Маңғыстау облысында карантиндiк және басқа да аса қауiптi жұқпалы ауруларды алдын ала сауықтыру және оған қарсы күрес жөнiндегi 2002-2006 жылдарға арналған iс-шараларының кешендi жоспарын бекiту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімиятының қаулысы 2001 жылғы 29 желтоқсан N 69. Маңғыстау облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 18 қантарда N 682 тіркелді.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" және "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып облыс әкiмiнiң 2001 жылы 23 мамырда қабылданған N 105 "Маңғыстау облысында карантиндiк және басқа да аса қауiптi жұқпалы ауруларды алдын ала сауықтыру және оған қарсы күрес жөнiндегi 2001-2005 жылдарға арналған iс-шараларының кешендi жоспарын бекiту туралы" шешiмiн қалпына келтiру мақсатында, облыстық әкiмият алқасы қаулы етедi:
      1. Маңғыстау облысында карантиндiк және басқа да аса қауiптi жұқпалы ауруларды алдын ала сауықтыру және оған қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларының кешендi жоспары бекiтiлсiн.
      2. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Досбаев А.С.), Облыстық санэпидемстанциясы (Нейзер В.Э.), Маңғыстау обаға қарсы станциясы (Косовцев В.Я.), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлiгiнiң облыстық аймақтық басқармасы (Берiшбаев С.Б.), Облыстық iшкi iстер басқармасы (Байжасаров Б.З.), Облыстық жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк бақылау басқармасы (Коданов О.Ш.), Облыстық телекоммуникация дирекциясы (Бинаев Н.Б.) көрсетiлген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсiн.
      3. Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 23 мамырдағы N 105 "Маңғыстау облысында

карантиндiк және басқа да аса қауiптi жұқпалы ауруларды алдын ала 
сауықтыру және оған қарсы күрес жөнiндегi 2001-2005 жылдарға арналған 
iс-шараларының кешендi жоспарын бекiту туралы" шешiмiнiң күшi жойылды деп 
саналсын.
     4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары 
М.М.Бортникке жүктелсiн.
     
     Облыс әкiмi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады