1. Маңғыстау облысында карантиндiк және басқа да аса қауiптi жұқпалы ауруларды алдын ала сауықтыру және оған қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларының кешендi жоспары бекiтiлсiн.
2. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Досбаев А.С.), Облыстық санэпидемстанциясы (Нейзер В.Э.), Маңғыстау обаға қарсы станциясы (Косовцев В.Я.), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлiгiнiң облыстық аймақтық басқармасы (Берiшбаев С.Б.), Облыстық iшкi iстер басқармасы (Байжасаров Б.З.), Облыстық жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк бақылау басқармасы (Коданов О.Ш.), Облыстық телекоммуникация дирекциясы (Бинаев Н.Б.) көрсетiлген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсiн.
3. Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 23 мамырдағы N 105 "Маңғыстау облысында
карантиндiк және басқа да аса қауiптi жұқпалы ауруларды алдын ала сауықтыру және оған қарсы күрес жөнiндегi 2001-2005 жылдарға арналған iс-шараларының кешендi жоспарын бекiту туралы" шешiмiнiң күшi жойылды деп саналсын. 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары М.М.Бортникке жүктелсiн. Облыс әкiмi