"Білім беру ұйымдарын бітірушілер қатарынан жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды жұмысқа орналастыру және баспанамен қамсыздандыру туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2001 жылғы 8 тамыздағы N А-3/12 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 20 қаңтардағы N А-1/40 қаулысы. Ақмола облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 1 ақпанда N 3177 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № А-12/485 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009.11.10 № А-12/485 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"» Заңына сәйкес облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1."Білім беру ұйымдарын бітірушілер қатарынан жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды жұмысқа орналастыру және баспанамен қамсыздандыру туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2001 жылғы 8 тамыздағы N А-3/12  қаулысына мына өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақта:
      "Облыстық білім басқармасы облыстық тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесе" деген сөз "Білім департаменті Ақмола облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментімен бірлесе" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақ жаңа мазмұнда берілсін:
      "Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовке жүктелсін".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Ғ.М.Бекмағамбетовке жүктелсін.

       Облыс әкімінің м.а.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады