"Екiншi деңгейдегi банктерге ықпал етудiң шектелген шараларын қолдану тәртiбi туралы" Ереже жөнiнде

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасы 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 119 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 23 қыркүйек тіркелді. Тіркеу N 327. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 13 шілдедегі N 279 қаулысымен. ~V011623

      Қазақстан Республикасында екiншi деңгейдегi банктердiң қызметiнiң нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы Қаулы етедi:
      1. "Екiншi деңгейдегi банктерге ықпал етудiң шектелген шараларын қолдану тәртiбi туралы" Ереже бекiтiлсiн және ол 1997 жылдың 1 мамырынан бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Банктiк қадағалау департаментi (Абдуллина Н.Қ.) осы Қаулы мен жоғарыда аталған Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық басқармасына (Алматы аумақтық Бас басқармасына) және екiншi деңгейдегi банктерге хабарласын.
      3. Осы Қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.Ғ. Сәйденовке жүктелсiн.

      Ұлттық Банк Төрағасы
                                                Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 119 Қаулысымен Бекiтiлген


            Екiншi деңгейдегi банктерге ықпал етудiң
           шектелген шараларын қолдану тәртібi туралы
                            ЕРЕЖЕ

            1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Z952444_ Заң күшi бар Жарлығына (бұдан әрi - Жарлық) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалады.
      Ереже қолданылып жүрген банк заңдарында көзделгендей, екiншi деңгейдегi банктерге ықпал етудiң шектелген шараларын қолдану тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) пруденциалдық нормативтердi және басқа да сақталуға тиiстi нормалар мен лимиттердi, сондай-ақ қолданылып жүрген заң талаптарын бұзушылық, оған қоса банк қызметкерi тарапынан банктiң қаржылық тұрақтылығына не депозиторлардың, клиенттердiң және корреспонденттердiң мүддесiне зиянын тигiзетiн заңсыз iс-әрекет (әрекетсiздiк) бар деп тапқан жағдайда банкке мынадай ықпал етудiң шектелген шараларының бiрiн қолдануға құқылы:
      а) мiндеттеме-хатты талап ету;
      б) банкпен жазбаша шарт жасасу;
      в) ескерту жасау;
      г) орындалуға мiндеттi жазбаша нұсқау беру;
      Ұлттық Банк жоғарыда аталған ықпал ету шараларының бiрiн немесе бiрнешеуiн, оның iшiнде тәртiп бұзушылықтың(тардың) сипатына қарай олардың әрқайсысына бiр мезгiлде не әр түрлi негiзде қолдануға құқылы.
      3. Ықпал етудiң шектелген шараларын қабылдаумен қатар банкке қолданылып жүрген банк заңдарында көзделген санкциялар да қолданылуы мүмкiн.
      4. Банкке ықпал етудiң шектелген шараларының бiрiн қолдану оған арналған бұрынғы қабылданған шаралардың iс-әрекетiн тоқтатпайды және қысқартпайды.
      5. Осы Ережеде көзделген ықпал етудiң шектелген шаралары Ұлттық Банктiң мынадай мәселелер бойынша:
      - банктi қаржылық жағынан қалпына келтiру, басшылықты ауыстыру немесе банктi қайта ұйымдастыру қажеттiгi туралы;
      - депозиттер қабылдауды шектеу туралы;
      - жарғылық қорды ұлғайту туралы;
      - дивидендтер төлеудi және провизияларды ұлғайтуды тоқтату туралы;
      - жекелеген филиалдар мен өкiлдiктердi жабу арқылы, сондай-ақ қосымша қызметкерлер жалдауды тоқтату немесе шектеу арқылы шығындарды азайту туралы;
      - банктiң кез-келген лауазымды адамын немесе қызметкерiн қызметiнен шеттеу туралы;
      - жоғары дәрежеде тәуекелi бар банк операцияларының кейбiр түрлерiн тоқтату немесе шектеу туралы ұсыныс енгiзуiне мүмкiндiк бередi.
      6. Ұлттық Банк банкке байланысты ықпал етудiң шектелген шараларын қолдану туралы банктiң Байқаушы кеңесiне (оның Төрағасы мен мүшелерiне) хабарлауға құқылы. Осы мәселе жөнiндегi Ұлттық Банктiң тiкелей банк басшылығына арналмаған ақпараты оның Байқаушы кеңесiнiң құрамына енген адамдарға почтамен жөнелту тапсырысы арқылы жiберiледi.
      7. Осы мәселе бойынша банкке тиiстi құжаттардың келiп түскен күнi (оны қызметкерлерге қол қоюға берген күн) Ұлттық Банктiң ықпал етудiң шектелген шараларын қолдану туралы шешiмiмен көзделген шарттар мен iс-шараларды банктiң орындау мерзiмiнiң басталуы болып есептеледi.

          II. Ықпал етудiң шектелген шараларын қолдану
                     жөнiндегi негiзгi талаптар

      8. Банктiң ықпал етудiң шектелген шараларын қолданумен байланысты iс-шараларды ресiмдеуi, орындау тәртiбi және Ұлттық Банк тарапынан бақылау жасау осы Ережедегi талаптарды ескере отырып жүзеге асырылады.
      9. Банкке осы Ереженiң 2-тармағының "а" және "г" тармақшаларында көзделген ықпал етудiң шектелген шараларын қолданған жағдайда, банк жетi күннiң iшiнде Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiне (бұдан әрi - Банктiк қадағалау департаментi) мiндеттеме-хаттың немесе жазбаша нұсқаудың орындалуы бойынша шараларды көрсете отырып хат беруге мiндеттi. Банктiң хатына мiндеттеме-хаттың немесе жазбаша нұсқаудың (бұдан әрi - кесте) шарттарын орындау бойынша жоспарланған iс-шаралардың кестесi мен нақтылығын дәлелдейтiн қаржылық негiздемесi қоса берiлуi тиiс.
      Банк олар бекiткен кестенi бұзған жағдайда мiндеттеме-хат немесе жазбаша нұсқау орындалмаған деп есептеледi.
      10. Банктiк қадағалау департаментi берiлген кестемен келiскен жағдайда ол жөнiнде банкке он күн iшiнде хабарлайды.
      Ұлттық Банк кестемен келiспеген жағдайда мiндеттеме-хаттың немесе жазбаша нұсқаудың орындалуы бойынша шараларды көрсете отырып беретiн банктiң хатының нақты мерзiмi мен шарттарын белгiлеуге құқылы.
      11. Банк Ұлттық Банкке мiндеттеме-хаттың, жазбаша келiсiмнiң немесе жазбаша нұсқаудың орындалуы бойынша iс-шаралардың осы құжатта көрсетiлген мерзiмде аяқталғаны жөнiнде дер кезiнде хабарлауға мiндеттi. Банктiк қадағалау департаментi банк қабылдаған мiндеттемелердiң орындалуына бақылау жасайды.
      12. Өзiне қолданылған ықпал етудiң шектелген шараларынан туындаған шарттарды орындамаған банк Ұлттық Банк Басқармасының 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 Қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы ережеге сәйкес банктердiң бiрiншi тобына жатқызылмайды.
      13. Банк өзiне қолданылған ықпал етудiң шектелген шараларынан туындаған iс-шараларды орындамаған жағдайда Ұлттық Банк оған банк операцияларының қосымша түрлерiн жүргiзуге лицензия беруден және/немесе филиал ашуға келiсiм беруден бас тартуға құқылы.

          III. Ықпал етудiң шектелген шараларының жекелеген
                    түрлерiн қолдану ерекшелiктерi
                        3.1. Мiндеттеме-хат

      14. Банктiң мiндеттеме-хатында банктiң өзiнде бар кемшiлiктерiн мойындайтын және банк басшылығы жоспарланған iс-шараларды көрсете отырып, оларды екi айдан аспайтын уақытта, қатаң белгiленген мерзiм iшiнде жоюға дайындық фактiлерi мазмұндалуы тиiс.
      15. Ұлттық Банк банктен мiндеттеме-хатты мына жағдайларда:
      а) өтiмдiлiк коэффициентiн бұзғанда, оған қоса клиенттiң қаржы аудару бойынша тапсырмасын орындамағанда немесе дер кезiнде орындамағанда, есеп айырысу және аударым операциялары бойынша шартты мiндеттемелер тиiстi түрде орындалмағанда, банктiң корреспонденттiк шотына арналған картотекалар бере болғанда;
      б) ең төменгi резерв талаптарын сақтамағанда;
      в) Ұлттық Банктiң жазбаша сұрауы бойынша мәлiметтердi (ақпараттарды) және/немесе құжаттарды бермеуi немесе дер кезiнде бермегенде;
      г) банктiң басшы қызметкерлерi өздерiнiң лауазымдық қызметтерiн

Ұлттық Банктiң тиiстi келiсiмiнсiз белгiленген мерзiмiнен артық атқарғанда;
     д) банктiң банк заңдарында көзделгеннен басқа жағдайларда заңды 
тұлғалардың жарғылық қорына қатысқанда;
     е) банктiң шетелдiк қатысуы арқылы қаржыларды iшкi активтерге 
орналастыру бойынша талаптарды бұзғанда;
     ж) Ұлттық Банкке есептемелер мен мәлiметтердi бермегенде;
     з) Ұлттық Банкке бiле тұра күмәнді есептемелер мен мәлiметтер 
бергенде талап етуге құқылы.
     Ұлттық Банк мiндеттеме хатты өз ұйғарымы бойынша басқа жағдайда да 
талап етуге құқылы.

                    3.2. Жазбаша келiсiм



      16. Жазбаша келiсiм - бұл анықталған кемшiлiктердi тез арада жою қажеттiгi туралы және осыған байланысты алғашқы шараларды бекiту туралы банк пен Ұлттық Банктiң арасындағы келiсiм.
      17. Жазбаша келiсiм Ұлттық Банк пен банк басшылығы банк қызметiнде

бар заң бұзушылықтар мен кемшiлiктердi жою үшiн едәуiр уақыт қажет деген 
шешiмге келген жағдайда жасалады.
     18. Жазбаша келiсiм осы Ереженiң 15-тармағында көзделген жағдайлардан 
басқа, мынадай жағдайларда жасалуы мүмкiн:
     а) Ұлттық Банктiң тиiстi рұқсатынсыз дауыс беру құқығымен жиырма бес 
проценттен астам банк акцияларын тiкелей немесе жанама иелену, банк 
құрылтайшысына (акционерiне) өкiмдiк жүргiзу және/немесе басқару;
     б) банктiң орталықтандырылған кредит ресурстары бойынша мерзiмi өткен 
қарызының болуы.
     Жазбаша келiсiм Ұлттық Банктiң ұйғарымы бойынша басқа жағдайларда да 
жасалуы мүмкiн.
     19. Жазбаша келiсiм екi дана етiп жасалып, Ұлттық Банктiң атынан 
Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары, ал екiншi жақтан - банк Басқармасының 
Төрағасы мен банктiң бас бухгалтерi қол қояды.

             3.3. Жазбаша нұсқау



      20. Ұлттық Банктiң жазбаша нұсқауы - бұл белгiленген уақытта

анықталған кемшiлiктердi жоюға бағытталған нақты шараларды қабылдау 
қажеттiгi туралы нұсқау.
     21. Ұлттық Банк осы Ереженiң 15, 18-тармақтарында көзделгендерден 
басқа мынадай жағдайлар анықталғанда:
     а) бiр займшыға өз қаржыларының коэффициентiнiң жеткiлiктiлiгi мен ең 
жоғары тәуекелдiң, оған капиталдың терiс мөлшерiнiң бар екенiн қосқанда, 
екi есеп беру күнiнен кем емес уақытқа бұзылғанда;
     б) белгiленген ең төменгi мөлшерге жарғылық қордың мөлшерi сәйкес 
келмегенде;
     в) банктiң жарғылық қорын заңсыз қалыптастыру анықталғанда;
     г) банк мiндеттеме-хаттың не жазбаша нұсқаудың шарттарын 
орындамағанда немесе бұзғанда жазбаша нұсқау жiберуге құқылы.
     22. Ұлттық Банктiң ұйғарымы бойынша жазбаша нұсқау басқа жағдайларда 
да жiберiлуi мүмкiн.

             3.4. Жазбаша ескерту

     23. Жазбаша ескерту дегенiмiз банк заңдарында көзделген санкцияларды 
Ұлттық Банктiң банкке қолданылуы мүмкiн екендiгi туралы хабарлауы болып 
табылады.
     24. Жазбаша ескерту осы Ереженiң 15, 18, 21-тармақтарында көзделген 
негiздерден басқа мына жағдайларда:
     а) жазбаша нұсқаудың шарттарын орындамағанда;
     б) қолданылып жүрген заң талаптарын бұзғанда банкке жiберiлуi мүмкiн.

             IV. Қорытынды ережелер

     25. Ықпал етудiң шектелген шараларын қолдану туралы Ұлттық Банктiң 
шешiмiне банк Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен 
сотқа шағым бере алады.
     Ықпал етудiң шектелген шараларына байланысты сотқа шағым беру олардың 
орындалуын тоқтата алмайды.


      26. Осы Ереже арқылы реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының нормаларына сәйкес шешiлуi тиiс.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады