше ұқсас мамандықтар бойынша мамандар даярлауды оқу, әдiстемелiк (ғылыми-әдiстемелiк) жұмыстарды жүргiзетiн оқытушыларды бiрiктiредi.
      14. Арнаулы орта оқу орындарында құрылымдық бөлiмшелердi құруды (филиалдар, оқу-кеңес беру орындары мен оқытушылардың бiлiктiлiгiн көтеру бөлiмдерiнен (факультеттерден) басқа), оқу орнының өзi жүзеге асырады, белгiленген тәртiп бойынша арнаулы орта оқу орнының жарғысына өзгерiс енгiзедi, құрылтайшыға хабарлайды.
      Арнаулы орта оқу орнының құрамында немесе жанында мемлекеттiк кәсiпорын, мекеме және ұйым (бюджеттiктi қосқанда) құруды, сонымен бiрге заңды мәртебесi барларын да белгiленген тәртiп бойынша құрылтайшы жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк арнаулы орта оқу орындарында филиалдар, оқу-кеңес беру орындары және оқытушылардың бiлiктiлiгiн арттыру мен мамандарды қайта даярлау бөлiмдерi (факультеттер) Бiлiм министрлiгiнiң келiсiмiмен құрылтайшы арқылы құрылады.
      15. Арнаулы орта оқу орны, оның құрылымдық бөлiмшелерi мен заңды мәртебесi бар өнеркәсiп, мекеме, ұйым, бiртұтас ғылыми-өндiрiстiк кешен - бiлiм беру мекемесi болып табылады.
      Арнаулы оқу орны бiртұтас ғылыми-өндiрiстiк кешен - бiлiм беру қызметi ретiнде қамтамасыз етiледi:
      - оқу тәрбие процесiнде барлық бөлiмшелердiң мiндеттi қатысуымен;
      - арнаулы орта оқу орны басшылары мен оқу орны Кеңесiнiң шешiмдерiн барлық құрылымдық бөлiмшелердiң орындауымен;
      - арнаулы орта оқу орындарында кешен құрамына енетiн бөлiмшелер, арнайы шығарған қаржы есебiнен орталықтандырылған қордың құрылуымен. Осы қорлардың пайдалану тәртiбiн оқу орнының Кеңесi белгiлейдi.
      Бiртұтас ғылыми-өндiрiстiк бiлiм беру кешенiнiң iшкi ұйымдық-құқықтық қатынастарының айқын сипаты мен мазмұны арнаулы орта оқу орнының Жарғысымен анықталады.

II. Арнаулы орта оқу орнына қабылдау

      16. Мемлекеттiк арнаулы орта оқу орындарына оқушылар (студенттер) қабылдау, бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқының лицензиясына сәйкес конкурстық негiзде;
      - бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттiк стандарт шегiнде мамандар даярлауға қабылдау жоспары бойынша;
      - кәсiпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен және басқа да заңды ұйымдармен тiкелей шарттар бойынша жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк арнаулы орта оқу орындарында қабылдау жоспарын олардың құрылтайшылары белгiлейдi.
      17. Арнаулы орта оқу орындарына қабылдау жалпы негiзгi, жалпы орта (толық) немесе кәсiптiк-техникалық бiлiмi бар азаматтардың және өтiнiшi бойынша, түсушiлердiң арнаулы орта мектептiң кәсiптiк бағдарламаларын меңгеру мүмкiншiлiктерiн анықтау мақсатында жүргiзiлетiн қабылдау сынақтарының нәтижесi негiзiнде жүзеге асырылады.
      Конкурс болған жағдайда, егерде Қазақстан Республикасы Үкiметi шешiмдерiмен басқа жағдайлар ескертiлген болмаса, оқуға қабылдау ең қабiлеттi және даярланған түсушiлермен қамтамасыз етiлуi керек.
      18. Арнаулы орта оқу орындарына мамандық бойынша тапсыратын сынақтардан басқа, қабылдау сынақтарынсыз жалпы орта мектептiң негiзгi және жоғары сатысын үздiк бiтiрген, сонымен бiрге орта кәсiптiк училищенi үздiк дипломмен бiтiрген адамдар қабылданады.
      Кәсiптiк-техникалық училищенi жалпы бiлiм беретiн мектептiң жоғары сатысында үздiк дипломмен бiтiргендерге көрсетiлген тәртiп алған мамандығына сәйкес мамандықтарға түскенде қатысты.
      19. Мемлекеттiк арнаулы орта оқу орындарына түсушiлерден жеке өтiнiштерiмен қатар оның жеке басын куәландыратын құжаттар талап етiледi, мемлекеттiк үлгiдегi жалпы негiзгi, жалпы (толық) орта немесе кәсiптiк-техникалық бiлiмi туралы құжат, дәрiгерлiк анықтама, сонымен бiрге қажеттi фото-суреттер саны.
      Егерде, оқуға түсушi Қазақстан Республикасы заңдары белгiленген жеңiлдiктердi талап етсе немесе Қазақстан Республикасы заңдары белгiлеген шектеулерге байланысты арнаулы орта оқу орны талап етсе, оқуға түсушi басқа да қосымша құжаттар тапсыруы мүмкiн.
      20. Арнаулы орта оқу орындарына қабылдау кезiнде қабылдау комиссиясы жұмысының жариялылығы және ашықтығы Қазақстан Республикасы заңдары бекiткен азаматтардың бiлiм алу құқығын сақтауды қамтамасыз етедi.
      Арнаулы орта оқу орны түсушiлердi арнаулы орта оқу орнының Жарғысымен және қабылдау мен бiлiм беру процесiн регламенттейтiн құжаттармен таныстыруға мiндеттi.
      Мемлекеттiк емес арнаулы орта оқу орындары бiлiм беру қызметiн жүргiзуге құқық беретiн лицензиямен және бiлiм беру мекемесiнiң (колледж, техникум, училище, мектеп, арнаулы орта оқу орны кәсiпорын, мекеме т.с.с.) мәртебесiн айқындайтын мемлекеттiк аккредитациямен оқуға түсушiлердi таныстыруға мiндеттi.
      21. Қабылдау сынақтары кезiнде оқуға түсушiлерге өз бiлiмдерi мен iскерлiктерiн толық көрсетуге мүмкiндiк беру керек, бейбiт және тiлектестiк жағдай қамтамасыз етiлуi керек.
      22. Қанағаттанарлықсыз баға алғандар конкурсқа қатыспайды, арнаулы орта оқу орындарына қабылданбайды.
      23. Аппеляцияны қарау тәртiбiн арнаулы орта оқу орны белгiлейдi.
      24. Мемлекеттiк арнаулы орта оқу орындарына оқушы қатарына қабылдау мерзiмiн Бiлiм министрлiгi белгiлейдi.
      25. Әлеуметтiк-экономикалық келелi мәселелердi шешу үшiн кадрлар дайындауда мемлекеттiк органдар мен қоғамдық ұйымдарға жәрдемдесу мақсатында арнаулы орта оқу орындары белгiленген қабылдау жоспары шегiнде бюджет қаржысы есебiнен мақсатты қабылдауға белгiлi орын санын бөле алады. Осы орындарға жеке конкурс ұйымдастырады. Бұл жағдайда арнаулы орта оқу орындары тиiстi мемлекеттiк органдар және мекемелермен, сонымен бiрге оқыту құнын жарым-жартылай немесе толық төлеп оқуға келiсiм шарт жасайды.
      26. Арнаулы орта оқу орындары негiзiнен Қазақстан Республикасы заңдарына, осы Ережеге, Бiлiм министрлiгi бекiткен Қазақстан Республикасы арнаулы орта оқу орындарына қабылдаудың Негiзгi ережелерiне қайшы келмейтiн қабылдау ережелерiн дербес зерттеп дайындайды және бекiтедi.

III. Арнаулы орта оқу орындарының оқу тәрбие қызметi

      27. Арнаулы орта оқу орындарында бастауыш (арнаулы орта) және толық емес жоғары бiлiмнiң мамандар даярлаудағы кәсiптiк бiлiм беру бағдарламалары, қосымша кәсiптiк бiлiм беру және мамандарды қайта даярлау бағдарламалары әртүрлi мерзiм мен деңгейде жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Арнаулы орта оқу орындарында тиiстi лицензия бар болған жағдайда жалпы орта және кәсiптiк-техникалық бiлiм беру бағдарламалары жүзеге асырыла алады.
      28. Мамандар даярлайтын және қайта даярлайтын мамандықтарды арнаулы орта оқу орнына берiлген лицензия анықтайды және оның Жарғысында көрсетiледi.
      Тиiстi мамандықтардың бiлiм беру мазмұнын, оны меңгерудiң нормативтi мерзiмдерiн оқу орны бiлiм беру стандарты негiзiнде анықтайды.
      Арнаулы орта оқу орны оқу процесiн мақсатты ұйымдастыру жолдары мен оқыту сипатын, әдiстерiн және құралдарын таңдай бiлуiмен бiлiм алушыларға бiлiм-кәсiптiк бағдарламаларды меңгеру үшiн қажеттi жағдай жасайды. Адам өмiрiне және денсаулығына зиянды, адамгершiлiкке жат оқыту әдiстерiн пайдалануға болмайды.
      29. Мемлекеттiк арнаулы орта оқу орындарында оқыту қазақ және орыс тiлдерiнде жүргiзiледi, олар оқу бөлiмшелерiнiң қажеттi санымен, сонымен бiрге жұмыс iстеу үшiн жағдай жасалумен қамтамасыз етiледi. Басқа тiлдерде мамандар даярлау республиканың қажеттiлiктерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      Барлық арнаулы орта оқу орындарында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi ретiнде қазақ тiлiн және ұлтаралық қатынас тiлi ретiнде орыс тiлiн оқыту арнаулы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк стандарттарымен белгiленедi.
      Мемлекеттiк емес арнаулы оқу орындарында тiлдiң (тiлдердiң) оқытылуын Бiлiм беру министрлiгiмен келiсiм бойынша олардың құрылтайшылары белгiлейдi.
      30. Арнаулы орта оқу орындары үлгi оқу жоспарлар негiзiнде тиiстi мамандықтарға оқу жоспарын және оқу жылына (семестрге) оқу процесi графигiн жете зерттеп дайындайды және бекiтедi, сонымен бiрге бұрынғы дайындық деңгейiн ескере отырып жекелеп оқыту жоспарын дайындайды және бекiтедi.
      Оқытудың жеке жоспарлары тереңдетiлген даярлаумен қатар бiлiктiлiгi сәйкес мамандарға арналған бағдарламалар мен талаптарды өзгертпестен қысқа мерзiмде бiлiм алуды қамтамасыз етуi мүмкiн.
      Оқу жылы әдеттегiдей, I қыркүйекте басталады және нақты мамандықтың оқу жоспарына сәйкес аяқталады.
      31. Арнаулы орта оқу орындарында оқу сабақтарының төмендегiдей негiзгi түрлерi белгiленедi: лекция, теориялық және практикалық сабақтар, лабораториялық жұмыс, бақылау жұмысы, курстық және дипломдық жобалау (жұмыс). Дәрiстiк сабақтардың барлық түрлерi үшiн академиялық сағат ұзақтығы 45 минут болып оқу орнының Жарғысында белгiленедi.
      32. Оқытудың күндiзгi және кешкi бөлiмдерiнiң оқушыларына (студенттерiне) оқу жылында 2 реттен кем емес жалпы ұзақтығы 8-11 апта демалыс тағайындалады.
      33. Арнаулы орта оқу орны әдiстемелiк жұмысты ұйымдастырады және жүргiзедi. Арнаулы орта оқу орындарында әдiстемелiк жұмысты үйлестiрудi салалас министрлiктер мен ведомстволардың оқу-әдiстемелiк кабинеттерi және республикалық оқу-әдiстемелiк бiрлестiктер жүзеге асырады.
      арнаулы орта оқу орнының пән комиссиясы, кафедралары туралы Үлгi ереженi және арнаулы орта оқу орындарының республикалық оқу-әдiстемелiк бiрлестiктерi туралы Үлгi ереженi Бiлiм министрлiгi бекiтедi.
      34. Мемлекеттiк арнаулы орта оқу орындары аударылған қаржы есебiнен мамандар даярлаудың сапасын арттыруға мүмкiндiк туғызатын қолданбалы ғылыми-әдiстемелiк зерттеулердi, тәжiрибелiк және шығармашылық қызметтi жүзеге асыра алады.
      35. Бiлiм берудiң қоғамдық сипатынан, жалпы адамзаттық құндылықтардың артықшылығынан келiп шығатын арнаулы орта оқу орындарының тәрбиелiк мiндеттерi, оқытушылар мен оқушылардың оқу, шығармашылық, өндiрiстiк және қоғамдық қызметi арқылы iске асады.
      Өзiн-өзi басқару органдары, қоғамдық ұйымдар үйiрме, тiлектестер клубы, оқушылардың (студенттердiң) және оқу орны қызметкерлерiнiң өнерпаз ұжымдары мен бiрлестiктерiн ұйымдастырады.
      Оқу топтарында оқу және тәрбие жұмыстарына күнделiктi басшылық топ жетекшiлерi арқылы жүзеге асырылады.
      36. Ағымдағы жылдың оқу жоспарындағы пәндер бойынша аттестатталмаған оқушылар (студенттер) келесi курсқа көшiрiлмейдi, ал емтихан және қосымша сессиялар кезiнде үш пәннен (немесе үш рет бiр-бiрден) аттестатталмағандар оқудан шығарылады.
      37. Мемлекеттiк қаржыландырудағы оқу топтарының саны оқытудың күндiзгi түрiнде 25-30 адам, өндiрiстен қол үзбей оқыту топтарында 15-20 адам болып белгiленедi.
      Мамандарды даярлау қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар және басқа да заказ берушiлермен қаржыландырылса оқу топтарының санын оқу орны белгiлейдi.
      Оқу орны өзi тiзiмiн анықтайтын лабораториялық жұмыстарды, практикалық және семинарлық сабақтарды, дене тәрбиесi сабақтарын, жекелеген пәндерден оқыту сабақтарын жүргiзгенде, сонымен бiрге курстық жобалау және шеберханаларда өндiрiстiк оқыту (полигондарда, шаруашылықта) кезiнде оқу топтары саны 8 адамнан кем емес топшаларға бөлiнуi мүмкiн. Оқу орнының ерекшелiгiне сүйенiп оқу сабақтары жеке оқушылармен (студенттермен) өткiзiлуi де мүмкiн - дербес сабақ.
      38. Оқушылардың (студенттердiң) практикасы кәсiпорындарда және ұйымдарда арнаулы орта оқу орындарының олармен жасаған келiсiмi негiзiнде, сонымен бiрге өзiнiң меншiктi оқу-өндiрiстiк бөлiмшелерiнде ұйымдастырылады.

IY. Арнаулы орта оқу орнының академиялық бостандығы

      39. Әрбiр педагогикалық қызметке қатысушыға өз қалауы бойынша пәндi, сабақ беру және оқыту әдiстерi мен әдiстемелерiн таңдау, оқу процесiн қамтамасыз етуге қажеттi мәлiметтердi еркiн пайдалану жолдарымен мемлекеттiк бiлiм беру стандарты шегiнде өзiн-өзi көрсету бостандығы кепiлденедi.
      40. Арнаулы орта оқу орны Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңында белгiленген дербестiктi пайдалана алады, өз Жарғысында көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру және шешiм қабылдау еркiндiгiне ие.
      41. Мемлекеттiк арнаулы орта оқу орындарын арнаулы орта бiлiмдi басқарудың орталық мемлекеттiк органдары мен бақылауға алған құрылтайшы тексередi, арнаулы орта оқу орны Қазақстан Республикасы заңдарын және (немесе) өз Жарғысын дөрекi бұзған жағдайда, олар өз жарлығымен оның осы саладағы қызметiн сот шешiмi шыққанға дейiн тоқтатуға құқылы.

Y. Арнаулы орта бiлiмнiң мемлекеттiк бiлiм беру
стандарттары

      42. Арнаулы орта оқу орындарының бiлiми-кәсiптiк бағдарламалары кәсiптiк бiлiмнiң мемлекеттiк стандарты белгiлеген мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн бiлiм беру қызметiнiң жиынтығы болып саналады.
      43. Арнаулы орта бiлiмнiң мемлекеттiк стандарттары бiлiм беру бағдарламаларының негiзгi мазмұнын, оқу жүктемесiнiң ең жоғары көлемiн, мамандарды даярлау деңгейiне талаптар белгiлейдi.
      44. Арнаулы орта бiлiмнiң мемлекеттiк стандарттарын әртүрлi ұйымдастыру - әдiстемелiк түрде арнаулы орта оқу орындары арқылы жүзеге асырылады.
      45. Әртүрлi сатыдағы арнаулы орта бiлiмнiң бiлiми-кәсiптiк бағдарламаларын бiрiншi рет меңгеру екiншi арнаулы орта бiлiм алғандай болып есептелмейдi.
      46. Бiлiм беру бағдарламалары тұлғаның қажеттiлiгi мен мүмкiндiктерiн ескере отырып оқушылармен (студенттермен) мiндеттi оқудың көлемiмен ерекшеленетiн, әр алуан түрде меңгерiлуi мүмкiн; күндiзгi, күндiзгi-сырттан (кешкi), сырттан, экстернат.
      47. Экстернат арнаулы орта оқу орындарында таңдаған мамандығы бойынша кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларына (оқу жоспарына) сәйкес пәндердi өз бетiмен меңгерген-адамдарды аттестациялау.
      Экстернат туралы ереженi Бiлiм министрлiгi бекiтедi.
      48. Арнаулы орта оқу орындары мамандықтарының тiзiмi, оларды өндiрiстен қол үзбей алуға және экстернат түрiнде жол берiлмейдi. Бiлiм министрлiгi Еңбек министрлiгiнiң, мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың келiсiмiмен белгiлейдi.
      49. Оқу жоспарының барлық талаптарын орындаған оқушы (студент) қорытынды аттестацияға жiберiлiп, оның нәтижесi бойынша бiлiм дәрежесi мен бiлiктiлiгiне сәйкес құжат бөлу мәселесi шешiледi.
      Арнаулы орта оқу орындарында бiтiрушiлердiң мемлекеттiк қорытынды аттестациясы туралы ереженi Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi бекiтедi.
      50. Арнаулы орта оқу орны қорытынды аттестациядан өткен тұлғаларға бiлiмi туралы құжат бередi, онда құжат берген бiлiм беру мекемесiнiң атауы, бiтiрушiге белгiлi бiр қызмет саласында берiлген бiлiктiлiк, сонымен бiрге игерiлген пәндердiң көлемi көрсетiлген тiзiм және оларды меңгеру сапасына баға көрсетiледi.
      Факультативтiк курстар бағасы бiтiрушiнiң қалауы бойынша көрсетiледi.
      51. Мемлекеттiк арнаулы орта оқу орындары бiтiрушiлерге Қазақстан Республикасының барлық территориясында жарамды мемлекеттiк үлгiдегi дипломдар бередi.
      Оқытылған пәндер туралы мәлiмет дипломның қосымшасында берiледi және ол курстар мен оқыту кезеңдерiнiң бағаларға эквиваленттiк негiзi болып қызмет атқарады.
      52. Оқушылардың бiлiмi, iскерлiгi және әдет-дағдысы бiлiмi туралы құжаттарында келесi бағалармен анықталады: "өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық", "қанағаттанарлықсыз", "сынақтан өттi".
      Бағалар емтиханда немесе оқушылар (студенттер) жұмысының нәтижесiн аттестациялағанда немесе арнаулы орта оқу орны белгiлеген сынақтардың басқа түрлерiнде қойылады. Ағымдағы бақылаудың нәтижесi бойынша алған бағаларға келiспегендерге емтиханды қайта тапсыру құқығы берiледi.
      53. Дипломда маманның бiлiктiлiгi кәсiптiк қызмет аясын қажет дәрежеде нақтылау көрсетiледi.
      54. Оқу жоспары бойынша пәндерден 25% артық емес "жақсы" деген баға алған, қалған пәндердiң барлығынан "өте жақсы" деген баға алған, сонымен бiрге бекiтiлген оқу жоспары бойынша бiлiм мен iскерлiк сынақтарын түгел аяқтаған оқушыларға үздiк диплом берiледi.
      55. Қазақстан Республикасы аумағында жарамды, жоғары бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi диплом нұсқаларын Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi дайындап бекiтедi.
      56. Шетелдiң оқу орындары берген арнаулы орта бiлiм туралы құжаттар мемлекетаралық қарастырылған келiсiмдерге сәйкес танылады.
      Қазақстан Республикасында арнаулы орта оқу орны туралы құжаттардың танылуы және тиiстi куәлiктердiң берiлуi Бiлiм министрлiгi белгiлеген тәртiп бойынша жүзеге асады.
      57. Арнаулы орта оқу орындарының күндiзгi бөлiмiн бiтiрушiлердi жұмысқа орналастыру еңбек және жұмыспен қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының әрекеттегi нормативтi актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.

YI. Мемлекеттiк арнаулы оқу орындарын басқару

      58. Арнаулы орта оқу орындарын басқару Қазақстан Республикасы заңдары мен оқу орнының Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
      Арнаулы орта оқу орнының Жарғысы Қазақстан Республикасы заңдарының бөлiмiнде көрсетiлгендей құрылтайшымен келiсiледi.
      59. Арнаулы орта оқу орнының жоғары сайланған өкiлдiк органы арнаулы орта оқу орнының Кеңесi болып табылады, оған директор басшылық етедi. Кеңес Жарғысы бекiтедi, оқу орнының қызметi мен дамуындағы негiзгi мәселелердi қарайды, Жарғыға өзгерiс және толықтырулар енгiзедi, кадр, тәрбие, қаржы және ұйымдастыру мәселелерi бойынша Ереже белгiлеген өкiлеттiк шегiнде шешiм қабылдайды. Кеңес шешiмi директор бекiткеннен кейiн күшiне енедi. Кеңестiң өкiлеттiк мерзiмi 5 жылдан артпайды. Кеңес сайлауды мерзiмiнен бұрын, оның жартысынан көп мүшелерiнiң талабы бойынша, сонымен бiрге арнаулы орта оқу орындарының Жарғысында қарастырылған жағдайларда өткiзiледi.
      Кеңестiң бiрiншi құрамын сайлау тәртiбi оқытушылардың, басқа категориядағы қызметкерлердiң және оқушылардың жалпы жиналысында (конференцияда) анықталады. Кеңес құрамына арнаулы орта оқу орнының барлық дәрежедегi қызметкерлерi мен оқушылары сайлана алады. Кеңестiң жеке мүшелерi жыл сайын сайланады және толықтырылып сайлана алады.
      Делегаттарды сайлау тәртiбi жалпы жиналыста (конференцияда) барлық дәрежедегi қызметкерлердiң, қоғамдық ұйымдардың және оқушылардың қатысуымен әрекеттегi Кеңес арқылы анықталады, сонымен бiрге Кеңес мүшелерiнiң өкiлдерi жалпы делегаттар санынан 50 % көп болмауы керек.
      Жарғыға әлеуметтiк мәселелерге қатысты өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiп бекiткенде. Кеңес жұмысына оқу орнының барлық дәрежедегi қызметкерлерiнiң, қоғамдық ұйымдарының және оқушылардың өкiлдерi қатысуы керек, олардың саны мен сайлау тәртiбiн арнаулы орта оқу орнының Жарғысы анықтайды.
      Арнаулы орта оқу орнында барлық қызметкерлер мен оқушыларға Жарғы жобасымен танысып және оған ұсыныстар енгiзу үшiн жағдай жасалуы керек.
      Жаңадан құрылған мемлекеттiк арнаулы орта оқу орнында Кеңес құрылғанға дейiн Жарғыны I жылға дейiнгi мерзiмге құрылтайшы бекiтедi.
      60. Арнаулы орта оқу орнында оқушыларды (студенттердi) оқыту мен тәрбиелеу сапасын жетiлдiру мақсатында, әдiстемелiк жұмыстарды, оқытушылардың әдiстемелiк шеберлiгiн көтеру мақсатында педагогтар мен басқа қызметкерлерден бiрiктiрiлген әдiстемелiк (педагогикалық) кеңес құрылады.
      Кеңестiң құрамын, атқаратын қызметiн және жұмыс тәртiбiн арнаулы орта оқу орнының Жарғысы анықтайды.
      61. Арнаулы орта оқу орнының тiкелей басшылығын құрылтайшы тағайындаған және тиiстi аттестациядан өткен директор (бастық) жүзеге асырады.
      Арнаулы орта оқу орындары директорларының аттестациядан өту тәртiбiн Бiлiм министрлiгi анықтайды.
      Арнаулы орта оқу орнының директоры (бастығы) заңдарға сәйкес оқу орнының атынан әрекет жасайды, оның өкiлi ретiнде өзiн барлық мекемелерде көрсетедi, оқу орнының барлық мүлкi мен қаржысына иелiк етедi, келiсiмдер жасайды, сенiмхаттар бередi, банктерде есеп ашады және кредиттерге реттеушi болып табылады және оқу орнының барлық қызметкерлерi мен оқушыларына мiндеттi болып табылатын бұйрықтар шығарады, нұсқаулар бередi.
      Директор (бастық) әрекеттегi заңдарға сәйкес өзiнiң орынбасарларын, бас бухгалтердi, оқу орнының құрылымдық бөлiмшелерiнiң меңгерушiлерiн, оқытушылар мен басқа қызметкерлердi тағайындайды және мiндетiнен босатады, кәсiподақ ұйымының келiсiмiмен оқу орнының барлық қызметкерлерiнiң лауазымдық мiндеттерiн анықтайды.
      Директор (бастық) мен Кеңес арасындағы өкiлеттiк айырма арнаулы орта оқу орнының Жарғысында анықталады.
      Арнаулы орта оқу орнының директорына (бастығына) ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк басшылықтан басқа арнаулы орта оқу орны iшiнде немесе одан тысқары өз қызметiмен бiрге басқа ақылы басқару қызметiн қатар атқаруға рұқсат етiлмейдi.
      Оқу орны әкiмшiлiгi қызметiнiң қорытындысы бойынша директор жыл сайын Кеңес алдында немесе оқу орны ұжымының алдында есеп бередi.
      62. Оқу орнының құрылымына байланысты кейбiр жеке бөлiмшелерде (бөлiм, факультет және басқалар) сайлау органдары - кеңестер құрылуы мүмкiн, олардың өкiлеттiгi мен сайлау тәртiбi арнаулы орта оқу орны Жарғысында анықталады.
      63. Қазақстан Республикасының заңдарына және осы Ережеге сәйкес арнаулы орта оқу орындарының басқару органдары (құрылтайшылары) оқу орындарымен өзара қарым-қатынас жасайды және оқу орнына өз құзыры шегiнде нұсқау бередi.
      Арнаулы орта оқу орындарының мемлекеттiк-қоғамдық басқару органы - арнаулы орта оқу орындарының директорлар кеңесi мен базалық (аймақтық және профильдi) арнаулы орта оқу орындарының жұмысына қатысады, олардың Үлгi ережелерiн Бiлiм министрлiгi бекiтедi.
      64. Арнаулы орта оқу орындарында өзiнiң жарғысы негiзiнде кәсiподақ және басқа қоғамдық ұйымдар құрыла және жұмыс iстей алады.
      Әрекеттегi заңдарға сәйкес арнаулы орта оқу орындарында ерiктi қоғамдар, оқушылардың (студенттердiң) өзiн-өзi басқару ұйымдары, оқытушылардың, қызметкерлердiң және оқушылардың (студенттердiң) дербес бiрлестiктерi құрылуы мүмкiн.
      Мемлекеттiк арнаулы орта оқу орындарында саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және дiни қозғалыстар мен ұйымдардың ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметiне жол берiлмейдi.

YII. Арнаулы орта оқу орындарының студенттерi
және оқушылары

      65. Оқушы, арнаулы орта оқу орны директорының бұйрығымен оқуға қабылданған тұлға.
      Студент дәрежесi колледждерде толық емес жоғары бiлiмнiң бiлiми-кәсiптiк бағдарламаларын меңгерiп жүргендерге берiледi.
      Арнаулы орта оқу орны оқушысына белгiленген үлгi бойынша оқушы билетi және үлгерiм кiтапшасы, студентке - студенттiк билет және сынақ кiтапшасы берiледi.
      Оқушы (студент) арнаулы орта оқу орнында бiлiм беру процесiнiң негiзгi субъектiсi болып табылады.
      66. Арнаулы орта оқу орнында оқушылардың (студенттердiң) және басқа бiлiм алушылардың құқықтары мен мiндеттерi. Қазақстан Республикасының заңдарымен, арнаулы орта оқу орнының Жарғысымен және Жарғыда қарастырылған басқа да жергiлiктi заңдармен анықталады.
      67. Арнаулы орта оқу орындары оқушыларының (студенттерiнiң) құқығы бар:
      - мемлекеттiк бiлiм беру стандарттары шегiнде бiлiм алуға қосымша бiлiм алуға, сонымен бiрге ақылы бiлiм беру қызметiн алуға;
      - қандай ұйымдастыру - құқылық түрдегi болмасын кәсiпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда оқудан бос уақытта оқытудың күндiзгi түрiн жұмыспен қатар алып жүруге;
      - арнаулы орта оқу орны қызметiнiң маңызды мәселелерiн талқылауға және шешуге қатысуға, сонымен бiрге қоғамдық ұйымдар мен оқу орнын басқару органдары арқылы қатысуға;
      - мемлекеттiк арнаулы орта оқу орындарында кiтапханаларды, мәлiметтер қорын, оқу, ғылыми-әдiстемелiк және басқа да оқу орны бөлiмшелерiнiң қызметiн оның Жарғысында анықталған тәртiп бойынша тегiн пайдалануға;
      - экспериментальды-конструкторлық бюролардың, шығармашылық ұжымдардың жұмыстарына, конференцияларға, симпозиумдарға, жарыстарға және т.с.с. қатысуға;
      - дәрiгерлiк қызмет көрсетуде жеңiлдiктердi пайдалануға, мемлекеттiк көлiктердiң, таксиден басқа, жол ақысына жеңiлдiктердi пайдалануға;
      - оқудағы жетiстiктерi мен экспериментальды-конструкторлық және шығармашылық жұмыстарға белсендi қатысқаны үшiн адамгершiлiк қолдау мен материалдық сый алуға;
      - арнаулы орта оқу орны әкiмшiлiгiнiң бұйрықтары мен жарлықтарын заңдар белгiлеген тәртiп бойынша бұздыру туралы шағым арыз беруге.
      68. Мемлекеттiк арнаулы орта оқу орындарының барлық түрлерiнде, сонымен бiрге лицензиялаудан өткен мемлекеттiк емес арнаулы орта оқу орындарында оқитын оқушылар (студенттер) әскери қызметке шақыру үндеуiн заң белгiлеген тәртiп бойынша кейiнге қалдыруға құқығы бар.
      69. Мемлекеттiк арнаулы орта оқу орындарында жетiм балалар мен ата-ананың (олардың орнын ауыстыратын адамдардың) қамқорлығынсыз қалған балаларды асырау мен бiлiм беру толық мемлекет тарапынан қамтамасыз ету негiзiнде жүзеге асырылады.
      70. Оқушыларға (студенттерге) жүктiлiкке және босануға байланысты берiлетiн демалыс кезiнде стипендия әрекеттегi заңдарда қарастырылғандай осы демалыс мерзiмiне толық көлемде берiледi.
      Өндiрiстен қол үзiп оқитын, баласы бар әйелдерге белгiленген тәртiп бойынша толық көлемде стипендия және балаларына жәрдем ақша төленедi. Оқушыларға бала бiр жарым жасқа жеткенге дейiн оның күтiмiне берiлетiн академиялық демалыс кезiнде стипендия төленбейдi.
      71. Оқу орны орналасқан жерден басқа өндiрiске, мекемеге және ұйымдарға өндiрiстiк және оқу практикасынан өтуге жiберiлген оқушы (студент) - практиканттарға, оқу орны орналасқан жерден басқа жаққа баруына байланысты, белгiленген тәртiп бойынша сөткелiк шығын төленедi. Практика ететiн жерге бару және қайту жол шығыны толық көлемде төленедi.
      72. Басқа қалада тұратын оқушылар (студенттер) жатақханаларда орындармен қамтамасыз етiледi, тұру ақысын төлеуде жеңiлдiктердi пайдаланады. Отбасы бар оқушыларға (студенттерге) орын жеке жатақханалардан, оқшауланған подъездерден, секциялардан, этаждардан, қажет болған жағдайда балаларды бағып-күтуге жағдай жасалынып берiледi.
      73. Арнаулы орта оқу орындарының өндiрiстен қол үзбей оқитын оқушылары (студенттерi) жұмыс iстейтiн жерiнен ақылы қосымша демалыс алуға, қысқартылған жұмыс аптасын және тағы да басқа Қазақстан Республикасы заңдарында қарастырылған жеңiлдiктердi пайдалануға құқығы бар.
      74. Арнаулы орта оқу орны оқушыларды (студенттердi) жұмыспен қамту саласындағы жағдай жөнiнде хабардар етуге, олардың кәсiпорын, мекеме мен ұйымдармен және жұмысқа орналасуда келiсiм шарттар (контрактылар) жасауына көмек етуге мiндеттi. Келiсiмдерде (контрактыларда) қамтылуы мүмкiн: дайындаудың жарым-жартылай немесе толық құны стипендия төлеу, сонымен бiрге жоғары көлемде, кредит беру, өндiрiстiк практикадан өтуге жағдай жасау, белгiлi жұмыс орын, пәтер-үй және басқа жағдайлар.
      75. Арнаулы орта оқу орындарының оқушылары (студенттерi) теориялық бiлiмдi, практикалық дағдыларды меңгеруi керек, оқу жоспары мен оқыту бағдарламаларында қарастырылған тапсырмалардың барлық түрiн белгiленген мерзiм iшiнде орындауы керек, ұлттық және жалпы-адамзаттық, рухани-адамгершiлiк байлықтарын құрметтеуге, iшкi тәртiп ережелерiн сақтауға, Қазақстан Республикасы заңдарында және оқу орны Жарғысында белгiленген басқа да талаптарды орындауға мiндеттi.
      76. Мiндеттерiн дөрекi бұзғаны үшiн оқушылар (студенттер) тәртiпке шақырылады, арнаулы орта оқу орнынан шығаруға шейiн шара қолданылады.
      Оқушы (студент) арнаулы орта оқу орнынан шығарылуы мүмкiн:
      - өз еркi (қалауы) бойынша;
      - дәрiгерлiк кеңес беру комиссиясының қорытындысы бойынша денсаулығына байланысты;
      - басқа оқу орнына ауысуына байланысты;
      - академиялық үлгермеушiлiкке байланысты;
      - оқу тәртiбiн, iшкi тәртiп ережелерiн және арнаулы орта оқу орны Жарғысын дөрекi бұзғаны үшiн.
      Оқушыларды (студенттердi) оқудан шығару тәртiбi арнаулы орта оқу орнының Жарғысында қарастырылады.
      77. Арнаулы орта оқу орны оқушысының Бiлiм министрлiгi белгiлеген тәртiп бойынша қайта қабылдануға және бiр орнынан екiншiсiне ауысуға, бiр мамандықтан екiншiсiне немесе оқытудың бiр түрiнен екiншiсiне ауысуға құқығы бар. Сонымен, мемлекеттiк арнаулы орта оқу орындарында орнына қайта қабылдау және ауысу кезiнде ақы алуға тиым салынады. Бiр арнаулы орта оқу орнынан екiншiсiне ауыстыру екi жақты директорлардың (бастықтардың) келiсiмiмен жасалынады.
      78. Бiлiктiлiгiн арттыру және мамандарды қайта дайындау бөлiмдерiнде (факультеттерiнде), дайындық және басқа курстарда, сонымен бiрге екiншi арнаулы орта оқу орнын қатар алып жүрген және басқа бiлiм беру мекемесiнiң оқушысы (студентi) болып табылатын тұлғалар арнаулы орта оқу орындарының тыңдаушылары болып табылады.
      Тыңдаушылардың бiлiм алудағы құқы - арнаулы орта оқу орнының оқу формасы сәйкес келетiн оқушысының (студентiнiң) мәртебесiне сай болады.

YIII. Арнаулы орта оқу орнының оқытушылары және
басқа қызметкерлерi

      79. Мемлекеттiк арнаулы орта оқу орындарында оқытушылық, инженер-техникалық, әкiмшiлiк, өндiрiстiк, қосалқы және басқа қызметкерлердiң қызметтерi қарастырылады.
      Оқытушылар құрамын толықтыру Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңына сәйкес конкурстық негiзде келiсiм шарт жасау арқылы, ал басқа қызметкерлер - еңбек шарты арқылы жүзеге асырылады.
      Арнаулы орта оқу орындарында педагогикалық қызметкерлердiң орнын толтыру тәртiбi туралы Ереженi Бiлiм министрлiгi бекiтедi.
      80. Арнаулы орта оқу орындары қызметкерлерiнiң құқығы бар:
      - кәсiптiк қызметте және еңбектi қорғауда жағдай жасалумен қамтамасыз етiлуге;
      - арнаулы орта оқу орнының басқару ұйымдарын сайлауға және сайлануға;
      - арнаулы орта оқу орнының маңызды мәселелерiн талқылауға және шешуге қатысуға, сонымен бiрге қоғамдық ұйымдар мен арнаулы орта оқу орындарын басқару ұйымдары арқылы;
      - арнаулы орта оқу орнының Жарғысында бекiтiлген тәртiп пен мәлiмет қорларын, оқу, ғылыми, әлеуметтiк-тұрмыстық, емдеу және арнаулы орта оқу орнының басқа бөлiмшелерiнiң қызметiн пайдалануға;
      - Қазақстан Республикасы заңдарында көрсетiлген тәртiппен арнаулы орта оқу орны әкiмшiлiгiнiң бұйрықтары мен жарлықтарын қайта қарауға шағым арыз беруге.
      81. Сонымен бiрге қызметкерлердiң Қазақстан Республикасы заңдарында, келiсiм-шарттарда, арнаулы орта оқу орны Жарғысында анықталған басқа да құқықтары бар.
      82. Оқытушылар мен өндiрiстiк оқытудың шеберлерi өздерiнiң жеке бастарының ерекшелiктерiне толығырақ жауап беретiн және оқу процесiн жоғары сапамен қамтамасыз ететiн оқыту әдiстерi мен құралдарын таңдауға құқылы. Олар мiндеттi:
      - бiлiмнiң мазмұнын үнемi жаңалап отырып, педагогикалық қызметтiң жоғары тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету, оқытушылардың дербестiлiгiн, ынтасын, жеке және шығармашылық қабiлеттiлiгiн дамыту, оқушылардың (студенттердiң) мемлекеттiк стандарттан төмен емес бiлiм алуына қол жеткiзуге;
      - өз бiлiктiлiгiн көтеруге. Арнаулы орта оқу орындарының бiлiктiлiгiн арттыру туралы Ереженi Бiлiм министрлiгi бекiтедi;
      - оқушыларды (студенттердi) оқыту мен тәрбиелеудi жоғары кәсiптiк деңгейде жүргiзуге, ұлттық, жалпы адамзаттық және рухани өнегелi байлықтарды құрметтеуге тәрбиелеу;
      - оқу орнының педагогикалық мiнез-құлық, Жарғы және iшкi тәртiп ережелерiн сақтауға.
      Педагогикалық қызметкерлердiң мiндеттерi оқу орны Жарғысымен және келiсiм шарт жағдайларымен регламенттеледi.
      83. Әкiмшiлiктiң, инженер-техникалық, өндiрiстiк, қосалқы және басқа қызметкерлердiң мiндеттерi лауазымдық нұсқауларда және арнаулы орта оқу орнының iшкi тәртiп ережелерiнде анықталады.
      84. Арнаулы орта оқу орнының қызметкерлерiне оқыту, әдiстемелiк, тәрбие жұмыстарында және басқа да мiндеттi қызметтерде жеткен жетiстiктерi үшiн әртүрлi рухани және материалдық мадақтаулар белгiленедi.
      85. Штаттар қысқаруына байланысты директордың басқаруымен педагогикалық қызметкерлердi жұмыстан шығару, тек қана оқу жылы аяқталғаннан кейiн рұқсат етiледi.

IХ. Арнаулы орта оқу орнының қызметiн бақылау

      86. Арнаулы орта бiлiмнiң сапалылығын мемлекеттiк бақылау, арнаулы орта бiлiм саласындағы бiрыңғай Мемлекеттiк саясатты қамтамасыз етуге, мамандарды даярлаудың сапасын арттыруға кәсiптiк бiлiм беруге, бөлiнген бюджеттiк қаржыны тиiмдi пайдалануға бағытталған. Мемлекеттiк бақылау мемлекеттiк те, мемлекеттiк емес те арнаулы орта оқу орындарына қатысты арнаулы орта бiлiм беру қызметiн бiрыңғай бағалау жүйесiне кiредi:
      - арнаулы орта оқу орындарында Бiлiм министрлiгi немесе оның сенiмхаты бойынша басқа да бiлiмдi басқару органдары жүргiзген мемлекеттiк аттестациялаудың негiзгi мақсаты мамандар даярлау мазмұнының, деңгейiнiң, және сапасының мемлекеттiк бiлiм беру стандарттары талаптарына мамандық бойынша үйлесiмдiлiгiн айқындау болып табылады;
      - Бiлiм министрлiгi мен ведомстволық арнаулы орта оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволардың бiрге өткiзген мемлекеттiк аттестациялауының нәтижесi бойынша мемлекеттiк аккредитациялау, оның мақсаты арнаулы орта оқу орнының дәрежесiн, кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларының деңгейiн растау (бекiту) болып табылады.
      Мемлекеттiк бақылаудың қызметiн атқарушы - аттестациялау, арнаулы орта оқу орындарында мiндеттi түрде болады, аккредитациялау - ерiктi түрде жүзеге асырылады.
      Арнаулы орта оқу орындарын мемлекеттік аттестациялау туралы Ереженi Бiлiм министрлiгi бекiтедi, арнаулы орта оқу орындарын аккредитациялау туралы Ереженi Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiтедi.
      87. Қазақстан Республикасы заңдарының, Жарғының, лицензиялардың бiлiм беру мен қаржы-шаруашылық қызметiнiң арнаулы орта оқу орындарында орындалуын құрылтайшы өзiнiң құзыры шегiнде тiкелей бақылау жасайды.

Х. Арнаулы орта оқу орындарының қаржы-шаруашылық
қызметi

      88. Мемлекеттiк арнаулы орта оқу орындарында материалдық-техникалық базаны құру және дамыту приоритеттi тәртiпте мемлекеттiк сұраныс негiзiнде жүзеге асырылады.
      Арнаулы орта оқу орнының мемлекеттiк мүлiктерi оның тiкелей басқару құқында болады және алуға жатпайды немесе арнаулы орта оқу орнының негiзгi мiндеттерi мен мүдделерiне қайшы келетiн мақсаттарға пайдалануға болмайды.
      Арнаулы орта оқу орны мүлiктерiнiң сақталуына директор және оның әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтегi орынбасары жауап бередi.
      89. Мемлекеттiк арнаулы орта оқу орны мүлiктерiнiң құрылу және оның қызметiн қаржыландыру көздерiне:
      - мемлекеттiк бiлiм беру стандарттарын қамтамасыз етуге бөлiнген әртүрлi деңгейдегi бюджеттiк қаражат;
      - қызметтiң әртүрлi түрлерiн жүзеге асырудан алынған қаражат;
      - жай адамдар мен заңды тұлғалардың, сонымен бiрге шетелдердiң жәрдем ретiнде және мақсатты төлем ретiнде ерiктi берген қаражаттары жатады.
      90. Арнаулы орта оқу орындарын қаржыландыру бюджеттiк қаражат есебiнен мамандар даярлауды мемлекеттiк тапсырмаларына және оқу орнының құрылтайшысы (жоғары тұрған орган) бекiткен шығын сметаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      Арнаулы орта оқу орны берiлген тапсырмадан тыс құрылтайшының (жоғары тұрған органның) келiсiмiмен заңды ұйымдармен жасалған оқу шығындарын толық төлеу туралы келiсiм-шарт негiзiнде, қосымша оқушылар (студенттер) қабылдауды ұйымдастыра алады.
      Әртүрлi көздерден келiп түскен барлық қаржылар арнаулы орта оқу орнын мемлекеттiк қаржыдан қаржыландырудың абсолюттiк көлемiн төмендетпейдi.
      Арнаулы орта оқу орындары алған валюталық қаржылар белгiленген тәртiп бойынша жұмсалады.
      91. Арнаулы орта оқу орнының құқығы бар:
      - белгiленген тәртiп бойынша ескірген, тозған және пайдалануға жарамсыз жабдықтарды, көлiк құралдарын, мекеме мүлiктерi мен құрал-саймандарды шығынға жазуға;
      - материалдық құнды заттарды, ақша қаражаттарын мемлекеттiк, қоғамдық кәсiпорындар мен ұйымдардан, жеке адамдардан ақысыз алуға;
      - айлық табысқа бөлiнген қор есебiнен оқу орнының құрылымы мен штаттық кестесiн бекiтуге;
      - әрекеттегi бiрыңғай тариф сеткасына сәйкес қызметкерлерге лауазымдық еңбекақы мөлшерiн белгiлеуге;
      - еңбекақыға үстеме белгiлеу, қызметкерлерге еңбекақы қорын үнемдеу есебiнен материалдық көмек көрсетуге;
      - тиiстi бiлiм беру бағдарламалары мен мемлекеттiк бiлiм беру стандарттарынан тыс кәсiпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен және жеке адамдармен келiсiм бойынша қосымша ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетуге.
      92. Арнаулы орта оқу орны өздерiнiң толық шаруашылық жүргiзу құқындағы, өндiрiстiк-шаруашылық қызметтен түскен кiрiстi алуға құқы бар.
      93. Арнаулы орта оқу орындары кәсiпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға және азаматтарға қызмет көрсетедi және жұмыстарын орындайды. Арнаулы орта оқу орны жарғылық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi жұмыстарды орындауға және қызмет көрсетуге, осы мақсатқа бөлiнген қаржы шегiнде тапсырыс бередi.
      94. Арнаулы орта оқу орындарының Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi, өзiнiң атауымен штампы, жеке балансы және банк мекемелерiнде ақша қаражаттарын сақтауға және есеп айырысудың барлық түрлерi мен кассалық операцияларын жүзеге асыратын есептерi (сонымен бiрге валюталық) бар.
      95. Арнаулы орта оқу орындарының мамандар дайындауға қатысы жоқ, өндiрiстiк шаруашылық қызметiнiң салығы Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес анықталады.

ХI. Арнаулы орта оқу орындарының халықаралық қызметi

      96. Арнаулы орта оқу орындарының шетелдiк және халықаралық мекемелермен тiкелей қарым-қатынас орнатуға құқы бар.
      Оның Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң сыртқы байланыстар Бас басқармасының келiсiмiмен арнаулы орта бiлiм саласы мен ғылыми қызметте, қайта даярлау мен бiлiктiлiктi көтеруде ынтымақтастық туралы келiсiмдер жасауға, оқушыларды (студенттердi), оқытушыларды, өндiрiстiк оқытудың шеберлерiн оқу орнына және ғылыми мекенге оқуға (сонымен бiрге ауыстыру ретiнде) жiберуге құқысы бар.
      Арнаулы орта оқу орнының халықаралық қызметi Қазақстан Республикасы арнаулы орта оқу орындары туралы уақытша ереже. Алматы. Республикалық баспа кабинетi. 1995 ж. 47 б.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады