Клиринг ұйымдарының - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін инспекциялауды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде"

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 8 қазандағы N 383 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 25 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1771. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 6 қарашадағы N 116 қаулысымен.

       Ескерту:   Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 6 қарашадағы N 116 қаулысымен.

--------------Қаулыдан үзінді-----------------

      Қазақстан Республикасының "Жеке кәсіпкерлік туралы" Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі...

      Ұлттық Банк
       Төрағасы

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 6 қарашадағы 
№ N 116 қаулысына     
қосымша        

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
күші жойылды деп танылған
нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Клиринг ұйымдарының - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін инспекциялауды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту жөніндегі" 2001 жылғы 8 қазандағы N 383 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1771 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2002 жылғы 11-24 ақпанда жарияланған)...№№№№
-------------------------------

      Қазақстан Республикасында клиринг ұйымдарының - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
      1. Клиринг ұйымдарының - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін инспекциялауды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін және нұсқаулық пен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен кейін күшіне енгізілсін. 
      2. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.): 
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Клиринг ұйымдарының - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін инспекциялауды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Клиринг ұйымдарының - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін инспекциялауды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына жіберсін. 
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күндік мерзімде осы қаулыны және Клиринг ұйымдарының - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін инспекциялауды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін. 
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т.Жанкелдинге жүктелсін. 

       Ұлттық Банк
      Төрағасы                                                     

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 8 қазандағы  
N 383 қаулысымен бекітілді

  Клиринг ұйымдарының - банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін
инспекциялауды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулық 

      Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі  туралы", "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банктік қызмет  туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) клиринг ұйымдарының - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - клиринг ұйымдары) қызметін инспекциялауды жүргізу тәртібін белгілейді. 

  1-тарау. Жалпы ережелер  

      1. Қазақстан Республикасындағы төлем жүйелерінің тұрақты және тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету, сондай-ақ банкаралық клиринг және аударым операцияларын жүзеге асырған кезде туындайтын тәуекелдерді төмендету мақсатында Ұлттық Банк банкаралық клиринг ұйымдарының қызметіне, оның ішінде банкаралық клиринг ұйымдарының қызметін инспекциялау арқылы бақылау жасайды. 
      Клиринг ұйымдарының қызметін инспекциялау клиринг ұйымдарының жалпы алғанда немесе жекелеген мәселелері бойынша қызметін, клиринг ұйымдары Ұлттық Банкке ұсынатын есептер мен мәліметтердің нақтылығын зерттеу арқылы оның нақты қаржы және институционалды жағдайы туралы деректерді белгілеу, сондай-ақ банкаралық клиринг жүргізудің және банк операцияларының жекелеген түрлерінің Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізіледі.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 136   қаулысымен .       

      2. Клиринг ұйымдарының қызметін инспекциялауды Ұлттық Банктің төлем жүйесі бөлімшесі өз бетімен немесе Ұлттық Банктің басқа бөлімшелерінің мамандарын қатыстыра отырып жүргізіледі. 

      3. Клиринг ұйымдарының қызметін инспекциялау Ұлттық Банктің тапсырмасына сәйкес жүргізіледі және онда тексерілетін мәселелер, инспекциялауды жүргізу мерзімі, инспекциялық топ құрамы және оның басшысы көрсетіледі.

  2-тарау. Инспекциялауды жүргізу  

      4. Ұлттық Банк клиринг ұйымына тексерілетін мәселелерді және клиринг ұйымы инспекциялауды жүргізудің бастапқы күніне инспекциялық топқа ұсынылуы тиіс құжаттарды көрсете отырып инспекциялауды жүргізу туралы хабарлама жіберуге құқылы. Клиринг ұйымының қызметін инспекциялау алдын ала хабарлаусыз жүргізілуі мүмкін. 

      5. Клиринг ұйымының қызметін инспекциялауды бастамас бұрын Ұлттық Банк уәкілетті тіркеуші органға инспекциялауды жүргізуге тапсырманы және Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіппен тіркеу үшін белгіленген үлгіде толтырылған есеп карточкасын ұсынады. 

      6. Инспекциялауды жүргізу уақытына клиринг ұйымы инспекциялық топқа бірінші талап бойынша қағазда және электрондық тасымалдаушыда кез келген құжаттарды (мәліметтерді) беруге, сондай-ақ инспекциялау нәтижелері туралы есепке тігу үшін олардың көшірмелерін қамтамасыз етуге міндетті. 

      7. Клиринг ұйымы инспекциялауды жүргізу кезеңіне инспекциялық топқа өз үй-жайында жеке бөлме беруге, жұмыс істеуге берілген бөлмеге, оның ішінде демалыс күндері (келісімі бойынша) еркін кіруді қамтамасыз етуге тиіс. 

      8. Клиринг ұйымы тексеру кезеңіне қажетті құжаттарды (мәліметтерді) әзірлеуге және оларды инспекциялық топқа уақтылы тапсыруға жауапты өз мамандарын анықтауға, сондай-ақ клиринг ұйымының ақпарат жүйелеріне кіруді қамтамасыз етуге тиіс. 

      9. Клиринг ұйымының институционалды жағдайын тексерген кезде инспекциялық топқа мыналарды: 
      1) банкаралық клиринг ұйымының уәкілетті басқару органы бекіткен, Ұлттық Банк және/немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) клиринг ұйымына берген лицензияларда көзделген банкаралық клиринг және өзге де операцияларды жүргізу тәртібін, рәсімін және талаптарын реттейтін ішкі құжаттардың болуын; 
      2) банкаралық клирингті жүргізу тәртібін, рәсімін және талаптарын реттейтін ішкі құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкестігін; 
      3) банкаралық клиринг қатысушыларымен жасалған шарттардың Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкестігін; 
      4) төлем құжаттарының дұрыс жасалуын және орындалуын; 
      5) банкаралық клирингті жүзеге асыру жөніндегі операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізудің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін; 
      6) клиринг ұйымы жүргізетін банк операцияларының жекелеген түрлерінің клиринг ұйымының уәкілетті органы әзірлеген және бекіткен ішкі құжаттарға және Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкестігін; 
      7) банкаралық клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару тәртібінің және мерзімінің клирингті жүзеге асырудың ішкі тәртібіне және тиісті шарттарға сәйкестігін; 
      8) ақша төлемін және аударымын жүзеге асырған кезде қолданылатын қауіпсіздікті ұйымдастырудың және бағдарламалық-техникалық шаралардың болуын; 
      9) клиринг ұйымдарында қолданатын автоматтандырылған ақпарат жүйелеріне техникалық құжаттаманың болуын; 
      10) клиринг ұйымдары ұсынатын есептердің Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық кесімдері талаптарына сәйкес оларды жасау және ұсыну мерзімі мен тәртібіне сәйкестігін; 
      11) клиринг ұйымының ұйымдастыру құрылымының клиринг ұйымының құрылтайшы құжаттарына сәйкестігін; 
      12) клиринг ұйымының оған шектелген ықпал ету шараларын қолданудан туындайтын талаптарды, іс-шараларды және өзіне қабылдаған міндеттемелерді уақтылы орындауын. 
       Ескерту: 9-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 136   қаулысымен 2005 жылғы 17 қарашадағы N 144   қаулысымен 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147   қаулысымен .

      10. Клиринг ұйымының қаржы қызметін тексерген және талдау жасаған кезде инспекциялық топқа мыналарды: 
      1) клиринг ұйымының төленген жарғылық капиталы мөлшерінің клиринг ұйымына Ұлттық Банк белгілеген жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшеріне сәйкестігін; 
      2) клиринг ұйымының жарғылық капиталының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс қалыптасуын; 
      3) активтер мен міндеттемелердің көлемін, оның құрылымын; 
      4) берілген заемдардың және олардың жіктеушісінің жалпы көлемін, құрылымын (егер клиринг ұйымы заем операцияларын жүзеге асырған жағдайда); 
      5) дебиторлық және кредиторлық берешектің көлемін, құрылымын және жіктеушісін; 
      6) бухгалтерлік есепті жүргізудің Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнама талаптарына сәйкестігін; 
      7) есепті күнге кіріс пен шығыстың мөлшерін, олардың баптар бойынша құрылымын; 
      8) клиринг ұйымы қызметінің қаржы нәтижесін, есепті күнге ағымдағы кірістердің (шығыстардың) шығыстардан (кірістерден) асып түсуін; 
      9) клиринг ұйымының рентабельділігін; 
      10) өткен жылдардағы бөлінбеген таза кірістің (шығынның) мөлшері, таза кірістің бөлінуін, оның ішінде дивиденттерді төлеуге; 
      11) кіріс пен шығыстың, олардың құрамдастарының өзгеру қарқынын, үрдісін және мұндай өзгерістердің себептерін; 
      12) ағымдағы шығыстарды өтеу үшін ағымдағы кірістің жеткіліктігін, клиринг ұйымының жеке капиталының сақталуын және өсуін; 
      13) қаржылық есепте көрсетілетін және Ұлттық Банкке ұсынылатын деректердің дұрыстығын.
       Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 144   қаулысымен

      11. Клиринг ұйымы инспекциялық топқа, клиринг ұйымының кез келген қызметкеріне сұрақ қою, тексерушілерге қолдағы бар барлық құжаттармен (ақпаратпен) танысу мүмкіндігін қоса алғанда, тексеру жүргізуге қолдау көрсетуге міндетті. 
      Клиринг ұйымының қызметкерлері инспекциялық топқа жүргізіліп жатқан тексеруге қатысты мәселелер жөнінде, олардың қызметтік міндеттері және/немесе клиринг ұйымының қызметі жөнінде түсіндірме (ауызша немесе жазбаша) беруге міндетті. 

      12. Клиринг ұйымының өткен инспекциялауды жүргізу нәтижесінде хаттамада көрсетілген бұзуларды жою бойынша іс-шараларды орындау мәселесі жөнінде инспекциялауды жүргізген кезде анықталған бұзуларды жою бойынша клиринг ұйымы қолданған іс-шараларға және клиринг ұйымы қызметінің тиісті бағыттарының ағымдағы жағдайына талдау жасалады. 

      13. Клиринг ұйымына тексеру жүргізуге кедергі келтіру, оның ішінде инспекторларға клиринг ұйымының үй-жайына немесе жекелеген бөлмелеріне кіруге кедергі келтіру, талап етілген құжаттарды ұсынбау, клиринг ұйымы қызметкерлерінің қызметтік міндеттеріне және олардың клиринг ұйымындағы қызметіне байланысты қажетті мәліметтерді беруден бас тарту клиринг ұйымының лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болып табылады. 

      14. Инспекциялауды жүргізген кезде инспекторлар клиринг ұйымы құжаттарының сақталуын және алған ақпаратты құпия сақтауды қамтамасыз етуге, клиринг ұйымының, оның клиенттерінің құқықтарына немесе заңды мүдделеріне тікелей не жанама қысым жасауы мүмкін іс-әрекеттерден қалыс қалуға тиіс. 

      15. Түсініспеушіліктер туындаған немесе жекелеген мәселелерді қосымша зерттеу қажеттілігі анықталған жағдайда Ұлттық Банк клиринг ұйымының қызметін инспекциялау мерзімін ұзартуы мүмкін және тексерілетін мәселелердің көлемі ұлғаюы мүмкін, әрі бұл туралы клиринг ұйымына хабарлама жіберіледі. Мұндайда уәкілетті тіркеуші органға ұзартудың нақты мерзімін көрсете отырып тиісті құжат ұсынылады.

  3-тарау. Инспекциялау нәтижелері туралы
есепті жасау 

      16. Инспекциялау нәтижелері бойынша инспекциялық топ тексеру нәтижелері туралы есеп (бұдан әрі - есеп) жасайды. 
      Есеп мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс: 
      1) жасау күні және орны; 
      2) клиринг ұйымдарының қызметін инспекциялауды жүргізуге қатысқан адамдардың аты-жөні, сондай-ақ лауазымы; 
      3) клиринг ұйымының атауы, мекен-жайы, мемлекеттік тіркеу деректері; Ұлттық Банк және/немесе уәкілетті орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге берген лицензиялардың номері және күні; 
      4) клиринг ұйымдарының қызметін инспекциялауды жүргізуге тапсырманың номері және күні; 
      5) тексерілуге жатқызылған клиринг ұйымы қызметінің кезеңі және Ұлттық Банктің тапсырмасында көрсетілген мәселелер; 
      6) клиринг ұйымындағы істердің ағымдағы жағдайы, клиринг ұйымының қызметін инспекциялау барысында анықталған бұзулар мен кемшіліктер. 
      Клиринг ұйымын инспекциялау барысында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша оған қажетті құжаттардың көшірмелерін қоса отырып хаттама жасалады.
       Ескерту: 16-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 144   қаулысымен 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147   қаулысымен .

      17. Инспекциялауды жүргізу мерзімі аяқталғаннан кейін есеп танысу үшін клиринг ұйымдарының басшыларына ұсынылады және оған клиринг ұйымының басшысы қол қоюы тиіс. Клиринг ұйымының басшысы қарсылық білдірген жағдайда, мұндай қарсылықтар жазбаша түрде есепке қоса беріледі. 

      18. Клиринг ұйымының қызметін инспекциялау аяқталғаннан кейін инспекциялық топ уәкілетті тіркеуші органға инспекциялау жүргізілген клиринг ұйымының есеп карточкасына қосымша болып табылатын белгіленген үлгідегі талонды толтырып ұсынады. 

      19. Клиринг ұйымының қызметін инспекциялау барысында Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның ішінде Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық кесімдерін бұзғандығы анықталған жағдайда Ұлттық Банк клиринг ұйымына ашуға рұқсатты кері қайтарудан, жұмысын тоқтату режимінен және акцияларды еріксіз сатып алу мүмкіндігінен басқа, банктер үшін белгіленген шектелген ықпал ету шараларын қолдануға құқылы. 

      20. Клиринг ұйымының қызметін тексеру нәтижелері клиринг ұйымы басшылығының қатысуымен Ұлттық Банктегі мәжілісте қаралады. Есепке қол қойған кезде клиринг ұйымы басшылығының тарапынан қарсылықтар болмаған жағдайда, инспекциялау нәтижелері клиринг ұйымының басшылығын шақыруынсыз Ұлттық Банктегі мәжілісте қаралуы мүмкін. 

      21. Ұлттық Банктегі мәжіліс қорытындысы бойынша инспекциялық топ басшысы инспекциялауды жүргізудің нәтижелері бойынша мәжіліс хаттамасын (бұдан әрі - хаттама) жасайды және онда мыналар көрсетілуі тиіс: 
      1) клиринг ұйымының қаржы жағдайы; 
      2) клиринг ұйымының қызметінде инспекциялау барысында анықталған кемшіліктер және қолданылып жүрген заңнамадағы бұзулар; 
      3) анықталған бұзуларды нақты мерзімін көрсете отырып жою жөніндегі іс-шаралар; 
      4) клиринг ұйымына қатысты қолданатын шектелген ықпал ету және санкция шаралары. 

      22. Есеп және хаттама екі дана етіп жасалады, олардың біреуі Ұлттық Банкте сақталып, екіншісі клиринг ұйымына жіберіледі. 

      23. Клиринг ұйымы Ұлттық Банкке хаттамада көрсетілген кемшіліктерді және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуларды жою жөніндегі жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы ақпаратты жібереді. Клиринг ұйымы осы ақпаратты хаттамада көрсетілген барлық кемшіліктерді және құқық бұзуларды не хаттамада көрсетілген мерзімде толық жойғанға дейін ай сайын ұсынады. 

      24. Клиринг ұйымының оның қызметін инспекциялау барысында анықталған кемшіліктерді және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамадағы бұзуларды жою жөніндегі шараларды орындауына бақылау мыналардың негізінде жүзеге асырылады:
      1) клиринг ұйымы ұсынатын қаржылық және өзге де есеп;
      2) инспекциялау барысында анықталған кемшіліктерді және бұзуларды жою жөнінде клиринг ұйымынан алынатын ақпарат.

  5-тарау. Қорытынды ережелер 

      25. Инспекциялауды жүргізуге қатысатын адамдар инспекциялау 
нәтижесінде алған банктік және коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді. 

      26. Осы Нұсқаулықта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі. 

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Об утверждении Инструкции о порядке проведения инспектирования деятельности клиринговых организаций - организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 8 октября 2001 года N 383. Зарегистрировано Министерством юстиции Республики Казахстан 25 февраля 2002 года N 1771. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 6 ноября 2006 года N 116

  Извлечение из постановления Правления
Национального Банка РК от 6 ноября 2006 года N 116

      ... ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Признать утратившими силу нормативные правовые акты Национального Банка Республики Казахстан, указанные в приложении к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня принятия.
      ...
      Председатель
      Национального Банка
      ...
      1. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 8 октября 2001 года N 383 "Об утверждении Инструкции о порядке проведения инспектирования деятельности клиринговых организаций - организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 1771, опубликованное 11-24 февраля 2002 года в официальных изданиях Национального Банка Республики Казахстан "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" и "Вестник Национального Банка Казахстана").
      ...
_______________________________________________________

      В целях совершенствования нормативной правовой базы, регулирующей деятельность клиринговых организаций - организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, в Республике Казахстан, Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет: 

      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию о порядке проведения инспектирования деятельности клиринговых организаций - организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, и ввести ее и настоящее постановление в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан. 

      2. Управлению платежных систем (Мусаев Р.Н.): 
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления и Инструкции о порядке проведения инспектирования деятельности клиринговых организаций - организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций; 
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление и Инструкцию о порядке проведения инспектирования деятельности клиринговых организаций - организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата и территориальных филиалов Национального Банка Республики Казахстан. 

      3. Территориальным филиалам Национального Банка Республики Казахстан в четырнадцатидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление и Инструкцию о порядке проведения инспектирования деятельности клиринговых организаций - организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, до сведения организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций. 

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Жангельдина Е.Т. 

     Председатель
     Национального Банка                               

  

                                              Утверждена
                                              постановлением Правления 
                                              Национального Банка
                                              Республики Казахстан
                                              от 8 октября 2001 года N 383

              Инструкция о порядке проведения инспектирования 
           деятельности клиринговых организаций - организаций, 
            осуществляющих отдельные виды банковских операций 

      Настоящая Инструкция разработана в соответствии с Законами Республики Казахстан  Z952155_  "О Национальном Банке Республики Казахстан",  Z952444_  "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан", иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан и устанавливает порядок проведения Национальным Банком Республики Казахстан (далее - Национальный Банк) инспектирования деятельности организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, - клиринговых организаций (далее - клиринговые организации). 

                          Глава 1. Общие положения 

      1. В целях обеспечения устойчивого и эффективного функционирования платежных систем в Республике Казахстан, а также минимизации рисков, возникающих при осуществлении межбанковского клиринга и переводных операций, Национальный Банк осуществляет контроль за деятельностью клиринговых организаций, в том числе путем инспектирования деятельности клиринговых организаций. 

      Инспектирование деятельности клиринговой организации проводится с целью установления данных о ее реальном финансовом и институциональном состоянии путем изучения деятельности клиринговой организации в целом или по отдельным вопросам, достоверности отчетов и сведений, представляемых клиринговой организацией в Национальный Банк, а также определения соответствия проведения межбанковского клиринга и отдельных видов банковских операций действующему законодательству Республики Казахстан.  <*>
      Сноска. Пункт 1 с изменениями - постановлением Правления Национального Банка РК от 25 сентября 2004 года  N 136 .

      2. Инспектирование деятельности клиринговой организации проводится подразделением платежных систем Национального Банка самостоятельно или с привлечением специалистов других подразделений Национального Банка. 

      3. Инспектирование деятельности клиринговой организации проводится в соответствии с заданием Национального Банка, в котором указываются вопросы, подлежащие проверке, срок проведения инспектирования, состав инспекционной группы и ее руководитель. 

                      Глава 2. Проведение инспектирования 

      4. Национальный Банк вправе направить уведомление клиринговой организации о проведении инспектирования с указанием вопросов, подлежащих проверке, и документов, которые должны быть представлены клиринговой организацией инспекционной группе в день начала проведения инспектирования. Проведение инспектирования деятельности клиринговой организации возможно и без предварительного уведомления. 

      5. До начала инспектирования деятельности клиринговой организации Национальным Банком представляется в уполномоченный регистрирующий орган задание на проведение инспектирования и заполненная карточка учета установленного образца для регистрации в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан. 

      6. На время проведения инспектирования клиринговая организация обязана обеспечить инспекционной группе получение по первому требованию любых необходимых документов (сведений) на бумажных и электронных носителях, а также их копирование для приобщения к отчету о результатах инспектирования. 

      7. Клиринговая организация должна на период проведения инспектирования предоставить инспекционной группе отдельное помещение в своем здании, обеспечить ей свободный доступ в отведенное для работы помещение, включая выходные дни (по согласованию). 

      8. На период проведения проверки клиринговая организация должна определить своих специалистов, ответственных за подготовку необходимых документов (сведений) и их своевременную передачу инспекционной группе, а также обеспечить доступ к информационным системам клиринговой организации. 

      9. При проведении проверки институционального состояния клиринговой организации инспекционной группе необходимо установить следующее: 
      1) наличие внутренних документов, утвержденных уполномоченным органом управления клиринговой организации, регламентирующих порядок, процедуры и условия проведения межбанковского клиринга и иных операций, предусмотренных лицензиями Национального Банка и/или уполномоченного органа по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - уполномоченный орган), выданными клиринговой организации; 
      2) соответствие внутренних документов, регламентирующих порядок, процедуры и условия проведения межбанковского клиринга, требованиям законодательства Республики Казахстан; 
      3) соответствие договоров, заключенных с участниками межбанковского клиринга, требованиям законодательства Республики Казахстан; 
      4) правильность составления и исполнения платежных документов; 
      5) соответствие ведения бухгалтерского учета операций по осуществлению межбанковского клиринга требованиям законодательства Республики Казахстан; 
      6) соответствие отдельных видов банковских операций, проводимых клиринговой организацией, внутренним документам, разработанным и утвержденным уполномоченным органом клиринговой организации, и требованиям законодательства Республики Казахстан; 
      7) соответствие порядка и сроков осуществления переводов денег по результатам межбанковского клиринга внутренним правилам осуществления межбанковского клиринга и соответствующим договорам; 
      8) наличие организационных и программно-технических мер безопасности, применяемых при осуществлении платежей и переводов денег; 
      9) наличие технической документации на автоматизированные информационные системы, используемые в клиринговой организации; 
      10) соответствие отчетов, представляемых клиринговой организацией, срокам и порядку их составления и представления в соответствии с требованиями нормативных правовых актов Национального Банка; 
      11) соответствие организационной структуры клиринговой организации учредительным документам клиринговой организации; 
      12) своевременность выполнения клиринговой организацией условий, мероприятий и принятых на себя обязательств, вытекающих из применения к клиринговой организации ограниченных мер воздействия и санкций; 
      13)  (исключен -   постановлением  Правления Национального Банка Республики Казахстан от 17 ноября 2005 года N 144 (вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации).
<*>
      Сноска. Пункт 9 с изменениями - постановлением Правления Национального Банка РК от 25 сентября 2004 года  N 136 постановлением  Правления Национального Банка Республики Казахстан от 17 ноября 2005 года N 147.

      10. При проверке и анализе финансовой деятельности клиринговой организации инспекционной группе необходимо установить следующее: 
      1) соответствие размера оплаченного уставного капитала клиринговой организации минимальному размеру уставного капитала клиринговой организации, установленному Национальным Банком; 
      2) правильность формирования уставного капитала клиринговой организации в соответствии с законодательством Республики Казахстан; 
      3) объем активов и обязательств, их структуру; 
      4) общий объем, структуру выданных займов и их классификацию (в случае, если клиринговая организация осуществляет заемные операции); 
      5) объем, структуру и классификацию дебиторской и кредиторской задолженности; 
      6) соответствие ведения бухгалтерского учета требованиям действующего законодательства Республики Казахстан; 
      7) размер доходов и расходов на отчетную дату, их структуру по статьям; 
      8) финансовый результат деятельности клиринговой организации, превышение текущих доходов (расходов) над расходами (доходами) на отчетную дату; 
      9) рентабельность клиринговой организации; 
      10) размер нераспределенного чистого дохода (убытка) прошлых лет, распределение чистого дохода, в том числе на выплату дивидендов; 
      11) динамику изменений доходов и расходов, их компонентов, тенденции и причины этих изменений; 
      12) достаточность текущих доходов для покрытия текущих расходов, сохранности и роста собственного капитала клиринговой организации; 
      13) достоверность данных, отражаемых в финансовой отчетности и представляемых в Национальный Банк; 
      14)  (исключен -   постановлением  Правления Национального Банка Республики Казахстан от 17 ноября 2005 года N 144 (вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации).

      11. Клиринговая организация обязана оказывать содействие инспекционной группе в проведении проверки, включая возможность опроса любого работника клиринговой организации, предоставлять проверяющим доступ ко всем имеющимся документам (информации). 

      Работники клиринговой организации обязаны давать разъяснения (устно или письменно) инспекционной группе по вопросам, касающимся проводимой проверки, их служебных обязанностей и/или деятельности клиринговой организации. 

      12. При проведении инспектирования по вопросу выполнения клиринговой организацией мероприятий по устранению нарушений, отраженных в протоколе по результатам проведения предыдущей инспекции, проводится анализ мероприятий клиринговой организации по устранению выявленных нарушений и текущего состояния соответствующих направлений деятельности клиринговой организации. 

      13. Воспрепятствование клиринговой организацией проведению проверки, в том числе создание препятствий для доступа инспекторам в здание клиринговой организации или отдельные ее помещения, непредставление требуемых документов, отказ работников клиринговой организации предоставить необходимые сведения, касающиеся служебных обязанностей и осуществляемой ими в клиринговой организации деятельности, является основанием для привлечения должностных лиц клиринговой организации к административной ответственности. 

      14. При проведении инспектирования инспекторы должны обеспечить сохранность документов клиринговой организации и конфиденциальность полученной информации, воздерживаться от действий, которые могут прямо либо косвенно повлечь ущемление прав или законных интересов клиринговой организации, ее клиентов. 

      15. В случае возникновения неясностей или выявления необходимости дополнительного изучения отдельных вопросов, Национальным Банком могут быть продлены сроки инспектирования деятельности клиринговой организации и расширен круг проверяемых вопросов, о чем направляется уведомление в клиринговую организацию. При этом, в уполномоченный регистрирующий орган представляется соответствующий документ с указанием конкретного срока продления. 

            Глава 3. Составление отчета о результатах инспектирования 

      16. По результатам инспектирования инспекционной группой составляется отчет о результатах проверки (далее - отчет). 

      Отчет должен содержать следующие сведения: 
      1) дату и место составления; 
      2) фамилию, имя, отчество, а также должность лиц, участвовавших в проведении инспектирования деятельности клиринговых организаций; 
      3) наименование клиринговой организации, место нахождения, данные государственной регистрации, номер и дату выдачи лицензий Национального Банка и/или уполномоченного органа на проведение отдельных видов банковских операций; 
      4) номер и дату задания на проведение инспектирования деятельности клиринговых организаций; 
      5) период деятельности клиринговой организации, подвергнутый проверке, и вопросы, указанные в задании Национального Банка; 
      6) текущее состояние дел в клиринговой организации, нарушения и недостатки, выявленные в ходе инспектирования деятельности клиринговой организации. 

      По выявленным в ходе инспектирования клиринговой организации правонарушениям составляется протокол с приложением к нему копий необходимых документов. 
       Сноска. Пункт 16 с изменениями -  постановлением  Правления Национального Банка Республики Казахстан от 17 ноября 2005 года N 144 (вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации);  постановлением  Правления Национального Банка Республики Казахстан от 17 ноября 2005 года N 147.

      17. По окончании срока проведения инспектирования отчет представляется для ознакомления руководителям клиринговой организации и должен быть подписан руководителями клиринговой организации. При наличии у руководителей клиринговой организации возражений, данные возражения в письменном виде прилагаются к отчету. 

      18. По окончании инспектирования деятельности клиринговой организации инспекционная группа заполняет и представляет в уполномоченный регистрирующий орган талон установленного образца, являющийся приложением к карточке учета на клиринговую организацию, в отношении которой проводилось инспектирование. 

      19. В случае выявления в ходе инспектирования деятельности клиринговой организации нарушений законодательства Республики Казахстан, в том числе нормативных правовых актов Национального Банка, Национальный Банк вправе применить к клиринговой организации ограниченные меры воздействия, установленные для банков, а также санкции, за исключением отзыва разрешений на открытие, режима консервации и возможности принудительного выкупа акций. 

      20. Результаты проверки деятельности клиринговой организации рассматриваются на совещании в Национальном Банке с участием руководства клиринговой организации. В случае отсутствия возражений со стороны руководства клиринговой организации при подписании отчета, результаты инспектирования могут быть рассмотрены на совещании в Национальном Банке без приглашения представителей клиринговой организации. 

      21. По результатам совещания в Национальном Банке руководителем инспекционной группы составляется протокол совещания по результатам проведения инспектирования (далее - протокол), в котором должны быть отражены следующие моменты: 
      1) финансовое состояние клиринговой организации; 
      2) выявленные в ходе инспектирования недостатки в деятельности клиринговой организации и нарушения действующего законодательства; 
      3) мероприятия по устранению выявленных нарушений с указанием конкретных сроков; 
      4) ограниченные меры воздействия и санкции, применяемые по отношению к клиринговой организации. 

      22. Отчет и протокол составляются в двух экземплярах, один из которых хранится в Национальном Банке, а второй направляется в клиринговую организацию. 

      23. Клиринговая организация представляет в Национальный Банк информацию о проводимых мероприятиях по устранению недостатков и нарушений законодательства Республики Казахстан, указанных в протоколе. Данная информация представляется клиринговой организацией ежемесячно до полного устранения всех указанных в протоколе недостатков и нарушений либо в сроки, указанные в протоколе. 

      24. Контроль за выполнением клиринговой организацией мероприятий по устранению выявленных в ходе инспектирования ее деятельности недостатков и нарушений законодательства Республики Казахстан осуществляется на основании:
      1) финансовой и иной отчетности, предоставляемой клиринговой организацией;
      2) получаемой от клиринговой организации информации об устранении недостатков и нарушений, выявленных в ходе инспектирования.

                      Глава 4. Заключительные положения

     25. Лица, участвующие в проведении инспектирования, несут ответственность за разглашение информации, составляющей банковскую либо коммерческую тайну, полученной в результате инспектирования, в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

     26. Вопросы, не урегулированные настоящей Инструкцией, разрешаются в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

     Председатель        
     Национального Банка