Көкшетау қаласының шекарасын өзгерту және Краснояр селолық округін құру туралы

Жаңа

Ақмола облыстық мәслихаты мен Ақмола облысы әкімінің бірлескен шешімі 2001 жылғы 31 қазандағы N С-11-6 Ақмола облысының Әділет басқармасында 2001 жылғы 19 желтоқсанда N 871 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Z010148_ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы мен Қазақстан Республикасының Z934200_ "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабына сәйкес, облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мақсатында және Көкшетау қаласының әкімі мен қалалық мәслихаттың бірлескен шешімі негізінде, облыстық мәслихат пен облыс әкімі шешім етті:

      облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысына төмендегідей өзгертулер енгізілсін:
      Көкшетау қаласы бойынша
      1. Көкшетау қаласының шекарасы өзгертіліп, қала аумағынан Краснояр селосы елді-мекені бөлек әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде шығарылсын.
      2. Краснояр селосы мен Қызылжұлдыз селоларының шекараларында орталығы Краснояр селосы болып, Көкшетау қаласына әкімшілік бағынышты Краснояр селолық округі құрылсын.
      3. Келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізілсін.

      Сессия төрағасы                            Облыс әкімі

      Облыстық мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады