Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009.11.10 № А-12/485 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" 07.06.1999 ж. заңының жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және баспанамен қамсыздандыру туралы бөлігін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.12.2000 ж. "Білім беру ұйымдарын бітірушілер қатарынан жетім балаларды және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды жұмысқа орналастыру және баспанамен қамсыздандыру туралы" N 1882 қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімияты қаулы етеді:
1. Аудан әкімдері және Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері:
білім беру ұйымдарын бітіруші жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін анықтау үшін, меншіктік формасынан тәуелсіз, қалалық және ауылдық жерлердегі ұйымдар мен кәсіпорындарды зерттеуді жүргізсін;
жоғарыда айтылған мәселелер бойынша жасалған талдау - жыл сайын оқу жылының аяқталуына дейінгі үш ай мерзімінде білім беру ұйымдарын бітіруші жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды жұмысқа жіберу үшін облыстық білім беру басқармасы мен облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына ұсынылып отырсын;
бірінші кезектегі көмек осы азаматтарды жұмысқа орналастыруға жұмсалсын;
мектеп бітіруші жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамсыздандыруда демеушілер көмегі, қайырымдылық қорлары есебінен жүргізуге ықпал жасасын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.06.2001 ж. N 836 қаулысының 5 тармағына сәйкес облыс әкімінің 12.08.1999 ж. "Жұмыс орындарын квоталау туралы" N 254 шешімі күшін жойды деп танылсын.
3. Білім департаменті Ақмола облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментімен, аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып, әр жылдың 4 тоқсанында облыс әкімшілігіне осы қаулының орындалу барысы жөнінде хабарлап отырсын. <*>
Ескерту. 3 тармақ өзгертілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 20 қаңтардағы N А-1/40 қаулысымен
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағанбетовке жүктелсін. <*>
Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 20 қаңтардағы N А-1/40 қаулысымен
5. Осы қаулы Ақмола облысының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Облыс әкімі