Қазақстан Республикасының Z010148_ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы мен Қазақстан Республикасының Z934200_ "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабына сәйкес, облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мақсатында және Көкшетау қаласының әкімі мен қалалық мәслихаттың бірлескен шешімі негізінде, облыстық мәслихат пен облыс әкімі шешім етті:
облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысына төмендегідей өзгертулер енгізілсін:
Көкшетау қаласы бойынша
1. Көкшетау қаласының шекарасы өзгертіліп, қала аумағынан Краснояр селосы елді-мекені бөлек әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде шығарылсын.
2. Краснояр селосы мен Қызылжұлдыз селоларының шекараларында орталығы Краснояр селосы болып, Көкшетау қаласына әкімшілік бағынышты Краснояр селолық округі құрылсын.
3. Келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізілсін.
Сессия төрағасы Облыс әкімі
Облыстық мәслихаттың хатшысы