Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 6 қарашадағы N 116 қаулысымен.
--------------Қаулыдан үзінді-----------------
Қазақстан Республикасының "Жеке кәсіпкерлік туралы" Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі...
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 6 қарашадағы
№ N 116 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
күші жойылды деп танылған
нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі
...
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Клиринг ұйымдарының - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін инспекциялауды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2001 жылғы 8 қазандағы N 383 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 17 қарашадағы N 144 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде N 3973 тіркелген)...
-------------------------------
Клиринг ұйымдарының - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін инспекциялауды жүргізген кезде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін нормаларды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Клиринг ұйымдарының - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін инспекциялауды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2001 жылғы 8 қазандағы N 383 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1771 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2002 жылғы 11-24 ақпанда жарияланған) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 136 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3173 тіркелген) қаулысымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге, мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Клиринг ұйымдарының - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін инспекциялауды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықта:
9-тармақтың 13) тармақшасы және 10-тармақтың 14) тармақшасы алынып тасталсын;
16-тармақтың сегізінші абзацы мемлекеттік тілде мынадай редакцияда жазылсын:
"Клиринг ұйымын инспекциялау барысында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша оған қажетті құжаттардың көшірмелерін қоса отырып хаттама жасалады.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.