Екiншi деңгейдегi банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға, олардың басшы қызметкерлерiне, сондай-ақ екiншi деңгейдегi банктердiң қосылма тұлғаларына қатысты ықпал ету шараларын қолдану ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 13 шілдедегі N 279 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 11 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1623

       Ескерту: Қаулы күшін жойды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 42   қаулысымен .
______________________________

       Ескерту: Қаулының атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N268   қаулысымен .

      Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Екiншi деңгейдегi банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға, олардың басшы қызметкерлерiне, сондай-ақ екiншi деңгейдегi банктердiң қосылма тұлғаларына қатысты ықпал ету шараларын қолдану ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн. 
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 268   қаулысымен .
      2. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап: 
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерге шектеулi ықпал ету шараларын қолдану тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 119  қаулысының
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банк қызметiне байланысты заң бұзушылықтарға айыппұл салу және өндiрiп алу ережесiн бекiту туралы" 1998 жылғы 18 желтоқсандағы N 285  қаулысының  күшi жойылды деп танылсын. 
      3. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.): 
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Ережені Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап жеті күн ішінде осы қаулыны және Ережені Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
|     4. Екінші деңгейдегі банктер осы қаулыны және Ережені алған күннен бастап бес күн ішінде оларды өздерінің қосылма тұлғаларына жіберсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсін.

       Ұлттық Банк 
      Төрағасы  

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 13 шiлдедегi
N 279 қаулысымен   
бекiтiлген     

  Екiншi деңгейдегi банктерге, банк операцияларының 
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға, олардың
басшы қызметкерлерiне, сондай-ақ екiншi деңгейдегi
банктердiң қосылма тұлғаларына қатысты ықпал ету
шараларын қолдану 
ережесi

       Ескерту: Ереженің атауына өзгерту енгізілді, Ереженің мәтіні бойынша "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктің", "Ұлттық Банкке" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органның", "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 268   қаулысымен .

      Осы "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі  туралы", " Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы " Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі - банктер), олардың қосылма тұлғаларына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - ұйымдар), сондай-ақ банктер мен ұйымдардың басшы қызметкерлеріне қатысты банк заңдарын бұзғаны үшін ықпал ету шараларын қолдану тәртібін белгілейді.
       Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 268   қаулысымен .

  1-тарау. Жалпы ережелер 

      1. Банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ банктер депозиторларының мүдделерiн қорғау мақсатында уәкілетті орган шоғырландырылған негiзде, оның iшiнде банктерге, олардың қосылма тұлғаларына, ұйымдарына, сондай-ақ банктер мен ұйымдардың басшы қызметкерлерiне қатысты ықпал ету шараларын қолдану арқылы банктердiң қызметiне бақылау жасайды. 

      2. Осы Ереже мақсатында заңнамалық кесiмдерде көзделген қаржылық жағдайды сауықтыру жөнiндегi ұсынымдар, шектеулi ықпал ету шаралары, санкциялар және мәжбүр ету шаралары ықпал ету шаралары болып түсiндiрiледi. 

      3. Заңнамада көзделген жағдайларда бiр ықпал ету шарасын қолдану басқаларын қолдануды жоққа шығармайды, бұрын қабылданған шаралардың қолданылуын тоқтатпайды және күшiн жоймайды. 

      4. Уәкілетті органның жазбаша нұсқауына сотқа шағым беру оның орындалуын тоқтатпайды. 

      5. Уәкілетті орган қолданылған ықпал ету шараларының есебiн жүргiзедi. 

  2-тарау. Қаржылық жағдайды сауықтыру
жөнiндегi ұсынымдар 

      6. Банктiң қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайларда уәкілетті орган "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң)  45-бабына  сәйкес оның акционерлерi алдында банкке ұсынымдар берудi қоса алғанда қаржылық сауықтырудың қажеттiлiгi, банктiң басшылығын ауыстыру немесе оны қайта құру туралы мәселені қоюға құқылы. 

      7. Уәкілетті органның банктiң қаржылық жағдайын сауықтыру жөнiндегi ұсынымды беру туралы хаты оның бiрiнші басшысына (немесе оның орнындағы адамға) жiберiледi, ол бес күн iшiнде мiндеттi түрде атқару органының барлық мүшелерiне, банктiң директорлар кеңесiне, банктiң iрi қатысушыларына банктiк холдингтерге хабар беруi тиiс. 

      8. 30 күнтiзбелiк күннен кейiн банк өзiнiң қаржылық жағдайын сауықтыру жөнiндегi ұсынымды орындау туралы бiрiншi басшы (немесе оның орнындағы адам) қол қойған дәлелдi шешiмдi ұсынуы тиiс. 

3-тарау. Шектеулi ықпал ету шаралары

       Міндеттеме хат
      9. Уәкілетті орган Заңның  46-бабында  көзделген негiздемелер бойынша банктен, банктiң қосылма тұлғасынан немесе ұйымнан мiндеттеме хатты талап етуге құқылы, онда бар кемшiлiктердi тану фактiсi және банк басшылығының, банк қосылма тұлғасының немесе ұйымның оларды жоспарланған iс-шаралардың тiзбесiн көрсете отырып қатаң белгiленген мерзiмде жою жөнiндегi кепiлi болуы тиiс. 

      Жазбаша келiсiм 
      10. Уәкілетті орган Заңның  46-бабында  көзделген негiздемелер бойынша банкпен банктiң қосылма тұлғасымен немесе ұйыммен екi жақты немесе банкпен және банктiң қосылма тұлғасымен анықталған кемшiлiктердi тез арада жою қажеттiлiгi туралы және осыған байланысты бiрiншi кезектегi шараларды бекiту туралы үш жақты жазбаша келiсiм жасауға құқылы. 

      11. Уәкілетті орган банкпен банктiң қосылма тұлғасымен немесе ұйыммен бар заң бұзушылықтарды және кемшiлiктердi жоюға екi айдан асатын мерзiм талап етiлетiндiгi туралы қорытындыға келген жағдайларда жазбаша келiсiм жасалады. 

      12. Жазбаша келiсiм екi (үш) дана етiп жасалады және оған банктiң, заңды тұлға болып табылатын банктiң қосылма тұлғасының және ұйымның атынан бiрiншi басшы (оның орнындағы адам) немесе жеке тұлға болып табылатын банктiң қосылма тұлғасы тiкелей қол қояды. 

      Жазбаша ескерту 
      13. Уәкілетті орган Заңның  46-бабында  көзделген негiздемелер бойынша банкке, банктiң қосылма тұлғасына немесе ұйымға қатысты жазбаша ескерту беруге құқылы. 

      14. Жазбаша ескерту уәкілетті органның банкке, банктiң қосылма тұлғасына немесе ұйымға қатысты егер бар кемшiлiктер уәкілетті орган белгiлеген мерзiмде жойылмаған жағдайда, Заңның  47-бабында  көзделген санкцияларды қолдану мүмкiндiгi туралы хабарламасы болып табылады. 

      15. Жазбаша ескерту банктiң бiрiншi басшысына (немесе оның орнындағы адамға), банктiң қосылма тұлғасына немесе ұйымға жiберiледi. 

      16. Банктiң бiрiншi басшысы (немесе оның орнындағы адам) бес күн iшiнде мiндеттi түрде атқару органының барлық мүшелерiне, банктiң директорлар кеңесiне, банктiң iрi қатысушыларына және банктiк холдингтерге хабар беруi тиiс. 

      Жазбаша нұсқау
      17. Уәкілетті орган Заңның  46-бабында  көзделген негiздемелер бойынша банкке, банктiң қосылма тұлғасына немесе ұйымға орындауға мiндеттi жазбаша нұсқау беруге құқылы. 

      18. Уәкілетті органның жазбаша нұсқауы дегенiмiз банкке, банктiң қосылма тұлғасына немесе ұйымға белгiленген мерзiмде анықталған кемшiлiктердi жоюға бағытталған түзету шараларын қолдану туралы банкке нұсқауы. Түзету шаралары жазбаша нұсқауда көрсетiледi және Заңның  45-бабында  көрсетiлген орындауға мiндеттi шараларды бiлдiредi. 

      19. Жазбаша нұсқау банктiң бiрiншi басшысына (оның орнындағы адамға), банктiң қосылма тұлғасына немесе ұйымға жiберiледi. 

      20. Банктiң бiрiншi басшысы (немесе оның орнындағы адам) бес күн iшiнде мiндеттi түрде атқару органының барлық мүшелерiне, банктiң директорлар кеңесiне, банктiң iрi қатысушыларына және банктiк холдингтерге хабар беруi тиiс.
      Шектеулi ықпал ету шараларын қолдану жөнiндегi негiзгi талаптар 

     21. Банк, банктiң қосылма тұлғасы немесе ұйым уәкілетті органның өзiне қатысты шектеулi ықпал ету шараларын қолдану туралы хабарламасын алған күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде қажет болған жағдайда басқа да құжаттарды қоса отырып бар кемшiлiктердi жою жөнiндегi iс-шаралардың жоспар-кестесiн уәкілетті органға ұсынуға мiндеттi. 
      Уәкілетті орган жоспар-кестенi қарайды және өз қорытындысын банкке, банктiң қосылма тұлғасына немесе ұйымға он күнтiзбелiк күн ішiнде жiбередi. Жоспар-кестемен келiспеген жағдайда уәкілетті орган банкке, банктiң қосылма тұлғасына немесе ұйымға белгiленген мерзiмде нақты іс-шараларды орындау қажеттiлiгi туралы нұсқау жiберуге құқылы. 

      22. Банк, банктiң қосылма тұлғасы немесе ұйым мiндеттеме хаттың, жазбаша келiсiмнiң, жазбаша нұсқаудың немесе жазбаша ескертудiң осы құжатта көрсетiлген мерзiмде орындалуы туралы хабар беруге мiндеттi.
      Егер белгiленген орындалу мерзiмi бiр айдан асқан жағдайда, банк, банктiң қосылма тұлғасы немесе ұйым ай сайын уәкілетті органға кезең-кезеңiмен орындау туралы хабар беруге мiндеттi.
      23. Банктiң, банктiң қосылма тұлғасының немесе ұйымның уәкілетті органның шектеулi ықпал ету шараларын қолдануы туралы шешiмiнде көзделген шарттар мен iс-шараларды орындау мерзiмiнiң басы олардың тиiстi құжатты алған күні болып есептеледi.    

  4-тарау. Санкциялар

      24. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Заңның  47-бабында  көзделген негіздер бойынша банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына санкциялар қолданады.
      Банктер мен ұйымдардың басшы қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындаудан тұрақты түрде немесе уақытша босатылуы мүмкін.
       Ескерту: 24-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 268   қаулысымен .

      25. Уәкілетті органның банктiң немесе ұйымның басшы қызметкерiнiң атқаратын қызметiнен босатуы туралы шешiмдi банк үш жұмыс күнi iшiнде орындауы тиіс.
      Уәкілетті органның шешiмiн орындау туралы уәкілетті органға хабарлама ұсыну мiндеттi болып табылады. 

  5-тарау. Банктiң қосылма тұлғаларына қатысты
қолданылатын мәжбүр ету шаралары

      26. Уәкілетті орган Заңның  47-1-бабында  көзделген жағдайларда банктiң iрi қатысушыларына және банктiк холдингтерге мәжбүр ету шараларын қолдануға құқылы. 

      27. Банктiң iрi қатысушысы немесе банктiк холдинг уәкілетті органның оларға мәжбүр ету шараларын қолдану туралы шешiм шығарғанынан кейiн он күнтiзбелiк күн ішiнде уәкілетті органға оның шешiмiн орындау жөнiндегi iс-шаралардың жоспар-кестесiн қажет болғанда басқа да құжаттарды қоса бере отырып ұсынуы тиіс. 

      28. Уәкілетті орган жоспар-кестенi қарайды және банктiң iрi қатысушысына немесе банктiк холдингке он күнтiзбелiк күн ішiнде өз қорытындысын бередi. Жоспар-кестемен келiспеген жағдайда уәкілетті орган банктiң iрi қатысушысына немесе банктiк холдингке белгiленген мерзiмде нақты iс-шараларды орындау туралы нұсқау жiберуге құқылы. 

      29. Банктiң iрi қатысушысы немесе банктiк холдинг осы құжатта
көрсетiлген мерзiмде уәкілетті орган шешiмiнiң орындалуы туралы уәкілетті органға хабар беруге мiндеттi.
      Егер белгiленген орындалу мерзiмi бiр айдан асқан жағдайда, банктiң iрi қатысушысы немесе банктiк холдинг ай сайын уәкілетті органға кезең-кезеңiмен орындау туралы хабар беруге мiндеттi.

      30. Банктiң iрi қатысушысының немесе банктiк холдингтiң уәкілетті органның шешiмiнде көзделген шарттар мен iс-шараларды орындау мерзiмiнiң басы олардың тиiстi құжатты алған күн болып есептеледi.

  6-тарау. Қорытынды ереже

      31. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.    

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Об утверждении Правил применения мер воздействия в отношении банков второго уровня, организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, их руководящих работников, а также аффилиированных лиц банков второго уровня

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 июля 2001 года N 279. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 августа 2001 года N 1623. Утратило силу - постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года N 42 (V064154)

<*>
      Сноска. Название с изменениями - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 сентября 2004 года N 268 .
 
 
      В целях совершенствования нормативной правовой базы, регулирующей деятельность банков второго уровня и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:
 
      1. Утвердить Правила применения мер воздействия в отношении банков второго уровня, организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, их руководящих работников, а также аффилиированных лиц банков второго уровня (далее - Правила) и ввести их и настоящее постановление в действие по истечении четырнадцати дней со дня их государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан. <*>
      Сноска. Пункт 1 с изменениями - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 сентября 2004 года N 268 .
 
      2. Со дня вступления в силу настоящего постановления признать утратившими силу:
      1) Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 апреля 1997 года N 119 V970327_  "Об утверждении Положения о порядке применения к банкам второго уровня ограниченных мер воздействия";
      2) Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 18 декабря 1998 года N 285 V980664_  "Об утверждении Правил наложения и взыскания Национальным Банком Республики Казахстан штрафов за нарушения, связанные с банковской деятельностью".
      3. Департаменту банковского и страхового надзора (Мекишев А.А.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления и Правил;
      2) в течение семи дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление и Правила до сведения территориальных филиалов Национального Банка Республики Казахстан, банков второго уровня и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций.
      4. Банкам второго уровня в течение пяти дней со дня получения довести настоящее постановление и Правила до сведения своих аффилиированных лиц.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Председателя Национального Банка Республики Казахстан Марченко Г.А.
 
     Председатель
     Национального Банка
 
 
 

 

 
                                                 Утверждены
                                                 постановлением Правления
                                                 Национального Банка
                                                 Республики Казахстан
                                                 от "13" июля 2001 г. N 279
 
                                  Правила
                        применения мер воздействия
                    в отношении банков второго уровня,
         организаций, осуществляющих отдельные виды банковских
              операций, их руководящих работников, а также
                аффилиированных лиц банков второго уровня <*>
      Сноска. Название с изменениями - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 сентября 2004 года N 268 .
 
      Сноска. По тексту Правил слова "Национальный Банк", "Национального Банка", "Национальным Банком" заменены словами "уполномоченный орган", "уполномоченного органа", "уполномоченным органом" - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 сентября 2004 года N 268 .
 
      Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан " О банках и  банковской деятельности в Республике Казахстан", "О государственном регулировании  и надзоре финансового рынка и финансовых организаций" и устанавливают порядок применения уполномоченным органом по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - уполномоченный орган) в отношении банков второго уровня (далее - банки), их аффилиированных лиц, организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций (далее - организации), а также руководящих работников банков и организаций мер воздействия за нарушения банковского законодательства. <*>
      Сноска. Преамбула в новой редакции - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 сентября 2004 года N 268 .
 
                        Глава 1. Общие положения
 
      1. В целях обеспечения стабильности банковской системы, а также защиты интересов депозиторов банков уполномоченный орган осуществляет контроль за деятельностью банков на консолидированной основе, в том числе путем применения мер воздействия в отношении банков, их аффилиированных лиц, организаций, а также руководящих работников банков и организаций.
      2. В целях настоящих Правил под мерами воздействия понимаются предусмотренные законодательными актами рекомендации по оздоровлению финансового положения, ограниченные меры воздействия, санкции и принудительные меры.
      3. Применение одной меры воздействия не исключает применения других в случаях, предусмотренных законодательством, не приостанавливает и не прекращает действия ранее принятых мер.
      4. Обжалование письменного предписания уполномоченного органа в суде не приостанавливает его исполнения.
      5. Уполномоченным органом ведется учет примененных мер воздействия.
 
       Глава 2. Рекомендации по оздоровлению финансового положения
 
      6. В случаях ухудшения финансового положения банка уполномоченный орган в соответствии со статьей 45 Закона Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" (далее - Закон) вправе поставить перед его акционерами вопрос о необходимости финансового оздоровления, смене руководства или реорганизации банка, включая выдачу ему рекомендаций.
      7. Письмо уполномоченного органа о выдаче рекомендации по оздоровлению финансового положения банка направляется его первому руководителю (или лицу, его замещающему), который в течение пяти дней должен в обязательном порядке поставить в известность всех членов исполнительного органа, совета директоров банка, крупных участников банка, банковские холдинги.
      8. По истечении 30 календарных дней банк должен представить в уполномоченный орган мотивированное решение, подписанное первым руководителем (или лицом, его замещающим), о выполнении рекомендации по оздоровлению финансового положения банка.
 
                    Глава 3. Ограниченные меры воздействия
 
      Письмо-обязательство
 
      9. Уполномоченный орган вправе по основаниям, предусмотренным статьей 46 Закона, затребовать у банка, аффилиированного лица банка или организации письмо-обязательство, которое должно содержать факт признания имеющихся недостатков и гарантию руководства банка, аффилиированного лица банка или организации по их устранению в строго определенные сроки с указанием перечня запланированных мероприятий.
 
      Письменное соглашение
 
      10. Уполномоченный орган вправе по основаниям, предусмотренным статьей 46 Закона, заключить с банком, аффилиированным лицом банка или организацией - двухстороннее либо с банком и аффилиированным лицом банка - трехстороннее письменное соглашение о необходимости незамедлительного устранения выявленных недостатков и об утверждении первоочередных мер в связи с этим.
      11. Письменное соглашение составляется в случаях, когда уполномоченный орган вместе с банком, аффилиированным лицом банка или организацией приходят к выводу, что для устранения имеющихся нарушений и недостатков требуется срок, превышающий два месяца.
      12. Письменное соглашение составляется в двух (трех) экземплярах и подписывается от имени банка, аффилиированного лица банка, являющегося юридическим лицом, и организации - первым руководителем (или лицом, его замещающим) или непосредственно аффилиированным лицом банка, являющимся физическим лицом.
 
      Письменное предупреждение
 
      13. Уполномоченный орган вправе по основаниям, предусмотренным статьей 46 Закона, вынести письменное предупреждение в отношении банка, аффилиированного лица банка или организации.
      14. Письменное предупреждение является уведомлением уполномоченного органа о возможности применения к банку, аффилиированному лицу банка или организации санкций, предусмотренных статьей 47 Закона, в случае, если имеющиеся недостатки не будут устранены в установленный уполномоченным органом срок.
      15. Письменное предупреждение доводится до сведения первого руководителя банка (или лица, его замещающего), аффилиированного лица банка или организации.
      16. Первый руководитель банка (или лицо, его замещающее) должен в обязательном порядке в течение пяти дней поставить в известность всех членов исполнительного органа, совета директоров банка, крупных участников банка и банковские холдинги.
 
      Письменное предписание
 
      17. Уполномоченный орган вправе по основаниям, предусмотренным статьей 46 Закона, дать банку, аффилиированному лицу банка или организации обязательное для исполнения письменное предписание.
      18. Письменное предписание уполномоченного органа - это указание банку, аффилиированному лицу банка или организации о принятии коррективных мер, направленных на устранение выявленных недостатков в установленный срок. Коррективные меры указываются в письменном предписании и представляют собой обязательные к исполнению меры, указанные в статье 45 Закона.
      19. Письменное предписание доводится до сведения первого руководителя банка (или лица, его замещающего), аффилиированного лица банка или организации.
      20. Первый руководитель банка (или лицо, его замещающее) должен в обязательном порядке в течение пяти дней поставить в известность всех членов исполнительного органа, совета директоров банка, крупных участников банка и банковские холдинги.
 
      Основные требования по применению ограниченных мер воздействия
 
      21. Банк, аффилиированное лицо банка или организация обязаны в течение десяти календарных дней после получения уведомления уполномоченного органа о применении в отношении него ограниченных мер воздействия, представить в уполномоченный орган план-график мероприятий по устранению имеющихся недостатков, с приложением при необходимости иных документов.
      Уполномоченный орган рассматривает план-график и направляет свое заключение банку, аффилиированному лицу банка или организации в течение десяти календарных дней. В случае несогласия с планом-графиком, уполномоченный орган вправе направить указание банку, аффилиированному лицу банка или организации о необходимости выполнения конкретных мероприятий в определенные сроки.
      22. Банк, аффилиированное лицо банка или организация обязаны уведомить уполномоченный орган об исполнении письма-обязательства, письменного соглашения, письменного предписания или письменного предупреждения в срок, указанный в данном документе.
      В случае, если установленный срок исполнения будет превышать один месяц, банк, аффилиированное лицо банка или организация обязаны ежемесячно уведомлять уполномоченный орган о поэтапном исполнении.
      23. Началом срока выполнения банком, аффилиированным лицом банка или организацией условий и мероприятий, предусмотренных решением уполномоченного органа о применении ограниченных мер воздействия, считается дата получения ими соответствующего документа.
 
                            Глава 4. Санкции
 
      24. Уполномоченный орган налагает санкции на банки или их должностных лиц по основаниям, предусмотренным статьей 47  Закона, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      Руководящие работники банков и организаций могут быть постоянно или временно отстранены от выполнения служебных обязанностей. <*>
      Сноска. Пункт 24 в новой редакции - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 сентября 2004 года N 268 .
      25. Решение уполномоченного органа об отстранении от занимаемой должности руководящего работника банка или организации должно быть исполнено банком в течение трех рабочих дней.
      Представление в уполномоченный орган уведомления об исполнении решения уполномоченного органа является обязательным.
 
            Глава 5. Принудительные меры, принимаемые в отношении
                             аффилиированных лиц банка
 
      26. Уполномоченный орган вправе применить принудительные меры к крупным участникам банка и банковским холдингам в случаях, предусмотренных статьей 47-1 Закона.
      27. Крупный участник банка или банковский холдинг должны в течение десяти календарных дней после вынесения решения уполномоченного органа о применении к ним принудительных мер представить в уполномоченный орган план-график мероприятий по выполнению решения уполномоченного органа с приложением, при необходимости, прочих документов.
      28. Уполномоченный орган рассматривает план-график и представляет свое заключение крупному участнику банка или банковскому холдингу в течение десяти календарных дней. В случае несогласия с планом-графиком, уполномоченный орган вправе направить указание крупному участнику банка или банковскому холдингу о выполнении конкретных мероприятий в определенные сроки.
      29. Крупный участник банка или банковский холдинг обязаны уведомить уполномоченный орган об исполнении решения уполномоченного органа в срок, указанный в данном документе.
      В случае, если установленный срок исполнения будет превышать один месяц, крупный участник банка или банковский холдинг обязаны ежемесячно уведомлять уполномоченный орган о поэтапном исполнении.
      30. Началом срока выполнения крупным участником банка или банковским холдингом условий и мероприятий, предусмотренных решением уполномоченного органа, считается дата получения ими соответствующего документа.
 
                 Глава 6. Заключительное положение
 
     31. Вопросы, не урегулированные настоящими Правилами, разрешаются в порядке, определенном действующим законодательством Республики Казахстан.
 
     Председатель
     Национального Банка