Білім беру ұйымдарын бітірушілер қатарынан жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды жұмысқа орналастыру және баспанамен қамсыздандыру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімінің қаулысы 2001 жылғы 8 тамыздағы N а-3/12 Ақмола облысының әділет басқармасында 2001 жылғы 14 қыркүйекте N 760 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № А-12/485 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009.11.10 № А-12/485 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" 07.06.1999 ж.  заңының жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және баспанамен қамсыздандыру туралы бөлігін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.12.2000 ж. "Білім беру ұйымдарын бітірушілер қатарынан жетім балаларды және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды жұмысқа орналастыру және баспанамен қамсыздандыру туралы" N 1882 қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. Аудан әкімдері және Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері: 
      білім беру ұйымдарын бітіруші жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін анықтау үшін, меншіктік формасынан тәуелсіз, қалалық және ауылдық жерлердегі ұйымдар мен кәсіпорындарды зерттеуді жүргізсін; 
      жоғарыда айтылған мәселелер бойынша жасалған талдау - жыл сайын оқу жылының аяқталуына дейінгі үш ай мерзімінде білім беру ұйымдарын бітіруші жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды жұмысқа жіберу үшін облыстық білім беру басқармасы мен облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына ұсынылып отырсын; 
      бірінші кезектегі көмек осы азаматтарды жұмысқа орналастыруға жұмсалсын; 
      мектеп бітіруші жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамсыздандыруда демеушілер көмегі, қайырымдылық қорлары есебінен жүргізуге ықпал жасасын. 
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.06.2001 ж. N 836  қаулысының 5 тармағына сәйкес облыс әкімінің 12.08.1999 ж. "Жұмыс орындарын квоталау туралы" N 254 шешімі күшін жойды деп танылсын. 
      3. Білім департаменті Ақмола облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментімен, аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып, әр жылдың 4 тоқсанында облыс әкімшілігіне осы қаулының орындалу барысы жөнінде хабарлап отырсын.  <*>
      Ескерту. 3 тармақ өзгертілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 20 қаңтардағы  N А-1/40 қаулысымен
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағанбетовке жүктелсін.  <*>
      Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 20 қаңтардағы  N А-1/40 қаулысымен
      5. Осы қаулы Ақмола облысының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді. 
 

          Облыс әкімі 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады